Э дыбысы: шет тілдерінен енген сөздердегі қолданылуы мен оқыту әдістемесі

Бекітемін:
Сабақтың тақырыбы: Э дыбысы.
Сабақтың мақсаты :а/Э әрпі орыс және өзге шет тілдерінен енген сөздерде ғана
қолданатынын түсіндіру;
ә/Ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу;
б/Балалардың сөздік қорын дамыту, толықтыру. Балалардың есту зейінін, дауыс ырғағын, қолдың ұсақ моторикасын дамыту;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: топтастыру, баяндау, жинақтау.
Сабақтың өтілу барысы:І. Ұйымдастыру бөлімі.
Балаларды сабаққа дайындау.
ІІ. Өткен сабақты пысықтау.
Үйге берілген тапсырманы тексеру, пысықтау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Терме диктант.
Төмендегі сөздердің ішінен э дыбысы бар сөздерді теріп жазу.
Елік, экспедиция, есерту, ереже, экспорт, кесіртке, энциклопедия.
«Жанұя» саусақ гимнастикасы
Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу.
Екі қатардағы сөздерді салыстырып оқу, сөздік жұмыс өткізу.
Фонетикалық жаттығу «Шақыру»
- Мен сендерді есімдеріңмен атаймын, өз есімдеріңді ести салысымен, Мен - деп жауап беріңдер.
Дәптер мен жұмыс.
Өз бетіндік жұмыс.
3-жаттығу.
Сөйлемдерді көшіріп жазу.
Э әрпі бар сөздердің астын сыз.
Сергіту сәттері . «Есте сақтауын дамыту»
Тербеледі агаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп - кішкене агаштар,
Су құйганда өседі.
Топтық жұмыс.
4-жаттығу.
Мәтінді түсініп оқы.
Э дыбысы кездесетін сөзді тап.
Мәтіннің екінші бөлімін көшіріп жаз.
Дауыс күшін дамытуға арналған «Жел соғады» жаттығуы
Даламен біз жүріп келеміз, бізге күн сәуле түседі
Міне самал жел ақырын-ақырын есті в-в-в-
Кенеттен күшті жел соқты У-У-У.
5-жаттығу.
Адасқан әріптердің тиісті орындарын тауып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
ІҮ. Қорытынды.
Ү. Үйге тапсырма
2-жаттығу.
Сөздерді көшіріп жазып, жазылуын есте сақта.
Экология, эмблема, экскаватор, экран, экватор.
Эмблема сөзіне дыбыстық талдау жасау.
ҮІ. Бағалау.