Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті

Файл қосу

Бердібек соқпақпаев «менің атым қожа»



Рахметқалиева Бақыт

Атырау облысы,

Құрманғазы ауданы

Ю.А.Гагарин атындағы орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қазақ әдебиеті 6-сынып

Сабақтың тақырыбы: Бердібек Соқпақпаев «Менің атым Қожа»

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: жазушы өмірі және шығармашылығымен
таныстыра

отырып, мәтіндегі негізгі
ойды, идеяны ұғындыру,

Қожа мінезіне талдау жасап, өз
ойларын, пікірлерін

еркін жеткізе білуге,
өз көзқарастарын дәлелдей білуге
үйрету.
Дамытушылық: Жазушы шығармасы арқылы әр оқушының
өзіндік ой – қиялына ерік бере
отырып, өзінше
ой түюге баулу, мәтінмен жұмыс
істеу, көркем
шығармаға әдеби талдау дағдыларын
дамыту,
ізденуге талпындыру, шығармашылық
қабілеттерін
дамыту

Тәрбиелік: Қожа бейнесі арқылы, оқушыларды
адамгершілікке,
мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге,
үлгі - өнеге алуға
шақыру. Жағымсыз қасиеттерден
аулақ болуға
тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жинақтау
Әдіс-тәсілдері: пікірталас, дебат
Көрнекілігі: слаидтар, асықтар, конверттер,кітаптар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Амандасу, түгелдеу, оқушылар назарын сабаққа
аудару
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау
«Менің атым...» тақырыбында ой толғау.
- Сендерге қандай есімдер ұнайды?
- Повесть қалай басталатын еді? Қожа өз атына риза ма?
- Сендер өз аттарыңа ризасыңдар ма?

Бүгінгі сабақтың эпиграфы: Жақсы бала жеткізеді мұратқа,
Жаман бала қалдырады
ұятқа

[pic][pic][pic]

ІІІ.Дебат
І топ.Жақтаушы топ. «Қожа- жақсы бала»
ІІ топ. Даттаушы топ. «Қожа- тентек бала»

Қожаның оқулық сатып алу үшін дүкенде Сәбира Майқановаға өтірік айтуы
дұрыс па?

-Лагерьге жолдама бермегені үшін Майқанова апайды ренжіткен Қожаның ісіне
қалай қарайсың?

«Бір секундқа кідіріп, мұрнымды көкке шүйіріп, маңғаздана қалдым да,
қолымды кеудеме қойып, тәжім еттім. Мұным балалардың құрметіне
сыпайыгершілікпен қайтарылған жауап болды да шықты.Балалар ду күліп
жіберді» Қожа қандай бала?

«Қысқы кешті» жаттамаған Қожа қандай күйде болды?

-Мұнда неғып отырсың?
-Педсоветке келдім.
-Онда сенің не шаруаң бар?
-Мен жөнінде мәселе қарап жатыр
-Сені мұғалім етеміз дей ме?
-Директор етеміз дейді.

Бұл жерде Қожа қандай бала?

«Бағана Майқановаға істегенім тұрпайылық болды ау» деген ойынан Қожаның
қандай екені көрінеді?

-Мама! Сен жылап жатырмысың?
-Маматай қойшы! Ең соңғы рет кешірші! Ант етемін!- деп Қожа мамасының
тізесін құшақтай жығылған қалпында жылап жібереді. Қожа қандай?

Сұлтанға еріп, «бұзық бала» атануына көзқарасың. Бұндай балалар бүгінде
араларыңда кездесе ме? Егер Қожаның орныңда сен болсаң, қандай әрекет істер
едің?
.
ІV. «Алтын сақа» ойыны

І.ТАБАЛДЫРЫҚ
4 сұрақ арқылы 4 ойыншы таңдалады.

Сұрақтар:
1. Төбемнен шатыр етіп жай түскендей болды.Не істерімді білмеген қалпым-
да орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Маңдайымнан бұрқ етіп суық терім
шығып кетті.Ох,шіркін- ай!

Жауабы: Орыс әдебиетіненАнфиса Михайловна А.Пушкиннің «Қысқы кеш» өлеңін
жатқа сұрағандағы сәт.
2.Есікті аша бергенімде,тынысым мүлде бітіп,жүрегімнің соғуы тоқтап
қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді
қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін.

Жауабы: Бақа оқиғасынан кейін апасына кездесер сәт

3.Маңдайдан буым бұрқырап,есік алдына шықтым.Сәйбек көрінбейді.
Омырауымды ағытып, желпініп, ойланып тұрмын. Не айтты ішінен?

Жауабы: «Не деп шешер екен? Мектептен шынымен-ақ шығара ма?»

4.Осының бәрі осылай бола тұрса да, мен өзімді ақтап,бір ауыз сөз
айтпадым.Ақталудың тіпті қисыны бар ма? Бәрін мойындадым.Бір айт
қаным...не?

Жауабы: «Кешіріңіздер! Соңғы рет тағы бір кешірім жасап, сынап көр
іңіздер.Бұдан былай қарай тәртіпсіздік істейтін болсам, қандай жаза қол
дансаңыздар да ризамын!»

ІІ. Әудемжар
4 асық иіріледі. Бүк-соңғы, шік бастайды

1. Адамның атының сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін. Мәселен,...деген
аттарды алып қараңдаршы,айтуға да ықшам,естір құлаққа да жағымды. Ол
қандай есімдер?

Жауабы: Мұрат,Болат,Ербол,Бақыт.

2.Тағы да мамам тұрып, басын изеп, мақұлдап,бірдеңе айтты.Анасы не айтты?

Жауабы: «Шығарсаңдар,шығарыңдар мектептен!Кетсін қаңғып.Менің де жүйкемді
жүн етіп, құртып бітті бұл оңбаған!»

3.Лаула,Лаула жігер оты! –деп шығарма қалай аяқталған еді?

Жауабы: Самға қиял құсы! Асығатыным да, аңсайтыным да ертеңгі болашағым.
4.Мамам жайлауға жүріп кетті.Мен мектепке келе жатырмын.Көңілім
көтеріңкі,бойым сергек.Анасының қандай сөзі құлағынан кетер емес?

Жауабы: « Мен үшін сенің адам болғаныңнан артық ешқандай да бақыт жоқ».
Бәрі жауап берген жағдайда асық иіріп, 1
ойыншы ойыннан шығады.

ІІІ. Қозыкөш
Асықтар иіріліп,конверттер таңдалады.(Үшінші кезеңде қалған 3 оқушы ға 3
сұрақ қойылады).

1. -Қадыров түбінде адам болатын бала,-дейді Майқанова.
Ахметов не деп қостады?

Жауабы: -Оты бар, -деп қостады Ахметов.

2. Шешесі таңертең жайлауға қайтпақшы болды.Қожа анасын құшақтап не деп
жылады?

Жауабы: - Жоқ,маматай, кетпеші,жаным мама! Ендігәрі тәртіпсіздік істе
-сем,оңбай,көгермей кетейін.

3. Көк көз келіншек сатушыға не деп дауыстап жатыр?

Жауабы: -Анау сұр кепкалы балаға бермеңіз.Ол кезексіз кіріп кетті.

4. Қожаның айтуы бойынша Жантас қандай бала?

Жауабы: Біреуді біреуге атыстырып,от тастап жүретін қу,сабақ үстінде
сыбырлап сыпсыңдағыш,өзі тақтаға шыққанда көрінгенге құлақ түргіш бал.
Сұраққа дұрыс жауап бере алмағандары ойыннан шығады,тең келгендеріне асық
иіріледі.

ІV. Беласар

2 ойыншы қалады. Асық иіріліп, конверт таңдалады
1. Қолтығымда добым бар.Бүгін оларды қалайда жеңуіміз керек.
Қай команда ұтылған еді?

Жауабы: Біздің «Спартак»кеше «Қайраттықтардан» жеті де бес болып ұтылған
еді.

2. Өзге ештеңең болмаса да,әуелі оқулықтарың сай болсын,-деп Қожа қалай
мақалдап еді?

Жауабы: Оқулығы сай бала –көңілі жай бала.

3.-Саған бұл жолы жолдама берілмейді.Екінші кезекте барасың.
- Неге?
- Неге болушы еді-деп Майқанова қандай себеп айтты?

Жауабы: Барлық оқушыға бірден жетіспейді.Ал,екіншіден,ең әуелі біз
лагерьге үлгілі,тәртіпті оқушыларды жібереміз

V. Жолайрық
1 ойыншы қалады
-Мама, сен жылап жатырмысың?- дегенде мамасы не деді?

Жауабы: -Иә, жылап жатырмын. Қайтейін жыламай...Қу жалғыз,сенен ақ өлетін
болдым ғой.Осы сен не болып барасың күннен күнге. Бұл не сұмдық?
Жүрген жеріңе шөп шықпағыр боп барасың ғой.Ұлмайсың ба, бір мезгіл елден
жұрттан...
ҮІ. Алтын көмбе
Ойнау- ойнамау өз еркінде. Жинаған ұпай үш есеге артады

Сұрақ. Сабақты жақсы оқу – үлгілі оқушының бірінші белгісі.Мен осы
тоқсанның ішінде қалай еткенде де озат оқушылардың қатарына қосылуым
керек.Ол үшін құпия кеңесте Қожа не істеймін деп шешті.
Жауап: а) Сабақтан бір сағат та себепсіз қалмаймын.
ә)Үйге берілген тапсырманы мезгілінде орындап отырамын

Ойын аяқталды. Жеңімпазды мадақтау.

Оқулықпен жұмыс. Сұрақтарға жауаптарды мәтіннен тауып оқы.
Қожаның сұрақтары

Сергіту сәті

«Иесіне қайтар» ойыны

[pic]

қазақ
тілі

Қорытынды:
Адам болу- парыз. Сол жолда жеңіп шығу- ерлік. Бұны қалай түсінесіңдер?
Тентек бүлдіреді,
Ата- анасын күйретеді

V.Үйге тапсырма: мәтінді оқу. Қожаға мінездеме беру
VІ. Бағалау

-----------------------
Менің он үш жыл өмірімдегі ең қатігез күн қашан болып еді?

Оллаһи, мақтанғаным емес, достарым, шынын айтыңдаршы, мен өскенде қандай
маман иесі болуды армандадым?

Шыбыным, әйтеуір ешкімге тимей, ұрынбай, жайыңа жүр. Тек жүрсең, тоқ
жүресің дейді атаң қазақ. Әйтеуір саған айтар ақылым,-тыныш жүр, балам.

Мен үйімде төргі бөлменің есігін жауып алып, кеңес өткізгенімді білесіңдер.
Сонда кімнің мәселесін қарадым? (Та

Лагерьге жолдама[pic]


Ұқсас жұмыстар
БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ БӘЙТЕРЕГІ
Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа»
Менің атым қожа жайлы ақпарат
Менің атым - қожа Бердібек Соқпақбаев
Б.соқпақбаев «менің атым қожа»
Қожа бейнесі
Менің атым қожа. 2 сынып
Б. соқпақбаев <<менің атым қожа>> повесіндегі қожа бейнесі
Қожа бейнесі «түбінде адам болатын бала»
ХХІ ғасыр көшбасшысы жайлы
Пәндер