Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Астана-жердің кіндігі, астана-елдің бірлігі 2 сынып
«Ө.Жаңабаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
[pic]
[pic]
1 қыркүйек – Білім күніне арналған тәрбие сағаты
Сыныбы: 2 «а»
Сынып
жетекшісі: С.Сұлтанова
Кеген ауылы, 2013 жыл
1 қыркүйек – Білім күні
Тақырыбы: Астана – жердің кіндігі,
Астана – елдің бірлігі.
Мақсаты: 1. Байтақ қазақ даласының иесі кім екенін алыс пен жақынға
танытатын қазақ
жерінің кіндігіне Ақордасын тіккен жаңа Астана тарихымен
таныстыру.
2. Астанасына қарап елін таниды дегендей, Астананың
мемлекетіміздің биік
мәртебесі, жоғары дәрежесі, елдік пен тұтастықтың,
бірліктің тұтқасы екендігін
таныту.
3. Екі ғасыр тоғысында Еуразия құрлығындағы ірі тарихи
оқиға болып, тарихқа
енген жаңа астанамыз – Астана қаласымен мақтануға
тәрбиелеу.
Түрі: саяхат сабақ
Көрнекіліктер: суреттер, слайд, шарлар, Қазақстан Республикасының картасы
Әдіс-тәсілі: әңгімелеу, сұрақ-жауап
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен амандасу
ә) түгендеу
б) ҚР мемлекеттік Әнұранын орындау
в) Білім күнімен құттықтау
г) назарларын ортаға аудару
ІІ. Негізгі бөлім
- Балалар, біз қай мемлекетте өмір сүріп жатырмыз?
- Біз Қазақстанда өмір сүріп жатырмыз.
- Қазақстан қандай ел?
- Қазақстан - тәуелсіз, егеменді, халықтары тату ел.
- Біздің мемлекетті кім басқарады?
- Біздің мемлекетті Президент басқарады?
- Біздің еліміздің тұңғыш және қазіргі Президенті кім?
- Біздің еліміздің тұңғыш және қазіргі Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев.
- Ал, біздің астанамыз қай қала?
- Біздің астанамыз – Астана қаласы.
- Астана қаласына барып көрдік пе?
- ...
- Олай болса, біз бүгін сендермен Астана қаласына саяхат жасаймыз.
Астана қаласы туралы қысқаша мәлімет беру.
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміз жаңа ғасырға қадам басар
тұста астананы Алатау баурайынан Сарыарқа өңіріне көшіруі тарихи оқиға
болғаны анық . Қазір бұл шешімінің өміршендігін өмірдің өзі көрсетіп
отыр.
6-шілде –біздің еліміздегі елеулі күндердің бірі . Бұл әсем
Астананның туған күні . Бүгінде Елбасы десек Астана, Астана десек
Елбасы ойға оралып , нұрлы бейбіт, бақытты күндеріміз алтын сәулесін
шашады Жедел жаңару жолына түскен сәулетті Қазақстанның мәртебесі биіктей
беретініне кәміл сенеміз.
Қазақстан – Орталық Азия өңіріндегі тұрақтылық ошағы, өңір өзегі, өмір
жүрегі. Бұған Елбасымыздың саясаты арқасында қол жетті. Елбасымыз осы
заманның аса көрнекті мемлекет қайраткері ғана емес, қарапайым халықтың
қамқоршысы, ақылшысы болған аса биік тұлға. Елбасының ерен еңбегін
бағалап,ұлықтаған халқымыз алғаш рет 1 желтоқсанда президент күнін де
атап өтті.
Астана арқылы жаңа Қазақстан өзінің отауын тікті. Оның болмысына бүкіл
қазақ елінің рухы сыйып тұр! Мұны қаланың әрбір көшесінен, әрбір бұрышынан
көруге болады. Көкке шаншылған «Бәйтерек» , Самұрық құстың алтын
жұмыртқасын аспанға көтерген алып киелі ағаш – бейбітшілік пен келісімде
өмір сүруге ұмтылған ұлы мақсат көрінісі.
Астанадан біз Египет пирамидаларының бейнесін де көре аламыз. Жоқ, бұл
фараондар мекені емес, ол көкке қол созған келешек ұрпақтың жігерлі
болмысы. Астана ЮНЕСКО- ның «Әлем қаласы» сыйлығында иеленді.Бұл
бүгінгі күннің бағасы , ертеңгі күні бұдан да жарқын , өйткені Астана
ертеңіміз үшін салынған ертегі бейнесіндей шаһар, болашақтың қаласы.
- Астана туралы біраз мәліметтер алдық, балалар. Енді, біз саяхатымызды
бастайық. Мынау Қазақстан Республикасының картасы. Картаның ортасында
Астана қаласы орналасқан.
[pic]
- Олай болса, автобусымыздың жүргізушісі бізді күтіп тұр. Бәріміз
автобусқа мініп, жолға шығайық.
- Астананың ең негізгі символы – Бәйтерек.
«Бәйтерек» монументі Есіл өзенінің жағасындағы Қазақстанның астанасы Астана
қаласында орналасқан. Металлдан, әйнек пен бетоннан жасалған бұл «терек»
сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей: биіктігі 105
метрлік металл құрамасынан, салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық
қададан тұрады. Монументтегі барлық дүние – төбесіндегі алтын күн, 97
метрлік биіктігі, және аспан әлемінің үш негізін кейіптейтін үш аймаққа
бөлінген ішкі архитектурасы белгілі бір символды білдіреді. Әлемде бірінші
рет диаметрі 22 метрлік және салмағы 300 тоннадан тұратын күннің түсуіне
қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан
рекордқа ие болды. Қазақстан астанасында асқақтаған бұл «терек»
жаңартулардың сәулеттік символы, тәуелсіз Қазақстан символы ретінде орын
алады.
«Бәйтерек», «Астана – Бәйтерек» – Астанадағы архитектуралық құрылыс кешені,
сәулет өнерінің бірегей туындысы. Оның негізгі идеясы Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаевтың эскиз-нобайы негізінде өмірге келді. Ол бейбіт өмір мен
келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын білдіреді.
Бұл нысан әлемдік сәулет өнерінің жоғары талаптарына толығымен жауап
береді. Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген зәулім «Бәйтеректің»
биіктігі 97 м, диаметрі 27м; негізгі есікке бастайтын әшекейлі темірбетон
саты жер бетінен 4,8 м жоғары орналасқан. «Бәйтерек» нысаны үш бөліктен
тұрады; жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу
кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан»
композициясы орын тепкен; оған қол табы тигенде шиыршық түрінде жарық ағып
түсіп, сәуле алақанға құйылады және Қазақстанның мемлекеттік әнұраны
ойналады.
- Келесі аялдама «Ақ орда»
Ақ Орда резиденциясы — Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы.
Астана қаласы Есілдің сол жағалауындағы жаңа әкімшілік орталығының
аумағында 2001 ж. қыркүйек айында салына бастады. Ғимараттың жалпы көлемі
36 720 m2. Қазақстан Республикасы Президентінің Ақ ордасының ресми
тұсаукесері 2004 ж.желтоқсанның 24 күні өтті.
Ғимарат қазіргі заманғы құрылыстың ең таңдаулы әдістерін қолдана отырып,
монолит құйматастан салынған.
Екінші қабатта қызметтік орынжайлар орналасқан.
Үшінші қабатта:
• киіз үйге ұқсатып жасалған, мәрмәр және гранит таспен өңделген Шығыс
залы;
• сыйлықтар мен сенім грамоталарын тапсыру залы;
• екіжақты кездесулерге арналған «Алтын» зал;
• камин залы;
• қызметтік орынжайлар мен мәжіліс залдары орналасқан.
Төртінші қабатта:
• қызметтік орынжайлар мен мәжіліс залдары;
• Саммиттің Үлкен залы;
• кітапхана;
• кіші Шығыс залы орналасқан.
Барлық залдар ерекше мәнермен әрленген, люстралар мен жиһаз бар. Едендерге
түрлі сортты мәрмәр, гранит тастары және көркем паркет төселген.
- Ендігі аялдама – «Ханшатыр»
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz