Сабақ жоспары :: Информатика

Файл қосу

"информатика әлемі" сайысы


Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А.Жанпейісов атындағы №105 орта
мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Мыржақыпова Меруерт

Күні: 21.09.2013
Пәні: Информатика
Тақырыбы: « Информатика әлемінде» сайысы
Мақсаты:
А) Білімділік: Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін еске
түсіру арқылы білімдерін тереңдету;
Ә) Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу, пәнге деген
қызығушылықтарын арттыру;
Б) Дамытушылық: Есте сақтау, ойлау, сөйлеу қабілеттерін жетілдіру.

Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі «Информатика әлемінде»
атты сайысымызға қош келдіңіздер! Сонымен қатар сайысымыздың әділ-қазылар
алқасымен таныстырып өтейін.
1. _______________________________________
2. _______________________________________
3. _______________________________________
Сайыс екі команда арқылы өтеді. Сайысқа қатысатын командалар;
I топ – «Инернет»
II топ – «Компьютер»
Сайыс 6 – кезеңнен тұрады. Кезеңдері:
1- кезең: «Таныстыру»
2- кезең: «Топ басшылары»
3- кезең: «Мақал-сөз мәйегі»
4- кезең: «Қас-қағым сәт»
5- кезең: «Бәрін білгім келеді»
6- кезең: «Зерделілер сайысы»

1-кезең: «Таныстыру». Әр топ басшысы өз тобын кезекпен таныстырады.
2-кезең: «Топ басшылар» сайысы.
1-топ басшысы.
1. Компьютердің миы (процессор)
2. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы (принтер)
3. Ақпараттық ең кіші өлшем бірлігі (бит)
4. Зиянкесті программа (вирус)
5. Ақпаратты экранға шығаратын құрылғы (монитор)
6. Көп пернелі құрылғы (пернетақта)
7. Сырдқы жад (диск)
2-топ басшысы
1. Компьютер бұл мамансыз жұмыс істемейді (программист)
2. Сандер мен әріптерді енгізу құрылғысы (пернетақта)
3. Ақпараттың сандық көшірмесін шығаратын құрылғы? (сканер)
4. Сурет салуға арналған программа? (Paint)
5. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас? (интерфейс)
6. Принтердің неше түрі бар? (3)
7. Мәтінді жою пернелері (Delete, Backspace)

3-кезең: «Мақал сөз мәйегі». Топ мүшелеріне компьютерге қатысты
құрастырылған мақал-мәтелдер беріледі, осы мақал-мәтелдердің күнделікті
өмірде қолданылатын нұсқаларын табу керек.
1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала. (Жігітті досына қарап, бағала)
2. Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)
3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан,
егін екпес)
4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне
мәлім)
5. Білмесең, «анықтама»-дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)
6. Компьютер тіршілік көзі (Су тіршілік көзі)

4-кезең: «Қас-қағым сәт».
I – топ: «Интернет»
1. Информатика пәні нені зерттейді ?
Жауабы: (Ақпараттық процестері)
2. Қолданбалы программаларды ата ?
Жауабы: (Word, Excel, Access, Power Point)
3. Модем қандай қызмет атқарады ?
Жауабы (Интернет жүйесіне қосатын құрылғы)
4.Деректерді сақтауға арналған программа ?
Жауабы: (жады)
5. Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған программа ?
Жауабы: (Word)
6. Ақпарат қандай мағына білдіреді ?
Жауабы: (түсіндіру, баяндау, ақпарат)
7. Компьютердің қандай түрлерін білесіңдер ?
Жауабы: (қалта, планшеттік ДК, тасмал компьютерлер)
8. Ең алдымен адамдар есептеулерді қалай жүргізді ?
Жауабы: (тастар мен ағаштардан)
9. Paint графикалық редакторының құралдар тақтасында неше құрал орналасқан
?
Жауабы: (16)
10. Құжатты қағазға басып шығар жолы ?
Жауабы : (Файл – Печать)

II – топ: «Компьютер»
1. Компьютер дегеніміз не ?
Жауабы: (ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал)
2. Стандартты программаларды ата ?
Жауабы: (Word Pad, Paint, блокнот)
3. Вирусты тауып жоятын программа ?
Жауабы: (Антивирус)
4. Сандар нешеге бөлінеді ?
Жауабы: (бүтін және нақты)
5. Жойылған нысандар орналасатын қапшық ?
Жауабы: (Себет)
6. Принтердін неше түрі бар ?
Жауабы: (3)
7. Informatio қай елдің сөзі ?
Жауабы: (латын)
8. Раіnt графикалық редакторының терезесі неше бөлімнен тұрады ?
Жауабы: (6)
9. Ең алғашқы программаны жазған адам ?
Жауабы: (Ада Лавлейс)
10. Құжатты сақтау жолы ?
Жауабы: (Файл – Сохранить)

5-бөлім: «Бәрін білгім келеді». Ойнымыздың бұл бөлімінде әрбір топ
монитордағы ұяшықтарды таңдап, жауап беруі қажет. Жауап дұрыс болса, сол
ұпай есебіне жазылады, ал қате болса шегеріледі.
ҒАЛЫМДАР
10. Компьютердің атасы (Чалрльз Бэббидж)
20. 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасап шығарған
ғалым (Блез Пасклаь)
30. ХҮІІ ғасырдың басында логарифм түсінігін енгізген шотландық математик
(Джон Непер)
АҚПАРАТ
10. Адам ақпаратпен не істейді? (ақпаратты сақтайды, таратады, өңдейді)
20. Ақпараттық процестерді ата? (ақпаратты алу, беру, сақтау, өңдеу)
30. Ақпарат қалай бағаланады? (түсінікті, дәл, толық, жаңа, пайдалы болуы
керек)
ӘР ТҮРЛІ
10. Сигнал деген не? (адамға немесе белгілі бір құрылғыға-ақпарат
қабылдаушыға әсер ететін физикалық процесс)
20. Компьютердің негізгі құрылғылары? (пернетақта, монитор, жүйелік блок)
30. ЭЕМ-нің буындары және элементтік базалары (І-буын электрондық шамдар)

6-кезең: «Зерделілер сайысы»
1. Бар құрылғыны басқаратын, кеудесін көтеріп қасқаятын ми (процессор)
2. Өзінен зиянды сәуле шашатын, адам көзін құртатын жалмауыз (монитор)
3. Саусақтарды билететін, экранға мәтінді сый ететін, жоқ деп мүлде айта
алмайтыын, иә-ні қолдап қайталай беретін (пернетақта)
4. Пернеден жасқанатын, адам көмегімен басқарылатын, қорқақ, компьютердің
кенже баласы (тышқан)
5. Тышқанның ең жақын туысы (трекбол)
6. Қағазға тоймайтын мешкей (принтер)
7. Принтерден асып түсетін мешкей (сканер)

Қорытындылау.
Осымен ойынымыз аяқталды. Сөз кезегін әділ-қазылар алқасына
береміз. Сайсқа қатысушыларды марапаттау.
Бүгінгі ойынымыз өз мәресіне жетті. Көріп
тамашалағандарыңызға көп рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Синоним сөз бит байт
Жүйріктер тобы сұрақтары
Жаңа технологиялар – әлемі
Информатика әлемі жайлы ақпарат
Жас информатик (сыныптан тыс шара) 8" а" сыныбы
Көкпар ойынының тапсырмасы
Информатика алаңы
Қызықты бес пән . интелектуалды ойнын
Үшінші сайысымыз
Бақытты сәт білім сайысы
Пәндер