Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Әдебиет, 4 сынып. қара батыр ертегісі



Көктөбе жалпы орта білім беретін мектебі

Тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин «Қарабатыр»

Өткізген:
Шакиева
Алмагүл Бақытбекқызы

2010-2011 оқу жылы

Пән: Әдебиет
Тарау: « Туған жерім- тұғырым, өскен елім-өзегім »
Тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин «Қарабатыр»
Мақсаты: 1 білімділік: , Халық ауыз әдебиетінің үлгілері –шығарма
түрлерімен таныстыру ,шығарманың тақырыбы мен идеясын ашу, композициялық
құрылысын талдау.
2 дамытушылық: Іскерлік қабілетін дамытып, белсенділігін арттыру,
іздемпаздық қабілетін күшейту,өздігінен білім алуға жол ашу, тілдерін
жетілдіру,өз пікірін қорғай білуге, талдай білуге баулу,шығармашылық
қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту.
3 тәрбиелік: Оқушыларды туған жеріне, елінің табиғатына арнап жазған ақын,
жазушылардың шығармаларын білуге, оқушыларды оқуға, білімге, еңбекке,
адамгершілікке тәрбиелеу,халық ауыз әдебиеті үлгілерін білуге, яня
Сабақтың түрі: Лекция сабағы,аралас сабақ, топсеруен сабағы, панорамалық
сабақ, саяхат сабақ, тәжірибелік сабақ, өздік жұмыстарының сабағы,
зертханалық жұмыс сабағы,бақылаужұмысы, семинар сабақ,сахналық көрініс қою.
Сабақтың типтері: жаңа білімді меңгеру сабағы; білімдерді,машықтарды
дағдыларын іске асыру сабағы; жалпылау және жүйелеу сабағы; бақылау сабағы;
аралас сабақ ; тәжірибе кезінде білімдерін қолдану; дағдылар сабағы, бекіту
сабағы.
Технология элементтері: сын тұрғысынан ойлау, дамыта оқыту, деңгейлік
оқыту.
Сабақтың формасы: дербес, жұптық, топтық, ұжымдық.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сөз әдісі, проблемалық іздену әдісі,
ынталандыру,қызықтыру әдісі, көрнекілік әдісі ,тәжірибелік әдіс, логикалық
әдіс, бақылау, бағалау әдісі.
Құрал- жабдықтары: дидактикалық материалдар,тірек- сызбалар,кесте,
үлестірмелі қима-қағаз, сюжетті суреттер,тест тапсырмалары, автордың
портреті,
Сабақтың барысы: І. Мотивация. 1. « Ой қозғау» стратегиясы. Оқушылардың
сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру. Психологиялық дайындық.
Кел, балалар, оқылық ,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық... Бұл кімнің өлеңінен алынған үзінді?
Дұрыс жауабы: Ыбырай Алтынсарин. . Ыбырай Алтынсариннің портретін көрсету.
Ыбырай ағаларың туралы не білесіңдер?
қашан туды?1841ж тұнғыш қазақ балаларына мекткеп ашты
«Қазақ хрестоматиясы» Ыбырай Алтынсарин ағартушы педагог
оқулығын жазды
ақын қайтыс болды 1889ж
Қайда туды? Қостанай обл, Қостанай ауд аудармашы
ІІ. Мағына тану.Оқушылардың білімдерін жаңғырту. Проблемалық ситуация
тудыру Проблемалық ізденіс. Ерте, ерте, ертеде ешкі жүні бөртеде...
Бұл шығарманың қай түрінде жиі қолданылатын үзінді?
Дұрыс жауап: Ертегіде.
Ертегі дегеніміз не?
Ертегі- халық ауыз әдебиеті үлгілеріне жататын ең көне жанр. Өмірде сирек
кездесетін немесе мүлде кездеспейтін, ойдан шығарылатын оқиғалар.

Шыншыл ертегілер қиял-ғажайып
ертегілер
Ертегі түрлері
Хайуанаттар жайлы ертегілер

Халық ауыз әдебиет үлгілерінің ішінен белгілеу Топтастыру. Өз ойларын
түйіндеу. Батырлар жыры тұрмыс-салт
жырлар
Ертегі аңыз мақал- мәтел төрт түлік
жырлары, айтыс
жаңылтпаш Халық ауыз әдебиет үлгілері
жұмбақ
шешендік сөздер бата-тілек
өтірік өлеңдер
Тақтамен жұмыс. Тақтада алдын ала ертегінің мазмұнына байланысты диафильм
құрастырылған.
1. Қарабатырды бала кезінде басқа елдің жолаушылары ұрлап кетеді.
2. Қой бақтырып, аш, жалаңаш, тамақ бермей ұатайды
3. Қойдың сүтін сауып, күнін көріпті.
4. Бір күні елі есіне түсіп, жылап отырады.
5. Бір қарға келіп қонады.Бала көмек сұрайды, қарға қарқылдап ұшып кетеді.
6. Сауысқан келіп қонады. Бала көмек сұрайды, бірақ сауысқан шық- шық
етіп, ұшып кетеді.
7. Тырна келіп қонады. Бала көмек сұрайды, бірақ тырна да тыру- тыру дейді
де, ұшып кетеді.
8. Одан кейін қаз келеді. Бала көмек сұрайды, қаз қаңқ етеді де, ұшып
кетеді.
9. Аққу келеді. Бала көмек сұрайды, аққу тоқталынқырапкөлденеңдеп тұрады
да, ұшып кетеді.
10. Біраз дан соң қарлығаш ұшып келеді.Бала көмек сұрайды. Қарлығаш олай
бір ұшады, былай бір ұшады да , баланы қимай,қолына қонады.
11. Бала көйлегінің етегін жыртып, қарлығаштың мойнына байлайды.қолын
инемен шаншып қанатады да, сол елдің таңбасын салып жібереді.
12. Қарлығаш баланың елін іздеп отызыншы күні бір ауылға келіп қонады.әр
үйдің шатырына қонып, адамдарды байқап жүреді.Сөйтіп шаршап қалғып
отырғанда, біреудің жылаған даусын естіп қояды.
13. Анасының зарлап жылауы: -Ау, шырағым, құлыным, маңдайымда тұлымым,көлге
біткен құрағым,жалғыз ұлым, шырағым.Жау алды ма- білмедім,су алды ма-
білмедім,аң алды ма –білмедім. Жиырма төрт ай болды сені көрмегеніме.
14. Әкесінің зарлауы: -Жалғыз біткен тал- шыбық, келбетің келген
қарағым,бір хабарын білуге, дүниені кезіп қарадым, аш бурадай
жарадым,он екі мүшем сөгілді,аш күзендей бүгілді,берік-ақ еді сүйегім,
өрт шалғандай егілді.қайда кеттің, сұңқарым,үміт еткен, тұлпарым.
15. Қарындасының зарлауы: Асыл еді негізің, бірге туған егізім, сен туғанда
ойлаушы ем: арғымақ ат мінермін, асыл киім киермі,тең құрбымнан ілгері
мен жарқырап жүрермін.биіктен талап етермін, ойын- күлкі сауықпен,
қызық дәурен сүрермін.
Егізімнен айрылып,ақша беттен қан кетті, көңілімнен жан кетті.Түс көрдім,
түсімде бір іс көрдім: қолдан ұшқан сұңқарым қайта қонып жүр екен. Үйірден
шыққан тұлпарым қайта келіп жүр екен. Бірге туған құлыным үйге келіп жүр
екен.
16. Қарлығаш осының бәрін естіп, сол үйге келіп қонған екен.Баласының
белгісі арқылы
Қарабатырды тауып, еліне алып келеді екен.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Сыныпты үш топқа бөліп, аттарын қою.
1-топ. «Төзімділер »
2-топ «Тапқырлар »
3-топ. «Қайырымдылар »
Әр топқа тапсырма беру.Мәтіндерді бөліп беру
1-топ:Шығарманы талдау.
2-топ: Ертегіні сахналау.
3-топ Кейіпкерлерге мінездеме беру.
. Мәтінді алдын ала үйге оқуға беріледі.
1- тапсырма . Мәтінді кесте бойынша алгоритмге салу. Ауызша қорғау.
|абзац|Тірек ой |тақырыпша |Көркемдеуіш |Сөздік |Мақал- |сұрақ|
| | | |сөз |жұмысы |Мәтел |тар |
|1 |Қарабатырдың | | | | | |
| |көрген қиыншылығы| | | | | |
|2 |Құстардан көмек | | | | | |
| |сұрауы | | | | | |
|3 |Қарлығаштың | | |тұлым | | |
| |көмегі | | | | | |
|4 |Еліне аман орлуы | | | | | |
| | | | | | | |

Шығарманың композициялық құрылысы.
1.Басталуы. Қарабатырды ұрлап,қой бақтыру.
2.Байланыс. Құстар мен Қарабатырдың диалогі
3. Дамуы. Қарлығаштың Қарабатырдың әке – шешесін іздеуі
3. Шарықтау шегі. Мұратына жетуі
4.Шешімі. Үйіне оралуы
2-тапсырма. Сахналау. Оқушылардың шеберліктері бағаланады.
3-тапсырма. Кейіпкерлердің мінездемесін кестеге түсіру.

|Кейіпкер |Сипаттау |Мәтіннен үзінді алу | | | |
|Қарабатыр |Батыл |Саусағын инемен шаншиды | | | |
| |Еңбекқор |Қой бағады | | | |
| |Төзімді |Аш, жалаңаш жүреді,қойдың | | | |
| | |сүтін сауып ішеді | | | |
| | |Етегін жыртып, шүберекті | | | |
| |тапқыр |құстың мойнына байлайды, | | | |
| | |Елдің таңбасын салады. | | | |

ІІІ. Ой толғаныс. Шығармашылық тапсырма. Шығармада қатысқан құстар туралы
не білесің? Қандай белгілері бар? Аққу- махаббат белгісі, сондықтан
сыңарсыз жүрмейді.
Сауысқан –сықылықтағанда үйге қонақ келеді дейді, адамға
адасқанда жол көрсетеді.Барлық жылтыраған заттарды өз ұясына апарып
қояды.
Тырналар- ұшқанда бұрыш жасап ұшады.
Қарлығаш- өз ұясын үйдің шатырының астына салады.Қазақ
халқы қарлығашты әулие құс деп те атайды.Ол жер бетін топан су басқанда
аман сақтап қалған, адам баласын жыланнан сақтап қалған.Үнемі адамға
көмектесіп жүреді.

Құстардың дыбыс шығаруы: Қарға қарқылдайды,
Сауысқан шықылықтайды
Тырна тыраулайды
Қаз қаңқылдайды
Жеке- дара жұмыстар:1. Берілген үзінді нені білдіреді? «... Жау алды ма –
білмедім,су алды ма – білмедім, аң алды ма білмедім».
2. Бала үйінде неше жыл болмайды? Мәтіннен дәлелін тауып оқы.
3. Мәтіннен теңеу сөздерді тауып оқы.( аш бурадай, аш күзеңдей, жас шөптей)
4. Әкесі баласын неге теңейді?(тал- шыбық, сұңқарым, тұлпарым.)
5. Шешесінің махаббаты: шырағым, құлыным, маңдайдағы тұлымым, көлге біткен
құрағым, құрбаның боп өлмедім)
6. Қарындасының зары: Асыл еді негізің, бірге туған егізім, сен туғанда
ойлаушы ем: арғымақ ат мінермін, асыл киім киермі,тең құрбымнан ілгері мен
жарқырап жүрермін.биіктен талап етермін, ойын- күлкі сауықпен, қызық
дәурен сүрермін.
Егізімнен айрылып,ақша беттен қан кетті, көңілімнен жан кетті.Түс көрдім,
түсімде бір іс көрдім: қолдан ұшқан сұңқарым қайта қонып жүр екен. Үйірден
шыққан тұлпарым қайта келіп жүр екен. Бірге туған құлыным үйге келіп жүр
екен
ЭССЕ. 5 жолды өлең түрінде жазу.
1 Зат есім-1 қарлығаш
2 Сын есім-2 қайырымды, киелі
3 Етістік-3 көмектесіп,құтқарады,көмегін ол береді
4 Қорытынды сөйлем- адамды үнемі құтқарып жүретін
5 Метафора –әулие құс.

ІҮ. Үй тапсырмасы.
Ү. Бағалау.
|р/с |Оқушылардың аты-жөні |№1 |№2 |№3 |Шығарм. |эссе |ұпай |баға |
| | | | | | | | | |
| | | | | | | | | |
| | | | | | | | | |

| |
|1. Берілген үзінді нені білдіреді? «... Жау алды ма – білмедім,су алды ма – білмедім,|
|аң алды ма білмедім». |
| |

| |
| |
|2. Бала үйінде неше жыл болмайды? Мәтіннен дәлелін тауып оқы. |
|Бала үйінде 2 жыл болмайды.Анасы баламды 24 ай көрмедім дейді. |

| |
|3. Мәтіннен теңеу сөздерді тауып оқы.( аш бурадай, аш күзеңдей, жас шөптей) |
| |

| Мәтіннен бейнелі сөздерді тап:асқар-асқар таулар, айдын –шалқар көлдер,арғымақ |
|ат,асыл киім, жарқырап жүремін, ақша беттен қан кетті, көңілімнен жан кетті, |
|желкілдеп шыққан жас шөптей, |

| |
|4. Әкесі баласын неге теңейді?(тал- шыбық, сұңқарым, тұлпарым.) |

| |
|5. Шешесінің баласына деген махаббаты қандай жолдарда байқалады?Шешесі зарлағанда|
|баласын- шырағым, құлыным, маңдайдағы тұлымым, көлге біткен құрағым, құрбаның боп|
|өлмедім сен үшін деген жолдарда байқалады. |
| |
|6.Шығармада қатысқан құстар туралы не білесің? Қандай белгілері бар? |
|Аққу- махаббат белгісі, сондықтан сыңарсыз жүрмейді. |

| Сауысқан –сықылықтағанда үйге қонақ келеді дейді, адамға адасқанда жол |
|көрсетеді.Барлық жылтыраған заттарды өз ұясына апарып қояды. |

| Тырналар- ұшқанда бұрыш жасап ұшады. |

| Қарлығаш- өз ұясын үйдің шатырының астына салады.Қазақ халқы қарлығашты |
|әулие құс деп те атайды.Ол жер бетін топан су басқанда аман сақтап қалған, адам |
|баласын жыланнан сақтап қалған.Үнемі адамға көмектесіп жүреді. |

| |
|Құстардың қалай дыбыс шығарады?: Қарға қарқылдайды, |
|Сауысқан шықылықтайды |
|Тырна тыраулайды |
|Қаз қаңқылдайды |
| |

| |
|ЭССЕ. 5 жолды өлең түрінде жазу. |
|1 Зат есім-1 қарлығаш |
|2 Сын есім-2 қайырымды, киелі, |
|3 Етістік-3 көмектесіп,құтқарады,көмегін ол береді, |
|4 Қорытынды сөйлем- адамды үнемі құтқарып жүретін- |
|5 Метафора –әулие құс. |
| |
| |

| |
|Шығарманың композициялық құрылысы. |
| |
|1.Басталуы. Жолаушылардың Қарабатырды ұрлап,қой бақтыру. |
|2.Байланыс. Құстар мен Қарабатырдың диалогі |
|3. Дамуы. Қарлығаштың Қарабатырдың әке – шешесін іздеуі |
|3. Шарықтау шегі. Құстың хабар жеткізуі. |
|4.Шешімі. Үйіне оралуы |

| Сөздік жұмысы: |
|Меңзепті - көрсетіпті Үміт ету – сенім арту |
|Тұлымым – Келбет – бет, ажар түрің,|
| |
|Дәурен – қызық өмір ілгері – алды болу |
|Арғымақ ат – жүйрік ат |

Шығарманың тақырыбына сай мақал – мәтел тап
1.Жақсылық еккен алғыс орады.
2. Біреуге жақсылық істесең, ол жақсылығыңды міндет етпе.
3. Жақсыдан – үйрен, жаманна –житен.

[pic]

[pic]
Бағалау парағы

р/с |Оқушылардың
аты- жөні |
№ |
№ |
№ |
№ |
№ |
№ |
№ |
№ |
№ |
№ | |1

2

3

4

5
6 |

| | | | | | | | | | | |

Бағалау парағы

р/с |Оқушылардың
аты- жөні |
№ |
№ |
№ |
№ |
№ |
№ |
№ |
№ |
№ |
№ | |1

2

3

4

5
6 |

| | | | | | | | | | | |

Бағалау парағы

р/с |Оқушылардың
аты- жөні |
№ |
№ |
№ |
№ |
№ |
№ |
№ |
№ |
№ |
№ | |1

2

3

4

5
6 |

| | | | | | | | | | | |

[pic]

[pic]
[pic]

[pic]

Ұқсас жұмыстар
Кім білгір?
Дауыссыз дыбыстың түрлерін ата
«қырық өтірік» ертегісі
Қазақ хрестоматиясының авторы кім
"сырттаңдар" ертегісі 5 сынып
Ер Төстік ертегісі. Қорытынды сабақ
Әбділда Тәжібаев Толағай әдеби ертегісі
Ертегілерде кездесетін қазақы өлшемдер
Ә. тәжібаев "толағай" ертегісі
Қазақ әдебиеті энциклопедия
Пәндер