Математикадан қайталау: есептеу мен салыстыру дағдыларын дамытуға арналған жарыс сабақ

Пәні: Математика

Күні: 31. 01 . 2012

Тақырыбы: Қайталау

Мақсаты: 1. Білімділік: Балалардың өткен сабақ бойынша білімдерін кеңейту, кемшіліктерін жою.

2. Дамытушылық: Балалардың ойын, есте сақтау қабілетін және пәнге қызығушылығын, тіл байлығын, танымдық қабілеттерін дамыту.

3. Тәрбиелілік: Балаларды тез есептеуге, шапшаңдыққа, тапқырлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Үлестірмелі қағаздар, суреттер

Сабақ түрі: Жарыс сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрнекілік

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) балалармен сәлемдесу

б) балаларды түгендеу

в) балаларды сабаққа даярлау

г) керекті құрал-жабдықтарын түгендеу

д) зейінін сабаққа аудару

Психологиялық дайындық

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз.

ІІ. Мақсат қою кезеңі.

Балалар, бүгінгі сабағымыз жарыс түрінде өтпек. Жарысымызға 3 топ қатысады.

1 топ: Алғырлар

2 топ: Тапқырлар

3 топ: Білгірлер

ІІІ. Білімдерін тексеру, бекіту.

1-тапсырма. «Сана да жаз» деп аталады. Заттарды санау. Жазу.

2-тапсырма. «Салыстыру» Заттарды бір- бірімен салыстыру керек.

3-тапсырма. «Көршісін тап» Сандарды өсу ретімен орналастыру.

4-тапсырма. Математикалық жұмбақтар шешу.

  1. 5 алманың үшеуін,

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі,

Өз қолыңда қалады? 5-3= 2

  1. Табақта 5 өрік,

Қолымда 4 өрік.

Қосқанда барлығын,

Болады неше өрік? 5+4= 9

  1. Мұратта бар бес іні,

Маратта бар екі іні,

Қоссақ бес пен екіні,

Неше болады шешуі? 5+2=7

  1. Аулада жүр 4 үйрек,

Қорада жүр 1 үйрек.

Ал қанекей санайық,

Барлығы неше үйрек? 4+1=5

  1. Бес үйректің біреуін,

Қамап қойдым қораға

Қалды сонда неше үйрек,

Мынау тұрған далада? 5-1=4

  1. Ал, балалар, қараңдар,

Екі алма мен үш алмұрт.

Кәне кімдер табады

Қанша жеміс болады? 2+3=5

ІҮ. Сабаққа жақсы қатысқан топты мадақтау, марапаттау.


Ұқсас жұмыстар
Үшбұрыштар елінде: үшбұрыш түрлері мен тез есептеу дағдыларын дамытуға арналған сабақ-сайыс
Тапқырлар сайысы: бастауыш сыныптарда математикалық ойлау мен есептеу дағдыларын дамытуға арналған сабақ жоспары
Жасырын сөзді табу арқылы логикалық ойлау мен арифметикалық есептеу дағдыларын дамытуға арналған сабақ жоспары
Бастауыш математикадан қайталау сабағы: мақсаттар мен сабақ жоспары
Етістікті қайталау: түрлері мен грамматикалық талдауы (жарыс сабақ)
Математикадан өткен материалды бекіту: топтық жарыс арқылы пысықтау сабағы
Математикадан 2-б сыныпқа арналған ашық сабақ: Теңдеуді қайталау (09.12.2015)
СӨЗ - МЕРГЕН: ана тілін дамытуға арналған интерактивті сабақ-жарыс
Бастауыш сыныпта математика сабағында ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру
Мақал арқылы логикалық ойлау мен есеп дағдыларын дамытуға арналған ойын сабақ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz