Әдептілік-әдемілік 2 сынып

Сабақтың тақырыбы : Әдептілік - әдемілік .

Сабақтың мақсаты : Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, таным белсенділігін арттыру . Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілдікке әдептілікке, еңбексүйгіштікке үйрету. Әдеп пен сыпайылық арқылы жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу .

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, талдау.

Көрнекілігі : әр түрлі суреттер, мақалдар жазылған плакаттар, «құпия хаттар»

ойын сөздері, асық.

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Балалар бүгінгі сабақта біз әдептілік туралы сөз етпекпіз.

Сұрақ :

- Әдептілік деген не? Оны қалай түсінесің?

- Әдепті бала қандай деп ойлайсың?

- Әдепсіз дегенді қалай түсінесің?

- Әдепсіз бала қандай болады ?

- Әдептілікті бізге кім үйретеді ?

Сонда адам бойында жақсы, жаман қасиеттер болады екен . Бізге ақылдылық пен адалдық, қарапайымдылықты үлкендер үйретеді. Бойымызға анамыздың ақ сүтімен дариды . Біз оны түсініп, ата-баба салт, әдеттерін үйренуге тырысамыз . Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Басқалармен қарым -қатынас жасағанда әдеп пен ақылды ұмытпайды. Осы орайда, Абай атамыз «Адам болам десеңіз» деп нені айтады. «Ананың тілін алса егер» өлеңінде не делінген еді?

ІІІ. Енді, әдептілік туралы сендер не айтар едіңдер?

Оқушылардың тақпақтары.

1-оқушы: Ата -ананың тілегі,

Адам болып өскенің .

Адамдықтың тірегі,

Адал болып өскенің .

2- оқушы Әдептілік дегенің,

Әрқашанда керегің .

Әсемпаздық дегенің,

Әуре сарсаң әлегің.

Сұлулық сыйлаған .

Сол саған пайдалы іс,

Сауық пен кинодан .

4 - оқушы: Тәртіпті бала сүйеніш,

Төбең бір көкке жетеді.

Тәртіпсіз бала күйініш,

Төмендеп басың кетеді.

5- оқушы: Ұрыншақ бала жанында,

Ұрыс пен керіс айқай - шу .

Ұстамды бала маңынан,

Ұнамды қылық байқайсың .

6- оқушы : Шындықты сақтаймыз,

Шыншылды жақтаймыз .

Шаршы топ алдында

Шығарып мақтаймыз.

7 - оқушы: Сыйлап сәлем беремін,

Көршілерді көргенде .

Ізетті деп білемін,

Үйге қонақ келгенде,

Әдепсіз деп сөкпесін,

Анама айтып өкпесін

8 - оқушы : Су құйдым да құманнан,

Қолына мен әкемнің .

Содан кейін оған мен,

Орамалды әпердім .

9- оқушы: Бақшаны суарып

Келді су алып .

Самауыр қайнатып,

Үйде де, түзде де,

Қылығы өнеге .

Ұстазы бізге де,

Ұнайды ол неге ?

10 -оқушы: Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса,

Сыйлы болмақ өзі де

Үлкен болған кезінде.

Көрініс « Үлкенді сыйлаңдар » .

11- оқушы: Қарсы ал ерте күн көзін,

Төсегіңді жина өзің .

Асықпай іш тамақты,

Жалама аяқ -табақты.

Пышақты ұста оң қолмен,

Шанышқыны ұста сол қолмен .

Нанды үгітпе, қадірле,

Қабығымен бәрін же.

Саусағыңды сормағын,

Салдыр салақ болмағын.

12- оқушы : Салма аузыңа инені,

Үзбе, жұлып түймені.

Ашуланбай долданып,

Жауап бергін ойланып,

Құр бекерге қылтима,

Болмашыға бұртима .

13 - оқушы : Іштарлыққа жол берме,

Бақталастық, білдірме .

Мақсат қоймай алдыңа,

Қыдырып құр қаңғыма.

14 - оқушы: Сыйла үлкен кісіні,

Қамқорлыққа ал кішіні .

Сақта көше тәртібін,

Бағдаршамның ал тілін .

Әдет қыл бұл ісіңді,

Тазалап жүр тісіңді .

ІV. 1) Суреттер бойынша адамгершілік, сыпайылық, әдептілік жайында әңгімелету . «Үлкенді құрметтеу», «Кішіге қамқорлық », «Автобус ішіндегі бала» т. б.

2 ) «Жалғастыр » ойынын ойнату. «Не істеуге болмайды?»

Мұғалім бастапқы сөзін айтып, оқушы ойланып жалғастыруы керек.

* Үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды.

* Кішкене баланы жылатуға болмайды.

* Құстарды атуға болмайды .

* Сабақтан кешігуге болмайды .

* Сыныпта айқайлауға болмайды .

« Не істеу керек ?»

* Үлкен кісіні сыйлау керек .

* Үлкеннің тілін алу керек .

* Үлкендерге сәлем беру керек.

*Оқу құралдарын күтіп ұстау керек.

3 ) «Сырлы хаттарға» жауап беру .

4) «Тыйым сөздерді айтып жарысу .

V. Қорытынды : Сонымен, балалар, біз бүгін не туралы әңгімелеп, көрініс қойдық?

Әдептіліктің ең бірінші белгісі не?Жаман әдеттен аулақ болып, әдепті бала болыңдар.


Ұқсас жұмыстар
Әдептілік – әдемілік
Қыз бала одан
Саналы азамат болуға тәрбиелеу
Әдептілік- әдемілік . оқушыларды әдептілікке, сыпайлыққа тәрбиелеу
Әдептілік тобы
Ізгілік тобы
Тақырып Әдептілік-әдемілік
Әдептілік - әдемілік жайлы ақпарат
Әдептілік туралы білім беру,білімдерін жетілдіру
Әдептілік - әдемілік туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz