Сабақ жоспары :: Информатика
Файл қосу
Мәтіндік редактордың графикалық мүмкіндіктері.8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік редактордың графикалық мүмкіндіктері.
Гиперсілтеме құру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Мәтіндік редактордың графикалық мүмкіндіктерімен жұмыс жасай
білуді, сурет енгізуді, фигуралық мәтін енгізуді және т.б жұмыстарды жасап
үйренге баулу;
Дамытушылық: Оқушыларды Word редакторымен жұмыс жасау барысында ойлау,
есте сақтау қабілеттерін арттыру және жұмыс жасай білуге дағдыландыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды жеке тұлға ретінде бойында адамгершілік қасиетті
қалыптастыру;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, топпен жұмыс;
Қолданылатын жаңа технология түрі: сыни тұрғысынан ойлауды дамыту
технологиясы;
Қолданылатын жаңа технологияның мақсаты:
1. Оқушыларды ізденушілікке бағыттау;
2. Оқушылардың тақырып туралы алдын – ала материалдар іздеуі;
3. Тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды топтасып жасауы;
4. Көрнекі құралдарды қорғай білуі;
5. Туындаған сұрақтарды ұстазға көрсету;
Қолданылатын жаңа технологияның ерекшелілігі:
1. Оқушылардың бір –бірімен тіл табысуын қалыптастыру;
2. Топпен жұмыс істеуге дағдыландыру;
3. Жеке дара шығармашылыққа бағыттау;
4. Жеке тұлға ретінде бойында адамгершілік қасиетті қалыптастыру;
5. Өзара қарым- қатынасты жақсарту;
Пәнаралық байланыс: математика, алгоритмдеу, трпо, интернетте программалау.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, үлестірмелі парақтар, слайд,
видео жазбалар;
Сабақтың мазмұны
Сабақтың өту барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
✓ Сәлемдесу;
✓ Оқушыларды тізім бойынша тексеру;
✓ Оқушылардың сабаққа дайындалуы;
II. Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасын тексеру кезінде оқушылар «қилы сұрақтар» кезеңі бойынша
сұрақтарға жауап беруі керек.
ҚИЛЫ СҰРАҚТАР
1. Word бағдарламасын іске қоске жолдары?
2. WORD редакторында мәтін ішінде Shіft пернесі басулы тұрғанда тышқан
курсорын жылжыту кезінде қандай өзгеріс болады?
3. . Word-та бір сөзді басқа бір сөзбен алмастыру үшін мынадай команда
қолданылады?
4. Word бағдарламасының терезе құрылымы?
5. Құжатты баспаға шығару қалай іске асады?
6. Құжатты қалай сақтаймыз?
7. кестеге бос жол қосу қалай жүзеге асады?
8. құжатты альбомдық түрге ауыстыру үшін не істейміз?
9. құжат бетінің түсін қалай өзгертеміз?
10. WORD редакторында кесте құру жолдары?
11. Жылдам пернелерді ата және оның қызметі?
12. Басты менюдағы лента аттары?
III. Жаңа сабақты түсіндіру
3.1. Жаңа сабаққа пайдаланған технология бойынша мына сұрақтарды қамтуы
тиіс:
1. Мен нені білемін?
2. Мен нені білдім?
3. Мен нені білуім керек?
3.1.1. Мен нені білемін кезеңі бойынша мына сұрақтар қамтылуы тиіс және
осы сұрақтарды оқушылардың өздерінің жауап беруі керек:
1. Word мәтіндік редакторының негізгі мүмкіншіліктері?
2. Word мәтіндік редакторында кесте құру жолдары?
3. Мәтіндік редакторы және процессор?
4. Күрделі құрылымды құжаттар мен Web құжаттарды құру?
5. Құжаттарды форматтау. Құжатты баспаға шығаруды баптау?
Теориялық бөлім
Мәтіндік редактордың графикалық мүмкіндіктері:
1. Мәтін ішінде кез келген суреттер мен кескіндерді қоюға;
2. Басқа бағдарламалар ортасынан суреттерді импорттауға;
3. Clipart коллекциясынан суреттерді алып орналастыруға;
4. Қалауыңыз бойынша сурет салуға;
Word ортасында сурет салу жолдары:
1- Ші жол.
Вид - Панель инструментов командасын таңдап, Рисование менюіне белгі қою.
Сурет1. Сурет салуды ұйымдастыру
2- ші жол. Таспа жолынан вставка (қою)→фигуры (денелер)→қажетті фигураны
таңдау; кез - келген денені таңдап алып қалаған суретті салуға
болады.
[pic]
Суре2. фигуралардың түрлері
Мысал1.
Сурет3. Дайын фигуралармен салынған кескін
Графиктік объектінің оны қоршаған мәтінмен өзара қарым қатынасы.
Суретті енгізер алдында оның мәнімен қарым-қатынасын сипаттап алу
керек. Ол үшін Объектіні пішімдеу (Формат объекта) сұхбат терезесінің
Жағдай (Положение) қыстырмасында орналасқан құралдарды пайдаланамыз:
❖ Мәтінде (в тексте) нұсқасын өлшемдері кішірек, мәтіннің символдарына
шамалас графиктік объектілерге қолданылады. Бұл жағдайда объект
мәтіндік жолға графиктік символ ретінде енгізіліп, бұдан былай
мәтінмен бірге жылжып отырады.
❖ Қоршаудың айналасында (вокруг рамки) нұсқасында мәтін сурет
айналасындағы жорамал қоршауды айнала орналасады;
❖ Контур бойымен (по контуру) нұсқасының өзгешелігі мұнда жорамал
қоршау жүргізілмейді, мәтін суреттің контурын бойлай орналасады;
❖ Мәтіннің алдында (перед текстом) нұсқасында мәтін мен сурет әр
түрлі қабаттарда орналасады: мәтін астында ал сурет үстінде.
❖ Мәтіннің артында (за текстом) нұсқасында да мәтін мен сурет әр
түрлі қабаттарда орналасады: сурет астында, мәтін үстінде.
Суреттердің бір-бірімен қарым-қатынасы
Егер бір бетте бірнеше графиктік объектілер орналасса онда олар
өзара байланыста болады. Бұлардың қарым-қатынасын басқаруға болады. Бұл
объектілерге бірін-бірі бүркелемеуге рұқсат етілген бе?, жоқ па?, деген
сұрақ туындайды. Егер рұқсат ететін болсақ, онда Объектіні пішімдеу
(Жағдай(Қосымша(Объектінің жағдайы жалаушасын орнатуымыз қажет. Объектінің
өзара орналасуын басқару үшін келесідей амалдар орындалады:
➢ Топтастыру;
➢ Орналасу ретін көрсету;
➢ Туралау;
➢ Орналастыру.
Егер бір бетте бірнеше объекті берілсе, оларды топтастыру амалының
көмегімен бір топқа біріктіреді де, содан соң қарапайым объектіні
баптағандай баптайды. Бірнеше объектіні топтастыру үшін оларды ерекшелеп
алу керек (бірнеше объектіні ерекшелеуді Shift пернесі басулы күйде
орындайды). Кез-келген объектінің жанама менюінен Топтастыру( Топтау
командасын таңдап алады.
[pic]
Сурет4. Суреттерді топтастыру үлгісі
Топтастырылған соң оларды тұтас объекті ретінде сүйеуге болады.
Егер объектілер тобына жаңа объект қосу қажеттігі туса, онда
объектілер тобын ерекшелеп алып Топтастыру(Қайта топтау командасын таңдап
алады.
Егер бір бетте бірнеше объекті берілсе, онда олардың әрқайсысы әр
түрлі қабаттарда орналасқан деп саналады. Объектілердің орналасу реті
олардың құрылу ретіне тікелей байланысты. Бұрынырақ құрылған объектілер
кейін құрылған объектілерге қарағанда төменгі қабаттарда орналасады.
Егер объектілер бірін-бірі бүркемелемесе, олардың орналасу реті
байқалмайды. Орналасу реті тек олар бірін-бірі бүркемелегенде ғана
көрінеді. Объектілердің орналасу ретін олардың жанама менюіндегі Рет
командасының көмегімен басқарады. Мұнда орналасқан құралдардың көмегімен
объектіні бір қабат төмен немесе бір қабат жоғары, алдыңғы қатарға немесе
кейін қарай шығаруға болады.
[pic]
Сурет5. Суреттерді ретке келтіру үлгісі
Егер объектілер бірін-бірі бүркемелемесе, онда оларды өзара туралау
құралы қажет болады. Объектілерді туралауды оларды топтастырмастан бұрын
орындайды. Туралау амалына арналған құралдар меню жолында да, объектінің
жанама менюінде де жоқ. Объектіні туралау үшін қосымша Сурет салу аспаптар
панелін ашып аламыз (Түр(Аспаптар панелін(Сурет салу)
[pic]
Сурет6. Аспаптар тақтасы
Бірнеше объектілерді туралау үшін Shift пернесін басып тұрып, оларды
ерекшелеп аламыз. Сонан соң Әрекет батырмасының көмегімен
Әрекет(Туралау/орналастыру командасын орындаймыз. Туралаудың алты түрлі
әдісі бар.
Оның үшеуі көлденең туралау амалдары:
➢ Сол жақ шетке;
➢ Оң жақ шетке;
➢ Орталыққа.
Үшеуі тігінен түзету амалдары:
➢ Жоғары шетке;
➢ Төменгі шетке;
➢ Ортада.
Объектілерді орналастыру үшін қосымша Сурет салу аспаптар панелін
пайдаланамыз (Түр(Аспаптар панелі(Сурет салу). Орналастыру амалының мақсаты
–объектілер арасында көлденеңінен немесе тігінен бірдей арақашықтық
тағайындау. Соған сәйкес Әрекет(Туралау/Орналастыру команда менюі
Көлденеңінен орналастыру және Тігінен орналастыру деген екі бөлімнен
тұрады.
Word Art нысаны
Безендірілген тақырыптар даярлау үшін Microsoft Word мәтіндік
процессорының арнаулы Word Art құралы бар. Оны қосу үшін 1- ші жолы. Түр
(Аспаптар панелі ( Word Art (Вид(Панель инструментов( Word Art) командасын
орындайды.
2-ші жолы. Таспа жолынан вставква (қою) ( Word Art командасын
орындаймыз.
Word Art панелін ашып алады. Алдымен кез-келген көркем объектіні құрып,
сонан соң Word Art құралдарының көмегімен редакциялайды.
Мәтіндегі безендірілген тақырыпты ерекшелеп алады немесе оны қолмен
теруге де болады. Сонан соң Word Art объектісін қосу (Добавить объект Word
Art ) батырмасын шертсе, ерекшеленген мәтін Word Art құралына жөнелтіледі,
яғни Word Art жинағы (Коллекция Word Art) сұхбат терезесі ашылады.
Осы терезеден өзіңізге ұнаған безендіру стилін таңдап, ОК батырмасын
шертеміз. Бұдан әрі Word Art мәтінін өзгерту (Изменение текста Word Art)
сұхбат терезесі ашылады.
Осы терезеден өзіңізге ұнаған безендіру стилін таңдап, ОК батырмасын
шертесіз. Бұдан әрі Word Art мәтінін өзгерту (Изменение текста Word Art)
сұхбат терезесі ашылады. Бұл терезеде тақырып мәтінін енгізіп (Егер ол
басында ерекшеленбеген болса), оны өңдеп әріптің өлшемін, жазылу түрін
тағайындаймыз. Параметірлерін енгізіп болған соң ОК батырмасын басыңыз,
көркемделген тақырып құжатқа апарып қойылады. Мысалы,
[pic]
Құжаттың құрамындағы тақырыпты басқару.
Көркемделген тақырыпты құжатқа апарып қойған кезде, алдымен оның орнын
анықтап алу қажет. Word Art аспаптар панеліндегі Word Art объектісін
пішімдеу) (Формат объекта Word Art) батырмасының немесе жанама менюіндегі
осы аттас командасының көмегімен Word Art объектісін пішімдеу сұхбат
терезесі ашылады. Бұл терезеде объектінің басқару элементтері орналасқан.
Алдымен объектінің мәтінмен арақатынасының параметірлері беріледі.
Сонан соң объектінің бетке немесе мәтінге қатысты орны анықталады. Одан
объектінің өлшемдері бапталады.
Құжат құрамындағы Word Art объектісін өңдеу
Объектіні өңдеуге арналған аспаптар Word Art аспаптар панелінде
берілген. Олардың көмегімен келесідей өңдеу жұмыстарын жүргізуге болады:
➢ Тақырып мәтінін өзгерту.
➢ Тақырып пішінін өзгерту.
➢ Безендіру стилін өзгерту.
➢ Объектіні бұру.
➢ Объектінің өзін қоршаған мәтінмен қарым-қатынасының сипаты.
➢ Мәтінді тігінен орналастыру.
➢ Тақырып символдарының арақашықтығын өзгерту.
[pic]
Сурет7. Фигуралардың түрлері
Графиктік объектілер
Microsoft Word құжатына екі түрлі графиктік объектіні орналастыруға
болады: суреттер мен кескінді.
Сурет пен кескін ұғымына қатысты Word мәтіндік процессорының өзіндік
түсініктері берілген.
Сурет ұғымы ретінде векторлық қасиеттері объектілер алынған. Оларға
жататындар түзулер, қисық сызықтар, әртүрлі геометриялық фигуралар. Бұларды
дайындайтын қарапайым құралдар мәтіндік процессордың өзінде бар.
Кескіндер - растрлық объектілер. Растр деп өте ұсақ нүктелер
жиынтығынан тұратын графиктік бейнені айтады. Кітап немесе газет бетіндегі
суреттер растрлар болып табылады. Мәтіндік процессордың растрлар
дайындайтын құралдары жоқ. Олар басқа құралдармен даярланып, сыртқы объект
ретінде енгізіледі.
Құжатқа суреттерді енгізу.
Клипартпен жұмыс істеу. Microsoft Office кестесімен бірге қойылған
қарапайым суреттер жинағын клипарт деп атайды. Мұндай суреттер жинағы жеке
жинақы дискілерге жазылған, оларды Интернеттен де табуға болады.
Клипарттарды құжатқа енгізу үшін таспа жолынан Кірістіру (
Көркемсуреттер командасын қолданады. Көркемсуретті кірістіру сұхбат
терезесі ашылады. Қажетті суретті ерекшелеп алып, клипті қою батырмасын
басу қажет.
[pic] [pic]
Сурет8. Құжатқа суреттерді енгізу
.
Суреттерді дайындау.
Қажет сурет Клипарттың құрамында болмаса, оны Сурет салу аспаптар панелінің
көмегімен дайындауға болады. Мұнда орналасқан автофигуралардың көмегімен
қарапайым суреттер салуға болады.
Кескіндерді құжатқа енгізу.
Растрлық объектілерді құжатқа енгізу үшін Кірістіру( Сурет(Файлдан
командасы орындалады . Осы команда бойынша Суретті қосу сұхбат терезесі
ашылады, сол терезеден дайын суреті бар файлды таңдап алу керек.
[pic] [pic] [pic]
Сурет9. Құжатқа суреттерді енгізу.
[pic]
Мәтін ішінде диаграмма тұрғызу үшін таспа жолынан
[pic] [pic] командасын орындаймыз. Команда орындалғаннан
кейін диаграмма сұхбат терезесі ашылады.
[pic]
Сурет10 Диаграмма сұхбат терезесі
Диаграмманың түрін таңдаймыз. Сол кезде excel кестелік процессоры ашылады.
[pic]
Сурет11. Ашылған процессор
Ашылған процессордан бағандар мен жолдарды толтырып жабамыз. Және төмендегі
график пайда болады:
[pic]
Сурет12. Алынған нәтиже
Гиперсілтеме – бір құжат көлемінде фрагменттен - фрагментке немесе бір
құжаттан екінші бір құжатқа, Интернеттегі Web-беттерге бірден көшіп
отыруды қамтамасыз ететін асты сызылған, басқа түске боялған текст немесе
сурет .
Текст фрагментін гиперсілтеме ретінде пайдалану үшін :
▪ Гиперсілтеме ретінде қолданылатын фрагмент белгіленіп алып,
Стандартная панеліндегі Вставить гиперссылку батырмасы шертіледі;
▪ Пайда болған терезедегі Связать жапсырмасының Новый документ
белгісі шертіледі;
▪ Имя нового документа нұсқауының тұсына сілтеме жасалатын, яғни
гиперссылка қызметін атқарып тұрған фрагментке шерткенде ашылатын
құжаттың немесе файлдың аты (қажет жағдайларда маршрутымен қоса)
жазылады;
▪ ОК батырмасына шертіледі.
IV. Жаңа сабақты бекіту (сұрақ- жауап)
ТЕСТ
1. Word программасы қай нұсқада іске қосылмайды...
A. Бас меню арқылы Пуск-Программы-Mіcrosoft Word;
B. Жұмыс үстелінде Word программасы жарлығын екі шерту;
С. Бас меню арқылы Пуск-Документы жолдарын таңдап, файлдар тізімінен W
белгісі бар қатарда тышқанды екі шерту;
D. Бас меню арқылы Пуск-Программы-Стандартные-Mіcrosoft Word ;
Е. WORD редакторына бұрын дайындалған құжаттың белгішесіне тышқанды
екі шерту.
2. WORD редакторымен жұмысты аяқтау қай нұсқада орындалмай қалады:
A. Файл – Шығу (Выход) меню командаларын таңдау арқылы;
B. редактор терезесінің тақырып жолының оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу
батырмасын Х басу арқылы;
C. тікелей Alt+F4 пернелерін басу арқылы;
D. Файл – Жабу (Закрыть) меню командаларын таңдау арқылы;
E. Тапсырмалар тақтасындағы Word программасы белгісінің жанама менюінен
Закрыть (Жабу)командасын орындау.
3. Егер WORD редакторында мәтін бөлігі ерекшеленіп тұрған мезетте теру
жұмысы орындалса, қандай өзгеріс болады?
A. ерекшеленіп тұрған аймақ автоматты түрде форматталады;
B. ерекшеленіп тұрған аймақ оңға қарай жылжиды;
C. ерекшеленген аймақ солға қарай жылжиды;
D. ерекшеленген аймақ өшіріліп, оның орнына жаңа терілген мәтін жазылады;
E. ешқандай өзгеріс болмайды.
4. WORD редакторында мәтін ішінде Shіft пернесі басулы тұрғанда тышқан
курсорын жылжыту кезінде қандай өзгеріс болады?
A. курсор жүріп өткен аймақ ерекшеленеді;
B. курсор жүріп өткен аймақ өшіріледі;
C. курсор жүріп өткен аймақ автоматты түрде форматталады;
D. аймақтың ерекшеленуі алынады;
E. ерекшеленіп тұрған аймақ оңға қарай жылжиды.
5. WORD редакторында қаріп параметрлерін тағайындау қай нұсқада
орындалмайды:
A. Формат – Қаріп (Шрифт) командасын орындағанда ашылған сұқбат
терезесінде тиісті параметрлерді тағайындау қажет;
B. Форматтау саймандар тақтасындағы батырмалар көмегімен, қаріптің түрін,
көлемін, сызылымын жылдам өзгертуге болады;
C. Абзац – Автоформат командасын орындағанда ашылған сұқбат терезесінде
тиісті параметрлерді тағайындау қажет;
D. CTRL+І және CTRL+B пернелерін басу арқылы қаріптің сызылымын өзгертуге
болады;
E. Жанама менюдегі Қаріп командасын орындағанда ашылған сұқбат
терезеде тиісті параметрлерді тағайындау.
6 . Кесте ұяшықтарын біріктіру әрекеті қай нұсқада орындалмайды?
A. ұяшықтарды ерекшелеп алған соң, Кесте – Ұяшықтарды біріктіру
(Таблица – Объединить ячейки) командасын орындау арқылы;
B. Кестелер мен шекаралар (Таблицы и границы) саймандар тақтасындағы
[pic] өшіргіш батырмасын шертіп, біріктіретін ұяшықтар шекарасын
өшіру арқылы;
C. ұяшықтарды ерекшелеп алған соң, саймандар тақтасындағы [pic]
ұяшықтарды біріктіру батырмасында тышқанды шерту арқылы;
D. Правка–Ұяшықтарды біріктіру (Объединить ячейки) жолында тышқанды
шерту арқылы.
7. Мәтін редакторында жазылған құжатты баспаға қалай шығаруға болады?
(Дұрыс емес нұсқаны көрсетіңіз)
A. Файл – Баспаға шығару (Печать) командасын орындағанда ашылған терезеде
қажетті параметрлерді тағайындау арқылы;
B. Баспаға шығарылатын құжат белгішесін Менің компьютерім немесе Сілтеуіш
терезесінде Принтерлер бумасындағы тиісті принтер белгісіне тышқан
көмегімен жеткізу арқылы;
C. Правка-Печать командасын орындағанда ашылған сұқбат терезеде тиісті
параметрлерді тағайындау;
D. баспаға шығару параметрлері алдын ала тағайындалса, саймандар
тақтасындағы Баспаға шығару (Печать) батырмасында тышқанды шерту;
E. Баспаға шығарылатын құжат ашық тұрған кезде Менің компьютерім немесе
Сілтеуіш терезесінде оның белгішесін Принтерлер бумасындағы тиісті
принтер белгісіне тышқан көмегімен жеткізу арқылы.
8. “Алдын ала көру” режимін іске қосатын батырманы көрсетіңіз:
A. [pic] ;
B. [pic] ;
C. [pic] ;
D. [pic] ;
E. [pic].
9. WORD редакторындағы мәтінді бейнелеу режимдері:
A. кәдімгі , web-құжат, беттерді белгілеу, құрылым (структура);
B. мәтіндік, графикалық;
C. қалыптағы, кеңейтілген, форматтау;
D. стандартты,тураланған, басты құжат;
E. кәдімгі, алдын-ала көру, баспаға жіберу.
10. WORD редакторында Жұмыс алабы (рабочая область) дегеніміз...
A. экранның саймандар тақтасы орналасқан алабы;
B. экранның меню командалары орналасқан алабы;
C. экранның терілген және теріліп жатқан мәтін орналасатын алабы;
D. экрандағы ақпараттық мәлімет беріп тұратын алабы;
E. терезенің басқа түспен ерекшеленіп тұрған жоғарғы жағы.
11. WORD редакторында сақталған файлдың типі қандай болады?
A. *.EXE;
B. *.DOC;
C. *.TXT;
D. *.COM;
E. *.SYS.
12. Қаріп (шрифт) мөлшерін қай батырманың көмегімен өзгертуге болады?
A. 10 ( ;
B. Текст (;
C. Ж ;
D. K;
E. Ч.
13. Word редакторында кесте құру әрекеті қалай орындалады?
A. Таблица–Вставить–Таблица (Кесте–Кірістіру–Кесте) командасын
орындап, жолдар мен бағаналар санын көрсетіп, ОК-ді шерту керек;
B Формат–Графикалық объект командасын орындап, Таблица (Кесте) жолын
шертіп, ОК-ді шерту керек;
C. Окно–Вставить–Таблица (Терезе–Кірістіру–Кесте) командасын орындап,
жолдар мен бағаналар санын көрсетіп, ОК-ді шерту керек;
D. Формат–Таблица (Кесте) командасын орындап, жолдар мен бағаналар
санын көрсетіп, ОК-ді шерту керек;
E. Вставка–Таблица (Кірістіру–Кесте) командасын орындап, жолдар мен
бағаналар санын көрсетіп, ОК-ді шерту керек.
14. Word редакторында кесте ұяшығын бірнеше бөлікке қалай бөледі?
A. Курсорды керекті орынға жылжытып, тышқанды бір шерту керек;
B. Курсорды керекті орынға жылжытып, Enter пернесін басу керек;
C. Правка–Разбить ячейки командасын орындап, керекті жолдар немесе
бағаналар санын енгізіп, ОК-ді шерту керек;
D. Курсорды керекті орынға жылжытып, тышқанды екі рет шерту керек;
E. Таблица–Разбить ячейки командасын орындап, жолдар немесе бағаналар
санын енгізіп, ОК-ді шерту керек.
15. Терілетін тізімдерді нөмірлеу үшін...
A. [pic] батырмасын шерту керек;
B. [pic] батырмасын шерту керек;
C.[pic] батырмасын шерту керек;
D. [pic] батырмасын шерту қажет;
E. Формат – Бетті нөмірлеу командасын орындау керек.
16.Құжат ішіне сурет енгізу қандай команданың көмегімен орындалады?
А. Вставка – Рисунок – Картинки;
B. Сервис – Параметры – Вид;
C. Файл – Параметры страницы – Макет;
D. Вид – Рисунок;
E. F3 пернесін басу арқылы.
ЖАУАПТАРЫ
1 |2 |3 |4 |5 |6 |7 |8 |9 |10 |11 |12 |13 |14 |15 |16 | |D |D |D |A |C |D
|C |E |A |C |B |A |A |E |D |B | |
Қосымша сұрақтар:
1. Графиктік объектілерге не жатады?
2. Құжатқа суреттерді енгізу?
3. Мәтіндік редактордың графикалық мүмкіндіктері қандай?
4. Графиктік объектілерді қоғамдық ортада қалай қолдаылады?
5. Word Art нысаны?
6. Мәтіндік редактор ішінде диаграмма қолдану?
V.Үй тапсырмасы
VI. Сабақты бекіту және бағалау
-----------------------
соңы
y
y:=3+exp(a-1)/1+sqr(x)*abs(a-sin(z))/cos(z))
a:=2.5 x:=1.4 z:=5
x,a,z
басы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz