Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Жаңаша мектепке – қазіргі заман мұғалімі
Талдықорған қаласы
№2 орта мектебінің биология пән мұғалімі
Омирова Нургуль Имангаливна
Жаңаша мектепке – қазіргі заман мұғалімі
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті,
шеберлікті, мейрімділікті қажет ететін ұстаздық мамандық. Олай дейтін
себебім , мұғалім үнемі шәкірттерімен бірге болып, білсем, үйретсем деген
бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.
Бүгінгі ұстаз шәкірттеріне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қоймай, қатаң
бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеу керек. Ол нағыз ұстаздың ғана
қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу – әр мұғалімнің
борышы деп едім. Ол – өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін
шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны
небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тиігізді.
Нәтижесінде бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады.
Ұстаздарымның сусындатқан білімінің арқасында, мен де арман
жетегінде жүріп, Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Жетісу
мемлекеттік университетін 2006 жылы тәмандадым. Өзім білім алған Алакөл
ауданы Қабанбай ауылы №2 Қабанбай орта мектепбінде алғаш жас маман
қатарында еңбек жолымды бастадым. Келген сәттен ұлы философ Сенеканың
«Басқаларды үйрете отырып, біз, өзіміз де үйренеміз» деген дана сөзін
өмірлік ұстаным етіп алдым. Осы жылдар аралығында өзім де, оқушыларым да
жақсы көрсеткіштер көрсетті. Атап айтсам: Аудандық пән олимпиадасында 2008-
2013 оқу жылында жүлделі орынға ие болды.
Күн сайын, ай сайын, жыл сайын ұстаздық тәжірбием молая
түскендей. Бірақ сабақ беру әдісімді өзгертсем деген толғаныста жүрдім.
Осыған орай Алматы қаласының «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық
орталығында мұғалімнің біліктілігін арттыруға арналған 3 айлық курстан
өттім. Онда 7 модульдің техналогиясын қыр сырын толық меңгердім. Бұрынғы
сабақтарымда басты тұлға мұғалімге, ол оқушы тек тыңдаушы, қабылдаушы
болатын. Оқушылар бұндай сабақтардың бірізділігінен жолығып, көздері
мұғалімде болғанымен, көңілдері басқа жақта болатын. Маған бұл курстың
сабақ беру әдісі, оқушыны жеке тұға ретінде қарап, өзгеріп ұстазбен тең
сезінуге ешнәрседен тартыншақтанбауға, өз ойларын еркін жеткізуге,
дарындылық, көшбасшылық қасиеттерді анықтауға үйрететін тағы басқа әдіс-
тәсілдері ұнады. Үлкен серпінмен мектебіме оралдым. Әр сабағымда басты
тұлға-оқушы екенін, мен тек модератор (бағыттаушы) болатынымды естен
шығармауға тырыстым. Сабағымда оқытудың жаңа техналогиялық стратегияны
қолдану барысында, оқушының өзін-өзі бағалау, бақылау, сөйлеу, тыңдау
қабілеттерінің артқанын байқадым. Оқыған курсым оқушы негізгі ой шығарушы
екенін дәлелдеді.
Егеменді еліміздің болашағы алдымызда білім алып отырған жастар емес
пе? Елбасымыз: «Біз білім – ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз
мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептер, ал Қазақстан үшін ауыл
мектебінен басталады» - , деген болатын.
Ендеше, ой-өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар,
зерделі азаматты тәрбиелеу әр мұғалімнің міндеті. Осы тұста ұлы Абайдың:
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегін кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға – , деген өлең жолдары еріксіз ойыма оралады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz