Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті
Файл қосу
Б. Момышұлы Қарлығаштың құйрығы неге айыр
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
З.Космодемьянская атындағы №23 көпсалалы
лицей орта-мектебі
[pic]
«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» Б.Момышұлы
Мұғалімі: Бүркітбаева А.С.
Шымкент 2007ж.
Сабақтың тақырыбы:
Б.Момышұлы. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»
(«Ұшқан ұя» романынан үзінді)
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Ертегінің мазмұнымен оқушыларды таныстыру, тілдерін
жаттықтыру. Әрбір сөздің мән-мағынасын ажырату, сөздік қорын
молайту. Жаңа білімді деңгейлік тапсырмалар арқылы меңгерту.
2. Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту, сөйлеу мәдениетін
дамыту, өз пікірлерін айтуға дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау, мейірімділікке
тәрбиелеу, ауызекі сөйлесуге үйрету.
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, сурет, тірек-сызбалар.
Көрнекіліктер: түрлі-түсті суреттер, сөздік, Б.Момышұлы туралы жазған
жазушылардың шығармалары, мақал-мәтелдер, буклеттер, Б.Момышұлы суреттері,
қарлығаш, жылан, басқа жәндіктердің суреттері.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, орыс әдебиеті, қазақ әдебиеті, дүниетану.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
а) амандасу, түгелдеу;
ә) кезекші есебі;
б) оқу құралдарын тексеру:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар?
- Бүгін сыныпта кезекші кім?
- Сыныпта кім жоқ?
1. Мұғалімнің сөзі.
2. Тіл дамыту жұмысы.
3. Тақтада сөздік жұмысын жүргізу.
4. Сұрақ-жауап.
5. Дидактикалық кеспелермен жұмыс.
6. Плакатты, тірек-сызбамен жұмыс.
7. Қорытындылау.
8. Бағалау.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
«Балаларды оқуға шақыру» өлеңі А.Байтұрсынұлы
- А.Байтұрсынұлы кім? (Өмірбаянын, жазған шығармалары туралы сұрау)
- А.Байтұрсынұлы ақын, аударушы, ғалым болған адам.
- Өлеңді мәнерлеп оқыту. Ол, И.А.Крыловтың көптеген мысалдарын аударған.
- Балалар «Балаларды оқуға шақыру» өлеңі не туралы?
- Өлеңде балаларды ақын оқуға, білім алуға, босқа жүрмеуге, еңбек етуге
шақырады.
- Дұрыс. Бұл мәтінді жақсы игеріппіз.
3. Жаңа сабаққа кіріспе.
Сұрақ:
- Ертегіні жақсы көресіңдер ме? Орыс және қазақ халқының қандай
ертегілерін білесіңдер?
Жауап:
- «Алтын балық», «Қаңбақ шал», «Алдар көсе», «Түлкі мен ешкі»
(Оқушылардың негізінен білетіндері «Алдар көсе» мен «Қожанасыр»
екен). Ертегідегі кейіпкерлердің несімен ұнағанын сұрау.
- Балалар мына суреттерге назар аударайық.
Бұл сызбада ертегілердің 3-түрге бөлінетінін көріп тұрмыз.
1. Хайуанаттар туралы ертегілер.
2. Қиял-ғажайып ертегілері.
3. Тұрмыс-салт ертегілері.
- Біз 5-сыныпта қандай ертегілермен таныстық?
- «Түлкі мен ешкі», «Қаңбақ шал», «Мақта қыз бен мысық»
(Кейіпкерлерін атау керек)
4. Жаңа сабақты түсіндіру:
Мұғалім сөзі:
Бүгінгі сабақта біз «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» деген қазақ
халқының ертегісімен танысайық. Бұл ертегіні Бауыржан Момышұлы өзінің
«Ұшқан ұя» романында жазған. Ертегіні өтпес бұрын Б.Момышұлы туралы
білгеніміз дұрыс.
Бауыржан Момышұлы қазақ елінің ардақты ұлы, халық батыры. Отанымызды
жаудан қорғаған, соғыста генерал Панфилов басқарған дивизияның атақты
қолбасшысы болған адам. Майданда жауынгерлердің соғыста көрсеткен ерлігі
туралы, Отанын қаншалықты сүйгендігін батыр атамыз «Офицер күнделігі» атты
жинағында жазған. Б.Момышұлының соғыс туралы, балаларға да арнап көптеген
шығармалар жазған. Сондай шығармасымен біз бүгін танысамыз. «Ұшқан ұя»
романында Б.Момышұлы өз жанұясы туралы жазған. (Тақтада ілініп тұрған
көптеген суреттерді, портреттерді көрсете әңгімелесу)
Ертегіні оқымас бұрын, мына тақтадағы сөздіктермен танысайық.
әділ – справедливый
құрт – құмырсқа - черви и муравьи
бақа – шаян - лягушки и скорпион
тілін біліпті – знал язык (понимал)
жау шабады – наступил
жұлып алады – вырвал
айта алмайды – не может говорить
ызыңдайды – жужжит
тап береді – набросился
ұшып үлгереді – успеет улететь
құйрық – хвост
тіліп өтеді – прорезал
шағатын жәндіктер – насекомые
жарлық береді – дает распоряжение
алдын тосады – ждет
қарлығаш – ласточка
масаны көреді – увидит комара
тілін шығарады – высовывает язык
менің ұрпақтарым – сое потомство
ең тәтті қан – самая вкусная кровь
айтқаның болсын – пусть будет по-твоему
Мұғалім сөзі:
2 рет оқып, бірнеше оқушыға оқытады. Ертегіні оқып, аударамын.
Қазақтардың неліктен қарлығаштың ұясын бұзбайтынын, өте қасиетті құс
санайтынын айтып түсіндіру.
Осы ертегіні саналық көрінісін оқушылар ұйымдастырып келген екен. Соны
тамашалайық.
Оқушылар өздері жасаған сахна, ертегі кейіпкерлері Сүлеймен патша,
жылан, қарлығаш, басқа да шағатын жәндіктер, автор. Сахналық көрініс
ертегінің бірінші бөліміне арналған. Қарлығаш масаның тілін жұлып, маса
тілсіз қалған жеріне дейін.
Білу керек:
Б.Момышұлы өмірбаянын, ертегі кейіпкерлерін, ертегілердің түрін ажырата
білу.
Кейінгі бөлімін оқушылар рөлге бөліп оқиды.
- Балалар біз көптеген ертегілерді өткен екенбіз. Қандай ертегі ұнады.
Қандай кейіпкер ұнады, несімен ұнады?
1 оқушы:
Қарлығаш туралы ертегі ұнады. Ол ақылды, адамға қамқор құс екенін
білдік.
2 оқушы:
Қарлығаш адамдардың қасында жасайды. Ұяларын үйлердің есігінің үстіне
жасайды.
Қалай ойлайсыңдар «Табиғатты білгенің
Үйренгенің тілдерін» - деген қанатты сөзді қалай
түсінуге болады?
3 оқушы: «Узнавая природу, узнаешь ее язык»
Оқушылармен деңгейлік тапсырмаларды орындау.
Қорытынды:
Ертегі дегеніміз не?
Оқушы:
- Ертегілер қазақ ауыз әдебиетінің бір түрі. Олар үш түрге бөлінеді.
Бүгінгі тақырып бойынша, қорытындылауға тірек-сызбаға көңіл айдарайық:
Екінші тірек-сізба, қарлығаш туралы.
- Сендер еңбек, адамгершілік қасиет жайында, достық, әдептілік, табиғат
туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
Оқушы:
- «Сіз» деген - әдеп, «Бір тал кессең, он тал ек»
- «Біз» деген – көмек,
- Жалқаулық аздырады,
Еңбек оздырады.
- Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен.
Үйге тапсырма:
Ертегіні оқып келу. Сөздікті жаттау.
Оқушыларды бағалау.
-----------------------
Халықтың арман мұраты:
Адалдыққа, мейірімділікке.
Еңбекқорлыққа, тапқырлыққа баулу.
1. «Айлалы тазша»
2. «Аяз би»
3. «Қаңбақ шал»
1. «Ер төстік»
2. «Алтын сақа»
3. «Ұшқыш кілем»
1. «Аю, түлкі және қойшы»
2. «Түлкі мен ешкі»
3. «Арыстан, қасқыр, түлкі, түйе»
Тұрмыс-салт ертегісі
Қиял-ғажайып ертегі
Хайуанаттар ертегісі
ЕРТЕГІ
Сүлеймен патша
тілдерін біліпті
балық
бақа-
шаян
құрт-
құмырсқа
жан-жануардың
Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
Қарлығаш – адамға жаны ашиды
жылан қарлығаштың құйрығын тіліп үлгерелі
шағатын жәндіктердің тілін жұлып алады
хабаршыларды күтеді
адамға жаны ашиды
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz