Жер бетінің сыртқы табиғи күштер әсерінен өзгеруі

Сабақтың мақсаты: оқушыларға жер бетінің сыртқы табиғат әсерінен өзгеретіндігін түсіндіру, табиғатта байқағандарын пайдалана отырып, олардың ойлау, салыстыру, қорытынды жасай білу дағдыларын қалыптастыру. Оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, табиғатқа деген қызығушылығын туғызу және оны қоғауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, ой қозғау, топпен жұмыс. Түрі: аралас, жаңа тақырып. Көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, суреттер, тірек сызба, мақал-мәтелдер.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды топқа бөлу.

1 топ - «Зерттеушілер» тобы.

2 топ - «Ғалымдар» тобы.

Топпен жұмыс істеу ережесін еске түсіру.

1. тапсырмаға берілген уақыттан аспау.

2. Басқаларды тыңдай білу.

II. Өткен тақырыпты еске түсіру.

А) Сұрақ-жауап.

1 топқа сұрақ: Қатты тау жыныстары қандай күштердің әсерінен бұзылады?

2 топқа сұрақ: үгілу дегеніміз не?

Ә) Сурет бойынша жұмыс.

1 топ. Тау жыныстарының желмен үгілуі.

2 топ. Тау жыныстарын өсімдіктің бұзуы.

III. Жаңа сабақ.

А) Жалпы сыныпқа сұрық.

- Сонымен, үгілудің нәтижесінде жер бетінде не болды?

- Үгілудің нәтижесіндежер бетінде өзгеріс пайда болады.

Ә) Ойын. «Кім жылдам?». Көп таңбалы сандарды өсу ретімен орналастыру арқылы жасырылған жаңа тақырыпты ашу. 7014, 8073, 43014, 60073, 80016, 81045, 209003, 303906, 330609, 345003, 507507, 607435, 700015, 701090, 770357, 91, 9000298, 1273693, 3083967, 1.

Шыққан сөйлемді оқыту. «Жер беті қалай өзгереді?» Қандай сөйлем?(сұраулы) . Енді осы сұраққа жауап беріп көрейік.

«Ой шақыру». Жұппен жұмыс. Топпен жұмыс. Әр топтың жауаптарын тыңдау.

А) Дәптермен жұмыс. Бүгінгі күн мен тақырыпты жазу.

Ә) Түсіндіру. Кесте бойынша, суреттерді көрсете отырып түсіндіру.

Ауаның бір жылып, бір суынуынан мұздықтың, ағын судың, желдің әсерінен қатты тау жыныстары бұзылып тасымалданады.

Жер бетінің бұлай өзгеруі табиғаттың сыртқы күшінің әсерінен болады. Соның нәтижесінде бір кездегі биік таулар аласырып, төбелерге айналады.

Б) Оқулықпен жұмыс. Дауыстап, тізбектей оқыту.

В) Сұрақ-жауап әдісі.

1 топқа:

  • Жер беті қандай құбылыстардың әсерінен өзгеріске ұшырайды?
  • Мұздық дегеніміз не?
  • Ағыс қалай пайда болады?
  • Мұздық, ағын су, жел, тау жыныстарын ненің әсерінен тасымалдайды?

2 топқа:

  • Бұзылған тау жыныстары қалай тасымалданады№
  • Мұздықтар тау жыныстарын қалай тасымалдайды? Нәтижесінде не пайда болады?
  • Тау шатқалдары қалай пайда болады?
  • Жел жер бетін қалай өзгертеді?

Г) Өз өлкемізде жер беті қандай күштердің әсерінен өзгеретінін байқағандарын айтқызу.

- ауылда ағыс қай кезде пайда болады?

- жыра пайда болғанын көрдіңдер ме?

- Жыраның шаруашылыққа зияны және оның алдын алу туралы еске түсіру.

Д) мағынаны ашу.

Берілген мақал-мәтелдердің мағынасын өз сөздерімен ашып айту.

1 - тоқа: Тау мен тасыт сел бұзар,

Адамзатты сөз бұзар.

2-топқа: Қына тасқа бітеді,

Білім басқа бітеді.

IV. Жаңа сабақты бекіту .

Сонымен бүгінгі сабақта не білдік? Әр топқа тапсырма беріледі. Топтастыру:

Әр топтың жауаптарын тыңдап, тақтаға жазу, қорытынды жасау. Жер бетінің өзгеруі сыртқы табиғаттың күшінің әсерінен туындайды.

Үйге тапсырма: Тақырыпты түсініп оқу. Бағалау.

\

\

Бекітемін:

Директор

«___»


Ұқсас жұмыстар
10-сынып географиясы: Жер бедерінің қалыптасу заңдылықтары және ішкі-сыртқы күштер
Адам әсерінен жер бетіндегі өзгерістер: пайдасы мен зияны
5-сынып Жаратылыстану: Табиғаттағы күштер - үйкеліс пен тартылыс
Сарыарқаның географиясы: орналасуы, жер бедері, климаты және табиғи ресурстары
Ауырлық күшінің әсерінен дененің қозғалысы: еркін құлау және есептеу формулалары
Жер қыртысының қозғалыстары мен жер сілкіністері: география сабақ жоспары
Жер байдың - елі бай: Қазақстанның табиғи және пайдалы қазбаларын таныстыруға арналған сабақ
Ньютонның бірінші заңы, инерциялық санақ жүйелері және күштер (ауырлық, серпімділік, үйкеліс, теңәрекеттілік)
7-сыныпқа арналған Механикадағы күштер тақырыбы бойынша ашық сабақ жоспары
Қысқа мерзімді сабақ жоспары (9-сынып): Механикадағы күштер - ауырлық, серпімділік және үйкеліс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz