Сайын Мұратбековтің Қылау әңгімесін оқыту: екінші сабақ - композициялық талдау мен кейіпкертану

Сабақтың тақырыбы: Сайын Мұратбеков "Қылау" әңгімесі /екінші сағаты/.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға көркем шығарманы оқыту арқылы әңгіменің мазмұнын ашу, кейіпкерлер бейнесін жан- жақты аша білу;

ә) дамытушылық: оқушылардың өзіндік пікірін қалыптастыру, жазбаша тіл байлығын дамыту;

б) тәрбиелік: кейіпкерлердің әрекеті арқылы адамгершілікке, шынайы достыққа және мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі: талдау, салыстыру, іздендіру, шығармашылық жұмыс

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар, портрет, бағалау дөңгелекшелері.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, география, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Оқушылармен сәлемдесу.

- Сыныпты түгендеу, сынып журналына тіркеу.

- Оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ. "Ұшқыр ойдан- ұтымды жауап" / үй тапсырмасын тексеру кезеңі/

1. Сайын Мұратбеков қай жылы дүниеге келген?

2. Жазушының туған жері?

3. Жазушының басқа қандай әңгіме, повестері бар?

4. "Қылау" әңгімесінің негізгі тақырыбы?

5. Жазушы шығармаларында қай жылдардағы оқиғалар суреттеледі?

6. Қылау дегеніміз не?

ІІІ. Әңгіменің қомпозициялық құрылымы.

Оқиғаның басталуы

Ұйқы құшағындағы Сатай.

Оқиғаның байланысы

Әке тапсырмасы.

Оқиғаның дамуы

Сатайдың Рәбиғамен кездесуі

Шиеленісі

Балалар арасындағы әңгіме.

Шарықтау шегі

Сатайдың қорқынышы

Шешімі

Рәбиғаның сыйлығы.

Ширату сұрақтары. /оқулықта берілген сұрақтарға жауап беру/

1. Таң азанғы әке даусы Сатайдың құлағына неге жағымсыз естілді?

2. Әке ақылы Сатайды неге ызаландырды, сендер де ересектердің ақыл сөзін солай қабылдайсыңдар ма?

3. Өлім мен өмір туралы Сатайдың ойлауына не түрткі болды?

4. Сатайдың сезімталдығы мен жайдарылығы, қайырымдылығы оның қандай әрекеттерінен байқалады?

5. Рәбиғамен келе жатып қасқырды көргенде Сатайдың айқайға басуы оның батылдығы ма, мақтаны ма, не деуге болады?

6. Орынсыз мақтанды сүймейтіндігіне Сатайдың қай әрекеті дәлел?

"Ой жинақта, түйінде, жоспарла" /әңгіме бойынша жоспар құру/

1. Баланың жолға жиналуы

- Зират тұсынан өткендегі баланың ойы.

- Қорыққанға қос көрінген бұта.

2. Сатайдың Рәбиғамен кездесуі

- Балалар арасындағы әңгіме

- Жол кесіп өткен қасқыр

3. Баланың аттың басын кері бұруы

- Сатайдың қорқынышы

- Қыз сыйлығы.

Талдау- табыс кілті. Әңгімеге сатылай кешенді талдау жасау.

1. Әңгіменің авторы- Сайын Мұратбеков.

2. Тақырыбы- Қылау

3. Кейіпкерлер- Сатай, Рәбиға, әкесі.

4. Теңеу- найза дай шаншылып

5. Тұрақты тіркес- зәресі ұшу, тіл- жағы байлану.

6. Идеясы- балалар арасындағы достық

7. Тәрбиелік мәні- бір-бірімен адал дос болуға, адамгерешілікке үндейді.

Кейіпкерлерге мінездеме беру.

ақылды досқа берік

әңгімешіл қамқор мейірімді

ІҮ. Сабақты бекіту.

Оқушыларға шығармашылық тапсырма беремін.

Ол достық туралы өлең құрастыру.

Ү. Қорытынды

Сонымен, балалар әңгімеден түсінгеніміздей әрқашан бір- бірімізбен дос болуымыз керек. Достық - адамдар арасын жалғап тұрған нәзік жіп. Ендеше, білім жолында достықта, бірлікте болайық.

ҮІ. Үйге тапсырма.

Ойтолғау "Мен достықты қалай түсінемін?"

ҮІІ. Бағалау.

Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар бағалау дөңгелекшелері арқылы бағаланады.


Ұқсас жұмыстар
6-сыныпқа арналған Сайын Мұратбековтің Қылау әңгімесін талдау бойынша сабақ жоспары
Сайын Мұратбековтің Қылау әңгімесіне арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сайын Мұратбековтың Қылау әңгімесінің мазмұны мен композициясын талдау
6-сыныпқа арналған Сайын Мұратбековтың Қылау шығармасын сын тұрғысынан талдау сабақ жоспары
Сайын Мұратбековтың өмірі мен шығармашылығы: Жусан иісі мен Қылау шығармаларының талдауы
Қайырымдылық пен достық құндылықтарын қалыптастыру: 6-сыныпта Сайын Мұратбеков Қылау әңгімесі негізінде сабақ жоспары
7-сыныпқа арналған Сайын Мұратбековтің Жусан иісі әңгімесіне қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» (үзінді): шығарманың құрылымы мен кейіпкерлерін талдауға арналған әдістемелік сабақ жоспары
6-сынып әдебиеті сабағы: Сайын Мұратбековтың Қылау әңгімесі - достық, қайырымдылық және өмір қауіпсіздігіне тәрбиелеу
4-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағы: Сайын Мұратбековтың Жусан иісі әңгімесін талдау және тәрбиелік-дамытушылық тапсырмалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz