8-9 сыныпқа арналған массалық қатыстар, тығыздық және жану өнімдері бойынша химиялық формулаларды анықтау есептері

Заттың химиялық формуласын анықтауға есептер

8, 9 сынып

І. Құрамындағы элементтердің массалық қатынастары бойынша қосылыстың формуласын анықтау Құрамында фосфор мен оттектің массалық қатынасы 31 : 40 болып келетін заттың молекулалық формуласын анықтаңыздар. Берілгені:

m (Р) : m (О) = 31 : 40

Т/к Р х О у

Шешуі:

1) Фосфор мен оттегінің мольдік массалары: М (Р) = 31 г/моль

М (О) = 16 г/моль

2) Зат құрамына кіретін элементтердің атом сандарының қатынасын табамыз: Индекстерді х пен у арқылы белгілеп, заттың формуласын Р х О у деп жазамыз.

Зат құрамының тұрақтылық заңы бойынша:

31х : 40у =3 : 1 тең болады.

31 40

Бұдан х : у = : = 1 : 2, 5 = 2 : 5

31 16

х = 2, у = 5

Яғни, заттың формуласы Р 2 О 5

Жауабы: Р 2 О 5.

ІІ. Құрамындағы химиялық элементтердің массалық үлестері мен тығыздығы бойынша заттың химиялық формуласын табу. Азот пен сутегінен тұратын қосылыстың құрамында 12, 5 % сутек бар. Сутегі бойынша салыстырмалы тығыздығы 16-ға тең. Қосылыстың қарапайым формуласын анықтаңыздар. Берілгені:

ω (Н) = 12, 5 %

Д Н2 = 16

Т/к N х Н у

Шешуі:

1-әдіс.

1) Берілген заттың құрамы 100 % . Қосылыстағы азоттың мөлшерін есептейміз:

100 - 12, 5 = 87, 5 % Берілген заттың 100 г үлгісін қарастырамыз. Ондағы азот пен сутектің массалары олардың массалық үлестеріне тең болады. m (N) = 87, 5 г m (Н) = 12, 5 г 2) Зат құрамындағы элементтердің әрқайсысының зат мөлшерлерін табамыз:

m (N) 87, 5

http://him.1september.ru/2009/15/nu.gif = = = 6, 25 моль

М (N) 14

m (Н) 12, 5

http://him.1september.ru/2009/15/nu.gif = = = 12, 5 моль

М (Н) 1

3) Заттың эмприкалық формуласындағы индекстер осы заттың құрамына кіретін атомдардың зат мөлшерлерінің қатынастарын көрсетеді. Табылған сандарды бүтін сандарға айналдырамыз:

http://him.1september.ru/2009/15/nu.gif (N) : http://him.1september.ru/2009/15/nu.gif (Н) = 6, 25 : 12, 5 = 1 : 2 х = 1, у = 2 NН 2

М (NН 2 ) = 14 + 2 = 16

4) Есептің шартын қанағаттандыратын заттың формуласын табу үшін оның сутегі бойынша салыстырмалы тығыздығы арқылы мольдік массасын есептейміз:

М= М Н2 • Д Н2 = 2•16 = 32 г/моль

5) Заттың молекулалық массасы есептеп тапқан қарапайым формулаға сәйкес (NН 2 ) молекулалық массадан екі есе көп. Демек, заттың қарапайым формуласы N 2 Н 4 2-әдіс.

1) Салыстырмалы тығыздық арқылы заттың молярлық массасын табамыз:

М = М Н2 •Д Н2 =2•16 = 32 г/моль

2) Массалық үлестерді пайдаланып, табылған жалпы массаның құрамындағы азот пен сутектің массаларын есептейміз:

100 г заттың құрамында 87, 5 г азот болса,

32 г заттың құрамында х г азот бар.

87, 5 • 32

х = = 28 г (азот)

100

100 г заттың құрамында 12, 5 г сутек болса,

32 г заттың құрамында х г сутек бар.

12, 5 • 32

х = = 4 г (сутек)

100

3) Табылған массалар бойынша заттың құрамындағы азот пен сутектің зат мөлшерін есептейміз:

M (N) 28

http://him.1september.ru/2009/15/nu.gif = = = 2 моль

М (N) 14

m (Н) 4

http://him.1september.ru/2009/15/nu.gif = = = 4 моль

М (Н) 1

Анықтап отырған көмірсутек құрамына 2 моль азот және 4 моль сутек кірсе, оның қарапайым формуласы N 2 Н 4 болады.

Жауабы: N 2 Н 4.

ІІІ. Кристаллогидраттың формуласын анықтау Құрамында 45, 32 % су бар темір (ІІ) сульфатының кристаллогидратының формуласын анықтаңыздар. Берілгені: ω (Н 2 О) = 45, 32 % Т/к FeSO 4 • хН 2 О Шешуі: 1-әдіс. 1) Темір (ІІ) сульфатының мольдік массасы: М (FeSO 4 ) = 56 + 32 + 16• 4 = 152 г/моль 2) Судың массалық үлесін есептейміз: Кристаллогидратының формуласы FeSO 4 • хН 2 О. Оның бір мольінің массасы 152 + 18 • х және құрамында 18 x г су бар. ω(Н 2 О) = 18 x / (152+18 x) = 0, 4532, бұдан х = 7. 2-әдіс. 1) Кристаллогидраттағы тұздың массалық үлесін есептейміз: 100% - 45, 32% = 54, 68 %. 2) Кристаллогидраттың молярлық массасы: Бір моль кристаллогидраттың 54, 68 % сусыз тұз құрайды, оның массасы 152 г. Демек, кристаллогидраттың молярлық массасы: M(FeSО 4 •х Н 2 О) = 152 / 0, 5468 = 278 г/моль, бұдан х = 7.

Жауабы: FеSО 4 •7Н 2 О.

Литий хлоридінен алынған кристаллогидраттың құрамында 7, 19 % литий бар екендігі химиялық талдау арқылы анықталды. Алынған кристаллогидраттың формуласын анықтаңыздар. Берілгені:

ω (Li) = 7, 19 %

Т/к LiCI • х Н 2 О

Шешуі: 1) Литий мен литий хлоридінің молярлық массалары: М(LiCI) = 6, 9 + 35, 5 = 42, 4 г/моль А r (Li) = 6, 9 2) Кристаллогидраттың құрамындағы судың моль санын есептейміз:

Кристаллогидраттың құрамындағы су - х моль 7, 19 % 6, 9 г сәйкес келеді 100 % (42, 4 + 18 •х) г

6, 9 •100

(42, 4 + 18•х) г =

7, 19

42, 4 + 18•х = 96 18•х = 53, 6 х = 3 Жауабы: LiCI •3Н 2 О.

ІV. Жану өнімдері бойынша бастапқы заттың формуласын анықтау Сутегі бойынша тығыздығы 30 - ға тең массасы 6, 0 г органикалық зат толық жанғанда 8, 8 г көміртегі (ІV ) оксиді мен 3, 6 г су түзілді. Органикалық заттың молекулалық формуласын табыңыздар. Берілгені:

m (CO 2 ) = 8, 8 г

m (Н 2 O) = 3, 6 г

Д Н2 = 30

Т/к С х Н у О z

Шешуі: 1- әдіс.

1) Органикалық заттың сутегі бойынша салыстырмалы тығыздығы арқылы мольдік массасын есептейміз:

М= М Н2 •Д Н2 = 2• 30 = 60 г/моль

2) Реакция теңдеуінің сызбанұсқасын жазамыз:

C x H y O z + O 2 = CO 2 + H 2 O,

3) Берілген заттардың массалары бойынша зат мөлшерін есептейміз:

m (CO 2 ) 8, 8

http://him.1september.ru/2009/15/nu.gif (CO 2 ) = = = 0, 2 моль

М(CO 2 ) 44

m(Н 2 O) 3, 6

http://him.1september.ru/2009/15/nu.gif 2 O) = = = 0, 2 моль

М (Н 2 O) 18

m (С х Н у О z ) 6

http://him.1september.ru/2009/15/nu.gif х Н у О z ) = = = 0, 1 моль

М (С х Н у О z ) 60

Органикалық зат мөлшерін 1 мольге келтіреміз, яғни 10-ға көбейтеміз:

http://him.1september.ru/2009/15/nu.gif (CO 2 ) = 0, 2моль •10 = 2 моль

http://him.1september.ru/2009/15/nu.gif 2 O) = 0, 2моль •10 = 2 моль

http://him.1september.ru/2009/15/nu.gif х Н у О z ) = 0, 1 моль•10 = 1 моль

Органикалық заттың формуласы C 2 H 4 Oz болады. Молекулады оттегінің атом санын есептейміз: 60 - 28 = 32 Демек, органикалық заттың құрамында оттегінің екі атомы бар.

Заттың формуласы C 2 H 4 O 2 2- әдіс.

1) 8, 8 г көміртегі (ІV ) оксидінің құрамындағы көміртектің массасы:

44 г CO 2 12 г C х г болса,

8, 8 г CO 2 х г С болады.

8, 8 • 12

х = = 2, 4 г (көміртек)

44

2) 3, 6 г су құрамындағы сутектің массасы:

18 г Н 2 O 2 г Н х г болса,

3, 6 г Н 2 O у г Н болады.

3, 6 • 2

у = = 0, 4 г (сутек )

18

2, 4 г + 0, 4 г = 2, 8 г

3) Жанған заттың құрамындағы оттегінің массасы :

6, 0 г - 2, 8 г = 3, 2 г

4) Берілген көмірсутектің молекулалақ формуласын С х Н у О z деп жазамыз. Мұндағы х, у, z 1 моль зат құрамындағы С, Н, О -нің моль сандары. Зат құрамындағы х, у, z қатынастарын көміртек, сутегі және оттегінің массаларын олардың мольдік массаларына бөліп табамыз:

2, 4 0, 4 2, 8

х : у : z = : : = 0, 2 : 0, 4 : 0, 17 = 1 : 2 : 1 СН 2 О

12 1 16

М r (СН 2 О) = 30

5) Сутегі бойынша берілген салыстырмалы тығыздығы арқылы көмірсутектің салыстырмалы молекулалық массасын тауып аламыз: М r ( көмірсутек) = М r •D H2 = 30 • 2 = 60 яғни, көмірсутектің молекулалық формуласы C 2 H 4 O 2


Ұқсас жұмыстар
Жанғыштық талдауға, массалық үлес пен тығыздыққа негізделген химиялық формулаларды анықтау әдістері мен есептері
Химия (10-сынып): құрамындағы элементтердің массалық үлесі бойынша эмпирикалық және молекулалық формулаларды құрастыруға арналған қысқа мерзімді жоспар
Оттектің химиялық қасиеттері және жану процестері
Оттегінің физикалық және химиялық қасиеттері, жану мен тотығу реакциялары
9-сынып химия пәні бойынша мемлекеттік аттестаттау материалдары: 25 билеттің тақырыптары мен есептері
Газдардың молярлық көлемі және Авогадро заңы: тығыздық, қатыстық тығыздық пен көлемдік есептер
Отынның энергиясы және меншікті жану жылуы: 8-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
8-сыныпқа арналған Химиялық есептер шығарудың тиімді тәсілдері - арнайы бағдарлы курс жоспары
8-сынып: Химиялық формулалар бойынша есептеу дағдыларын жүйелеу
Химиялық формулалар, атомдық валенттілік және зат құрамының тұрақтылық заңы: молекулалық масса (Mr) мен массалық үлестерді есептеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz