Қазақстан-2050 аясында бастауыш білімде үш тілділікті қалыптастыру және ағылшын тілін ерте оқыту

Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстан -2050» Стратегиясы -қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Халыққа арнаған Жолдауы ұлттың 2050 жылға дейінгі жаңа саяси бағытының жобасы болды және Қазақстан ХХІ -ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған 50 елінің қатарында болуға тиіс, - деп атап көрсетті.

Ал бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек, балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы тиіс деді. Аталған Жолдау мемлекеттің мерейін өсіріп, іргесін бекітерлік құжат болды.

Қазіргі заманғы білім беруге қойылатын талап- оның сапасын арттыру.

Білім саласына да елеулі өзгерістер енгізіліп отыр. Республика үкіметінің 23 тамыз 2012 жылғы № 1080 қаулысымен бекітілген бағдарламаға сәйкес 2013-2014 оқу жылынан бастап алғаш рет өскелең ұрпақтың көп тілділігін қалыптастыру мақсатында :

бірінші сыныптан бастап ағылшын тілі пәні енгізіледі.

Тіл мәселесін сөзге тиек ете отырып, Н. Ә. Назарбаев қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кем дегенде үш тілді біліп, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін білу тиіс екендігін айтты. Сонымен қатар ағылшын тілін кеңінен білмейінше, ұлттың бәсекеге шынайы қабілеттілігі туралы айту қиын болатындығын ескерте отырып, барлық ата- аналарды балаларын үш тілде оқытуға шақырды.

Қазіргі заманда Н. Ә. Назарбаев «Білекке сенетін заман емес- білімге сенетін заман»- деп өзінің болашақ стратегиясын жүзеге асыруда. Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты лекциясында: Осы жас буындарды мектепке дейінгі даярлау алды мекемелерін көбейте отырып, оларды 3 тілде даярлау керектігін және болашақ жастарға көптеген ақыл- кеңесін бере отырып ішіміздегі бірлікті, көршілес елдермен бірлікте болсақ жолымызда бірге болады, тыныштық болады, - деді.

Білім алушыларды және педагогтарды жаңа технологиямен, инновациямен және де басқа елдердің озық тәжірибелермен байланыс жасай отырып жаңашылдыққа шақырды. Осыған орай, ағылшын тілін тілдің үш тұғырының бірі ретінде қызмет етуінің алғышарты - оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қолданылуы болып табылады. Жер шарын мекендеген мыңдаған ұлттар мен ұлыстардың бір-бірін түсінуіне - халықаралық сипат алған ағылшын тілінің ролі зор.

Шет тілі сабақтарының басты мақсаты-шәкірттерге өзге тілді меңгерту, жаңа заманға сай, бәсекеге қабілетті жеке тұлға ретінде қалыптастыру.

Шетел тілдерін оқу процесін сипаттайтын әдістемелік білімнің категориялары анықталып, даму заңдылықтары пайда болады.

Шәкірттер қазақ тілін толық әдеби нормада меңгеріп, орыс тілі мен ағылшын тілін еркін білу қажет. Ал ғалымдардың зерттеуінше, бала жас кезінде тілді қиналмай әрі еркін меңгереді екен. Осы ретте Білім және Ғылым министірлігінің ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап үйретуге назар аударуы - дұрыс талап. Бүлдіршін жаста меңгерілген білімнің іргетасы берік әрі мықты болмақ. Ал осы берік әрі мықты білімді санаға себелеп, жанға ұялататын әрине мұғалім.

Қорыта келгенде, бастауыш сынып барлық білімнің қалануының негізі. Бастауыш сынып оқушыларына нені үйретсең соны санасына сіңіретін нағыз қабылдау жасында болғандықтан, мейлі қандай тіл болмасын өте тез игеріп алуға болады. Балдырғандарымыз тіл жағындағы қадамын нық басса, алдағы болашақта нұрлы жолға қадам тастауына негіз қаланар еді. Бастауыш сынып оқушыларының тілі толық дамып жетілмегендіктен әрине, ағылшын тілі басында қиынырақ сезлігенімен, соңына келе біртіндеп қалыптасып, жаттық әрі әдемі ағылшын тілін сөйлеуіне болады. Бастауыш сынып оқушлары ауыр сабақ жүгін алып жүре алмайтындықтан біз балаларды ағылшын тілінен жалқпауы үшін көбінесе жаңаша үйрету тәсілдерімен тәрбиелеуіміз қажет. Елдің болашағы келешек ұрпақтың қолында, яғни олар мұратты, моральді, тәртіпті болумен қатар мықты білім иесі болуы тиіс. Бұнымен қоса дүниенің қай бұрышында болмасын өзін алып шығатын қабілетке ие болулары керек емеспе? Бұған қазіргі заманда дүние жүзінің ортақ тіліне айналған ағылшын тілінің қатысы қалай болмасын.


Ұқсас жұмыстар
Білім мазмұнын жаңарту аясында коммуникативтік технология арқылы ағылшын тілін меңгерту
Қазақстанда бастауыш сыныпта ағылшын тілін оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Қазақстан-2050 аясында мектеп басшылығын дамыту: көшбасшылық пен басқаруды ұйымдастыруға арналған коучинг жоспары
Мектептегі ағылшын тілін оқыту әдістері және оқушылардың қызығушылығын ынталандыру
Қазіргі заманғы ағылшын тілін оқыту: коммуникативтік бағыт және инновациялық модульдік технологиялар
Тілдің үш тұғырлығы жобасы аясында мемлекеттік тілді оқытудың мәдениетаралық және инновациялық тәсілдері
Деңгейлік курс негізінде ағылшын тілін оқытудағы сыни оқыту модульдерін енгізудің рефлексивті есебі
Ерте жастан шетел тілін оқытудың ерекшеліктері мен ойын әдістері
Мектепте ағылшын тілін оқытудың инновациялық және тиімді әдістері
Бастауыш сыныпқа арналған Қазақстан жолы 2050 стратегиясы мен Елбасы Жолдауын таныстыру сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz