Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Орыс сыныбындағы қазақ тілін оқыту мәселелері


Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуды жаңаша тауып, оны жүйелі түрде
қалыптастыру – заман талабы.
Орыс мектептерінде қазақ тілін нәтижелі үйрету үшін оқушылдарға ана
тілі мен қазақ тілі арасындағы айырмашылықтарды еске ала отырып, соларға
негіздей оқытқанда ғана сабақ табысты және тиімді болады.Ол үшін әр сабақты
фонетикадан бастаған дұрыс.Дауысты, дауыссыз дыбыстарға көңіл бөліп, дұрыс
айтылуы мен жазылуына, лексиканы көбейте отырып сөз, сөйлем құрастыру
процесін бірізді жүргізсе, сабаққа тиімді болады.
Шәкірт әр сөздің мағынасын түсіну үшін эмоция, бейне арқылы ойын
көру, есту, сезу керек.Жұмыс істегенде әр түрлі әдіс-тәсілдер
қолданылады.Бірақ сол әдіс-тәсілдер оқушыларға түсінікті болу керек.Мысалы:
оқулықтағы мәтіндер, жаттығулар, өлеңдер, жұмбақтар оқу, ауызша әңгімелесу,
тіл дамыту және грамматикалық тұлғаларды меңгеріп, қазақ тілінде дұрыс
сөйлеу үшін пайдаланып, соған лайық етіліп беріледі.
Осыған байланысты жұмыс істеуде әр түрлі әдістерді қолдануға
болады.Мысалы:
- Сөздік арқылы тіл дамыту,
- Мәтінге байланысты тіл дамыту,
- Көрнекі құралдар арқылы тіл дамыту.
Қазақ тілінің негізгі мақсаты - оқушыларға қазақша үйрету болғандықтан,
мұндағы негізгі жұмыс – сөз үйрету.
Ал, сөйлем құрату, грамматикалық ережелер, анықтамалар сөз үйретудің
техникасы.Ғылым мен техниканың жылдан жылға жедел қарқынмен дамуына
байланысты шәкірттерге дәріс беруде жаңа технологияларды енгізу –
оқушылардың білімін көтеруде үлкен әсер етіп отыр.
Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілінің әр сабағы көрнекі
құралдарды пайдалану арқылы өтілетіні бәрімізге мәлім.Оның түрі, көлемі, аз-
көптігі сабақтың тақырыбына, мазмұнына қарай белгіленді.
Көрнекі құралдарды пайдаланумен өткен сабақтардың тиімділігі өте
көп.Біріншіден, материалды түсіндіруде мұғалім қатты қиналмайды. Екіншіден,
оқушыға жаңа материалды меңгеруде жеңілдік туғызады.Үшіншіден, оқушылардың
қазақ тілін оқуға деген ынтасын, қызығушылығын арттырады.Төртіншіден,
оқушының есте сақтау, көру сезімдерін жетілдіреді.
Көрнекіліктерді 4 топқа бөлуге болады:
1.Жалпы көрнекі құралдар:техникалық құралдар, компьютер, бейне таспалар,
магнитофон, диафильм, эпидаскоп, кодоскоп, слайд, т.б.
2.Даяр плакаттар, портреттер, карталар.
3.Қолдан жасалған құралдар: схема, таблица, аппликация, дидактикалық
материалдар, үлестірмелі және кеспе карточкалар, сөзжұмбақтар, кроссворд,
т.б.
4.Әр модульға арналған тест сұрақтары.
Мұғалімнің өз сөзі мен көрнекілікті ұштастыра білуі қазақ тілінің
теориялық материалын оқушылардың сапалы да білгір меңгеруінің, практикалық
дағдыларды игеруінің негізгі шарты болып саналады.
Енді мен өз тәжірибемде сабақтарда іске асырып жүрген көрнекі құралдарды
қолдану, оны пайдалану тәсілдеріне тоқталып көрелік.
1.Соның бірі – сөздік жұмысын жүргізу кезінде қолданылатын тәсілдер.
Сабақта көбінесөздікті бормен ғана жазып қоймай, оны қағазға түрлі
бояулармен жазып немесе белгіленген сөздіктің мазмұнын ашатын заттың
суретін қоса жапсыру, сол сияқты заттың өзін көрсету арқылы сөздік жұмысын
жандандыруға болады.Ал осы сөздермен сөйлем құрастырған кезде сөздіктегі
сөзді сол қалпында қағазға жазылған күйінде қолдану да оқушының көру
сезіміне әсер ете отырып есте қалдыруға жағдай жасайды.Бұл оқушының сөздік
қорын молайтуға дұрыс ықпал етеді.
2.Көрнекі құралдарды пайдаланудың келесі бір жолы мынау; ол – сабақта
қолданатын жеке суреттер.Оның мақсаты – жаңа сөз үйрету, осы суретті
пайдаланып жай сөйлемдер құрастыру, сөзді қайталап айту жолымен оқушының
есінде қалдыру.Мысалы, «Үй жануарлары» деген 4 – сыныптағы сабақта
төмендегі суреттер пайдаланады: «түйе-бота, бие-құлын, сиыр-бұзау, ешкі-
лақ, қой-қозы».Осы сурет бойынша оқушыларға сұрақтар қойылып, оларды
сөйлетуге мүмкіндік туғызылады, оқушылар үй жануарларының атын біліп,
олардың төлдерін ажырата білуге үйренеді.Балалар мынандай сұраққа жауап
береді:
1.Мынау не?
2.Үй жануарлары не жейді?
3.Олар адамға не береді?
4.Адамдар одан не жасайды?
5.Сен осы үй жануарларының қайсысын жақсы көресің?
6.Сен оларды күтуді білесің бе?
Осы сияқты сұрақтар қою арқылы оқушыларды әңгімеге тартып, сөйлеу
дағдысын дамытамыз.Оқушы суретті көріп, оның атын түсініп қана қоймай,
заттың аты қазақ тілінде қалай жазылып, қалай айтылатынын біліп, көзін
үйретіп, тілін жаттықтырады, бірнеше рет қайталап оқуға мүмкіндік
туады.Нәтижесінде оқушылардан мынадай жауап алынды /оқушының жауабы жеке
қағазға жазылып, баяндамаға тіркелген/.
3. Сабақта қолданатын ендігі бір көрнекі құралдардың түрі-мазмұнды
суретпен жұмыс істеу оқушылардан белгілі бір даярлықты керек
етеді.Біріншіден, оқушыларда суреттің мазмұнын мейлінше ашатын сөздік қоры
болуы қажет.Екіншіден, оқушылардың алдына сурет бойынша жоспар қою
керек.Үшіншіден, оқушыларды тірек сөздермен таныстыру және оларды тірек
сөздермен таныстыру және оларды оқушылардың сөйлем құрастыру кезінде
пайдалануын қадағалау қажет.
Мысалы, 8 сыныпта қолданылған «Бақта» деген мазмұнды суретпен жұмыс
кезінде оқушылар мынандай тірек сөздермен танысты: бақ, себет,
жинау.Сонымен бірге төмендегідей жоспармен жұмыс істеді:
1.Себетте не салынған?
2.Бақ қандай?
3.Бақта кімдер жұмыс істеп жүр?
4.Неше қыз, неше ұл бар?
5.Алма қандай?
Міне, осы жоспармен жұмыс істеу кезінде мұғалімнің міндеті – оқушылардың
тақырыптан алшақ кетпеуін қадағалау, суреттің мазмұнын мейілінше ашқызу,
мақсатын жүзеге асыру.Ал оқушылар осы суретпен жұмыс істей отырып сұраулы
және жауап сөйлемдердің құрастырылу ерекшелігін ажырата білуге үйрене
түседі.Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін, қазақ тіліндегі баяндауыштың
сөйлем соңында келетіндігін ескеруге дағдыланады.Нәтижесінде оқушылардан
мынандай жауап алуға мүмкіндік туды /оқушының жауабы баяндамаға тіркелген/.
4.Тіл дамытуға байланысты қолданатын көрнекі құралдың тағы бір түрі –
кесте сызбалар /таблица/.
Мысалы, 7-сыныпта өтілетін «Етістіктің болымсыз түрі» деген тақырыпта
мынадай кестенің үлгісін пайдалануың /кестенің үлгісін көрсету/.Қазақ
тілінің грамматикалық ережесін оқыту кезінде оқушылардан оны жаттап алуға
талап етудің қажеті жоқ, оның мазмұнын түсініп, сөз сөйлем құрағанда сол
ережелерді қолдана білуге үйрету қажет.Оқушылар кестедегі үлгіге қарай
отырып, өздері мысал айтады, әрі сөз қандай дыбысқа біткенде қандай
қосымшаның жалғанатынына көздері жетеді.
Берілген кестеден оқушылар етістіктің болымсыз түрінің сөздің түбіріне
–ма, -ме,-ба,-бе,-па,-пе жұрнақтарының жалғануы және «жоқ», «емес» сөздерін
қолдану арқылы жасалатынын біледі.Дәл осы арада ережені пайдаланып
оқушыларға сөз, сөйлем құрастыртамыз және оны күнделікті өмірде сөйлем
ішінде қолдана білуге үйретеміз.Нәтижесінде оқушылар өздері білетін болымды
етістіктің болымсыз түріне айналдырып үйренді.
Мысалы: оқы – оқыма, жаз – жазба, ойна – ойнама, айт- айтпа.Мұндай
тапсырманы үлгерімі жақсы оқушылар тез әрі тиянақты орындайды.Ал, үлгерімі
нашар оқушылар мұғалімнің көиегін қажет етеді.Оларға қосымша дыбыс кестесін
көрсетуге тура келеді.Себебі – олар дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата
алмайды.
5.Ойын - бұл қоғамдық тәсілді меңгеру мақсатында, ситуациялық жағдайда,
бағытты түрде іскерлігін көрсететін, өзін-өзі басқаруын жетілдіретін іс-
әрекет.
Ойынның атқаратын функциясы:
- Көңіл аулау /негізгі атқаратын міндеті – көңіл көтеру, жандандыру/.
- Коммуникативтік: сөйлеу тілін ұстарту.
- Ойын терапиясы: өмірде кездесер түрлі қиындықты жеңу жолдарын
көрсетеді.
- Диагностикалық: қалыпты тәртіптен ауытқуды табу, ойында өзін-өзі
тануға көмектесу.
- Әлеуметтік: адамдарды қарым-қатынас нормаларына бейімдеу.
Сабақ үстінде ойын тәсілдерін пайдалануда мынандай негізгі бағыттар
ұсталады:
1.Дидактикалық мақсат-тапсырма оқушылар алдына ойын түрінде беріледі;
2.Оқу барысы ойын шартына бағынады;
3.Оқу материалы оның негізгі қажеттілігіне:сабақтағы іскерлік, ойындағы
жарыс элементіне кіріп, дидактикалық жүктемені айналдырады.
Лексикалық ойындар.
Лексикалық тақырыпты өту барысында бекітуге байланысты
қолдану./Антоним, омоним, синоним тақырыптары бойынша/
«Қарлы кесек»
Мақсаты: антоним, омоним, синоним сөздермен байыта түсу.
Мұғалім сөзді айтып допты лақтырады, ойыншы допты қағып алып сөздің
мағынасын айтады.Сосын мұғалімге допты қайтарады.Екінші ойыншы допта
қағып алып ол да сөздің мағынасын айтады.Кім көп сөз айтады сол жеңімпаз.
а) омонимдер:
шаш – 1 рассыпай, 2 волосы;
түс – 1сон, 2 время обеда, 3 слезай;
бас – 1 наступи, 2 голова.
ә)антоним:
қу – аңқау
момын – сотқар
көңілшек – қызба
жеңілтек – сабырлы.
б)синонимдер:
ақкөңіл – ақжарқын
сараң – тойымсыз
шыдамды – төзімді
ажарсыз – көріксіз.
Осы сөздермен сөйлем құрастырғанда ойлау қабілеті дағдыланады.
Ойын түрлерін қолдану оқушының ойын кеңейтеді, сабаққа қызықтырады,
ұлттық тәрбие қалыптастырады.Ойын арқылы оқушы өзін қоршаған ортаны
заттар мен құбылыстарды түсініп ұғынады.Тек көру, байқау арқылы ғана
емес, тікелей араласып, іс-әрекетке көшіп, нақты қарым-қатынас барысында
біледі.Ойынның тағы бір түрі «Сөзжұмбақ».Сөзжұмбақтарды қолдану сабақтың
қызықты өтуіне әсер етеді.
1.Мужчина
2.карандаш
3.лошадь
4.игла
5.цветок
6.стрекоза
Ойын түрлерін қолдану – сабақты түрлендіру деген сөз.
6.Келесі тиімді әдіс қазақ тілі сабағанда графикалық диктант тақырыпқа
байланысты.

«Құстар» тақырыбы
Лебедь
|А |Қ |Қ |У |

ворона
|Қ |А |Р |Ғ |А |

Воробей
|Т |О |Р |Ғ |А |Й |

Жаворонок
Б |О |З |Т |О |Р |Ғ |А |Й
| |
Жаңа технологияларды қолданғанда оның әрбір кезеңдерін ұстаз өзі жақсы
түсініп, оқушыларға жеткізе білуі қажет.
Технологияның түрлері көп:
- Деңгейлеп оқыту технологиясы.
- Блокпен оқыту технологиясы.
- Адаптивті оқыту технологиясы.
- Модульдеп оқыту технологиясы.
- В.Ф.Шаталов технологиясы.
- Білім беруді ізгілендіру технологиясы /Ш.А.Амонашвили/.
- Ұжымдық оқыту технологиясы.
Осы сияқты жаңа технологияларды күнделікті сабақта қолдану үшін, ұстаз
алдында отырған шәкірттердің жас ерекшеліктерін таңдап аладыЖаңа
технологияны жүзеге асыруда ұстаз белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз
мамандығына деген сүйіспеншілігі ерекше орын алады.
Мен өте жиі қолданатын технология – «Ұжымдық оқыту технологиясы».Бұл
технологияны 7-8 сыныптарда қолданамын.
Осы технология оқушының қабілетін дамытуға, еңбек етуге
ынтымақтастыққа, ұйымшылдыққ қабілеттерін оятуға тәрбиелейді.Өзін-өзі
басқарып, байқампаздыққа тартады.
Оған мынадай басты талаптар қойылады:
- Әр оқушының еңбектенуі қажет және оның еңбегі пайдаға жарау керек.
- Өзінің еңбегімен қоса басқаның да еңбегіне жауапкершілікпен қарау
керек.
- Өзі оқи отырып, қасындағы оқушыны да оқытуы керек.
- Түсінбегенін түсіндіріп, көмектесуі керек.
Ерекшелігіне келсек:
- Жекелй оқыту.
- Қасындағы оқушымен жұптап оқыту.
- Топпен оқыту.
- Ұжымдық оқыту.
Оқушы – оқушы.
Оқушы – ұстаз.
Шәкірт үйретуші міндетін атқарады.
Тапсырманы даярлау әр кезеңдерге бөлінеді:
І.Берілген тапсырмамен танысу.
- Шағын бөлімдерге бөлу.
- Әр бөлімдерге ат қою.
- Жоспар құрып, мәтін мазмұнын меңгеру.
- Сұрақтар даярлау.
ІІ.Тапсырманы екінші оқушыға түсіндіру кезеңі.
- Мәтіннің мақсаты не?
- Жоспармен таныстыру.
- Мазмұнын түсіндіру.
- Бақылау сұрақтары бойынша түсінгенін тексеру.
ІІІ.Жеке жаттығу жазу, шығарма жазу, түсінгенін баяндау кезеңі.
Білім беру технологиясы – «Оқу үрдісін жүзеге асырудың мазмұнды
техникасы». /В.П.Беспалько/.Қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне үйретуде
жаңа технологияны қолдану – оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде
шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін
көріп, өз-өзіне сын көзбен қарап, жеткен жетістіктеріне қуанады.
Тіл үйретудің нәтижелі болуы көптеген жағдайларға байланысты.
- Оқушының қабілеті.
- Мұғалімнің шеберлігі.
- Мұғалімнің тілді үйрету тәжірибесі.
- Оқыту тәсілдері.
- Көрнекілкті дұрыс қолдануы.
- Оқушының тілді үйренуге деген ынтасы.
Сабақ тартымды болу үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді дұрыс қолдана білген
жөн, сонда ғана жұмыс нәтижелі шығады.
Шәкірт өз ойын ашық айтып жеткізу үшін әр сабақ сайын сөздік қорын
молайтып отыру қажет.Оқушыны терең әрі жинақты біліммен қаруландыру
ұстазға да жаңаша ойлап, жаңаша жұмыс істеуін талап етеді.Яғни, оларды
дамыта оқыту керектігі, ал дамыта оқыту деген – оқушыны болашақ өмірге
дайындау деген сөз.
Дамыта оқытудың идеяларын жүйелі қолға алғанда, оқушыларымыз жылдың
соңында өткізілген сынақ жұмыстарында дұрыс нәтиже береді.
Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау.Менің өз әдісім
– ізденіс, ізденіске жұмылдыру, проблемалық міндеттерді шешуге
талаптандыру.Шәкірттерді берілген тапсырмаларды қызыға, ынталандыра
орындауға, кез келген қиыншылыққа төзуге, жеңугн үйрету.
Тіл – халықтың байлығы, айнасы.Оның тазалығын сақтау – үйретуден.
Сөз соңында айтарым қазақ тілін оқытудың бар тиімді жолы осы деген
қорытынды шықпайды.Өйткені оқыту жұмысы – шығармашылық жұмыс.


Ұқсас жұмыстар
Кәсіби сала терминдерін білу
Менің педагогикалық психологиям
Қазақ тілінен орыс тіліне және керісінше, екі тілде ауызекі сөйлей білуге жаттығу
Бастауыш сыныптарында мемлекеттік тілді деңгейлік оқыту технологиясы
Отбасымызда тілдер үйренеміз
Тұңғыш қазақ ғарышкері кім
Қазақ отбасындағы туыстық атаулары
Қош бол, даярлық
Үйіңді сүйгенің- Отаныңды сүйгенің
М.м.жанпейісованың модульдік технологиясын қолдану негізінде ойын арқылы оқыту
Пәндер