Сабақ жоспары :: Биология

Файл қосу

"Ағза және қоршаған орта"


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«№2 Кешкі мектебі» КММ

[pic]

Тақырыбы: «Ағза және қоршаған орта»

10 сынып

Өткізген: биология пәні мұғалімі

Айтаканова Мейрамгуль Уалиолдановна

[pic]

Семей, 2012 жыл

Тақырыбы: Ағза және қоршаған орта.
Мақсаты: Оқушыларға қоршаған ортаның адамзатқа тигізетін пайдасы және
зиянды әсерлерін, қоршаған ортаны қорғау туралы түсінік беру.
Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін дамыту, біліктілігін, ізденуін
қалыптастыру, ойын жеткізе алу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларға табиғаттың адам өмірі үшін ұшан-теңіз пайдасы барын
және маңызын түсіндіру, экологиялық тәрбие беру.
Түрі: жарыс сабақ.
Әдісі: талдау, ой бөлісу.
Көрнекіліктер: табиғат туралы нақыл сөздер, суреттер.

Табиғат – Ана, құшағын саялайық,
Қорғау үшін күш – жігер аямайық,
Ол, болмаса, сен жоқсын, осыны ұқ.
Адамзат! Табиғатты аялайық.

Сабақтың жоспары:
• Ұйымдастыру.
• Сыныпты топқа бөлу.
• Сыныптан тыс жұмыс мақсатын айту.
• Топпен жұмыс.
• Сұрақ-жауап.
• Қорытындылау.

Сабақтың жүру барысы: Кіріспе

Табиғат туралы мәліметтер айту.

Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты
қонысы мен өсіп-өнген мекені. Табиғат адам бойына қуат, көңіліне шабыт,
сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Табиғат
адамзат үшін ең үздіксіз таусылмайтын қазына. Табиғатпен етене араласып,
көшпенді күн кешкен бабаларымыз аспан, ай, жұлдыздарға қарап-ақ құс,
бауырымен жорғалаушылар, жануарлар, тіпті гүл қауашы арқылы да алдағы
тәуліктің ауа-райын біліп отырған. Сондықтан осындай қоршаған ортаның
қадір-қасиетін сақтауға әрбір адамзат өз үлесін қосуға міндетті. Қоршаған
табиғи орта да ойланбай жасалынып жатқан әрекеттерге қарсылық білдіреді.
Қоғамдық пікір туғызып, үзілді-кесілді тоқтатылуын талап етеді. Бұрынғы
қалпына келтіруіне ықпал жасайды. Ең әуелі адамзат тазалық сақтауы тиіс.

Табиғат – адамзат қоғамының байлығы, тіршілік көзі. Бізді қоршаған
табиғат өлі және тірі болып екіге бөлінеді. Тірі табиғат өсімдіктер мен
жануарлар, адамдар, саңырауқұлақтар, бактериялар жатады. Өлі табиғатқа күн
сәулесіс, ауа, су, топырақ, тау, тас, пайдалы қазбалар, т.б.

Бұлар – бір-бірінсіз тіршілік ете алмайды. Бүгінгі сабақта тіршіліктің
негізгі көзі өсімдіктің пайдасы – ауадағы зиянды заттардың адам ағзасына
қандай әсері, және одан пайда болатын ауру түрлері және сақтану гигиенасы
туралы айтамыз.
Негізгі қойылатын талап:
а) сұрақ қоя алу;
ә) жауап нақты болу;
б) ойланып жауап беру;
в) термин сөздерді кіріктіру.

Сыныпты 3 топқа бөлу.

1-ші топ. «Жасыл ел».

2-ші топ. «Иондар».

3-ші топ. «Шипагер».

1 тапсырма

1 топ. «Жасыл ел».
Сіздердің талдау жұмыстарыңыз «Ауаның ауыр металдармен ластануының адам
денсаулығына әсері».
1) Адам ағзасындағы қан құрамында элементтер саны және зиянды әсерін
талдау.
2) Ауыр металдардың адамның тыныс алу мүшесіне әсері.
3) Мырыш пен никельдің адам ағзасына әсері.
4) Ауыр металдарды балқытатын зауыттардың қасында тұратын тұрғындарға
әсері.
5) Автокөліктердің зияндары.

2 топ. «Иондар».
Сіздердің талдау жұмыстарыңыз «Табиғатты қорғауға жасыл ағаштардың
фиттонцитті маңызы».
1) Фиттонцитті өсімдіктердің маңызы?
2) Терек ағаштың қоршаған ортаға келтірер пайдасы қандай?
3) Қылқан жапырақты өсімдік – адам ағзасына пайдасы қандай?
4) Еменнің пайдасы. Емен қабығынан жасалған қайнатындыны дене сыртына тік
ішек төмен түскенде, ол геморрой ауруында клизма жасау түрінде, аяқ
қатты терлеген жағдайда пайдаланады.
5) Ағаштың қасиеті, қалай пайдалануға болады?

3 топ. «Шипагер».
Сіздердің талдау жұмыстарыңыз «Ауаның пайдасы, сауықтыру»
1) Ауру дегеніміз не?
2) Ауаның организм үшін маңызы неде?
3) Ауа тазалығы не үшін қажет?
4) Кмірқышқыл газының организмдегі рөлі.
5) Көмірқышқыл газының концентрациясы.
6) Радиацияның адам ағзасына әсері.

2 тапсырма

ІІ. Әрбір зертханадағы топ мүшелері бір-біріне сұрақтар қою.

3 тапсырма

ІІІ. «Менің сүйікті аулам», «Менің сүйікті қалам» туралы оқушылар
қысқаша ойларын айтады.

IV. Қорытынды: Сабаққа қатысқан оқушыларды марапаттау.

-----------------------
өлі

Тірі

өсімдік

жануарлар

адам

Табиғат

күн

ауа

топырақ

су

тас


Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктерді қорғау жолдары
Қына-ерекше тірі ағза
Химия пәнін оқыту барысында оқушыларға валеологиялық білім беруді жүзеге асыру
Пестицидтердің қоршаған орта мен адам денсаулығына әсері
Өсімдіктер- тірі ағзалар
Пайдалы қазбалардың қасиеттерін анықтау
Жанды және жансыз табиғат
Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері
Өсімдіктің маңызы
Бейімделушілік – эволюция факторларының өзара әрекетінің нәтижесі туралы ақпарат
Пәндер