Сабақ жоспары :: Алғашқы әскери дайындық
Файл қосу
Біз бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдайтын ардагерлерміз
Түркістан қалалық білім беру бөлімі
Алғашқы әскери дайындық әдістемелік кабинеті
Ғылыми – тәжірибелік конференция
Тақырыбы: Біз бейбітшілік пен тұрақтылықты
қолдайтын ардагерлерміз
Аманкелді жалпы орта мектебінің АӘД пәнінің
ұйымдастырушы – мұғалімі Ақай Т.
Шымкент – 2009 ж.
МАЗМҰНЫ
1.
Кіріспе.........................................................
.............3
2. Ауған соғысының азалы беттері............................3
3. Әскери патриоттық тәрбие – жастарды отансүйгіштікке
тәрбиелеудің басты құралы....................................6
4. Қазақстандық патриотизм......................................8
- Ғылыми – тәжірибелік конференцияға қатысушы құрметті қонақтар,
ардақты ардагерлер, ханымдар мен мырзалар!
Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына 20 жыл толуына
байланысты осындай ірі көлемдегі ғылыми іс – шараның өткізілуін бүкіл
интернационалист – жауынгерлерге көрсетілген үлкен құрмет ретінде
қабылдай отырып, осы маңызды бастаманың басы – қасында жүрген,
ұйымдастырып отырған азаматтарға зор алғысымды білдіргім келеді.
Биылғы 2009 – жылдың 25 – желтоқсанында кеңес әскерлерінің Ауған
жеріне кіргендеріне 30 жыл толса, 15 – ақпанда шығарылғанына 20 жыл
толмақ. Он жылға созылған жарияланбаған беймәлім соғысқа Кеңес
Одағынан 620 мың адам қатысса, оның 22 мыңы қазақстандықтар болатын.
Атышулы ауған соғысының зардабы заман ауысқанымен тарихтың
қасірет беттерінде жазулы. Қазақстаннан аттанған 22 мың бозбаланың 720
– ның өмірі қыршынынан қиылса, 20 – сы хабар – ошарсыз кетті.
Түркістаннан Ауған жеріндегі соғысқа 230 – қатысты, олардың тоғызы
қаза тапқандар тізімінен табылса, біреуі - Ергешов А. хабар – ошарсыз
кеткендер қатарында бар. ХІІ – ғасырда Испанияда өмір сүрген еврейдің
ұлы ойшылы Абраам Ибн Изра айтқан екен: шағын күнәлар үлкен адамдар
жасаса үлкен күнәға айналады деп. 1979 жылы 25 – желтоқсанда Мәскеу
уақыты бойынша 15.00 – де сол кездегі КСРО – ның бірінші Хатшысы
Л.И.Брежневтің тапсырмасы бойынша Қорғаныс министрінің берген
бұйрығымен Ауғанстанға кеңес әскерлерін кіргізу басталды. Командирлер:
«Бұл – қысқа мерзімдік акция, орындаймыз да кетеміз», деген еді. Ал
бірақ бұл «акция» тоғыз жылдан астам уақытқа созылып, КСРО басшылары
қандай революцияны қорғауға бұйрық бергендерін, оған қоса өздері жауап
бере алмай қалатын қиын сұрақтарға тап болатынын білген жоқ.. Сол
кезде КСРО – ның саяси өміріндегі өзгерістер: Л.И.Брежневтен кейін
партия мен үкімет басшылығына Ю.В.Андроповтың келуі (1982 – 1984 жж.),
одан кейін К.У.Черненконың келуі (1984 – 1985 жж.) – бәрі де
«жарияланбаған соғыстың» зардаптарын көре отырса да бөгет бола
алмады. Академик Д.А.Сахаров КСРО Жоғары Кеңесіне, Л.И.Брежневке
Ауғанстанға кеңес әскерлерін енгізудің қателігі туралы хат жолдады,
бірақ та сол хаты үшін Д.А.Сахаров қудаланып, жер аударылды. 1985 –
1991 жж. үкімет басына М.С.Горбачев келді. Бұл кезде ауған соғысына
кеңес әскерлерін жіберу туралы шешімнің дұрыс болмағандығы дәлелденіп,
КСРО – ның халықаралық беделіне зор нұсқан келген еді. 1988 жылы
кеңес әскерлері Ауғанстаннан шығарыла бастап, ал 1989 жылы ақпанда
толық аяқталды.
Оңы мен солын танып үлгермеген жастар осылайша солақай саясаттың
құрбандары болып кете барды. Тағдыр мен тарих менің замандастарыма
«соғыс» деген сұрапылды көріп, қасіретін тартуды жазыпты.
Ел басына күн туған кезде «ереулі атқа ер салып, егеулі найза
қолға алып», «толарсақтан саз кешіп» бабаларымыз елімізді сыртқы
жаулардан қорғады. Кешегі Ұлы Отан соғысы кезеңінде қаншама аға –
апаларымыз Антқа адал болудың үлгісін танытты. Мөлдір бұлақтан еш
уақытта лай су ақпайтынын ауғандық жауынгерлер өз ерліктерімен
дәлелдеді. Ант қабылдап, сол Антқа адалдық танытудың өзі үлкен
ерлікпен пара – пар болды. Кешегі Кеңес өкіметінің үлгі алар тұсы да
өз кезеңіндегі жас буынға әскери – патриоттық тәрбие беруді дұрыс
жолға қоя білуінде болды.
Ауған соғысының аяқталғанына 20 жыл толса да, мектеп оқушылары
тарих оқулықтарынан бұл соғыстың басталу себептерін, ол соғысқа
неліктен кеңес әскерлерінің жіберілгеніне жауап ала алмай келеді.
Ауған соғысын олар баспасөз беттерінде жарияланатындай тек «беймәлім
соғыс», «жарияланбаған соғыс» деп білсе, ол соғысқа қатысқан
ардагерлерді «ардагер емес, ардагерлерге теңестірілгендер» деп
қабылдайды. Міне, біздің еліміздегі қазіргі таңда әскери – патриоттық
тәрбиені ақсататын тұс – осы. «Отан тапсырмасын орындаған сіздерге
қандай құрмет көрсетілуде?», - деген жастардың сауалына беретіндей
жауабымыз болу керек. «Егемен Қазақстан» газетінің 2009 жылдың 28
қаңтар күнгі номерінде «Ақтаңдақтар ақиқаты» айдарымен «Ауғанстан:
сәуір төңкерісі бастаған соғыс» атты кең көлемді мақала жарияланды.
Бұл мақаланың авторы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика
университетіндегі «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті, тарих
ғылымдарының ғылымдарының кандидаты, ауған соғысының ардагері Болат
Сайлан екен. Ұлы рух, қиындыққа мойымау, өршілдік – осы қасиеттер
ауған соғысы ардагерлерінің бойынан табылатынына сенімдімін. Жанындағы
қарулас достарын, жалындаған жастық шағын, денсаулығын ала бағанның
ар жағына қалдырып келген ауғандық жауынгерлер сол соғыста қаза
болғандар алдында өздерін мәңгі борыштымыз деп есептейміз.
1999 жылдың 5 – ақпанында Түркістан қаласында Ауған соғысы
ардагерлер Кеңесі құрылған болатын. Бұл Кеңестің құрылу мақсаты – ең
алдымен өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру болды. Қаза тапқан
түркістандық 9 жауынгердің және із – түссіз жоғалған 1 жауынгердің
оқыған мектептерінде ескерткіш тақта орнатуға осы Кеңес мүшелері ат
салыстық., мектептерде өткізілетін әскери – патриоттық іс – шараларға,
кездесулерге қатысып, республика көлеміндегі спорттық жарыстарды
өткізуге ықпал еттік. 20 жылдық қарсаңында Түркістан қаласының Ауған
соғысы ардагерлері өз қаржыларымен «Отқа оранған он жыл» атты түрлі –
түсті фотосуреттермен безендірілген естелік кітабын шығарды. 950
тиражбен шыққан бұл кітаптың бір – бір данасы қалалық орта
мектептердің кітпханаларына сыйлық ретінде тегін таратылды. «Өлі риза
болмай – тірі байымайды», аруаққа тағзым ету, оларды әркез еске алу –
тірілердің міндеті. Бойында отансүйгіштік рухы бар адамға ғана
жауапкершілігі бар істі жүктеуге болады. Қай салада қызмет істесе де,
ауған соғысы ардагерлері «парыз», «аманат», «борыш» деген ұғымдарды өз
мүдделерінен биік қояды.
Өткенді ұмытпау, патриоттық тәрбие, ағалардың ерлік дәстүрлеріне
адалдық – бүгінгі күн үшін өте қажет .Тағдыр қазаққа қырын қарамаған:
жер де берген,кен де берген, ел де берген, ер де берген.
Алаш жұрты жанашыр жақындарым,
Тапталуға білесің хақың барын.
Ұлт үшін ұрандатып, ұрыс салған,
Қайда сенің кешегі батырларың?-
дейтіндей кез туса, бөтен елдің жат пиғылы байқалса, ел қорғайтын ерді
тәрбиелеуіміз керек. Уақыттан оқиғалар озған сұм заман терроризм, діни
экстремизм іспетті адам баласы бұрын естіп білмеген небір құйтырқы
айла – амалдарды өмірге әкелді.
ҚР Үкіметінің 1.11.1996 жылғы №1340 Қаулысына сәйкес тоқтап
қалған Алғашқы әскери дайындық пәні қайтадан қолға алынған болатын.
Мектептердегі әскери – патриоттық тәрбие осы пән арқылы жүзеге асады.
Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі даңқты тұлғалар Н.Әбдіров, Т.Бигелдинов,
М.Мәметова, Ә.Молдағұлова, Б.Момышұлы т.б. батырлардың ерлік істері
жайлы оқушылардың өздеріне мағұлматтар жинату, фотостендттер жасатудың
маңызы зор. Болашақ сарбаздар отансүйгіштік бағыттардағы әңгімелерді
тыңдай отырып және кинофильмдерді көре отырып, қиындықтарды тек қана
көз алдына елестете алады. Ал сол қиындықтарды жас сарбаздың басынан
өткізуді қаласақ, рух пен тән күштерін сарқа жұмсайтын әскери
ойындарды сауатты ұйымдастыру мақсатын қоюымыз керек. 2008 жылы
осындай мақсатты қамтыған қалалық «Алау» әскери – патриоттық ойында
мектебіміздің «Өжет» тобы І – орынды иеленді. Оқушылар мергендік,
граната лақтыру, мылтық ату, сапта жүру, патриоттық әндер орындау,
әскер тақырыбындағы сұрақтарға жауап беру тапсырмаларын аса
қызығушылықпен орындады. Мектепте әр жыл сайын Жеңіс мерекесіне
арнап, Ауған соғысы ардагерлемен кездесулер, Желтоқсан оқиғасына
байланысты іс – шаралар, саптық әндер байқауын өткізіп отырады.
Мектепте жауынгерлік Даңқ залы бар. Онда Ұлы Отан соғысына қатысқан
жерлестеріміздің өмірбаяндары, соғыстағы ерліктері, отбасылары туралы
мағұлматтар, деректер жиналған. Ауған жерінде интернационалдық
борыштарын өтеуде қаза тапқан А.Мамырайымов пен Н.Сейдуәлиевтерге
ескерткіш тақта орнатып, жыл сайын 15 – ақпанда олардың ата –
аналарымен, туған – туыстарымен кездесулер өткізіліп,еске алу шаралары
өтіп отырады. Сол кеште жоғары сынып оқушыларына жасы толуына
байланысты қалалық әскери комиссариатқа есепке тұрғандығы жөніндегі
куәліктерді салтанатты түрде тапсыруды дәстүрге айналдырдық..
Болашақ сарбаздарды әскер қатарына дайындау, оларды Отанды
сүюге, қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуде жыл сайын бітіруші
сынып оқушыларымен өткізілетін қорғаныс және спорттық сауықтыру
лагері жиындарының зор ықпалы бар. Алты жылдай уақыттан бері осы
жиында батальон командирінің ұлтжандылық тәрбие жөніндегі орынбасары
міндетін атқарып келемін. Армия - әлдилейтін бесік емес, азаматтық
шыңдалу мектебі екенін болашақ сарбаз ең алғашқы рет осы жерде
түсінеді. 5 күндік оқу – дала жиынында оқушылар теориялық білімдерін
тәжірибе жүзінде көрумен бірге әскери – патриоттық іс – шараларға да
белсене қатысады, ардагерлермен кездеседі, сондай – ақ қалалық білім
бөлімінің «Ұстаз» газеті тілшілеріне сұхбаттар беріп, өздерінің
әсерлерімен бөліседі. Жиынның соңғы күнінде ереше көзге түскен білімі,
ынталы, әскери тапсырмаларды өте жоғары дәрежеде орындаған оқушыларға
марапаттар беріледі.
Қазіргі кезде Қазақстан өмірінде «қазақстандық патриотизм»
қалыптастыру және оны азаматтардың ой – санасына сіңіруді мемлекеттік
дәрежеге көтергенмен, Отаншылдық ой – сананы қалыптастырудың
шешілмеген мәселелері бар. Қазақстандық патриотизм – ел азаматтарының
республиканың бүгінгі тұрақтыөмірі мен жарқын келешегі жолындағы
еңбегі мен іскерлігі іспетті. Елбасымыз Н.Назарбаев: «Әрбір адам
біздің мемлекетімізге, соның бай да даңқты тарихына, оның болашағына
өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс – қимыл жүйесін
талдап жасауы қажет. Елдің проблемалары да, келешегі де барлық адамға
жақын әрі түсінікті болуы тиіс... Әрбір адам бала кезінен Қазақстан –
менің Отаным, мен ол үшін жауаптымын деген ойды бойына сіңіріп
өсетіндей жасаған жөн»- деген.
Ауғанда қан кешкен жаралы ұрпақ 15 – ақпанда соғыстан қайтпай
қалған қаруластарын еске алуды дәстүрге айналдырып келеді. Ұрпақтар
сабақтастығы дегеніміз осы болар. Әзірге Кеңес солдатының Ауғанстанда
соңғы қорғасын оғы атылғанына – 20 жыл. Бұл – еске алу, әрі азалы күн.
Сол күнді имани жүрекпен түсінген тірі пенде өлілер алдында тағзым
етуді өзінің борышы санары сөзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. «Қазақстан сарбазы»,21.06.2002. «Трагедияны ұмытып,
тексіз болмайық», авт.С.Күмісбеков.
2. «Қазақстан сарбазы»,19.02.2002. «Сөнген шоқ, өшкен
арман, тек сенен есте қалған»
3. «Қазақстан сарбазы»,19.05.1998. «Ертеңін ойламаған – ел
болмайды», авт.Б.Исаев.
4. Интернет материалдары.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz