Орта ғасырлардағы Қазақстан қалалары. отырар

Күні:
Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Орта ғасырлардағы Қазақстан қалалары. Отырар.
Сабақтың мақсаты: а) білімділік
Оқушыларға ортағасырлық Қазақстан қалалары, оның ішінде Отырар қаласының гүлденген уақыты туралы түсіндіре отырып, Отырардың ерлігі туралы толық мағлұмат беру.
ә) дамытушылық
Оқушыларды жаңа сабаққа жан-жақты қатыстыра отырып, логикалық ой-өрісін дамыту.
б) тәрбиелік мәні
Оқушыларға ата-бабаларымыздың Отан үшін қасық қаны қалғанша шайқасқанын айта отырып, елсүйгіштікке, Отынсүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, буклеттер.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап.
Пән аралық байланыс: Қазақ тілі, орыс тілі, математика, ағылшын тілі.
Сабақтың барысы: І. Ұймдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу
ә) Түгелдеу
б) Сабаққа назар аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
а) Әл-Фараби туралы оқып келген деректері бойынша жауабын тыңдау.
ә) Үй тапсырмасын «Жұлдызды сәт» ойын әдісімен сұраймын.
б) Қашан? Қайда? Қандай? Ойын әдісі арқылы үй тапсырмасын қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
а) «Алғаш рет» ойынын пайдаланамын.
ІV. Жаңа сабақты бекіту.
а) «Терме диктант» әдісін пайдланып бекіту.
ә) «Күн диаграммасы» арқылы Отырардан шыққан тұлғаларды жазу.
V. Үйге тапсырма беру.
VІ. Оқушыларды бағалу.
ІІ. а) «Жұлдызды сәт» ойыны сұрақтар.
- Әл-Фараби кім?
- Қандай ғылыммен айналысқан?
- Әл-Фараби қанша тілді меңгерген?
- Әл-Фараби қай елдерде білім алған?
- Қазақстандағы Жібек Жолының бойындағы қалаларды атаңдар?
- Неліктен біз Әл-Фарабиді екінші ұстаз деп айтамыз?
- Әл-Фараби қай қалада дүниеге келді?
- Әл-Фарабимен қатар шыққан қандай ғалымдарды білесің?
- Әл-Фарабидің толық аты-жөні кім?
- Әл-Фарабидің әкесі кім болған?
ә) Үй тапсырмасын сұраймыз
Әл-Фараби
- Ойшыл 8. Музыка зерттеушісі
- Философ 9. Талант
- Математик 10. Ұлы ғалым
- Тарихшы 11. Ақын
- Физик
- Астроном
- Сазгер
б) Қашан? Қандай? Қайда? Ойын әдісі арқылы сызбанұсқа толтырып, үй тапсырмасын бекітемін.
ІІІ. Жаңа сабақ
Археологиялық зерттеулер VІ-Х ғасырларда Қазақстан аумағында қала мәдениеті жақсы дамып өркендегенін көрсетеді. Орта ғасырларда Түркістан, Талас, Шу өңірінде қолөнер мен сауда және мәденсеттің шоғырланған орталықтары-қалалар қалыптасты
.
Ортағасырлық Қазақстан қалалары үш бөліктен тұрған.
1. Цитадель 2. Шахристан 3. Рабаттан тұрған.
Цитадельде - патша сарайы және әкімшілік басқару орындары орналасқан.
Шахристанды - қызметкерлер мекендеді, яғни кіші билеуші топ өкілдері, түрлі кәсіп иелері мекендеді. Қаланың екі бөлігін сыртынан үлкен дуалдар қоршап жатты.
Рабатта - екінші халық, қала дуалының сыртында орналасты.
Орта ғасырлық қалалар үш бөліктен тұрады
Цитадель Шахристан Рабат
Патша бай көпестер қызметкерлер еңбекші халық
Әкімшілік басқару кәсіп иелері
кіші билеуші топ
Мына бір сызба нұсқаға назар аударайық
Отырар - бүіл Шығысқа танымал болған ежелгі қалалардың бірі.
Отырар - алғаш Фараб деп атаған. Арабтың бұл сөзі «парасат» дегенді білдіреді.
Отырар - VІ -VІІІ ғасырда Сырдария өзенінің орта тұсындағы ірі мемлекеттің астанасы болды.
Отырар қаласының гүлденіп орта ғасырдағы ірі қала орталығына айналуына оның орналасқан орны үлкен әсер етті. Иран мен Орта Азиядан Сібірге Монғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды. Отырарға жан-жақтан көпестер келіп-кетіп жатты. Мұнда медреселер, базарлар, ұстаханалар, тіпті қонақ үйлер мен мешіттер, монша, сауда дүкендері жұмыс істеген. Мықты дуалмен қоршалған қалаға кіретін бес қақпа болған. Қала билеушілері байлар, ірі саудагерлер қаланың орталық бөлігінде тұрды. Ал сыртында қарапайым халық қоныстанды. Қала екі үлкен дуалмен қоршалған. Біріншісі қаланың бүкіл аумағын қоршай салынды. Екінші дуал қаланың ауқатты адамдары тұратын. Отырар қаласы өз заманында небір қырғын шайқасты басынан кешірген.
1218 жылы Шыңғысхан басқарған Монғолдың қалың қолы Қазақстанның Жетісу өңіріне аттынды. Бірнеше қала, мыңдаған халық, мал-мүлік Монғолдардың олжасына айналды. Оңтүстік Қазақстан қалалары ішіндегі Отырар сол кездегі ең мықты қалалардың бірі саналды. Оның билеушісі Қайырхан есімді әскербасы еді. Отырар қаласын басып алуға Монғолдар 1219 жылы 150 мыңға жуық әскерін аттандырады. Отырарлықтар өз қаласын қандары қалғанша қорғап, беріспеді. Қатты қарсылыққа ұшыраймыз деп ойламаған Шыңғысхан ашуланып, қаланың бекініс орнын жермен-жексен етіңдер деген бұйрық береді. Бес ай бойы жауға берілмей шайқасқан Отырарлықтардың арасынан Қараша атты сатқын шықты. Ол қаланың дарбазасын жауға ашып береді. Соның опасыздығынан қаланы 1220 жылы ақпанда монғолдар басып алды. Аңыздарға қарағанда, монғолдар Қайырханның тамағына қорғасын құйып өлтіреді. Қаланы бірнеше күн бойы тонап, қиратады.
ІV. Жаңа сабақты «Терме диктант» арқылы бекіту.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz