"абайтану" таңдау курс бағдарламасы. 10 сынып

  1. Түсінік хат

1. «Абайтану» курсының бағдарламасы 2012 жылы 27 сәуірде бекітілген «Қазақстанның ішкі саясатындағы идеологиялық менеджментті қайта жаңғырту жөніндегі 2012-2013 жылдарға арналған Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының» 41 және 42-тармақтарына сәйкес әзірленді.
2. Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы - халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайдың сөзі - қазақтың бойтұмары, Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту - қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы - заңдылық.
3. Бағдарламада:
Абай мұрасының XX ғасырдың 30-60 жылдарындағы зерттелу жайы қарастырылды;
ақынның өмір жолынан, туып-өскен ортасы мен әдеби мектебі, тәлім-тәрбиелік мәні зор қарасөздері, өлеңдері, аудармалары мен поэмалары, поэзияға қойған биік мақсаттары, қазіргі абайтанудағы өзекті мәселелер топтастырылып берілді;
Абай шығармашылығындағы тұлға болмысы, толық адам танымдарының идеялық-көркемдік ұстаным негізіндегі байламдарын байыпты бағдарлауға назар аударылды;
Абайдың талантты ақын шәкірттерінің шығармашылығына көңіл бөлінді.
4. Бағдарлама Абай Құнанбайұлының: қазақ әдебиетінің көшбасшысы ретіндегі құбылыстық сипатын, ақындық әлемін, өлең өнеріндегі қайталанбас өзгешелігі мен шеберлігін, шығыс пен еуропа, орыс әдебиеті классиктерінің туындыларымен жете танысуын және оның шығармашылық, ақындық өнеріне игі ықпалын тигізіп, поэзия мен қарасөз жанрында теңдессіз дүниелер тудырғандығын, Абайдың әдеби мұрасының аударма арқылы дүниежүзі халықтары әдебиетінің алтын қорына қосылған жәдігер туындылар екендігін, Абай шығармашылығының ұлттық әдебиетіміздің өркендеуіне жасаған идеялық-көркемдік ықпалын, Абайтану ілімін қалыптастырған М. Әуезовтің Абайдың ақындық дәстүрінің негізгі арналарын сараптап, Абайдың ақындық мектебін айқындап, оның ақындық айналасын ғылыми жүйелеп беруінің маңызы мен мәнін оқушының ғылыми негізде ұғынуына және тарихи, ғылыми құнды нәтижелерін терең танып, білуіне;
курстың соңына қарай: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп өсиет қалдырған қайраткер, кемеңгер ойшыл Абай «Қазақтың бас ақыны» ретінде танылуына бағытталған.

Курсты оқытудың мақсаты:
1) ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары, білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыру.
Курсты оқытудың міндеттері:
1) қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану. Абай шығармаларын оқып, білудің өзектілігін, абайтану ғылымының мол мұрасы - қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес екендігін ұғындыру;
2) ақынның мұрат-мақсаттарын, көркем-әдеби туындыларын, ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы өсиеттерінің маңыздылығын түсіндіру арқылы оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру, шығармашылық қиялын дамыту, автордың ұстанымын түсінуге баулу, көркем туындының тілдік ерекшеліктерін, идеялық мәнін талдауға, пікір алмасуға үйрету, жастардың өмірден өз орнын табуға бағыттау;
3) Абайдың ақындық мектебі, поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ұғымының мәні мен маңызын рухани кемелдік танымы тұрғысынан таныту, ақынның көркем-әдеби туындыларындағы ұлттық таным мен рухани-мәдени құндылықтарды оқушылардың бойына дарыту, ақын идеяларын күнделікті тұрмыста басшылыққа алуға тәрбиелеу, шығармаларының адамгершілікті, имандылықты, махаббатты, достықты, әділеттілікті, татулықты, бірлікті жырлайтындығын келер ұрпаққа үлгі-өнеге ету;
4) абайтанудың кезеңдерін саралап, шығармашылығындағы тұлға, толық адам концепциясына қатысты өзекті мәселелерді айқындау. Ұлы ақынның өмірбаяндық тың деректеріне сүйене отырып, қазақ әдебиетіндегі көшбасшылық орнын көрсету;
5) ғұлама ойшылдың философиялық ақыл-нақыл сөздерінің мән-мағынасын ашып, тәлімгерлік тағылымын сөз ету, қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл күй, тарихи таным үрдісі туралы жазған ғылыми-философиялық трактаттарындағы көзқарастарымен таныстыру;
6) ақынның шетел ақындарының шығармаларын аударудағы шеберлігі, қарасөздері, өлеңдері мен поэмаларындағы ақындық биік мұрат, адамгершілік идеяларын таныту;
7) Абай және қазіргі қазақ әдебиетінің рухани байланысын ғылыми негізде пайымдау. Қазіргі абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу, жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан хабардар ету;

Курсты ұйымдастыру формасы : лекция, семинар, конференция, дебат, ойталқы, кіріктірілген сабақ, саяхат сабақ, қойылым сабақ.

Курсты оқытуды аяқтау формасы: берілген шығармашылық тақырыптар бойынша жоба дайындату, мәнжазба, тезис, шығармаға рецензия жазғызу, баяндама, ой толғау.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

10-11-сыныптардың соңында оқушылар:
1) ақын өмір сүрген дәуірді және халық ауыз әдебиеті шығармаларын оқып, үлкендерден естіп, жадына тоқығандығын білуі;
2) шығыс, батыс және орыс әдебиеттерінің інжу-маржандарын оқып танысқандығын білуі;
3) ақын мұраларының зерделенуі мен абайтану ғылымының қалыптасу тарихын, кезеңдерін білуі;
4) ғұлама ойшылдың ғылым, білім, өнер, ел билеу, тарих, қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл күй, табиғат көрінісі, махаббат, діни таным тақырыбында және сыншылдық көзқараста жазылған философиялық қарасөздерінің, өлеңдерінің, поэмаларының, аудармаларының мән-мағынасын, маңызын түсінуі;
5) ақынның ән мен күй өнері хақындағы пайымдауларын түсінуі;
6) қазіргі абайтану ғылымының даму бағыттарын, абайтану - қазақ әдебиеттану ғылымының бір саласы екендігін білуі;
7) Абайдың «Толық адам» философиясы мен «Иманигүл», «Хауас», «Жәуанмәртлік» ілімдері туралы білулері:
8) ұлы ақынның философиялық ақыл-нақыл сөздерінің маңыздылығын, мән-мағынасын түсінуі;
9) ақынның қазақ поэзиясына енгізген жаңалығын, аудармашылық шеберлігін танып білуі;
10) абайтану бойынша курс жұмыстарын, ғылыми жобалар жаза білуі;
11) абайтануға қатысты ғылыми әдебиеттермен жұмыс істей білуі;
12) оқушы өзіне қажетті материалдарды интернет арқылы тауып, пайдалана білуі;
13) Абай атымен байланысты ғылым және өнер ордаларымен шығармашылық қарым-қатынасқа түсе білуді меңгерулері тиіс.
38. Оқушылардың «Абайтану» курсы таңдау пәні бойынша игерген білімдерінің нәтижелері:
1) Абай шығармаларының зерттелуін және ақынның өлең, қарасөз, поэма жазудағы суреткерлік өнері мен аударма жасаудағы шеберліктерін білуі;
2) өлеңдері, қарасөздері, поэмалары, аудармаларының тақырыбын, идеялық негізін, маңызын талдай отырып, суреттеу шеберлігін айқындай алуы;
3) философиялық тұрғыдан жазылған қарасөздерінің тақырыптарын, ондағы авторлық ұстанымдарды және маңызын көрсете білуі;
4) ақын аудармаларының ұлттық көркем ойды байытып, шағын уақиғалы поэма жазудағы шеберлігін білуі;
5) Абай өлеңдерін талдай отырып, суреткерлік шеберлігін, ақындық қуатын, көркемдік шешімін, қазақ өлеңіне енгізген жаңалығын айқындай білуі тиіс.

«Абайтану» тандау пәні бағдарламасы 10 сынып. Аптасына 1 сағат. Барлығы 34 сағат

Сабақтың тақырыбы

Сағат

саны

Күні, айы
Сабақтың мақсаты

Сабақтың түрі,

әдісі

Қосымша материалдар
№: 1
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. "Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла"
Сағатсаны: 1
Күні, айы:
Сабақтың мақсаты: Курсты оқытудың мақсат-міндеттері, өзектілігі туралы мағлұмат беру
Сабақтың түрі,әдісі: Танымдық, әңгімелесу
Қосымша материалдар:
№:
Сабақтың тақырыбы: « Абай мұрасының XX ғасырдың отызыншы-алпысыншы жылдары зерттелуі » тарауы - 2 сағат
№: 2
Сабақтың тақырыбы: Абайтану мәселесіне қатысты әр алуан көзқарастар, әлеуметтік-саяси идеялар
Сағатсаны: 1
Күні, айы:
Сабақтың мақсаты:

Ақын өмір сүрген дәуірді және халық ауыз әдебиеті шығармаларын оқып, үлкендерден естіп, жадына тоқығандығын білу

Абайдың гуманист болғандығын, ізгілік, әділет сияқты қасиеттерді қастерлегенін білу

Сабақтың түрі,әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері
Қосымша материалдар: «Қазақ әдебиетінің тарихы»
№: 3
Сабақтың тақырыбы: Ғ. Тоғжанов, Н. Төреқұлов, І. Қабылов, С. Мұқанов, Е. Смайылов, З. Шашкин, т. б. Абай еңбектеріне қатысты зерттеулері, ой-пікірлері.
Сағатсаны: 1
Күні, айы:
Сабақтың мақсаты: Сипаттау, салыстыру
Сабақтың түрі,әдісі: Абайдың шығармалар жинағы
№:
Сабақтың тақырыбы: « Абай шығармаларындағы білім, өнер тақырыбы » тарауы- 6 сағат
№: 4
Сабақтың тақырыбы: «Талапты ерге нұр жауар» өлеңі
Сағатсаны: 1
Күні, айы:
Сабақтың мақсаты: Абай өлеңдерін талдай отырып, суреткерлік шеберлігін, ақындық қуатын, көркемдік шешімін, қазақ өлеңіне енгізген жаңалығын айқындай білуі
Сабақтың түрі,әдісі: Жаңа тақырыпты меңгерту
Қосымша материалдар:
№: 5
Сабақтың тақырыбы: Отыз екінші қарасөзіндегі ғылым, білім үйренудің мақсатын айқындауы, ғылым-білімді іске жарату.
Сағатсаны: 1
Күні, айы:
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың түрі,әдісі: Абай өлеңдері
№: 6
Сабақтың тақырыбы: "Еңбек етсең ерінбей» өлеңі
Сағатсаны: 1
Күні, айы:
Сабақтың мақсаты: Ақынның қазақ поэзиясына енгізген жаңалығын, аудармашылық шеберлігін таныту
Сабақтың түрі,әдісі:
Қосымша материалдар: «Евгений Онегин», «Татьянаның хаты»
№: 7
Сабақтың тақырыбы: «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі
Сағатсаны: 1
Күні, айы:
Сабақтың мақсаты: Абай шығармаларының зерттелуін және ақынның өлең, қарасөз, поэма жазудағы суреткерлік өнері мен аударма жасаудағы шеберліктерін білу
Сабақтың түрі,әдісі: Салыстыру, талдау
Қосымша материалдар:
№: 8
Сабақтың тақырыбы: Өлеңнің идеясы, өлеңге қойған эстетикалық талабы.
Сағатсаны: 1
Күні, айы:
Сабақтың мақсаты: ақын аудармаларының ұлттық көркем ойды байытып, шағын уақиғалы поэма жазудағы шеберлігін білу
Сабақтың түрі,әдісі:
Қосымша материалдар: Абайдың шығармалар жинағы
№: 9
Сабақтың тақырыбы: «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі
Сағатсаны: 1
Күні, айы:
Сабақтың мақсаты: Аралас сабақ
Сабақтың түрі,әдісі:
№:
Сабақтың тақырыбы: « Безендіріп жер жүзін тәңірім шебер » тарауы - 7 сағат
№: 10
Сабақтың тақырыбы: ««Желсіз түнде жарық ай» » өлеңі
Сағатсаны: 1
Күні, айы:
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың түрі,әдісі: Жаңа тақырыпты меңгерту
Қосымша материалдар: Қ. Мұқамедханов «Абайдың ақын шәкірттері»
№: 11
Сабақтың тақырыбы: "Қараша, желтоқсанмен сол бір- екі ай» өлеңі
Сағатсаны: 1
Күні, айы:
Сабақтың мақсаты: Ақынның поэзияның қоғамдық мәні мен маңызына қойған биік талабын білу
Сабақтың түрі,әдісі: Поэзия сағаты
Қосымша материалдар: Әдебиет
№: 12
Сабақтың тақырыбы: «Көлеңке басын ұзартып» өлеңі
Сағатсаны: 1
Күні, айы:
Сабақтың мақсаты: Аралас сабақ
Сабақтың түрі,әдісі: Абайдың шығармалар жинағы
№: 13
Сабақтың тақырыбы: Абайдың қарасөздеріндегі еңбек туралы таным мен толғам
Сағатсаны: 1
Күні, айы:
Сабақтың мақсаты: Даналық ойлар туралы қарасөздерінің тәрбиелік мәнін білу
Сабақтың түрі,әдісі:
Қосымша материалдар:
№: 14
Сабақтың тақырыбы: Отыз жетінші қарасөзі
Сағатсаны: 1
Күні, айы:
Сабақтың мақсаты: Білімді тексеру сабағы
Сабақтың түрі,әдісі:

З. Қабдолов

«Сөз өнері»

№: 15
Сабақтың тақырыбы: «Малға достың мұңы жоқ, малдан басқа» өлеңі
Сағатсаны: 1
Күні, айы:
Сабақтың мақсаты: Ақынның афоризмге айналып кеткен сөздерін ажырату
Сабақтың түрі,әдісі:
Қосымша материалдар:
№: 16
Сабақтың тақырыбы: «Түбінде баянды еңбек егін салған» өлеңі
Сағатсаны: 1
Күні, айы:
Сабақтың мақсаты: Ақынның сөз қолдану ерекшеліктерін таныту
Сабақтың түрі,әдісі: Салыстыру, талдау
Қосымша материалдар: Абай қарасөздері
№: 17
Сабақтың тақырыбы: Практикалық сабақ
Сағатсаны: 1
Күні, айы:
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың түрі,әдісі:
Қосымша материалдар:
№:
Сабақтың тақырыбы: « Қолдан келе бере ме жұрт меңгермек » тарауы - 6 сағат
№: 18
Сабақтың тақырыбы: Абайдың билік, ел басқару, қоғамдық құрылыс, халық тарихына қатысты қайраткерлік қажыр танытып, азаматтық үнін естіртуі.
Сағатсаны: 1
Күні, айы:
Сабақтың мақсаты: Абайдың қазақтың сөз өнерін тың ой оралымдарымен байытып, ұлттық көркем ойды дамытудағы көшбасшылық рөлін білуі
Сабақтың түрі,әдісі: Шығармашылық жұмыс
Қосымша материалдар:
№: 19
Сабақтың тақырыбы: «Би екеу болса, дау төртеу болады
Сағатсаны: 1
Күні, айы:
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың түрі,әдісі:
№: 20
Сабақтың тақырыбы: «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» өлеңі
Сағатсаны: 1
Күні, айы:
Сабақтың мақсаты: Абай өлеңдері мен қарасөздерінде қозғалып отыратын Алланы сүю, тіршілік, жаратылыс заңдылықтарын ұғындыру
Сабақтың түрі,әдісі: Жаңа тақырыпты меңгерту
Қосымша материалдар: Қ. Өмірәлиев Абай афоризмі
№: 21
Сабақтың тақырыбы: «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман» өлеңі
Сағатсаны: 1
Күні, айы:
Сабақтың мақсаты: Ақынның поэзияның қоғамдық мәні мен маңызына қойған биік талабын білу
Сабақтың түрі,әдісі:
Қосымша материалдар:
№: 22
Сабақтың тақырыбы: «Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап» өлеңі
Сағатсаны: 1
Күні, айы:
Сабақтың мақсаты: Баяндау, ой түйіндеу
Сабақтың түрі,әдісі: Абайдың шығармалар жинағы
№: 23
Сабақтың тақырыбы: «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» өлеңі
Сағатсаны: 1
Күні, айы:
Сабақтың мақсаты: Өлеңдері, қарасөздері, поэмалары, аудармаларының тақырыбын, идеялық негізін, маңызын талдай отырып, суреттеу шеберлігін айқындау
Сабақтың түрі,әдісі: Талдау, сипаттау
Қосымша материалдар:

М. Әуезов «Абай жолы» романы

І кітабы

№:
Сабақтың тақырыбы: Сыншыл, сатиралық мазмұндағы шығармаларын оқытуға - 4 сағат
№: 24
Сабақтың тақырыбы: «Улы сия, ащы тіл» өлеңі
Сағатсаны: 1
Күні, айы:
Сабақтың мақсаты: Ақын аудармаларының ұлттық көркем ойды байытып, шағын уақиғалы поэма жазудағы шеберлігін білу
Сабақтың түрі,әдісі:
Қосымша материалдар: «Адамзаттың Абайы» шығарма жазу
№: 25
Сабақтың тақырыбы: «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ» өлеңі
Сағатсаны: 1
Күні, айы:
Сабақтың мақсаты: Қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы, ақынның шеберлік тәсілдері, даралық ерекшеліктері
Сабақтың түрі,әдісі: Жаңа тақырыпты меңгерту
Қосымша материалдар: Ақынның шығармалар жинағы
№: 26
Сабақтың тақырыбы: «Байлар жүр жиған малын қорғалатып» өлеңі
Сағатсаны: 1
Күні, айы:
Сабақтың мақсаты: Ақын шығармаларының көркем-образдылық қасиеттерін талдай білуі
Сабақтың түрі,әдісі:
Қосымша материалдар:
№: 27
Сабақтың тақырыбы: «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі
Сағатсаны: 1
Күні, айы:
Сабақтың мақсаты: Жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың түрі,әдісі: Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия, Көкбай, Әсет, Әріп, Әубәкір, т. б.
№: Абай аудармалары - 2 сағат
№: 28
Сабақтың тақырыбы: Абайдың Лермонтовтан аударған «Тұтқындағы батыр»
Сағатсаны: 1
Күні, айы:
Сабақтың мақсаты: Ақынның әдебиеттегі дәстүрін ілгері дамытқан ақындар туралы
Сабақтың түрі,әдісі:
Қосымша материалдар:
№: 29
Сабақтың тақырыбы: «Өзіңе сенбе, жас ойшыл

Ұқсас жұмыстар
Абайтану таңдау курс бағдарламасы 9 сынып
Абайтану таңдау курс бағдарламасы 11 сынып
Абайтану таңдау курс бағдарламасы. 5 сынып
Абайдың шығармалар жинағы
Бағдарлама тақырыбы
Абай қарасөздері
Курсты оқытудың мақсаты
Практикалық қазақ тілі
Информатика пәнінен 6 сыныпқа арналған сабақ жоспарларының топтамасы
Сегізінші қарасөз
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz