Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Менің отаным - тәуелсіз Қазақстан


Тақырыбы: «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан»
Мақсаты: 1) Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға,
еліміздің тәуелсіздігінің паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей
отырып, егемен елімізге қамқор болу, мемлекетімізді одан әрі нығайту,
еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру.
2)Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Еліне, Отанына, туған жеріне деген
сүйіспеншілігін арттыру.
 3) Оқушылардың өз бетінше ізденуін қадағалу және білімдерін жетілдіру.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі,
математика, дүниетану.
Көрнекілігі: тақырып жазылған плакат, суреттер, шарлар
Әнұран орындалады
                            Кіріспе бөлім.
Әнұран орындалады.
Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен тәуелсіз еліміздің ұлағатты
ұрпақтары.Талай ғасырлар бойы ата-бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік
таңын аңсап келген. Иншалла олар көксеген арманға ХХ ғасырдың соңына қарай
қол жеткіздік. Соның арқасында бүгінгі таңда өз бағыт-бағдарын ұстанған,
өркениет елдер мойындаған жеке мемлекетке айналдық. Биыл тәуелсіздігімізге
22 жыл.
Танғажайып атында дәл табылды,
Табылда талай жұртқа танылды,
Туған елім, көкке жетті көк туын
Сен,  Тәуелсіз мемлекетсін кәдімгі!
Біздің Қазақстан егеменді ел, тәуелсіз мемлекет. Біздің егеменді еліміздің
тәуелсіздік  алғанына 22 жыл болып қалды. Балалар, сендер Тәуелсіздік
алдық  дегенді қалай түсінесіңдер?  (балалар жауабы: Тәуелсіздік алдық 
дегеніміз – өзіміздің жеріміз, еліміз, теңдігіміз, Туымыз, Елтанбамыз,
Әнұранымыз, теңгеміз бар).
Мүғалім: Дүрыс айтасындар, балалар. Ал Тәуелсіздік мерекесіне арналған 
қандай тақпақ білесіңдер?

Карина:Бабамның да арманы,
Осы еді ғой аңсаған,
Тәуелсіздік тандары
Бақ береді баршаға
Сания: Көк туымды қолыма
Бүгін берік ұстадым
Түсті бақыт жолыма
Менің Қазақстаным!
Мүғалім:   Біздің Қазақстанда көп ұлттар  тұрады. Олар қалай тұрады екен?
(балалар жауабы:  Олар бір — бірімен дос, тату тұрады.)
Аруана: Ортақ бізге бір Отан,
Төбемізде бір аспан
Барлық  ұлттын баласы
Достығымыз жараскан.
Мүғалім:   Әр мемлекеттің өзінің елбасшысы бар. Біздің Қазақстанның елбасы
кім? (балалар жауабы)
Ерасыл: Елімде бейбіт тыныш заман болсың,
Тілеймің  әр адамға бақыт қонсын,
Елімнің ел ағасы, елбасшысы
Нұрсұлтан Назарбаев аман болсын!
Мүғалім:   Әр мемлекеттің өзінің белгілері бар. Балалар, сендер сүйікті
Отанымыздың  қасиетті белгілерін, рәміздерін білесіңдер ме?   (балалар
жауабы)
 Дүрыс,  мемлекеттін рәміздері:  елтанба (герб), ту (флаг), әнүран (гимн)
жатады.  Осы рәміздер туралы жеке түсінік берейік. Мынау Қазақстан
Республикасының туы. Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды – көк, ортасында
күн шуағы. Астында қыран құс  ұшып келе жатыр.  Қазақстанда тұратын барлық
 халықтардың  өмірі күндей  жарқырап, қырандай  самғай берсін дегені. 
Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік  туының авторы сүретші Шәкен
Ниязбеков.
Елдана: Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы,
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды
Мүғалім: Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік  елтанбасы.  Елтанбаның
орталық элементі — шаңырақ.  Шаңырақ  бастауы – отбасы ошағын бейнелейді.
Қанатты тұлпар – мәнгілік өмір, болашақ үміт артар жасұрпақтың арманы,
самғау  биігі.  Елтанба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның
өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы
болуы керек. Елтанбаның төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. 
Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік  елтанбасының  авторлары сәулетшілер
Шота Уалиханов пен Жандарбек Мәлибеков.
Сұлтан: Елтанбасы елімнің
Неткен әйбат, әдемі.
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі!
Құт, береке шаңырақ
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген.
Мүғалім: Ал Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік әнұранының сөзін
жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нүрсүлтан Назарбаев,  әнің жазған  Шәмші
Қалдаяқов.
Сания: Әнұраны елімнің
Шақырады бірлікке.
Егеменді халқымның
Болашағы бірлікте.
Осыған байланысты оның қадір-қасиетін оқушылар бойына сіңіру, ұғындыру
мақсатында «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан» атты ашық  тәрбие сағатын
өткізіп отырмыз. Тәрбие сағатымыз сайыс түрінде өтеді. Сайысымыздың
шарттарымен таныс болайық.
         Сайыстың шарттары:
1.     Мақал-мәтел айту
2.     Бәйге
3.     Поэзия минуты
4.     Үй тапсырмасы
5.     Қызықты алтылық
6.     Тілек айту
      Тәуелсіздік жолында талай жандар құрбан болып, елім деп еңіреп
өткені белгілі. Талай кезең қиын-қыстау, қуғын-сүргінді ата-бабаларымыз
басынан кешті. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев: «Біз
Қазақстанның тәуелсіздігінің оңайлықпен келмегенін біліп оны қадірлеуіміз
керек. Әрбір Қазақстанның азаматы мақтанышпен Елтаңбаны, Әнұранды, Туды
көтеруі керек. Әрбір азамат өз Отаны үшін еңбек етуге, жанын қиюға
міндетті»-деген.
     Туған жердей жат жердің болмайтыны – ақиқат,
Оған көңілің ешқашан толмайтыны – ақиқат.
Алтын торда алтын құс өсірсең де, бұлбұл құс
Өскен бағы болмаса, қонбайтыны – ақиқат, - деп сайысымызды бастаймыз.
І бөлім.  Біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін
туған жерді қасиет тұту қанға сіңген мінез,ежелгі дәстүр.Бұл таным
жанымызға ана сүтімен тараған, ана тілімен дарыған. Біздің мақал-
мәтелдеріміз, нақыл сөздеріміз туған жерді, Отанды ардақтауға толы. Алғашқы
сайысымыз мақал-мәтел айту. (Туған жер, Отан, батырлық, ерлік туралы
өздеріңіздің дайындап келген мақал-мәтелдеріңізді айтыңыздар).
 
ІІ бөлім. Бәйге. (Сұрақ-жауап)
1. Қазақстанның  астаналары болған қалаларды ата.
1919-1925жж .Қазақстанның астанасы-Орынбор қаласы,
1925-1929жж. Қызылорда қаласы.
1929-1997жж. Алматы қаласы.
1997ж. Ақмола қаласы Астана атанды.
1998ж . Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.
  Мұғалім:    Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздер
бар.  Мемлекеттік рәміздер бұл халық бірлігінің белгілері.   Қазақстан
Республикасының да өз рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу -
әрбір азаматтың міндеті.
2.Мемлекеттік рәміздерді атаңыз.
3.Тудың авторын атаңыз.
4.Елтаңбаның авторы кім?
5.Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған? (Сөзі:Жұмекен Нәжімеденов,
Нұрсұлтан Назарбаев.   Әні: Шәмші  Қалдаяқов)     
6.Қазақстан қашан тәуелсіз ел болды? (1991 жылы 16 желтоқсан)
7.Ұлттық валютаны айтыңыз? (теңге)
8.Ата заңымыз қашан қабылданды, биыл неше жыл? (1995ж.30тамызда,16 жыл)
9.Республика күнін айтыңыз.(25 қазан)
10.Алматының орталық алаңындағы «Тәуелсіздік монументі» ескерткіші қай
жылы, кім үшін қойылған, ол туралы не білесіз? (1996ж. 16 желтоқсанда).
 ІІІ бөлім.Поэзия минуты. Өз елін мақтанышпен жырлаған ақын –жазушылар
қаншама?! Келесі сайысымызда оқушылар өлеңді мәнерлеп оқу бойынша бақ
сынасады.
IV бөлім. Өткен жылдар  қандай ерекшеліктерімен есімізде
қалды?  «Республикамыз 22 жыл ішінде қандай хетістіктерге жетті» тақырыбы
төңірегінде дайындалып келген үй тапсырмалары бойынша сайысымызды
бастаймыз.
 V бөлім. Қызықты алтылық
1.      1986 жылы болған «Желтоқсан оқиғасының» болу себебі?
2.      Тіл туралы заң қашан қабылданды? Қанша баптан,қанша тараудан
тұрады? (1989ж. 22 қыркүйек)
3.     (5 асыл іс, 5 дұшпанды атаңыз)
4.      Сөйлемді аудару. Мен Жарлы ауылында  тұрамын.
5.      Сөйлемді аудару. Мен туған  жерімді жақсы көремін.
6.      16.12.1991 жыл нені білдіреді
VІ бөлім.  «ХХІ ғасырға ақ тілек» бұл бөлімде оқушылар өз тілектерін
арнайды.
Хормен: Қазақстан – елім менің,
Қазақстан – жерім менің,
Саған арнап айтылады
Сүйікті әнім менің.
Хор: Ән айту Ұланымын елімнің  
Қорытынды: Жеңімпаздарды анықтап, марапаттау.
Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,
Көк туымды қалайша құлатармын.
Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,
Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс болсын Балалар, естеріңде болсын Қазақстан
Республикасының рәміздерін,  мемлекеттік тілің кұрметтеу керек, өз еліңді,
жеріңді қорғау керек, халқына адал еңбек ету керек.Сонда ғана – ақ азамат,
азаматша болып ер жетесіңдер.
Туған тілді білу парыз.
Туған жерді сүю парыз.
Отанды қорғау парыз.
  Отанымыз әрқашанда тыныш болсын! – деп «Менің Отаным – Тәуелсіз
Қазақстан» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
 

№9 орта мектеп

Менің Отаным-Тәуелсіз Қазақстан
(Ашық тәрбие сағаты)

Исабекова Г.Ө
2-4 сынып

2013-2014 оқу жылы

Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіз елім - ұлы өлкем
ЕЛІМ ТУҒАН ЖЕРІМ
Отан жүргізуші
ТУҒАН ЖЕРІМ АСТАНА
Менің отаным Қазақстан ( Бастауыш сынып )
Менің елім - Қазақстаным
Топқа бөліну
Тәуелсіз елдің көшбасшысы
Сабақты бекіту
Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ атты ертеңгілік
Пәндер