Есімдіктің лексико-семантикалық сипаты

А) ақпараттық құзыреттілік: Есімдік, оның лексико-семантикалық, морфологиялық сипатын саралайды;
Ә) проблеманы шешу құзыреттілігі: Есімдіктен алған білімдерін ауызша жазбаша тілде қолдана білуін қалыптастыру;
Б) Коммуникативтік құзыреттілік: Отансүйгіштікке үндей отырып, есімдіктен алған білімдерін практикалық тұрғыда қолдана білуге дағдыландыру;
сөздік,
проблемалық, ішінара зерттеу, эвристикалық
Оқулық, слайдтар, интербелсенді тақта, топшамалар

- “Колледжім -тарихымен тұғырлы, бүгінімен асқақ, ертеңімен еңселі. ” атты эссе талдау
Колледж тарихы бойынша жазылған эсселерін оқиды.
Сан есімдердің емлесі мен сөйлемдегі қызметіне талдау жасайды.
Сұрақтар:
1. Сан есімге тән ерекшеліктер ата.
2. Дара сан есімнің саны нешеу?
3. Сан есімдердің морфологиялық сипаты қандай?
4. Сан есімдер қалай жасалады?
Колледж тарихы қай уақыттан бастау алады?
Колледж кімнің есімімен аталады?
Ж. Досмұхамедов есімі қашан берілді?
Ж. Досмұхамедов- кім?
Ол- қазақ жұрты үшін тер көккен қайраткер
Мұндағы асты сызылған сөздерге мән берейік.
3. . Анықтайтын сөздің алдында келіп, ешқандай өзгеріске түспейді. Субстантивтенген жағдайда ғана түрленеді.
4. Семантикалық тәсіл арқылы жасалмайды, морфологиялық тәсіл арқылы өнімсіз, аналитикалық тәсіл арқылы өнімді.
студент қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпқа байланысты білімін жинақтайды.
- оқушы топтық талқының іс-әрекетіне өз бетімен ілеседі.
Есімдік- заттың атын, сынын, санын я олардың аттарын білдірмей, олардың орнына жұмсалатын, есімдер тобына жататын сөз табының бірі. А. Ысқақов
Субстантивтік есімдіктер қолданылу ретіне қарай зат есімдер сияқты көптеліп те, тәуелденіп те, септеліп те, жіктеліп те қолданылады. Мысалы: сендер, менің, кімге?
Жіктеу есімдіктері, өздік есімдіктер, бірақ контекстік мағынасына қарай.
Атрибутивтік есімдіктер дәл өз мағынасында қолданылып тұрғанда, түрлену формаларының ешқайсысын қабылдамайды. Көбіне анықтауыштық қатынаста қолданылады. Мысалы: бұл, сол, қай? Түрлену формалары атрибутивтік есімдіктерге тек субстантивтенген жағдайда ғана қосыла алады.
1. Өте ерте заманнан келе жатқан байырғы түбір есімдіктер:
мен, сен, ол, біз, сіз, қай? кім? не? міне, бұл, сол, т. б.
2. Соңғы кездерде туып қалыптасқан есімдіктер:
2. 1 Лексикалық жолмен жасалған: бар, біреу, бүкіл, түгел, әр, күллі, пәлен.
2. 2 Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған:
мына-у, ана-у, сона-у; барлық, барша, қанша, неше, қандай, нешінші.
2. 3 Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған:
бірдеңе, бірнеше, кейбіреу, әлдекім, ешкім, кімде-кім, қай-қайсы, т. б.
Морфологиялық ерекшелігі :
1 . Есімдіктердің бәріне бірдей, бәріне тең ортақ заңдылық деп қарауға болатын белгілі формалары немесе өзгеру тәсілі жоқ.
2. Көптік мағынаны білдіретін з морфемасы. Мысалы: Сіз, біз.
3. Н дыбысы жіктеу, сілтеу есімдіктерінің септелу жүйесінде түсіп қалып, барыс септігінде пайда болады.
4. Есімдіктерден жаңа сөз жасалмайды.
Есімдіктердің мағыналары
1 . Мен, сен, біз, сіз есімдіктері бастауыш қызметінде жұмсалған сөйлемдер әрдайым белгілілік мәнінде жұмсалады
2. Екінші жақтық жіктеу есімдіктерімен салыстырғанда, бірінші жақ тұлғалы есімдіктер жиі түсіп қалады:
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы
Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім.
Адамның бір қызығы - бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім, - деп келетін өлең жолдарында "мен" есімдігі жасырын келгенімен, өлең жолдарының соңындағы бірінші жақ тұлғалы етістік арқылы "мен" есімдігінің мәні беріліп тұр.
2. Жіктеу есімдіктері - тұлғалық жағынан алып қарағанда түгелдей туынды сөздер. мен (< ме-н), сен (< се-н), ол (< о-л) - ме, -се-, о- және -н дыбысынан құралған жалғау ығысу процесі.
- Жіктеу есімдіктерінің көпше түрі біз, сіз, сөздері де бі-, сі- және -з морфемасынан құралады.
Бұл - з морфемасы жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі гипотезалық пікірлер бар.
1 . біз, сіз би-си (>биз) және си-си ((>сиз) Бётлингк, В. В. Радлов, С. Е. Малов. bi + si = biz «я - ты - мы»
si + si = siz «ты - ты - вы».2біз, сіз есімдіктеріндегі - з морфемасы жұптық мағынал (двойственное число) білдіретін болған деген пікірді В. Котвич айтқан . А. Н. Кононов 1948 жылғы «Өзбек тілі грамматикасында»: «адам денесінің жұптық атауларын білдіреді:: куз - «глаза», оғи - «рот», (вероятно, из икки - з) «близницы», «двойня и т. п. », - деп жазды,
3. з- морфемасын жұптық-көпше мағынаны білдіруші формант деп көрсетіп жүр. Осы пікірді А. М. Щербактың еңбектерінен де кездестіреміз. 3. з- форманты көптік мағынаны білдіреді
Ақпараттық құзыретттілік: - Студент есімдік бойынша алған білімін өзге сөз таптарымен салыстыра саралайды, қорытынды жасайды.
Есімдіктің морфологиялық құрылымын қазақ тілі тарихынан талдайды.
Есімдіктің лексикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктерін таниды.
Есімдіктердің шығу төркіні туралы ғалымдардың зерттеулерімен танысады.
ІҮ. Жаңа білімді оқытушының көмегімен бекіту
Дәптерге
Ауызша, тек есімдіктерге жазбаша талдау
Студенттің өз бетімен сабақ бекітуі
Топшамамен жұмыс
Суретте Жымпитыдағы Ж. Досмұхамедов тұрған үй.
Мақал-мәтелдерден жарысады.
«Кубизм» стратегиясы.
1-тапсырма Сөйлемдерді оқып, есімдіктерді қатыстырып, сөйлем формасын өзгерт, есімдіктердің тұлғасына талда, қандай мағынада қолданылып тұрғанын талда.
Досмұхамедов Жанша-Алаш қозғалысының аса көрнекті қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, Алашорданың Батыс бөлімшесінің төрағасы, заңгер.
1899 жылы тамыз айында Орал әскери реалдық училищесіне түсті. 1905 жылы 31 мамырға дейін толық курсын оқып бітіріп, тамыз айында, Орал облысының стипендиаты ретінде Мәскеу университетінің заң факультетіне түсті, 1910 жылы 4 наурызда бітірді
2 -тапсырма
Есту диктанты мәтін оқылады. Әр студент мәтінді тыңдай отырып,
Кездескен есімдіктерді теріп жазады.
“Менің қоғамдық-саяси қызметім тұңғыш рет 1910 жылы көрініс тапты, - деп жазыпты Жаhаншаh Досмұхамедұлы 1930 жылы ОГПУ тергеушісіне берген көрсетілімінде өз қолымен, - мен университет бітіргеннен соң Орал болысының Орал қаласына келіп, онда орыс тілінде жарық көріп тұрған “Уральский листок” (“Орал парақшасы”) газетіне қазіргі Қазақстан аумағына ішкі Ресейден шаруаларды жүйесіз көшіріп әкеліп қоныстандыруға қарсы бірнеше мақала шығарған болатынмын.
Осы мақалаларым үшін мені Орал губернаторы облыстық басқармада [оқыған уақытымда алып тұрған] стипендиялар өтеуіне қызмет ету құқымнан айырды”. Бұл кезде Жанша Досмұхамедұлы саяси көзқарасы қалыптасқан, өз еліне қызмет етуге құлшынған жиырма үш жасар жас заңгер-маман еді.
3-тапсырма
А) Көп нүктенің орнына тиісті есімдікті қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. Есімдіктерге мағыналық, тұлғалық талдау жаса.
1. Туған топырағына, . . . қандастарына борышты екендігін Жаһанша . . . уақытта есінен шығармады.
2. 1917жылы қазақ халқының зиялылары бас қосып, халқының игілігі үшін қызмет ететін «Алаш » туының астына бірікті . . . игілікті ісі қазақ халқының тәуелсіз ел болу жолындағы ерен еңбегі еді.
Б) Сөйлемдердің мәнін түсініп, есімдіктердің мағынасына талдау.
3. 1918 жылдың наурыз айында Жанша және Халел Досмұхамедовтер Мәскеуге келіп, . . . Ленин және Сталинмен келіссөз жүргізеді. Кеңес үкіметін Алашорданың желтоқсандағы съезінің қаулыларымен таныстырып, . . . 11 шартты қояды.
. . . екеуі Кеңес үкіметінің жанынан Қазақ комиссариатының ашылуына қол жеткізеді.
4-тапсырма
Мәтін мазмұнына мән бер, қарамен жазылған сөйлемге тұлғалық талдау жаса.
Ташкентте қазақ зиялсан есім, ылары құрған мәдени-ағарту «Талап» қауымдастығына мүше болып, оның тапсыруымен қазақ тілінде алғашқы қылмыстық кодекс жобасын әзірледі.
1930 жылы 5 қазанда Досмұхамедовтың тергеу ісіне байланысты Әуезов жауапқа тартылады. Оған «қазақ ұлтшылдарының астыртын ұйымдарына қатысты, Қазақстандағы кеңестік науқандар мен шаралардың мазмұнын бұрмалау мақсатын көздеді. Жанша Досмұхамедовтың ұйымында тұрды, оның тапсырмасын орындады» деген сияқты кінәлар тағады, нәтижесінде Досмұхамедов пен Әуезовтің істері бірге қаралды.
5-тапсырма Есімдігі бар, Отан, туған жер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz