Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қиын бала деген кім?


Қиын бала деген кім ?..
Қиын бала : осы бір баршаға мәлім, бірақ өкінішке орай бұрыннан
әдетке айналған терминнің астарында не жатыр? Полиция қызметкері үшін ол
бұзақы, мұғалім үшін- сыныптастарына жағымсыз әсер ететін «Анықталмаған
басшы», тәрбиеші үшін – шулы, қозғалғыш, тыңдамайтын бала. Ал ата –ана үшін
ше? Әр отбасында өзінің қиын баласы және өзіндік проблемалары бар. Осы бір
сұрақ көптеген ата–аналар мен педагогтарды және жұртшылықты жиі
толғандырады, әрі оған бір–екі ауыз сөзбен жауап бере салу
жеткіліксіз.Өйткені баланың «Қиын» атталуы азғана уақыттың нәтижесі емес.
Әдетте бала мектепке дейінгі және оқу кезеңдеріндегі өсу және даму
эволюциясынан өтеді. Сол кездерде отбасындағы тәрбиеде кеткен кемшіліктер
мен оқу–тәрбие жұмысындағы ақаулар ұштасып баланың қалыпты жағдайдан
ауытқуына себепші болады. Атап айтқанда, ересектер тарапынан баланың саны
деген талап–тілек, мұқтаждықтарын өнегелі тұрғыдан ескермеу, олардың жас
мөлшері –мен психологиясына көңіл бөлмеу сияқты кемшіліктер байқалмай кетіп
жатады.
Әсіресе отбасында қалыптасқан микроклимат–отбасы –мүшелерінің
бір–бірімен қарым–қатынасы, үй тіршілігінің әрқайсысының шама–шарқына қарай
бөлісіп атқаруы, адамгершілік қадір–қасиеті, қоршаған ортаға көзқарасы,
дүние танымы, олардан алатын әсерлері мен күнделікті әдет– дағдылары
баланың мінез–құлқының жақсы, не жаман болып өсуіне көп ықпал етеді.
Өкінішке –орай отбасы біткеннің бәрі бірдей ойдағыдай емес.
Дұрыс отбасы болса да бала тәрбиесіне қырағылық жасай алмай
қалатындары да кездеседі... Біраз отбасыларында мораль принциптеріне сай
келмейтін жағымсыз қылықтар орын алады.Ендеше қиын баланың пайда болуындағы
обьективтік және субьективтік ретінде мынадай себептерді айтқан орынды.
Біріншіден, білім және мәдени өресі төмен ата–аналар баласының ішкі жан
дүниесіне үңілмей, педагогикалық заңдылыққа симайтын талап– тілек қояды.
Әрі оны сөзсіз орындауын талап етеді. Бұл жердегі қателік қойылған талаптың
оның жасына, қабілетіне, іскерлігіне, мүмкіндігіне сай келу– келмеуін
ескермеуде. Соның салдарынан бала отбасы ортасындағы адамгершілік қадір–
қасиеттерімен эстетикалық сезім талғамдары, логикалық ой–өрісі жағынан өмір
талабына сай өріс ала алмайды.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, көбіне отбасындағы
тәлім–тәрбие балаға мінез–құлқына қатты әсер етеді. Мәселен кейбір оқушы
материалын мұғалімнің түсіндіруінен, не оқулықтан оқығанда ең негізгі
ұғым түсініктерін тез қабылдаса, екінші біреулері түйінді деген мәселелерді
есте ұстауға тырысады. Енді біреулері оқу материалдарын бірдей есіне
қабылдай алмай, өте баяу, немесе үй тапсырмасын орындау барысында ғана
түсінеді, не нашар түсінеді, немесе тез ұмытып қалады. Баланың мұндай
ерекшелігін әдіскерлік шеберлігі күшті мұғалім байқай алады да, онымен
ерекше тәсіл арқылы сабақты түсінуіне көмектеседі. Мысалы әке ұлының,
шеше қызының жан дүниесіне үңіліп жан сырын аша білсе, үлкенге деген
сенімді күшейтеді. Зор сенім мен құрметке ие болған ата-ана мен педагог
баланы жан жақты дамытуға мүмкіндік табады.Сол сияқты сол баланың өзіндік
ерекшелігі бар, оны байқай білу де, соны орайына қарай дұрыс бағытқа
сілтей білу де шеберлікті қажет етеді. Қандай қиын бала болса да оның ар-
ожданына тимей, жеке ерекшелігін ескеріп икемі бар жаққа қарай баули білу
қоғамдық пайдалы істерге қарай икемдеу, тындырған ісіне баға беруде де
қырағылық таныту оның алдына айқын мақсат қойдыра білу және оған жетуге
көмектесу сияқты сан-саналы, тынымсыз тәрбие жұмыс арқылы ғана мақсатқа
жетуге болады.
«Баланы жастан», демекші әуел бастан-ақ балаға дұрыс ықпал,
түзу бағдар беруді, тәрбие жұмысын бір минут та ұмыт қалдырмау баршамыздың
ата-аналық және педагогикалық борышымыз екенін ұмытпаған абзал.


Ұқсас жұмыстар
Дұрыс балам
Өмірде жетім болсаң есірме
Анаңның серігі
Аталар мұрасы – халық қазынасы жайлы ақпарат
Салтым-асыл қазынам
Аталар сөзі - ақылдың көзі
Отбасы берекесі
Ана туралы балада
Салт - дәстүрім - таусылмайтын байлығым
Бала тәрбиесіне байланысты сұрақтар
Пәндер