Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ү дыбысы мен әрпі жайлы ақпарат



№3 орта жалпы білім беретін қазақ мектебі

Тақырыбы:
«Ү дыбысы мен әрпі»

Бастауыш сынып мұғалімі:
Ильясова Актоты Даулеткалиевна

2013-2014 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Үдыбысы мен әрпі

Сабақтың  мақсаты: Ү дыбысы мен әрпін таныту.

Күтілетін нәтиже: Ү дыбысы арқылы берілген  сөздерді  оқу мен жазуды
үйренеді.. Оның жіңішке дауысты дыбыс  екенін және қызыл текшемен
белгіленетінін біледі. Ү әрпінін баспа және жазба түрімен  танысады.
Буыннан сөз, сөзден сөйлем құрады, Ү дыбысы сөздің нешінші буынында екенін,
буынның қай жерінде екенін көрсетеді. Тірек сөздерді байланыстырып суретке
сөйлем құрады. Мәтінмен жұмыс жасап, мәтінге ат қояды.  Оқушылардың  ой-
өрісі, тілі дамиды. Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, сауатты, әдемі жазуға
тәрбиеленеді.

Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, буындар, буклеттер, суреттер, әріп
қалтасы, алфавит,  үлестірмелі топшамалар.                 

 Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану

Сабақтың әдіс-тәсілі: жұптық,  жекелей, суретпен жұмыс, салыстыру,
логикалық

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

Психологияқ дайындық.

                                2.Өткенді пысықтау.

* Дыбысты  не істейміз ?

* Әріпті не істейміз?  

* Дыбыстар нешеге бөлінеді?

* Дыбыстан не құралады?
* Буыннан не құралады?
* Сөзден не құралады?
* Сөйлем дегенімізді кім түсіндіреді?
* Өткен сабақта қандай дыбыстың таңбасымен таныстық?
* Ұ әрпін қандай текшемен белгілейміз? Ұ дыбысы жуан ба, жіңішке ме?
* Үйге не берілді, кім айтады?
1 топ: Берілген сөздерді оқып, сөйлем құрайды
2 топ: «Мұнай» мәтінін оқып, мазмұнын айтады. Сұрақ –жауап
3 топ: «Бұлақ» өлеңін мәнерлеп оқиды, өлең не туралы екенін айтады.
Сұрақ-жауап
* Ұ-Ү әріптерін салыстыру.

3 Жаңа сабақ
- Оқушылар бүгінгі сабағымызға түлкі қонакка келді. Осы «түлкі» деген
сөзде таныс емес дыбыс бар ма?
- Ендеше Үү әрпін көрсетемін. Дауыстап айтады, дауысты, дауыссыз екенін
ажыратады.
Балалар, түлкі қонағымыздың қолында хаты бар екен.

«Құрметті оқушылар! Мен үйіме барғым келеді, бірақ жолда мені аңдар
жібермейді. Себебі, мен аңдарды осы кезге дейін алдап келдім. Сендер маған
үйіме жетуге көмектессеңдер, мен ешкімді алдамаймын деп- уәде беремін.

Хат иесі түлкішек.»

• Балалар түлкіге көмектесесіңдер ме?

• Ендеше түлкінің жолында тұрған аңдардың тапсырмасын орындаймыз.

Оқулықпен жұмыс

Жолбарыс тапсырмасы: а/«Түлкі» сөзіне дыбыстық талдау жаса.

ә/ Берілген сөздерді оқып, сөйлем құраңдар

Қоян тапсырмасы: а/ «Ормандағы аңдар» мәтінін оқып, мазмұнын ашады.

ә/ Берілген сөздерді оқып, жуан, жіңішке сөздерді ажырат.

Арыстан тапсырмасы:

Дәптермен жұмыс

Үү әрпінің жазылу үлгісін жазып көрсетемін. Үү әріптерін жазады.

Сергіту сәті

Кітап алтын сандық,

Іші толған қазына құт,

Оқы, оқы ойыңа тұт.

Қасқыр тапсырмасы:

Тірек сөздерді оқып, суретпен байланыстырады. Құрған мәтінге ат қояды.

Бұғы тапсырмасы:

Сөздерге көптік жалғауын жалғап, оқиды. Тауық- тауықтар т.б.

Жаңылтпаш

Үміт түбітті түтті,

Түбітті түтіп бітті.

Қорытындылау:

Аю тапсырмасы:

Ұ-Ү әріптерін салыстыр, берілген сөздерге Ұ,Ү әріптерін қойып, оқы.

Қандай дыбыспен таныстық?

Қандай түспен белгіледік?

Неге қызыл түспен белгіледіңдер?

Ү дыбысына сөз ойла, тез ойла!

Ү дыбысы сөздің қай жерлерінде келеді?

Сендердің білімдеріңе аңдар риза, түлкі де рахмет айтып үйіне барғысы
келеді.

Түлкі: Балалар білімдеріңді әлі де шыңдай беріңдер! Сендерге көп рахмет.

Сау болыңдар!

Рефлексия: Фотоларына смайлик арқылы сабақтын ұнағанын, ұнамағанын
білдіріп, қояды. Ұнаса несімен ұнады, қорғайды.

Ұнамаса несімен ұнамады, немесе нені түсінбеді.

Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, Ү дыбысына сөз ойластырып, жаңылтпаштар жаттау,
түлкі суретін салып келу.

Ұқсас жұмыстар
Қорытынды бағалау
Табиғатқа саяхат. Ө дыбысы мен әрпі
Жылдық жоспар. даярлық тобы
Тақырыптық-күнтізбелік жоспар, 1 сынып, әліппе
Дауысты дыбыс әріптері
П әрпі мен дыбысы. 1 сынып
Емен ағашы
Үү дыбысы мен әрпі жайлы ақпарат
Дауысты дыбыс
Я дыбысы
Пәндер