120*3,360:3 түріндегі жазбаша көбейту және бөлу

Күні: 09. 04. 13.

Сыныбы :3 «б».

Пән: Математика.

Тақырыбы: 120*3, 360:3 түріндегі жазбаша көбейту және бөлу.

Мақсаты:

  1. Оқушыларды : 120*3, 360:3 түріндегі жазбаша көбейту және бөлу тәсілдерімен таныстыру. Жаңа білімді меңгеру.
  2. Оқушыларға есептерді шығару арқылы ой - өрісін байқампаздығын, сабаққа деген қызығушылығын дамыту.
  3. Оқушы бойына ұқыптылыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, сауаттылыққа негізін салу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ- жауап, ойын.

Сабақтың көрнекіліг: карточкалар, А4 форматта есептер.

Кезеңдері
Өту барысы
Кезеңдері:

Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық

Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ

Түсіндіру

Тақтамен жұмыс

Сергіту сәтті

Дәптермен жұмыс

Логикалық тапсырмалар

Үй тапсырма

Бағалау

Қорытынды

Өту барысы:

-Сәлеметсіздер ме балалар!

-Көңіл-күйлері қалай?

-Ендеше сабағымызды бастайық!

-Бір екі үш, сыныпта тыныш.

Сабағымызды бастайық, жалқаулықтан қашайық.

Жаңа сабағымызға көшпес бұрын үй тапсырмасын тексеріп алайық. 7- есеп.

Үйге не беріліп еді?(тексерілді)

- Жарайсыңдар. Енді жаңа сабағымызға көшейік.

Дәптерлерімізді ашайық. Бүгінгі күні, тақырыбымызды көркем жазайық. Сабағымыздың тақырыбы «120*3, 360:3 түріндегі жазбаша көбейту және бөлу» деп аталады.

-Жарайсындар!

- Барлығымыз тақтаға мұқият қараймыз!

-Балалар, 120*3 былай табамыз:

120*3=12*10*3=12*3*10=36*10=360

12 онд. *3 =36 онд.

-Енді баған түрінде көрсетемін қарандар.

Жазамын: бірінші көбейткіш -120, яғни, 12 ондық. Ондықтың астында екінші көбейткіш-3.

Ондықтарды көбейтемін: 3*2=6, 6-ны ондықтардың астына жазамын.

Жүздіктерге көбейтемін: 3*1=3, 3-ті жүздіктің астына жазамын. 0-ді түсіремін.

Жауабын оқимын: 360.

-Қанеки, барлығымыз менің артынан қайталандар. (балалар қайталайды)

-Түсіндіндер ме?

-Жарайсындар!

-Енді бөлуді қалай орындауға көрсетемін. Мұқият қарандар!

360:3=(36*10) :3=36:3*10=120

36 онд. :3=12 онд.

-Енді баған түрінде көрсетемін қарандар.

Жазамын: бөлінгіш-360, бөлгіш -3. Бірінші толымсыз бөлінгіш - 3жүздік. Бөліндіде 3 цифр (жүздік, ондық, бірлік) бар.

Жүздіктерді бөлемін: 3:3=1, 1-ді бөліндіге жазамын.

Ондықтарды бөлемін: 6:3=2, 2-ні бөліндіге жазамын.

Бірліктерді бөлемін: 0:3=0, 0-ді бөліндіге жазамын.

Жауабын оқимын: 120.

-Қанеки, барлығымыз менің артынан қайталандар. (балалар қайталайды)

-Түсіндіндер ме?

-Жарайсындар!

-Балалар, сабағымыздың қызықты өткенін қалаймысыңдар?

- Ендеше сабағымыз ертегі түрінде өтпек. Тыңдайық.

- Кішкентай Әселдің әп- әдемі қара ала күшігі бар. Ол күшігін өте қатты жақсы көреді. Екеуі ылғи да бірге серуендейді. Бірде Әсел орман ішінде келе жатып адасып қалды. Күшігім менім күшігім, әдемі менің күшігім қайдасың? деп жылайды. Әсел күшігін іздеуге көшті. Кенет алдынан түлкі шықты. Түлкі егер менің тапсырмамды орындасаң күшігіңді табуға көмектесемін дейді.

-Қанеки балалар, Әселге көмектесеміз бе?

-Ендеше №3- есепті шығаруға керек. Тапсырма орындауға бір- бір оқушыдан шығып отырамыз, ал орындарында отырған оқушылар дәптерлеріне жазып, тексеріп отырады.

550:5=110 420*2=210 260:2=130

420:7=60 321*3=107 840:4=210

480:4=120 160*2=80 340*2=170

- Бәрекелді түлкі жол көрсетеді. Әсел жүріп келе жатса алдынан аю шығады. Аю да көмектесу үшін тапсырмасы бар екенін айтады. Ендеше көмектесейік.

№4 есеп

Зообақтың үш үлкен аквариумында 485 балық бар. Біріншісінде 104 балық, екіншісінде одан екі есе артық балық бар. Қалған балықтар- үшінші аквариумда. Үшінші аквариумда неше балық бар?

Берілгені:

I а-104б

II а-? 2-кі есе артық. 485б

III а- ?

Шешуі:

II а= 104*2=208(б)

III а= 485-(104+208) =173(б)

Жауабы: Үшінші аквариумда 173 балық бар.

- Жарайсыңдар балалар.

Осылайша сендер балалар Әселге аюның тапсырмасын орындауға көмектестіндер. Аю оған жол көрсетеді.

-Әсел келе жатып алдынан қасқыр шықты. Қорқып кеткен Әсел жылап қойды.

-Қасқыр: жылама кішкентай қыз мен саған көмектесемін, қорықпа дейді сенің шаршағанын көрініп тұр. Әсел бойынды сергітіп ал, -дейді.

-Ендеше балалар, орынымыздан тұрып бойымызды бір сергіп алайық

(видеобейне қосамын, балалармен бірге билеймін)

-Жарайсындар, орындарына отырыңдар.

- Жарайсыңдар!

-Жақсы қасқыр оған жол көрсетеді. Келе жатса алдынан кішкентай құс шығады. Құс та Әселге тапсырма берді.

(Балаларға карточкаларды таратамын)

-Балалар карточкадағы есептерді дәптерге көшіріп, шығарындар. Әркім өз бетінше.

-Жарайсындар балалар!

-Осылайша құс кішкентай Әселді күшігіне апарады. Екеуі мәз болып көріседі.

-Күшігі кішкентай Әселді иіскеп, оған еркелегендей болады. Осылайша балалар кішкентай қыз күшігін табады.

-Балалар енді мен сендерге логикалық есептерді


Ұқсас жұмыстар
Көбейтудің жазбаша тәсілдері
Екі таңбалы санға бөлу
Мәндері бойынша санды өрнектерді салыстыру
Математика. 176х4 және 704:4 жағдайындағы жазбаша көбейту және бөлу
Математика, 3 сынып
Көбейту және бөлу 43 2, 86 2
Математикадан бақылау, өздік жұмыстарының жинағы, 3 сынып
2, 3, 4, 5 сандарына көбейту мен бөлуді қайталау 3-сынып
Нөлмен аяқталатын жазбаша бөлу тәсілдері
Кестелік көбейту және бөлу. Жазбаша қосу және бөлу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz