Менің тұңғыш Президентім мерекелік ертеңгілігі - Айгөлек балалар бақшасының патриоттық-тәрбиелік бағдарламасы (Жаңақазан ауылы, Жаңақала ауданы, Батыс Қазақстан облысы)

C:\Users\Жазира\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0679.jpg Төлеуғалиева Алтын Едресқызы

Батыс Қазақстан облысы

Жаңақала ауданы

Жаңақазан ауылы

«Айгөлек» балалар бақшасының тәрбиешісі

«Менің тұңғыш Президентім» атты мерекелік ертеңгілік

Тәрбиеші : Құрметті бүлдіршіндер, бүгін біз үшін ерекше күн.

Бүгін бүкіл қазақ елі болып, Қазақстан жері болып Тұңғыш Президент күнін тойлағалы отырмыз. Біз қазақ елі десек әрине, ең алдымен өз Елбасымыздың есімін айтамыз. Қазақ атын бүкіл әлемге танытқан Елбасымыздың салиқалы саясаты екенін мақтанышпен атаймыз! Әнұран.

Рамина. Менің тұңғыш Президентім -

Әбішұлы Нұрсұлтан

Еңбегімен еліне болған ол мақтан

Бүгінгі күн бүкіл әлем таниды

Қазақ елін, қазақ жерін Қазақстан!

Мержан. Менің тұңғыш Президентім -

Әбішұлы Нұрсұлтан

Нұрлы жүзін танимын мен алыстан.

Елбасының саясаты арқасы,

Өсіп жатса бар балалар бақшадан

Инабат. Менің тұңғыш Президентім - мақтаным

Ес білгеннен есімін оның жаттадым

Елбасының саясаты арқасы -

Оңнан туса бүгін менің ақ таңым!

Карина. Елбасым менің Президентім -

Назарбаев Нұрсұлтан

Көк байрағын әлемге бүкіл танытқан

Шарықтап күнде әуезді әсем Әнұран

Атағы оның естіледі алыстан

Айнара. Менің тұңғыш Президентім -

Әбішұлы Нұрсұлтан

Нұр жүзінен төгілгендей нұрлы таң

Барлық бала Елбасын жақсы көреміз

Есімі оның мына бізге шын мақтан!

Нұртілек. Елбасым десем естіледі Әнұран

Оны бүгін барлық бала жаттаған

Көк байрағым желбірейді көгімде

Болашаққа жасаймын мен нық қадам

Мансур. Менің тұңғыш Президентім -

Назарбаев Нұрсұлтан

Асыл жұлдыз дара шыққан қазақтан

Маңдайдағы бағым десем болады

Көре білген бар қажетті алыстан

Тәрбиеші. Қымбатты бүлдіршіндер, Сіздер, бақытты заманның бақытты бүлдіршіндерісіздер. Қазақ елі өз тұңғыш Президентін сайлады. Бейбіт ел көгінде Елбасымыздың өзі мәтінін жазған Әнұранымыз шарықтап, Көк байрағымыз қалықтады, Елтаңбамыз бар мемлекет атандық. Осы бағытта мен сізге сөзжұмбақ дайындаған болатынмын. Кәне, тыңдап көрейік.

1. Қазақстанның тұңғыш Президентінің аты - жөні.

2. Рәміздерді атайық

3. Әнұранның авторы кім?

4. Қазақстанның бас қаласы қалай аталады?

5. Бәйтерек қай қалада орналасқан?

6. Тұңғыш Президентіміздің жұмыс орны қай қалада, қалай аталады?

7. Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?

8. Қазақстан елінің Көк Байрағында ненің суреті бейнеленген?

9. «Көк Тудың желбірегені»әнінің бір шумағын орындап бер

10. «Атамекен» әнінің бір шумағын орындап бер.

11. Қазақ елі туралы тақпақ оқы

12. Қазақ халқының бойындағы ең асыл қасиеттерді ата

13. Елбасымыздың қандай әндерін білеміз?

Ән. «Көк Тудың желбірегені» (Барлық бала бірге орындайды)

Айләззат. Қазақ елі -Қазақстан

Болашаққа үн қосқан

Жақсы күнге жетелер

Елбасым менің -

Назарбаев Әбішұлы Нұрсұлтан!

Фатима. Елбасым бар халқым өзі сайлаған

Бар үмітін елбасына арнаған

Бүгін міне сол үміттер ақталып,

Орындалды алдан күткен ақ арман!

Санжар. Елбасым менің Нұрсұлтан Әбішұлы

Қазағымның өзі сүйген адал ұлы

Желбіреп көкте көкбайрағым қалықтап,

Елімнің бүгін Биіктеді шоқтығы .

Алтынай. Менің елім-Қазақстан құт мекен

Бүкіл әлем бізге қарап көз тіккен

Елбасымыз Нұрағамның арқасы -

Әрбір таңды қарсы алсақ жеңіспен!

Роллан. Менің елім - Қазақстан құт мекен!

Арнаймын жыр өзіңе шын жүректен!

Елбасымыз Нұрағамның арқасы

Елім бүгін көрінсе асқар биіктен!

Гузель Менің тұңғыш Президентім -

Әбішұлы Нұрсұлтан

Өзі жазған халқына арнап Әнұран

Теледидар үнімен бірге қосылып,

Күнде ертемен айтамын мен Әнұран.

Аружан. Менің тұңғыш Президентім -

Назарбаев Нұрсұлтан

Озық ойлы алтын жүрек, ізгі адам

Біз бөбектер тілеуіңді тілейміз,

Елбасымыз болса екен дін аман!

Ән. «Атамекен» «Сарбаздар» маршы ( Бірге орындайды)

Тәрбиеші. Біз салтанаты жарасқан қаласы бар, кең байтақ ұшан- теңіз даласы бар, аруақ қолдаған бабасы бар ел екенімізді мақтан етеміз! Ал Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен қайтадан жаңарып, жасарып, бой түзеп, қазақ елінің бас қаласы атанған Астана -тәуелсіз Қазақстан үшін келешектің нышаны, Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі. Олай болса, Астанамыз жылдан жылға көркейіп жасара берсін! Елбасымыз елімен бірге аман болсын. Біз барша бөбектер Елбасымызға сәбилік жүректен ақ тілегімізді арнайық!

Бәрі бірге : Қымбатты Нұрсұлтан Әбішұлы, біздің сүйікті атамыз, Сізге мықты денсаулық, алаңсыз тірлік тілейміз. Ел болашағы үшін ұзақ та бақытты өмір сүріңіз! Әнұран.


Ұқсас жұмыстар
4-сыныпқа арналған патриоттық тәрбие сағаты: Менің Тұңғыш Президентім
Менің Тұңғыш Президентім: Нұрсұлтан Назарбаев туралы мектептік тәрбиелік-танымдық бағдарлама
2012 жылғы Алтын күз мерекелік тәрбие сағаты - Айгөлек шағын орталығы, Достық орта мектебі, Шардара ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы
Менің тұңғыш Президентім: Нұрсұлтан Назарбаев туралы тәрбие сағаты
2013 жылғы Әулиекөл ауданы Айгөлек балабақшасы Орта А тобының Отаным - Атамекен мерекелік ертеңгілігі (жетекшісі Дүйсен Мөлдір Серікбайқызы)
Әдебиет білгірлері сайысы: Жамбыл ОЖББМ (Қаратөбе ауданы, Батыс Қазақстан облысы) сабақ-жоспары
Әліппемен қоштасу: Тастыөзек орта мектебінің 1 А сынып оқушыларының мерекелік ертеңгілігі (Кербұлақ ауданы, Алматы облысы)
МКҚК Айгөлек (Құрық, Қарақия ауданы) балабақшасының Қош келдің Наурыз мерекелік бағдарламасы: дәстүрлер мен балалардың өнері
Аналар сайысының мерекелік-танымдық бағдарламасы - Еңбекші мектеп-балабақша, Темір ауданы, Ақтөбе облысы, 2013
Қазақстан - ақ бесігі қазақтың мерекелік концерті: тәуелсіздік тарихы мен патриоттық тәрбие бағдарламасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz