Тәуелсіздік бастауы- желтоқсан

Тәрбие сағаттың тақырыбы: ЖЕЛТОҚСАН-ТӘУЕЛСІЗДІК БАСТАУЫ
Тәрбие сағаттың мақсаты:
1986 жылдың желтоқсанындағы адал да, аңғал Қазақ жастарының бодандыққа қарсы жойқын бұлқынысы, бейбіт шеруге шыққан, тұңғыш рет Кеңес империясының зорлықшыл тас қамалына тайсалмай қарсы шыққан желтоқсан құрбандарының ерлігін, жалынды жырларын оқушылар көңіліне ұялату. Оқушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, сыйластыққа, ұлтшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:
Мультимедия, желтоқсанға шыққан жастардың фотолары салынған буклеттер,
шарлар
Жүру барысы:
Дильназ:
Мен - қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Құшақ жая таныстым сан тіліммен.
Жаман үйді қонағы билейді деп,
Қала жаздап айырылып өз тіліммен.
Өзге тілге еліктеп ел болмайық,
Қазағымның артық жоқ өз тілінен.
Мен - қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
І - жүргізуші :
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Біз бүгін дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986-ның
ж
елтоқсанына арналған «Желтоқсан -Тәуелсіздік бастауы» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз.
ІІ - жүргізуші :
16 - желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат, Қайыркелді, Түгелбай, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік үні еді.
1986 жылы 16 желтоқсанда Д. Қонаевтың зейнеткерлікке шығуына байланысты оның орнына Ресейден келген Г. В. Колбин сайланды.
1-жүргізуші
:
Асығыс өткен пленум шешімі дүйім қазақ халқымен санаспаушылық болып табылды.
Көрініс:
Сахнаға екі студент шығады, бірі - жігіт, бірі - қыз. Қолдарында конспекті дәптерлері бар.
Гүлназ:
сен естідің бе? Кеше Дінмұхамед ағамыз орнынан алыныпты дейді.
Бауыржан:
Қойшы, рас айтасың ба? Кімнен естідің?
Гүлназ:
Кеше куратор ағайдан естідім. Бүгін Брежнев алаңында көп адам жиналады екен.
Бауыржан:
Неге? Неліктен?
Гүлназ:
Қонаевтың орнына Ресейден бір орыс келіпті дейді. Халық наразылық білдіріп жатқан көрінеді. Куратор ағай ол жаққа бармаңдар деп ескертті.
Бауыржан:
Қой, біздің мұнда тығылып қалғанымыз дұрыс болмас. Жүр кетейік. Тез барайық!
2-жүргізуші
:
Иә, аңғал сеніммен алаңға шыққан бейкүнә қыз - жігіттердің ойы халықтың құқықтары туралы сөз жүргізу еді. Алайда оларды бір қолында шоқпары, бір қолында қалқаны бар қарулы, сақадай сай әскерлер қарсы алды. Ал алаңдағы жастар жайбарақат еді, аңғал еді, алаңсыз еді.
1-ж:
1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.
Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қ. Рысқұлбеков, Л. Асанова, С. Мұхаметжанова, Е. Сыпатаев апаларымыз бен ағаларымыз қатысты.
Бауыржан
: Желтоқсан-заман толғағы байтақ даланың,
Шарпысқан сәтті үміт пен күдік наланың.
Қайрат, Ләззат пен Сәбира
Құрбаны болған жаланың.
Гүлназ:
«Нашақор» деп «ұлтшыл» деп,
Қазаққа күйе жаққан күн.
Базары кетіп бір күнде,
Қайғыға халық батқан күн.
2Ж:Сәбираның оқу орнында ата-анасын шақырып үлкен жиналыс өткізеді. Ұзақ кінәлап, жала жауып «Қызыңыз тентек» деген ұстаздарының сөзі жанына аяздай батты ақ самайлы анасын аяды.
Күтпеген жерден: «Бәріне кінәлі мен, жазалаңдар мені. Оларды оқу орнынан қумаңдар! Шеруді де мен ұйымдастырдым. Бәріне мен жауап беремін», - деп кесіп айтқан сөзінен жиналғандар сілтідей тынды. Сәбира жиналысты тастай, сыртқа қарай жүгіре жөнелді.
Сол бойымен намысшыл қыз жатақханасының бесінші қабатынан секіріп кетті. Оның өмірі ерте үзілді.
Ақниет
: Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның
Айналайын, айналайын жас өркені халқымның!
1-ж:Міне, өмірден тағы бір қыршын жас қызғалдақ осылай кеткен еді. Алматы музыка училищесінің студенті Ләззат Асановаға өзін-өзі өлтірді деген өтірік жала жабылған еді. Тексере келе Ләззаттың алаңда болғаны анықталады.
Еламан:
Тапталмасын деп қазағымның кек ары
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Топты бастап шықты Ләззат алаңға
Толған еді он алтыға не бары
ӘН:Желтоқсан желі
Расул:
Желтоқсан айы естесің
Дауыл боп бұрқап ескенсің
Азаттық күйі қашаннан
Көкейін елдің тескенсің
Аида:
Тарылып жатса даламыз
Қайтіп біз тыныс аламыз?
Қақымыз жоқ айтуға,
Әділет қайдан табамыз?
Әділбек:
Шектеліп ана тіліміз
Оқылмай өлең жырымыз,
Жабылып жатса мектептер
Жадырар қалай күніміз?
2-жүргізуші:: Желтоқсан оқиғасының басты қаһарманының бірі Қайрат Рысқұлбековке телеорталық инженері « Савицкийдің өліміне кінәлі» деген айып тағылды. Желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың абақтыдағы өмірінен көрініс.
Абақты іші. Қайрат өлең жазып отыр.
Қайрат: (Ерасыл)
Әкетай-ау пайғамбардай жасың бар,
Туа бермес сіз секілді асылдар
Қартайғанда жүрегіңді жаралап,
Кесір болды-ау біз секілді масылдар
Айналайын, қарындасым, қарағым,
Қолда кісен, мен айдауда барамын,
Қайғы шегіп, азап тартқан ағаңды,
Айтшы жаным, қандай жанға баладың?
Айналайын, інішегім, құлыным,
Сені ойласам үзіледі жұлыным.
Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай
Кетіп барам мен айдауда құлыным
Қалдырып жаны мәңгі жас ұлыңды
Құпия шерттім осы жан сырымды
Қош енді жолықпасам қайран анам
Көзімнен ақ жаулығың жасырынды
Қайран анам күзеткенің түгел ме
Көктерек те жазықсыз екенімді біле ме?
Бейшараңды мазақ етіп жоқ әлде
Саған дағы елің, жұртың күле ме?
Тергеуші (Ахмет)
Иә, Рысқұлбеков, тағы да хат жазып отырсың ба? Сен 18 желтоқсан сағат 10:00- де қайда болдың?
Қайрат: (Ерасыл)
-жолдастарыммен бірге Фурманов көшесінде болдым.
Тергеуші (Ахмет)
-жоқ, сен өтірік айтпа! Сен Савицкийді соққыға жықтың. Соның нәтижесінде ол қайтыс болды. Сен оның өліміне кінәлісің. Сен оны өлтірген.
Қайрат: (Ерасыл)
-мен ешкімді өлтіргем жоқ.
Тергеуші (Ахмет)
-Савицкийді өлтірдім демей - ақ қой, оқиғаға қатыстым десең болады. Мойында, мойындамасаң жазаң қиындай түседі.
Қайрат: (Ерасыл)
-жасамаған нәрсені неге мойындаймын, бұл маған жабылып тұрған жала.
Тергеуші (Ахмет)
Жарайды, өзінен көрсін, алып жүріңдер.
Қайрат:(Ерасыл)
«Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең, алыңдар.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар,
Еркек тоқты құрбандық.
Атам десең атыңдар!»
Тимур:
Кінәлі ма, ақын Қайрат, ер Қайрат
Ауа жетпей атып шыққан алаңға
Қылғындырған қиянатқа көнбеді ол
Тапталғысы келмеді оның табанға
Жания:
Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның
Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың
Дильназ:
Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы!
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
ІІ-жүргізуші:
Желтоқсанның ызғары-ай
Кірпікке қатқан мұздары-ай
«Елім-ай» деп егілген
Қаһарман ұлдар, қыздар-ай
І-жүргізуші:
Тегеурінді соққылары жарақтан
Ақша қарға судай ақты қайнап қан
Қайдан білсін қызбаланған ерлерім
Айрыларын Ләззат, Ербол, Сәбирадан, Қайраттан
Ендеше сол желтоқсанның ызғарындағы мыңдаған боздақтардың рухын орнымыздан тұрып бір сәт үнсіздікпен еске алайық
1 минут үнсіздік
Ахмет:
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым
Бет бағдарын бақиға бұрғандарым,
Қаралы жылдардай боп қарауытып,
Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,
Кеудемдегі қоламта қоздатқаным
Тұншықса да түрмеде тозбапты әнім.
Жазықсыз жапа шегіп бұл жалғаннан,
Жалтақтап кете барған боздақтарым.
ІІ-жүргізуші:
Сол бір қаһарлы желтоқсан күндерінен бері талай жылдар өтті. Қазақстан өмірінде көптеген айтулы өзгерістер болды. Енді сол тәуелсіздік алғаннан кейінгі қол жеткізген жетістіктерге назар аударайық
Бауыржан:
1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздігі жарияланды.
Еламан
1992 жылы мемлекеттік рәміздер қабылданды
Захид
1993 жылы 28 - қаңтарда Тәуелсіз Қазақстанның бірінші конституциясы қабылданды
Алпамыс
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz