Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Шаршы

Сабақтың тақырыбы: Шаршы
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділігі:Шаршы жайында түсінік қалыптастыру. Шаршының периметрін табуды үйрету .Оқушыларды өрнекке байланысты есептер құрастыруға машықтандыру.
2.Дамытушылығы:Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, математикалық біліктерін, ауызша жазбаша есептеу дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, зерделеп қиялын ұштап, білімін шыңдау.
3.Оқушыларды табиғатты сүюге, қорғауға, қамқор болуға тәрбиелеу.
Ұйымшылдыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Кесте, қима суреттер.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру,сұрақ-жауап,ауызша есептеулер,талдау,қорыту.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Түрлендіріп өңірді,
Көктем келді көңілді.
Біздің аула төрінде,
Құстар әні төгілді.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Күн көзін бұлт баспасын.
Төнген бұлттар кетсінші.
Бұлттар көшіп аспаннан,
Айналаға күн шуағын төксінші.

Бұлттардың тапсырмасы арқылы үй жұмысын сұрау.
-Ал балалар,біз өткен сабақта қандай тақырып өттік? (Тіктөртбұрыштың қасиеттері )
-Тік төртбұрыштың қарама-қарсы қабырғалары тең болады.Барлық бұрыштары тік болады.
-Фигура периметрін қалай табамыз?
(Барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысын периметр дейміз.) №4 (50-бет) үй тапсырмасын тексеру.
- 42 - 54 - 92 + 64 + 77 + 82
27 36 53 28 23 19
--------- ---- ----- ----- ----- -----

Міне балалар,бұлттардың тапсырмасын орындағасын көктем келіп күн шуағын шашады дегендей күніміз бізге шуағын нұрын шашып айналаны жылыта бастады.
Көктем келді,күннен шуақ шашылды,
Жердің беті көк шөппенен басылды.
Жаңа сабақ
Көктем мезгілінде Атамыз аула тазалауға кірісіпті. Біз атамызға үйдің айналасын қоқыстардан тазартуға көмектесейік.
Үлкендерге қамқормыз,
Біз әдепті баламыз.
Ауламызды тазалап ,
Үлкеннің тілін аламыз.Атамызға көмектесу үшін мына Ребусты шешейік
Шешуі: Шаршы.
Олай болса балалар бүгінгі жаңа тақырыбымыз <<Шаршы>>
Дәптерге күннің жады мен тақырып атауын жазамыз.
Енді балалар аулаға ағаш отырғызайық.Ол үшін біздер №1 тапсырманы орындауымыз қажет.
Жақсы балалар суреттегі төртбұрыштардың барлығы тіктөртбұрыш болатынын тексердік. ( Үшбұрыш үлгісінің көмегі мен тексереміз) Яғни ағаштарымызды ектік.
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар.
Биік болып өседі.
Көктемде бунақденелілер шыға бастайды олардан ағаштарымызды қорғау шараларына кірісейік.
Ағаштарды қорғайық,
Жақсылап әктеп сырлайық.
Ол үшін енді №2 тапсырманы орындаймыз.
№1 және №4 тіктөрбұрыштардың барлық қабырғалары тең.
Тақтаға шаршының ережесін іліп түсіндіремін.
Барлық қабырғалары тең болатын тіктөртбұрышты шаршы деп атайды.
Көктем келіп шуақты,
Балаларды қуантты.
Құстар сайрап,
Бақтар жайнап гүл атты.
Ендігі кезекте біздерге құстардың алып келген тапсырмасы №3 тапсырманы орындаймыз .
Дәптерлеріңе шаршыны сызып оның периметрін табың.


Р= ? Р=2+2+2+2 =8
Сергіту сәті (Музыка әуеніне қимыл қозғалыс )

Құстарды-құстарды,
Қорғамасақ болмайды.
Құс өкпелеп кетеді,
Бақшамызға қонбайды.
Құстарға қамқорлық көрсетіп ұя жасайық ол үшін №4 тапсырманы орындаймыз.
58+24 = 82 68-19= 49 57+39=96 48-29=19
82-24 = 58 49+19= 68 96-57= 39 19+29= 48
(ағашқа ұя ілінеді)
Аялап ақ әженің алақаны
Тербеледі тал бесікте балапаны дей келе ,
келесі кезекте әженің тапсырмасы№6 тапсырма
1)100- (25+15 ) = 60 2) (20+20)+50=90
Бүршік шашып,
Жапырақ ашып
Гүл бәйшешек басады .
Біздің енді ауламызға гүлдер жетіспей тұр.Сондықтан да келесі тапсырма гүл егу. №7 теңдеу шешу.
75-х=75 4+х=64 89-у=0
Х=75-75 х=64-4 х=89+0
Х=0 х=60 х=89
75-0=75 4+60=64 89-89=0
75=75 64=64 0=0

Кім жылдам?ойыны
Шығармашылық тапсырма :ребус шешу (ауызша )
Сабақты қорыту:Жинасаң ойдың түйінін,
Не ұғындың,не білдің?
Бағалау.
Ал енді біздер бақшамызды жақсылап сәндедік.Келесі кезекте үй тапсырмасы № 5 .Осы тапсырманы жақсылап орындап келсеңдер бәріміз <<Наурыз тойына>> барамыз


Мұнайлы №5 орта мектеп

Сабақтың тақырыбы: Шаршы


Өткізген : Басанова.Ж.А.
Күні: 17.03.2011.

2010-2011 оқу жылы





Ұқсас жұмыстар
Тік төрбұрыш
Шаршы. 2 сынып
Математикалық брейн-ринг сыныптан тыс шарасының жоспары
Шаршының қабырғалары
Математикалық фигуралар. 4 сынып
Шаршы салу және оның периметрін табу
Ою ойғанның ойы ұшқыр
Қосудың шаршы түріндегі кестесі
ХХi ғасырдағы жас математигі
Жасыл шаршы
Пәндер