Әдебиеттік оқу 3-сабақ: Ырыс-Сыр аңызы негізінде Сыр өңірін танытуға арналған сабақ жоспары

Бекітемін. Күні: 29. 10

Пәні : Әдебиеттік оқу. 3-сабақ

Сабақтың тақырыбы : Ырыс-Сыр.

Сабақтың мақсаты :а\Аңызды түсініп оқып негізгі ойды анықтау. Сыр өңірі туралы түсінік беру.

ә\Аянбай еңбек етуге, жерінің, елінің байлығын дұрыс пайдалана білуге тәрбиелеу. б\Көркем сөйлеу, тіл байлықтарын дамыта отырып, ойын жеткізе білуге дағдыландыру.

Пәнаралық байланыс : дүниетану, салауаттану.

Әдісі: сұрақ-жауап.

Түрі :аралас.

Күтілетін нәтиже: аңызды оқып, мазмұнын түсіну, идеясын аша білуі; Сыр өңірі туралы білуі;

Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқу-құралдарын түгендеу.

ІІӨткен сабақты пысықтау. .

а\Өлеңді мәнерлеп оқу, мазмұнын айту.

ә\Байқоңыр туралы білімдерін ортаға салу.

б\Қазақ ғарышкерлері туралы әңгімелеу.

Дидактикалық ойын «Кім зейінді?»

- Жұмбақты зейін қойып тыңдар және олардың жауабын табайық.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Кіріспе әңгіме. Туған жеріміздің кең байтақ екенін әңгімелеу.

2. Қазақстан жерін картадан көрсету.

3. Елімізде өсірілетін дәнді дақылдар туралы айту.

4. Оқулықпен жұмыс.

а\Аңызды түсініп оқу.

ә\Мәтіндегі жер, су аттары туралы әңгімелеу.

б\Сырдың сипатын тауып оқу.

в\Сыр өңіріндегі халық тіршілігін сипатта.

Сергіту сәттері « Аю » жаттыгуы« есте сақтауын дамыту »

Екі жаққа қисайып,

Кәне аюга ұқсайық.

Екі аяқты көтеріп,

Біраз жерді өтелік.

5. Мәтін бойынша сұрақтар.

-Ағайынды екі жігіт неліктен жаңа қоныс іздеуге мәжбүр болды?

-Сыр өңіріне қоныстанғасын нені кәсіп қылды?

-Сыр өңірі, жері мен суы туралы қандай өлең, ән білесің?

Есту зейінін дамытуға арналған «Кім не естиді» жаттығуы

- Мен әртүрлі аспаптарда ойнаймын, сендер оны көрмейсіңдер, зейінді болыңдар. Сендер мен қандай аспапта ойнағанымды айтуларың керек.

IV. Сабақты бекіту.

1. Сыр өңірін сипаттап көр.

2. Табиғаты көрікті тағы қандай жерлерді білесіңдер?

3. Орал өңірі несімен танымал?

4. Адамды байлыққа жеткізетін не?

5. Отан туралы өлеңді жаттау.

Отан-жерім, Отан-суым,

Отан қуат, нәр береді.

Отан-ұран, Отан-туым,

Отан мәңгі гүлденеді!

V. Үйге тапсырма.

1. Мәтінді түсініп оқу.

2. Туған жер табиғатын бейнелеп сурет салу.

VI. Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
4-сынып әдебиеттік оқу сабағы: Базарбай Исаевтың Күріш туралы сыр мәтініне арналған әдістемелік сабақ жоспары
С. Сейфуллиннің Сыр сандық өлеңін талдауға арналған сабақ жоспары
Тілім барда айтылар сыр ойдағы: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
Бояулар сыр шертеді: сурет пәні үшін сайыс сабақ жоспары
Ою-өрнектер сыр шертеді: мектепалды даярлық тобына арналған сабақ жоспары
Сәкен Сейфуллиннің Сыр сандық өлеңін талдау бойынша әдебиет сабақ жоспары
Ж. Жабаевтың Алатау өлеңі арқылы Жетісу өңірінің табиғатын танытуға арналған 3-сынып әдебиеттік оқу сабағы
Интерактивті әдебиет сабағы: Сәкен Сейфуллиннің Сыр сандық өлеңін оқу және талдау
Тілім барда айтылар сыр ойдағы: ана тілін дәріптеуге арналған білім сайысы мен сабақ жоспары
5-сыныпқа арналған бейнелеу өнері пәні: Бояулар сыр шертеді сайыс сабағының жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz