Тарих доңғалағы

Өткізген:Ошақбаева Г. О-«Құқық негіздері» пәні. (9-сынып. )
Тақырыбы: «Тарих доңғалағы. »
Білімділік мақсаты: Өткен тақырыптарды қайталап, бір жүйеге келтіру.
Дамытушылық мақсаты :ізденгіштік, білімге құштарлық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты :ұйымшылдыққа, ел тарихына сүйіспеншілдік рухта тәрбиелеу.
Сабақтың түрі :дәстүрлі емес.
Сабақтың типі: қайталау сабақ.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
І І. Өткен тақырыптарды қайталау кезеңі:
а) Мұғалімнің баяндауы:
*** Егемендікке қол жеткеннен бері, көптеген заңдар қабылданып, мемлекеттің демократиялық дамуына жол ашылды. Жас республика аяғын тәй-тәй басып қаланғаннан бері 2-рет Конституциямыз - Ата Заңымыз қабылданды. Ол 1993 жылы 28 қаңтар және 1995жылы 30 тамыз. Мемлекетімізді дамыту үшін, жас адамның қоғам алдында жауаптылығын арттыруы қажет. Ол үшін жас адамдар құқын орынды пайдалану керек. Сондықтан да, жастарға құқықтық білім берудің маңызы қазіргі кезеңде өте зор.
Бүгінгі біздің сабағымыз, қорытынды-қайталау сабақ, тарих пен құқық негізінің байланысы, заңдардың адам өміріндегі рөлін ашып көрсету. Сабағымыз сол себепті «Тарих доңғалағы» деп аталады.
Сабаққа қатысушылар-оқу озаттары, бірінен-бірі асып түсетін оқушылар.
***Сонымен, 15ғасырдың аяғы, 16 ғасырдың басы.
Бұл ханның тұсында қанды аз төгіп, ұпайды көп жинау саясаты ұсталды. Ол мақсатына жетті де . Қазақ халқы өзінің осы күнгі мекен-тұрағын осы ханның тұсында орнықтырды . ( көрініс)
***Сұрақтар:
1. Кезінде Австрия дипломаты Зигмунд Герберштейн «Мәскеу істері жөніндегі жазбалар» деген еңбегінде жазған, қазақ жерін қазіргі территорияға таятқан атақты қазақ ханы кім? ( Қасым )
2. Ол ханның қандай заңдар жинағы бар және неше тараудан тұрады?
(« Қасым ханның қасқа жолы. », 5- тарау)
3. Жұртшылық заңына не жатады?
(Ас, той, мереке кезінде қолданылатын ережелер)
*** Қасым ханнан соң қазақ тарихында ірі тұлға , көреген саясатшы, дана қолбасы, жұртына лайықты тұлға ханымыз да бар. Ол хан тұсында сыртқы шекара бөлініп қана қойған жоқ, оның ішкі жағдайы да әбден орнықты.
Сонымен, 16 ғасырдың аяғы, 17 ғасырдың басы.
Тынымсыз жүргізілген жиырма жылдық қазақ-бұқар соғысы 2 жақтан да қаншама әскер қатысты. Ерекше қантөгісті жеті шайқас болды. Соның жетеуінде де қазақ қаруы үстем шықты. Даңқты ұрыстар нәтижесі-даңқты жеңістер. ( көрініс)
***Сұрақтар:
1. Сонымен, кезінде 20 жылдық қазақ-бұқар соғыстарында жеңіске жеткен, батырлығымен, ержүректілігімен халыққа жаққан, Қасымнан кейін 2-ші заңдар жинағын қабылдаған хан кім? ( Есім хан)
2. Бұл заңдар жинағы қалай аталады және әсіресе қандай заңдарды күшейті? (« Есім ханның ескі жолы», әскери заңдарды)
Қауымға сұрақ: Түркілерде құқықтық қатынастар қалай дамыды?
(Жер рудың қолында болды, отбасында ер адамдар басты рөл атқарды, сот билігін қаған шешті. )
***Біз, қазақ мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз . Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұщпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз. Достығымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзымызды ақтай білген елміз.
***17 ғасырдың аяғы, 18 ғасырдың басында , жоңғардың қылышынан қан тамып тұрған заманда Есімнен кейін қазақ елінің абыройын асырып, көсегесін көгерткен бір хан хан бар. Атақты тарихшы Левшин ол туралы: «Ол ханның атын атасаң, бар қазақтың жүрегін алғыс кернеп, мақтаныш билейді. Қазақ ордасының Ликурты да, Драконты да сол адам» деп жазды . ( көрініс)
***1710-1711жылдарында қазақ-ойрат соғысы кезінде қазақтар басым шығып, жоңғарлар мәмлеге келіп, 2 жақты келісім болмақ болады. Осы келісімге Қазыбек би мен Төле би батасын беріп аттандырып салыпты.
***Сұрақтар:
1. Сонымен 17 ғасырдың аяғы, 18 ғасырдың басында ақылдылығымен, даналығымен көзге түскен, жоңғарлардан 32 қаланы азат еткен хан кім?
2. Ол ханның заңдар жинағы қалай аталады және жаңа ережелер енгізді ме?
3. Бұл ережелер жинағында қандай мәселеге көңіл аударады?
4. Бұл заңдар жинағы бойынша даулы мәселелерді кім шешті?
***Сонымен, Тәуелсіз Қазақстан тарихында 2 Конституция қабылданды.
1-ші 1993ж 28 қаңтарда
2-ші 1995ж 30 тамызда
( Көрініс)
***Сұрақтар:
- Біздің мемлекетіміз ұлттық, демократиялық зиялы және унитарлы деп аталады. Неге?
- Құқықтық мемлекет дегенді қалай түсінесіңдер?
***Өздерің жақсы білесіңдер, 1997 жыл қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы деп аталса, 1998 жыл халық бірлігі мен тарих жылы деп аталады. Бұл біздің республикамызға ғана тән нәрсе емес. Өйткені, республикада 100-ден аса ұлттар тұрады. Ол біздің облысымызға да тән нәрсе. Соғыс жылдарында облысымызға көптеген ұлттар күштеп қоныс аударылды. Ең көбі-неміс ұлты. Енді сол күштеп қоныс аударылғандардың бірі-Аблясова Г. Я. Енді, сол кісіні тыңдасақ. (Үнтаспадан Г. Я. Аблясованың сөзін тыңдау. )
***Телекөпір
Қазір, құрметті оқушылар облыстық соттың төрағасымен телекөпір арқылы байланыс жасайық.
-Бізді естуіңіз қалай?
-Жақсы естіліп тұр.
-Сәлеметсіз бе?
-Сәлемет болыңыздар.
- Мектебімізде өтіп жатқан «Тарих доңғалағы» хабарына қатысушылар атынан бір сұрақ берейін деп отырмын.
-Құлағым сізде.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz