Үй тапсырмасы-оқу процесінің құрамдас бөлігі

Үй тапсырмасы-оқу процесінің құрамдас бөлігі
Абылова М. Ж, Бегалинова Ә. Е, Жаменкенова А. З.
Павлодар қаласы, М. Әуезов атындағы №42 жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері
Үй тапсырмасы - сыныптағы сабақтардан кейін мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқу және тәжірибелік жұмысты оқушының өздігінен орындайтын оку процесінің құрамдас бөлігі. Үй жұмысы оқушының бүкіл оқу жұмысының бөлінбес бір бөлігі болып табылады. Үйге берілген тапсырмаларды оқушының үнемі орындап, дұрыс ұйымдастырып отыруы оның жақсы үлгіруіне керекті шарттың бірі болып табылады. Мектеп оқушыларының оқуды үлгірмеуіне әкеліп соғатын себептердің көп таралған бір түрі үйге берілген тапсырмаларды қанағаттанарлықсыз орындауы, ал мұның өзі көбінесе үйге берілетін тапсырманың шамадан тыс көп беруден болады. [2]
Оқушыларға кейде ақыл-ой күшін көп жұмсауды талап ететін тапсырмалар ғана емес, тіпті дене күшін орасан мол жұмсауды керек қылатын тапсырмалар беріледі. Шамасы келмейтін тапсырманы алған оқушылардың бірсыпырасы оларды орындауды мүлде қояды, ал енді біреулері оны жарым-жартылап қана орындайды, осыдан барып оқушылардың алған білімінде олқылықтар пайда болады да, сыныпта нашар оқитын оқушылар саны артады. [1]
Мұғалім кейде үйге тапсырма бергенде өз пәнінің жүйесі тұрғысынан ғана қарап, сол күні басқа пәндерден беріліп жатқан тапсырмаларды ескермейді. Мектеп оқушыларының оқу жұмысының барлық ауырлықты үй жұмысына қарай аудару, мұғалімдерде жиі кездесетін кемшілік. Сыныпта олар тек жаңа материалды ғана түсіндіреді, оны жеткілікті түрде бекітіп, пысықтап отырмайды, сондықтан оқушылар сыныпта істеуге тиісті жұмыстарды үйде орындауға мәжбүр болады. Үйге берілген тапсырмалардың көлемі жағынан ұлғайып, түр жағынапн өзгеруіне байланысты оқушылар үлкен қиыншылықтарға кездеседі. Сондықтан мұғалімдер оқушыларға үй тапсырмасын орындаудың тәртібі мен әдістерін, тиімді жолдарын түсіндіріп отыруы керек. [5]
Сабақта бекітілген білім көлеміне тура тәуелділіктегі үй тапсырмасының педагогикалық мақсаттағы көлемі оқу бағдарламасымен көзделген. Үй тапсырмасы түсінікті, жаңалық элементі бар және дербестігін көрсетуге мүмкіндік ашатындай болуы керек.
Тапсырма тақтада қысқаша белгіленіп, оқушының күнделігіне жазылады, мұғалімнің түсіндіруімен бірге ілеседі. Мұғалім сонымен бірге үй тапсырмасын ұйымдастыру жөнінде әдістемелік нұсқаулар береді орындалуын үнемі тексереді. [3]
Оқушының үйдегі оқу жұмысын сыныптағы оқу жұмысымен жалғастырып, толықтырып отырса, онда онда олардың алған білімдері терең және берік болады. Оның маңызы оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтың басқа түрлеріне қарағанда ерекше. Бұл жұмыстың танымдық қызметімен бірге оның тәрбиелік мәні зор. Себебі, үй жұмысын күнделікті орындау барысында оқушылардың дербестігі, ойлау қабілеті артып, өздігінен білім алуға жүйелі түрде дағдыланады, сабақта алған білімдері мен біліктіліктерін өзіндік еңбекте қолдана білуге жаттығады. Өзін-өзі бақылау және кітаппен жұмыс істей білу тәсілдерін меңгереді, оқудың әртүрлі амал-тәсілдерін қолдана отырып, өз бетінше баяндама жасауға дайындалады. Соның негізінде білім мен біліктілік өте берік меңгеріледі, оқышының ақыл-ой әрекетінің жеке дара дәстүрі қалыптасады. [6]
Өзім орта буында жұмыс істегендіктен қоңырау соғылмастан бұрын үй тапсырмасының орындалу тәсілі мен оның жүзеге асуына нұсқаулық жасаймын.
Жалпы оқушыларға үй тапсырмасын беруде сыныптың деңгейіне байланысты үш топқа алып қарастырамын.
1. Логикалық ойын дамыту барысында қазақ тіліндегі қызықты деректер, сөзжұмбақтар, ребустар, диалог құрастыру сияқтв тапсырмаларды беремін. Бұл тапсырмаларды әңгіме, көрнекілік әдістерімен, ойын әдістерімен тексеремін. Нәтиже: сөзжұмбақтар, ребустар, суреттер жинағы.
2. Есте сақтау қабілеттерін дамыту барысында: мәтінді өңдеу, мәтінді өзгерту деген тапсырмаларын ұсынамын. Бұл тапсырмаларды жекелей және топпен тексеруге болады.
Нәтиже. Мазмұндама жазуға, өз ойын жеткізе алатындай дәрежеге жетеді.
3. Шығармашылық ойын дамыту барысында: Ертегі, әңгіме, шығарма, эссе, өлең жазу, жаттауға беремін. Бұл тапсырмаларды әңгімелесу, ойын ойдан шығару, проблемалық сұхбаттасу, жұптық жұмыс арқылы тексеруге болады.
Нәтиже, ертегілер, әңгімелер, шығармалар, өлеңдер жинағы ретінде шығады. . [7]
Үйге берілетін тапсырмаларды күнбе - күн тексеру жақсы нәтиже береді. Бұл әдісім арқылы меңгерілген білімнің сапасын бақылап, оқушылардың біліміндегі кемшіліктерді анықтап, келесі сабақтардың жоспарларына түзету енгіземін. Ең тиімдісі оқушылардың үй жұмыстары орындалған дәптерлерін тексеру. Оқу үлгірімі нашар оқушылардың дәптерлерін үнемі тексеріп, жақсы оқитын оқушылардың дәптерлерін кейде тексеруге болады.
Оқушының үйдегі оқу жұмысын дұрыс ұйымдастырудың мынадай шарттары бар:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz