2-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Әріпті өрнектің мәнін табу

2 - сынып

Тақырыбы: Әріпті өрнектің мәнін табу

Мақсаты: а) -әріппен белгіленген белгісізді жеке-даралауға негізделген

өрнектердің шешу жолын меңгерту;

ә) -өрнектерді құру, оқу және жазумен байланысты білімдерін дамыту;

б) -жан-жақты ойлауға, шапшаң есептеуге, есте сақтауға тәрбиелеу

Көрнекілігі: түрлі иллюстрациялар, парақшалар, суреттер

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, интерактивті

Жүрісі

І. Ұйымдастыру бөлімі : Сыныпта психологиялық жағдай туғызу, назарларын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: №5 оқыту, мәнін тексеру, математикалық тілде сөйлеу дағдысын байқау.

Қорытындылау мақсатында топтастыру әдісі : «Әріпті өрнек», «Санды өрнек» 2+а 8+1 в-5 9-3 а+4 а+5 9-в 3+5 . . .

«Кім шапшаң?» ойыны арқылы берілген өрнектердің мәнін шапшаң есептету 10-2 7-2 5+4 9-3 10+6 10-9 8-3 5+3 6+4 . . .

ІІІ. Жаңа сабақпен байланыстыру : а) Көрнекілік бойынша суреттерді пайдаланып өрнек құрастыру ә) Әріпті өрнектерді түсіндіру, саннан және амал таңбасынан, әріптен тұрады . . .

Ауызша салыстыру: Венн диаграммасы

Сергіту сәті : «5 саусақ»

ІҮ. Дәптермен жұмыс : а) Көркем жазу в-5 а+3 ә) Математикалық диктант: 7 мен 2-нің қосындысы, 8 бен 2-нің айырмасы . . . тек мәндерін ғана жазу

Ү. Оқулықпен, тақтамен жұмыс: №3 Әріпті өрнекті бір бағанға, санды өрнекті екінші бағанға жазып, мәнін табу а+7 в+2 а-4 7+3=10 2+7=9 6+3=9 . . .

№4 Мазмұнды есеп шығару

Өзіндік жұмыс: №5 өрнектердің мәнін табу

ҮІ. Деңгейлік тапсырма: І деңгей : 1) Санды өрнектердің мәнін тап

2) Берілген өрнектердің ішінен тек әріпті өрнектерді ғана теріп жаз.

ІІ деңгей : Өрнекті жаз және оның мәнін тап: 1) а мен 3 санының қосындысы, мұндағы а = 2; 4; 2) 10 мен в-ның айырмасы, мұндағы в = 8; 6

ІІІ деңгей : Мазмұнды есептің шартын құрып шығар 1) Аулада 6 қаз және сонша үйрек жүр. Аулада барлығы қанша құс жүр? 2) Осыған кері есеп құрастыр

Шығармашылық тапсырма : Қандай сан жасырынып тұр? * + 2 =7 9 - * = 6 Бұрын орындап болғандарға парақша үлестіру, берілген тапсырманы орындату

(әр деңгей сайын тізімге «+» таңбасын қойып отыру)

ҮІІ. Қорытындылау : Әріпті өрнектерге бірнеше өрнек айту, мысалдар келтірту.

ҮІІІ. а) Бағалау : Сынып мониторингін шығару, көрсетіп іліп қою ә) Үйге №6 тапсырманы түсіндіру

Атырау облысы, Атырау қаласы

И. Тайманов атындағы №27 орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі:

Касенова Куляш Каримовна


Ұқсас жұмыстар
2-сынып математикасы: Санды және әріпті өрнектерді жазу, мәнін табу және есептер құрастыру
Математика 1-сынып: Әріпті өрнектерді құрастыру, жазу және мәнін табу
1-сынып математикасы: Өрнек - әріпті өрнекті санды өрнекке айналдыру және 10-а өрнегінің мәнін табу
2-сынып математикасы: Қосынды мен айырманың мәнін табу және қосу мен азайтудың компоненттері
Квадраттық функция: функция мәні бойынша аргументтің мәнін табу - 8-сынып сабақ жоспары
Дәреже ұғымы: негізі, көрсеткіші және мәнін табу әдістері
5-сынып математикасы: Санды және әріпті өрнектерге арналған сабақ жоспары
Екі өрнектің қосындысының және айырымының кубы: 7-сыныпқа арналған сабақ жоспары
7-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Екі өрнектің қосындысы мен айырмасының квадраты
1-сынып математикасы: Санды және әріпті өрнектерге арналған сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz