Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Желтоқсан ызғары
ОҚО, Түркістан қаласы
<<Түркістан>> көпсалалы медицина колледжінің физика және информатика пәнінің оқытушысы Рысбекова Гүлмира Шамшидинқанқызы
16 желтоқсан - Тәуелсіздіктің 22 жылдығына орай
<<Тәуелсіздіктің қасиетті белгілері>> атты еске алу кездесу кеші.
Тақырыбы: Тәуелсіздіктің қасиетті белгілері.
Өтетін күні: 2013 жыл желтоқсанның 12-і күні
Өтетін орны: Колледждің данқ залы
Тәрбие сағатының мақсаты: 1986 жылы желтоқсан оқиғасын оқушыларға таныстыру. Желтоқсан оқиғасының неден бастау алып, оның не себепті қанды оқиғаға ұласқанын ашып көрсету. Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, отаншылдыққа, елжандылыққа, еліміздің Рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Кітап көрмесі. Түрлі қанатты сөздер. <<Желтоқсан ызғары - жүректерде із қалды>>, <<Желтоқсан желі ызғарлы>>, <<16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні>>, <<Тәуелсіздік>> монументінің, Желтоқсан құрбандарының суреттері, <<Қайсар рухты Қайрат>> бүктемесі.
Жүргізушілері: К-103 топ студенттері Иса Ақбота мен Тоқберген Азиза.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, студенттер, қадірлі қонақтар! Біз бүгін дүниені дүр сілкіндірген тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған <<Тәуелсіздіктің қасиетті белгілері>> атты кездесу кешін ашық деп жариялаймыз. Қазақстан гимні орындалсын!
Жүргізуші: Сіздерді келе жатқан 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн - біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін бұдан 22 жыл бұрын жариялаған болатын. Бұл мереке күнтізбеде <<Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы>> Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтілді.
1-жүргізуші: Ән. <<Атамекен>> Үсейнова Ақмарал
1-жүргізуші: 1986 жылғы Қазақстандағы он алтыншы желтоқсан оқиғасы қайта кіру дәуіріндегі Демократияның ең алғашқы көрінісі еді. Бұрын-соңды Қазақстанда болып көрмеген Колбинді Қазақстанның бірінші басшысы етіп
18 минут ішінде сайлады. Оған бүкіл қазақ жастары қарсы болды. Кешегі Кеңес одағы кезінде Қазақстанда бірінші хатшы болған 20 адам болса, оның үшеуі-ақ қазақ еді. Сондықтан қазақ жастары ұлттық құқықты көкседі. Олар: <<Мейлі бірінші хатшы қазақ болмай-ақ қойсын, келіселік, бірақ ол Қазақстанның толғақты мәселелерін білетін, осында туып өскен адам болсын>>,-деп, Демиденко мен Морозовты ұсынды. Бірақ олардың ұсынысы қабылданбады. Нәтижеде 16-желтоқсандағы қанды оқиға болды. 8500 адам заңсыз ұсталды, 1722 кісі жеңіл және ауыр жарақат алды.
2-жүргізуші: Бозбала мен қыздарды 20 градустық аязда суық жерге жатқызып қорлады, қыздарды бұрымынан сүйреп, өлімші етіп соққылады. Үскірік атқан суықта мұздай су шашты. Өзге ұлт өкілдерін қазақ жастарының ерелуіліне қарсы қойды.
Юлдыз: Желтоқсанның күні қандай ызғарлы,
Жүректерде жазылмайтын сыз қалды.
От боп жанған қазағымның жастары,
Жалынымен ерітіпті мұздарды.
Айгерім: Сол мұздарда жанды алау өшпейтін,
Еркіндікті қашанда ел көксейтін.
Қаныменен тарихтарда жазылып,
Қайраттардың аты қалды сөнбейтін.
Жадыра: 1986 жыл 16-желтоқсан. Ақ қар. Көк мұз. Қысқы жасын. Ағаш біткен сілкініп, балаң талдар солқылдап, жас шыбықтар майысып құлап қалды.
Айгерім. :
Желтоқсанда,
Алматыда,
Алма бақтар ақ қырауға батқанда
Жайдың оты жалаң қақты шатқалда!
Аппақ қала, Аппақ ғалам, О, тоба!
Найзағайлар қар жалап тұр жотада,
Бұлтты иітіп боздайды боз шынарлар,
Бұйдаланған ұқсап жетім ботаға.
Шахло:
Кім көріпті о заман да, бұл заман,
Найзағайды көк аязға құлаған.
Кеуделерде үрей-бөрі ұлиды,
<<Болсайшы аман, мына ғалам дін аман!>>
Маржан:
Құдіретті жаратылыстың күңіренісі...
Желтоқсанның 16.17.18.Сұмдық оқиғалар,
<<Ашыды жан!
Тасыды қан!
Араша!
Ит қосатын құлдың ұлы деймісің
Айбыны асқан алты алаштың баласы!>>
Ақбота:
Бұл алаңда бір ұрпақтың қаны бар,
Ей болашақ!
Сен бұл жерді танып ал,
Үміт-жіпке қолын созған өркеннің
Ерте үзілген өмірі бар, жаны бар.
Айтам деген,
Айтылмаған әні бар.
Біліп жүргін,
Тағзым еткен соларға,
Кінәсізді кінәлауға бола ма!?
Айгерім:
Бәрінің де көңілдері пәк еді,
Адал еді, сенгіш еді қоғамға.
Кілең жастар,
Кілең өрімталдарым,
Қапысызда қатігезді қармадың!
Әділеттік аспанына қол созып.
Сол күндері алаулады арманың
Сол күндері халық арын арладың!
Ұлпан:
Таңғажайып атың да дәл табылды,
Табылды да талай жұртқа танылды.
Қазақ елі көкке жетті көк туың,
Сен-тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі.
Лаура:
Ертеңіңе бұрғаныңды бетіңді,
Ұлы ерлікке буған белің бекінді.
Тәуелсіздік хабаршысы желтоқсан,
Тарихыңның жаңа беті секілді.
Хилола:
Тәуелсіздік! Балалардың ұраны,
Бейуақытта, бойға таққан тұмары.
Тәуелсіздік! Түнектерде тұншығып,
Ызғар ұрып жанбай қалған шырағы.
1-жүргізуші: <<Желтоқсан желі>> орындайтын хор
2 жүргізуші: би <<Қазақша>> орындайтын К-103 тобының қыздары.
Ақмарал:
Жас арудың жанарында-желтоқсан,
Қанды ғасыр табаныңда-желтоқсан,
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында-желтоқсан.
Жауыздықты жақтағанды да-желтоқсан,
Жаңа ғұмыр бастаған да-желтоқсан,
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Аббақтыға тастаған да-желтоқсан.
Намысымның шырағы да-желтоқсан.
Сұрқай өмір сынағы да-желтоқсан,
Жігіттіктің өмірі де-желтоқсан,
Жаңа күннің шуағы да-желтоқсан
Жалын жүрек жанып тұрды мұздарда,
Қарсы келіп қаhарлы қыс ызғарға,
Түн түнеріп тұңғиыққа батқанда,
Намыс туын көтеріпті қыздар да.
1-жүргізуші:
Шағын көрініс. Желтоқсан оқиғасы кезінде қайғылы қазаға ұшыраған он алты жасар Ләззат Асанова жайында. Газеттердегі кейбір мәліметтерге сүйене отырып жазылған.
жүргізуші: би <<Қамажай>> орындайтын Мыңбай Лаура
2-жүргізуші:
Арада қанша жылдар өтті. Қаралы күннің қасіреті алыстап, егемендік алған еліміздің қөқшіл жалауы желбіреп, биіктей түсті. Ия, Тәуелсіздік шыңы бізге оңай келмеді! Қайраттай қайратты жастардың қанымен, Ләззаттай албырт арулардың үнімен, боздаған жоқтаған қасіретті ананың зарымен, ұландарына ақ тілек айтқан бабалардың батасымен келді! Желтоқсанда опат болған боздақтарымыз тірі болғанда, отыз бес пен қырықтың арасындағы қылшылдаған азамат болар еді. Біз бүгін сіздердің рухтарыңызға бас иеміз асыл аға-әпкелер! (осы кезде Ләззаттың елесі пайда болып үн қатады).
1-жүргізуші: 1986 жылғы 16 желтоқсанда бүкіл жастары тотаритарлық режимге ашық қарсылық көрсетті. Міне, осындай ұмытылмас оқиғадан бері 27 жыл өтті. Өмір-өзен толқындары сол кезден бізді алыстатып бара жатса да жүрегімізде мәңгі ұмытылмас бір нәрсе қалды. Ол дүниені дүр сілкіндірген қазақ қыздары мен ұлдарының рухына, ерлігіне деген тағзым, құрмет. Ендеше сол желтоқсан оқиғаларындағы боздақтардың рухын еске алайық (1 минут үнсіздік).
2-жүргізуші: Президенттің жарлығымен 1996 жылы 9 желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке "Халық қаһарманы" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен "Алтын жұлдыз" тапсырылды. Сабира, Ләззат, Ерболға "Ақтау жөніндегі анықтама" қағаздары берілді. Халқымыздың егемендігі жолында құрбан болғандарын дәлелдеп, оларды ақтау үшін барынша күрескен қайсар азаматтарымыз: Мұхтар Шаханов, Хасен Қожа-Ахмет сынды ағаларымыз көп еңбек етті.
1-жүргізуші: Ел тәуелсіздігінің 22 жылдығы құтты болсын! Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар.Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.
Міне содан бері 22 жыл! Елімізде тек бейбітшілік,ынтымақтастық болсын.
Ән <<Жаса Қазақстан>> Асқар Ақбота.
1-жүргізуші: Бүгінгі кешіміздің қонағы халықаралық республикалық термешілер сайысының жеңімпазы, Бүкілодақтық халық шығармашылығы фестивалінің лауреаты, <<Алтын домбыра>> иегері, Желтоқсан оқиғасы қаһармандарының бірі, республикаға танымал әнші - термеші, Саз-өнер мектебінің жоғарғы санатты ұстазы Алдашүкірова Әлия Оразбекқызы.
Әлия апай, сол күндерден бір естелік айтып берсеңіз. Желтоқсан көтерілісіне қалай тап болдыңыз?
Әлия Оразбекқызының әңгімесінен студент жастар желтоқсан оқиғасы кезінде болған не бір қиын сәттерді қазақ жастарының бастарынан өткізгендіктерін тыңдап , біліп отырды . Тәуелсіздіктің оңай келмегендігін айтып берді. Жастарды тәуелсіздігімізді құрметтеп қастерлеуге шақырды. Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн - біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке деп айтып кетті. Міне, осындай ұмытылмас оқиғадан бері 27 жыл өтті. Өмір-өзен толқындары сол кезден бізді алыстатып бара жатса да жүрегімізде мәңгі ұмытылмас бір нәрсе қалды. Ол дүниені дүр сілкіндірген қазақ қыздары мен ұлдарының рухына, ерлігіне деген тағзым, құрмет мәңгі болып қалады деді.
Кездесу барысында желтоқсан оқиғасы кезінде Тәуелсіздік үшін өз өмірлерін құрбан еткен қазақ жастарына тағзым етіп бір минут үнсіздік жарияланды . Әлия Оразбекқызы желтоқсан оқиғасынан туындаған өзінің <<Желтоқсан ызғары >>атты әнін орындап берді .
2-жүргізуші: Осымен бүгін желтоқсан оқиғасына арналған <<Тәуелсіздіктің қасиетті белгілері>> атты кешімізді қорытындылай келе сөз кезегін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Баратова Е.Е., әдіскер К.Мейірмановаға, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.А.Қалдарбековаға беріледі.
Келгендеріңізге көп рахмет! Сау болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz