Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ар-намысым, қасіретім, мақтанышым -желтоқсан! 6 сынып


Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ар-намысым, қасіретім, мақтанышым –
Желтоқсан!»
Мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының болу себептерін
және
тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіну.
Тәрбиелігі: Отан-Ананы құрметтеу, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды,
елжанды
болуға, елінің тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің
қаһармандығы мен
күрескерлік ерліктерін әрдайым есте ұстауға, үлгі ете
білуге үйрету.
Дамытушылығы: оқушының ойын жеткізе білуі мен тіл байлығын дамыту, өлеңді
мәнерлеп оқу, әр сөздің айтылуына көңіл
бөлу, дикциясы мен
интонациясын дамыту.
Көрнекілігі: Желтоқсан қаһармандарының суреттері (Қайрат, Лаззат, Сәбира,
Ербол),
интерактивті тақта, тақырып желісі бойынша слайдтар,
шарлар, нақыл
сөздер.

1-жүргізуші: Саят:
Ассалаумағалейкум, халқым менің!
Ардақта дәстүріңді салтыңды елім.
Мереке басы болсын берекенің,
Игі еңбек жемісінің бәрін жегін
2-жүргізуші: Гулдана
Армысыздар құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгін біздің
еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен,
кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда
алтын әріптерімен жазылып қалған «Ар-намысым, қасіретім, мақтанышым-
Желтоқсан» атты тәрбие сағатымызды ұсынамыз.

1-жүргізуші: Саят
Бүгін Отанымыз Қазақстанның тарихымызда ерекше орны бар, халқымыздың
қасіреті мен ар-намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған оқиға — бұл
1986 жылғы желтоқсан оқиғасы.

Әр дәуірдің еркіне сай
Нарқы өзгерген алтынның.
Айналайын, алтын әнім,
Жас өркені халқымның.
Желтоқсанда шындық жырын
Шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді,
Ел болсақ деп талпындың.

2-жүргізуші: Гулдана

1986 жылы 16 — желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары
наразылығын білдіріп, шеруге шықты. Олар «қазақ елінің өз көсемі сайлансын»
деген тілек білдірді.

1-жүргізуші: Саят
Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен күш көрсетілді. Көптеген жастар
түрмеге қамалды. Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. Өз
елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «бұзақылар»,
«ұлтшылдар», «нашақорлар» деген кінә тағылды.

Жастардың наразылық білдіріп, шеруге шығуы.

Қуандық:
Нашақор деп, ұлтшыл деп,
Қазаққа күйе жаққан күн
Базары кетіп бір күнде
Қайғыға халық батқан күн
Әділдікпен шындықты
Өтірік жала жапқан күн.
Надан жасаған сұмдықтан
Адамдар азап шекккен күн,
Қасқалдақ ұшіп көлінен
Шүрегей келіп қонған күн.
Қырандар қуып көгінен
Қарғалар билік алған күн.

Аймира:

Шектеліп ана тіліміз,
Оқылмай өлең-жырымыз
Жабылып жатса мектептер
Жадырар қалай күніміз?
Тарылып жатса даламыз
Қайтіп біз тыныс аламыз?
Қақымыз да жоқ айтуға
Әділет қайдан табамыз?
Луиза:
Бұрқ етті қазақ баласы
Кеудеге өршіп наласы
Алаңға қарай ағылды
Таусылып барлық шарасы
Жанымыз жомарт қазақпыз
Мәңгүрт боп кете жаздаппыз
Қосайық басты, бауырлар,
Жанайық жансақ маздап біз.
Інкар:
Желкеге тиді сілтеген күрек, қамшылар,
Соққыға мұндай, қасапқа қандай жан шыдар?
Жастарға шашқан мұз судан мұз шашырап,
Ауылда жатқан маған да тиді тамшылар.

Лаура:
Қақап күннің ызғары
Сүйектен өтіп кеткен күн.
Қаракөз қазақ қыздарын
ОМОН-дар бастан тепкен күн
Қариялар итке таланып,
Ер басын күрек шапқан күн
Аппақ қар қанға боялып,
Қып-қызыл мұз боп жатқан күн
Арайлым:
Жас арудың жанарында –Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында –Желтоқсан
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында –Желтоқсан.

Жауыздықты жасаған да-Желтоқсан
Жаңа ғүмыр бастаған да –Желтоқсан
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастаған да-Желтоқсан

2-жүргізуші: Гулдана Хор: «Желтоқсан желі»

1-жүргізуші: Саят
Иә, бұл күнге жету үшін ата-бабамыз қан төкті, жанын берді, бүкіл
жеріміздің тұтастығын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа табыс етті.

2-жүргізуші: Гулдана
Бірақ қазақтың өр ұлдары мен ер қыздары көбеймесе азаймады. Оның айғағы —
27жыл бұрынғы ел намысы үшін жанын құрбандыққа қиған желтоқсандықтар
болатын.

1-жүргізуші: Саят
Оның айғағы – дүниені дүр сілкіндіріп, әлемге қазақ деген атты паш еткен
Желтоқсан оқиғасы.

Гулзада:
Желтоқсан – тарихымда әйгілі күн,
Ерттеп мініп ар –ождан сәйгүлігін
Ерлерім елдік үшін атой салып,
Еншілер қайтарған бәйгелі күн.

Інкар:
Желтоқсан тағдырларға азалы күн,
Қайраған намыстарын мазалы мұң.
Қыршынынан қиылған боздақтары
Қалар мәңгі есінде Қазағымның.

Альмира:
Желтоқсан – қайсар ерлік, қуатты күн,
Жігер оты маздаған тұрақты ұғым.
Тәуелсіздік билігі қолға қонған-
Тәңіріме Желтоқсан шуақты күн.
Гүлзинат:
Желтоқсан – жадымызда жаралы күн
Жастарым жапа шеккен жаралы мұң
Еркіндік, егемендік, елдігімді
Емірене аңсады саналы ұғым.
Жанерке:
Тарихым жатыр тасымда,
Тіл қатып келер ғасырға.
Азаттық деген ұғымның
Желтоқсан тұрар басында!

1-жүргізуші: Саят

Күндік кешпей, мұз кешпей,
Ат артында міңгеспей,
Мұңдық болып мұңаймай.
Тәкапәр нағыз құдайдай
Қасқайып қарап тұратын
Ағасы өлсе іні боп,
Жауына қарсы шығатын,
Арыстандай алысып,
Жолбарыстай жұлысқан- желтоқсанда кұрбан болған аға-апаларымызға тоқталып
айтып өтсек:
Альмира:
Сабира Мұхаметжанова 1985 жылы сегіз жылдық мектепті үздік бітіріп,
бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлайтын оқу орнына студент болып
қабылданды. Ол Алматыдағы жастар шеруін жұдырықтай жүрегімен қолдап,
Өскемен қаласының көңілі ашық, көкірегі ояу студенттерімен бірге Ушанов
алаңына қарай өлең айтып, шеру тартты. Өскемен жиналысында Сабираны
айыптап, тәртіпсіз деп бағалаған. Сөйтіп, албырт жас жатақхананың өзі
тұратын бөлмесінің терезесінен секіріп қаза тапты.

2-жүргізуші: Гулдана
Желтоқсанның қазаққа
Ызғары көп тастаған
Намыстан өлген ұлтиымның
Қыздары көп, қарағым
Өр намыс иесі, қайсар, жас қыз Лаззат Асанова жайлы айтып өтсек.
Ақжарқын:
Лаззат Асанова Алматы облысы, Панфилов ауданы, Ақжазық ауылында дүниеге
келген. Алматының Чайковский атындағы музыкалық учелищесінде қобызшы
мамандығы бойынша оқып жүрген Лаззат Асанованың он алты жылдық қысқа ғұмыры
арта үзілді. Лаззатты жерлеудің алдында денесін ақ жауып, арулаған кезде
оның екі білегіне салынған темір бұғаудың қалдырған көкпеңбек іздерін, бас
сүйегінің шүйдесі ойылып кеткені анықталды. Осыған қарағанда ол
жазалаушылардың қорлы,ынан қаза тапқан. Лаззат әпкемізді мәңгі есімізде
қалдырамыз. Аруағына бас иеміз.

1-жүргізуші: Саят
Тәртіп қорғау санаға екті нені,
Өз халқына ойпырмай кекті ме еді?
Азаматты сойылмен қанға бояп,
Шаштан сүйреп, қыздарды тепкіледі-дей келе қанды Желтоқсан оқиғасының
алғашқы құрбаны болған Ербол Сыпатаевқа тоқтала кетейік
Айтолқын:
Ербол Сыпатаев Талдықорған облысы, Панфилов ауданының Ленин атындағы
совхоздың екінші бөлімшесінде туып өскен. Ол — Энергетика институтының ІІ-
ші курс студенті болатын. Ербол бір үйдің жалғыз баласы еді. 1986 жылдың 18-
желтоқсанында кешкі сағат 2000-де ауруханаға бас сүйегі мен иығынан ауыр
жарақаттанған Ерболды әкелді. Ол есін жимастан қайтыс болды. Біздер Ербол
ағамыздың жастық жігері мен ерлігін мәңгі есімізді сақтап, аруағына бас
иеміз.
2-жүргізуші: Гулдана
Тарихта «Құйын» операциясы деген атпен мәңгі қалатын жойқын шабуыл
демонстрацияны қуып тарату операциясы жоспардағыдай аяқталды. Қанға бөккен
қала көшелері мен алаңдар қаңырап бос қалды. Қазақтың әр үйіне үрей кірді,
әр қазаққа «ұлтшыл», «нашақор», «маскүнем» деген айып тағылды. Алаңға
жиналған қазақтың, әрбір жас өркенінің артына шам алып түскен қуғындау,
қудалау басталды. Оның ішінде ату жазасынан бастап жиырмадан бір жылға бас
бостандығынан айырған жазаларды ұлттық қаһармандарымыз арқалап кете барды.
Соның бірі – Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков еді.
Луиза:
Қайрат Рысқұлбеков Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында, Бірлік аулында
дүниеге келген. 1982 жылы ол Алматы Сәулет құрылыс институтына түседі. Сол
Желтоқсан оқиғасынан кейін оны «Савицкийді өлтірген қылмыскер» деп жала
жауып «Аса қауіпті қылмыскерлер изоляторында» ұстады.

1-жүргізуші: Гулдана : Көрініс: «Қайраттың тұтқындалуы».

(Қайғырған музыка журіп түрады)

Ақтық сөзі:
Жалалы боп, қатты батты жаныма,
Жазалаушы қағаз алдым қолыма
Жігіттер ай, айтып айтпай не керек
Жазған екен маңдайыма сорыма,
Біріншіден мен анамды сағындым,
Екіншіден бұл құдайға не қылдым
Бостандықта еркін жүрген жан едім
Енді міне абақтыға жабылдым,
Әкетай ау Пайғамбардай жасың бар
Туа бермес сіз секілді асылдар
Қартайғанда жүрегіңізді жаралап,
Кесір болды ай біз секілді масылдар.
Айналайын, қарындасым, қарағым,
Қолда кісен, мен айдауға барамын.
Қайғы шегіп, азап тартқан ағаңды,
Айтшы жаным, қандай жанға баладың.
Айналайын, інішегім, құлыным,
Сені ойласам үзіледі жұлыным.
Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай,
Кетіп барам мен айдауға құлыным.
Айналайын ағалар мен жеңгелер,
Сіздерге кім бұл өмірде тең келер.
Сүмірейіп сот алдында отырған,
Бауырыңды енді кімдер ескерер.
Өздеріңе аман — саулық тілеймін,
Өздеріңмен бірге болсын тілегім
Өздеріңе тіл қата алмай достарым,
Қайғы мұңлы өмірімді бастады.
Күнәдан таза басым бар,
21-де жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар
Алам десең алыңдар!
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар,
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар!

2-жүргізуші: Гулдана:
Желтоқсанда құрбан болған Ләззат апамыз тірі болса, ол бәлкім былай айтарма
еді?

1-жүргізуші: Саят: Міне, осы тәуелсіздіктің туын желбіреткен ұлтжанды аға-
апаларымыздың арқасында егеменді ел болуға қол жеткіздік.

2-жүргізуші: Гулдана: Осымен Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Ар намысым,
қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан!» — атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.
Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көптен-көп рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – желтоқсан
Ар-намысым, қасіретім, мақтанышым - желтоқсан жайлы ақпарат
Желтоқсан - қасіретім, ар намысым, мақтанышым
Қайрат Рысқұлбеков қазақ хаһарманы
Тәуелсіздік монументі
Ата - аналармен серіктестікте жұмыс жасау тәжірибемнен
"тәуелсіздік - тірегім" сынып сағаты 7 сынып
Елбасы ел қалауы-тірегіміз
Мұхтар шаханов. «отырар»поэмасы. «төрт ана». «желтоқсан тағылымы». 5-сынып
Оқушылар үнтаспаға қосылып Атамекен әнін айту
Пәндер