Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті

Файл қосу

«абайдың он жетінші қарасөз» тақырыбын жобалау технологиясы

lefttop Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы <<Қошқар жалпы орта білім беретін>> коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Тұрғанбаева Айгүл Ыдырысқызы
Түсіндірме хат
8- сыныпта қазақ әдебиеті пәнінен <<Абайдың он жетінші қарасөз>> тақырыбын жобалау технологиясы бойынша өткіздім. Сабақты өткізудегі мақсатым оқушыларға ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлы шығармашылығы туралы тереңірек ұғынуға жол сілтеу. Абайдың қарасөздерін оқыту арқылы оқушыларға ақыл, қайрат , жүрек , ғылымның адам өмірінде алатын орнын түсінуге , өз бойларында осы асыл қасиеттер болу үшін күресе білуге , ақынның қарасөздерінің мәнін , ғылыми философиялық ойды түсінулерін анықтау. Абай сөзімен айтқанда болашақ <<кемел адам>> бейнесін , моделінің жобасын жасау.
Бұл сабақты өткізу барысында оқушылар Абай өзі қарасөзінде айтқандай адамды адамдыққа үйретіп, Абайдың қарасөзі , Абайдың Әдбірахман туралы шығармаларымен жұмыс жасай отырып , мәтіннің танымдық сипатын өздері байқап түсіне алатын нәтижеге жетті. Оқушылар бір- біріне түсіндіру арқылы , топпен жұмыс жасай отырып , оқып- түйгендері жайлы ой- қорытындысы бойынша <<кемел адам>> бейнесін жасап шығарды. << Кемел адам>> бейнесі бойынша өз бойларына қажеті қасиеттерді << Мен>> моделіне енгізу арқылы бойларына сіңіре білді.
Қатысушылар тізімі ( 8- сынып оқушылары )
1 Дәуіт Айсара 7 Ерменбетова Сымбат
2 Темірбек Абылай 8 Ержанова Айфара
3 Манарбек Айым 9 Тілеутай Дәурен
4 Сәкен Арман 10 Нұрланқызы Инабат
5 Сейтімханова Гүлназ 11 Мәдіханұлы Инабат
6 Сейтқали Жәнібек 12 Тұрысбекова Толқын

Қазақ әдебиеті 8- сынып
Тақырыбы Абайдың << Он жетінші>> қарасөзі
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлы шығармашылығы туралы тереңірек ұғынуға жол сілтеу. Абайдың қарасөздерін оқыту арқылы оқушыларға ақыл, қайрат , жүрек , ғылымның адам өмірінде алатын орнын түсінуге , өз бойларында осы асыл қасиеттер болу үшін күресе білуге , ақынның қарасөздерінің мәнін , ғылыми философиялық ойды түсінулерін анықтау. Абай сөзімен айтқанда болашақ <<кемел адам>> бейнесін , моделінің жобасын жасау.
2. Мәтіннің танымдық сипатын , құрылымдық бөліктерін өздері байқай алатын , түсіне алатын нәтижеге жеткізу. Көркем мәтінмен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіру , оқып- түйгендері жайлы ой қорытындысын айтқызып жаттықтыру, бір - біріне түсіндіру арқылы ұжымдық шығармашылық жұмыс жүргізе білуге жетелеу.
3. Ұлы ақынның еңбектерін оқи отырып , елін сүюге , адамгершілік , адалдық , ізгілікке , ғылым- білімді меңгерген көкірегі ояу азамат болуға баулу.
Сабақ түрі жаңа білім беру сабағы.
Сабақ типі жобалау технологиясы
Сабақтың әдіс - тәсілдері : түсіндіру , топпен жұмыс , топтастыру , модель жасау , жобалау әдісі , мәнерлеп жатқа оқу , ой қорыту .
Сабақтың көрнекілігі слайд , Абай портреті , << Абай моделі>> , << қара сөз>> жоба моделі , топтарға арналған тапсырмалар , << кемел адам>> моделі ( жобасы).
Міндеттері :
* Абайдың шығармалары мен қарасөздеріндегі философиялық көзқарасын оқып , талдау арқылы мейірім , әділет , шапағат , ар- ұят ұялаған жылы жүректі жан және бұл адам жылы жүректің жетекшісі болған нұрлы ақыл мен ыстық қайраттың иесі <<толық адам>> бейнесін жасау.
* Оқушылардың топтағы жұмыстарын жүйелі жүргізіп жобалауға , жоспарлауға , бағыттауға , ой қоытуға пікір айтуға , дүние танымдық көзқарасын арттыру.
Сабақ барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа қажетті көрнекіліктерді әзірлеу, сынып ішін сабаққа дайындау .
Оқушыларды түгендеу . Сынып оқушыларын топқа бөлу .
ІІ Жаңа сабақ
* Балалар , кәне , ойларыңа түсіріңдерші , өткен сабақтарда қай ақын шығармасымен танысып келеміз .
* Абай кім ?
1 - слайд
Топтастыру

Сонымен , балалар , Абай ақын ғана емес , аудармашы , мысалшы , әсем ән жазған сазгер болумен қатар ғалым , философ , ойшыл адам екен . басқа ақындардан ерекшелігі неде ? ( <<Қара сөз>> жазған .)
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты - ұлы ақынның философиялық ойларын , қарасөздерінің идеясын түсіну , топпен жұмыс жасай отырып << Он жетінші>> қарасөзін меңгеру .
2- слайд
* Қарасөз дегеніміз не ?
Ғылым туралы , философия туралы , дін туралы қарасөзбен жазылған еңбек . Абай Құнанбаевтың 1890-1898 жылдар арасында жазылған 45 қарасөзі бар . <<Ғақлия>> деген өсиеттері .
Қарасөз - арабтың <<ғақлия>> деген сөзімен мәндес. Ғақлия - көркем сөз , дана сөз , асыл сөз деген мағынаны береді . Абайдың қарасөздері адамзат баласына ортақ сөз . Кейіпкері адам , толық адам ( кемел адам) . Қарасөздері алғаш рет Семей қаласында 1948 жылы <<Абай>> журналында жарық көрді . Орыс , қытай , француз т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды. Абай қарасөзін 45 жасында жазған .
3- слайд <<Қарасөз>> моделі

* Бүгін біз 17- қарасөзінен <<кемел адам>> моделін жасап көреміз
* << Кемел адам>> дегенді қалай түсінеміз ?
* Сен қандай адамсың ?
* << Мен>> моделін дәптерге жазу .
*
* Абай қарасөздерін не үшін жазды ?
Диктофоннан 1- қарасөзінен үзінді тыңдату .
<< Ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін , ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын , кімде - кім ішінен керекті сөз тапса , жазып алсын , я оқысын , керегі жоқ десе , өз сөзім өзімдікі дедім де , ақыры осыған байладым , енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ .>>
* 17- қарасөзін оқып , керегімізге жаратсақ алайық , жаратпасақ қалсын .
Топпен жұмыс << Қарлы кесек>> ойыны
4 топқа тапсырма беру
* Топ - мәтіннің басы << қайрат>>
* Топ - мәтіннің ІІ абзацы <<ақыл>>
* Топ - мәтіннің ІІІ абзацы <<жүрек>>
* Топ - мәтіннің соңы << ғылым>>
Әр топ өздеріне берілген мәтін бөлігін оқып түсінеді. Мәтіннің мазмұнымен түгел танысу үшін әр топтан 1 оқушыдан топтарға жіберіліп , өзге топ мүшелеріне өз топтарының мәтін бөлігін түсіндіреді . Нәтижесінде 4 топта мәтінің толық мазмұнымен танысады . Мәтін мазмұныны анықтау үшін ұжымға сұрақтар қойылады .
* Қайрат , ақыл , жүрек не жөнінде таласты ? Әрқайсысы өз ісін қалай дәлелдеді?
* Олар неге ғылымға жүгінді?
* Ғылым оларға қандай төрелік айтты?
* Слайд ( Сөздік жұмыс )
Мәдмәлат - мақсат , мұрат .
Ғақлия - көркем сөз , дана сөз , асыл сөз .
Нәфсі - құмар
Ахирет - бақиға аттанар кездегі пенде киетін киім
* Неге Абай адамның көп қасиеттері ішінен қайрат , ақыл , жүрек үшеуін ғана таңдап алған ?
* Слайд
<< Ақыл , қайрат , жүректі бірдей ұста ,
Сонда толық боласың елден ерек>>
* Слайд ( Ұлы Абайдың мынандай сөзі бар . )
<< Адам баласы адам баласынан ақыл , ғылым , ар , мінез деген нәрселермен озбақ . Одан басқа нәрселерден оздым ғой демектің бәрі де ақымақтық>>
<< Нұрлы ақыл , ыстық қайрат және оларға әмірі жүретін жылы жүрек бір кісіден табылса , онда ол <<қасиетті адам>> болмақ .>>
* Осының бәрін үйрететін не ? ( ғылым)
* Топпен жұмыс ( Әр топ өз кейіпкер жобасын( моделін) жасайды)
І топ - << қайрат>> ІІ топ - << ақыл>> ІІІ топ - << жүрек>>
ІУ топ - адамға тиетін кеселдерді топтастырады.
* Слайд ( Әр топ өз кейіпкер моделін талдап болған соң , қасиеттерін << Кемел адам>> моделіне енгізеді . )
453390-3810

* Абайдың ( үй тапсырмасы ) << Әбдірахман өлгенде>> өлеңін жатқа сұрау . Әбіш бейнесін айтқызу . Ақын Абай Әбіш бейнесі арқылы нені армандады , меңзеді , айтпақ ойы не болды? Ер бала қандай болу керек ? ( Ер бала тәрбиесі , ер бала бейнесі )
* Әбіштің адамгершілік қасиеттерін << кемел адам>> бейнесіне енгізейік .
* << Кемел адам>> бейнесін толық шығарып , оқу . Осы <<кемел адам>> моделінен өзіңе керегі бар ма ? Өзіңе қандай сипаттарын енгізер едің ?
<< Мен>> моделіне өзіне керектісін керектісін жаздырту . ( Дәптер- мен жұмыс )
Қорытынды
Сонымен Абайдың 17- қарасөзінен керегімізге жарарын таптық па ?
<< Қарасөз>> моделі бойынша сабақты қорытындалау .
17- қарасөздің мәселесі - адамдыққа үйрету ; түрі - айтыс , талас түрінде ; мақсаты - өсиет , ғибрат қалдыру .
Елбасымыз Н. Назарбаев << Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз . Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс>> - деген .
Бағалау (Оқушылар білімін анализ, талдау жасай отырып бағалау .
Үй тапсырмасы 17- қарасөзін оқу. Әдебиеттерден , баспасөз беттерінен Абай туралы не айтады екен іздеу , зерттеу . Ауыл ақсақалдары мен әжелеріміздің артынан қалдырған ғибрат сөздерін жинақтау .
( Қосымшада сабақтың презентациясы, топтар бойынша үлестірілетін сызбалар берілген )
Қосымша -1
Топтар бойынша таратылатын сызбалар
І топ << Қайрат>> тобы ( Қайрат қасиеттерін топтастыру )

ІІ топ <<Ақыл>> тобы (Ақыл қасиеттерін топтастыру )

ІІІ топ << Жүрек>> тобы ( Жүрек қасиеттерін топтастыру )

ІУ топ <<Ғылым>> тобы ( адамға тиетін кеселдерді топтастыру )


Ұқсас жұмыстар
Абайдың Жиырма тоғызыншы қарасөзі
Абай және оның он жетінші қарасөзі
Сегізінші қарасөз
Абай Он жетінші қара сөз
А.құнанбайұлы. отыз бірінші сөз
Абайдың он жетінші қарасөзі
"абайтану" таңдау курс бағдарламасы. 10 сынып
Абайдың отыз сегізінші қарасөзі
Қалыптастырушы бағалау
Абайдың қарасөздері - философиялық шығармасы
Пәндер