Менің Қазақстаным. мектепалды даярлық сыныбы

Умирбекова Гүлзат

Тараз қаласы №25 орта мектептің

мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі

Күні: 20. 11. 2013 жыл

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта. Қатынас. Денсаулық.

Бөлімі: көркем әдебиет

Тақырыбы: «Менің Қазақстаным»

Мақсаты:

Білімділік: балалардың патриоттық және адамгершілік сезімін ояту, «Отан" туралы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық: т уған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.

Тәрбиелік: туған жерін сүюге, қадірлеуге үйрету.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету, ойын.

Сөздік жұмыс : Отан, туған жер.

Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі : Қазақстан картасы, суреттер, электронды

оқулық, интерактивті тақта.

Блингвалдық сыңары : Менің Қазақстаным-Мой Казахстан, Отан-Родина.

Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті.
Балалардың іс-әрекеті.
Іс-әрекет кезеңдері: Мотивациялық қозғаушылық.
Тәрбиешінің іс-әрекеті.:

Балалар шаттық шеңберіне тұрады, барлығы бірге қосылып айтады.

Отан деген-атамекен,

Отан деген-туған жер.

Отан-ана, Отан-үлкен,

Қазақстан-туған ел!

Балалардың іс-әрекеті.: Балалар қосылып айтады.
Іс-әрекет кезеңдері: Ұйымдастыру - іздестіру.
Тәрбиешінің іс-әрекеті.:

Тәрбиеші:

  • Отан-біздің сүйікті отбасымызбен бірге тұратын үйіміз, туған жеріміз, аулымыз, қаламыз, айналаны қоршаған табиғатымыз.

Біздің Отанымыз Қазақстан.

  • Қазақстан Республикасының астанасы қалай аталады?
  • Рәміздерді атаңдар.
  • Қазақстан Республикасының Президенті кім?
  • Қазақстан картасын білесің бе?
  • Сендер қайқалада тұрасыңдар?

Әліппе -дәптермен жұмыс

Т. Молдағалиевтің «Қазақстан картасы» өлеңінің мазмұнын талдау.

Анау Жайық өзені, анау жатқан Атырау,

Бәрі сенің өз жерің, өз суларың батыр-ау,

Туған жердің тынысын ұққын орман нуымен,

Алтынды Алтай шығысың, қыран ұшқан шыңынан . . .

Тәрбиеші баларға өздері тұрып жатқан жерін картадан көрсетіп, арнайы белгілермен белгілейді.

Балаларға электронды оқулықтан еліміздің картасын көрсету. әңгімелеу, тапсырмаларды орындау.

Тыныштық сәті: Б аяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмады. Туған жеріміздің табиғатын, таза ауасын, әдемі гүлдерін, сайраған құстарын көз алдымызға елестетеміз. Туған өлкеміздің табиғаты қандай тамаша!

Көзімізді ашамыз . Туған жеріміз туралы ойымызды әңгімелейміз.

Сергіту сәті .

Төскейден жел еседі,

Төбемнен бұлт көшеді.

Туған жерім мен үшін,

Көк майсасын төседі.

Дидактикалық ойын: « Қай қала екенін тап?»

Ойынның шарты: ойын үшін Қазақстан картасын пайдаланамыз. Балаларға Қазақстандағы бірнеше қалалардың аты беріледі. Үлгі: Астана -Бәйтерек, Алматы-Қазақстан қонақ үйі. т. б.

Балалардың іс-әрекеті.:

Балалар тәрбиешіні тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.

Өлеңді тыңдайды, талдайды.

Әңгімелейді, тапсырманы орындайды.

Әуенді көздерін жұмып, туған жер туралы әңгімелейді.

Қимылмен көрсетеді.

Ойын арқылы тапсырманы орындайды.

Іс-әрекет кезеңдері: Рефлексивті түзетушілік.
Тәрбиешінің іс-әрекеті.: Қазақстан Республикасы біздің сүйікті Отанымыз! Қазақстан - өте үлкен, бай республика. «Жері байдың елі бай». Балаларды мадақтау.
Балалардың іс-әрекеті.: Оқу іс-әрекетін қорытындылайды.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Қазақстанның байлығын білу керек.

Нені игерді : Қазақстанның картасын, өлеңді үйренді.

Нені білді: Отанымыздың байлығы мен Т. Молдағалиевтің «Қазақстан

картасы» өлеңініің мазмұнын түсінді.


Ұқсас жұмыстар
Қош бол, даярлық
Баланы толыққанды дамыту
Топ ұраны
Біз Қазақтың баласы
Менің елім - Қазақстаным
Мектеп туралы
ҰОҚ Ермексаз әлемі
Достаса білейік!
Эссе. «баланың періште әлемі-тәрбиешінің бақыты»
Баланы бақылау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz