Сызықтық теңсіздіктерді шешуді білімді бекіту сабағы (әдеби-монтаж)

  1. Сабақтың мақсаты: 1) Сызықтық теңсіздіктерді шешуге есептер шығару;

2) Теңсіздіктерді шешу және шешімдер жиынын анықтай білуге үйрету;

3) Ұйымшылдыққа, белсенділікке баулу;

2. Сабақ түрі: білімді бекіту.

3. Сабақ типі: әдеби-монтажды сабақ.

4. Қолданылатын көрнекіліктер: карточкалар, тест тапсырмалары.

Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі 3 минут
  2. Үй тапсырмасын тексеру 5 минут
  3. Білімді бекіту тапсырмалары 30 минут
  4. Сабақты қорыту, білім бағалау 4 минут
  5. Үйге тапсырма беру 1 минут

Сабақ барысы:

  1. ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ.

Оқушылардың сабаққа дайындығын, оқу құралдарын тексеру, сабақтың барысы мен мақсаты туралы түсінік

II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Білімді бекіту тапсырмалары

  1. Музыкалық -әдеби монтаж

1-оқушы : Арифметикадан бастау алып,

Ұзақ сапар шектік біз.

Кейде құлап, қайта тұрып,

Осы күнге жеттік біз.

2-оқушы: Математика Ұлы атамыз,

Қажет болды адамдарға.

Туын жықпай келе жатыр,

Мынау қилы замандарда.

  1. Сұрақпен жұмыс
  1. Теңсіздіктің түрлері
  2. Сан аралықтары
  3. Теңсіздік қасиеттері

3-оқушы: Азияда ғылым қашан,

Нұрын шашты жарқырай?

Ғалымдары кімдер болды,

Айтыңдаршы жалпылай?!

4- оқушы: Ғалым болған ұл-қыздары,

Шығыстың бас жұлдыздары.

Ұлықбекті отқа жақты,

Сол заманның құзғындары.

5- оқушы: «Екінші ұстаз»- деп атады,

Фарабиді жұрт түгел.

Атамыздың трактатын,

Бағалы әлі, мықты дер.

6-оқушы: Әл-Бируни-Әбуәли,

-Өзбекстан, тәжікстан !

Елдерінің мақтаны,

Қатарынан озып шыққан.

7- оқушы: Тоғызыншы - он бесінші,

Ғасырлардың алыбы.

Нұрын шашқан бар әлемге,

Бұлар - Азия ғалымы.

  1. Карточка тапсырмаларын орындау.

Теңсіздіктерді сан түзуінде кескіндеп, шешімдер жиынын сан аралығында жазыңдар.

  1. Х ≤ 3, Х › -5, 2
  2. Х ≥ 2, Х ‹ -3, 7
  3. Х ≥ 7, Х ‹ -6, 5

8-оқушы: Еуропа ғалымдары,

Бастау алды бұлардан.

Барын алып, жоғын тауып,

Алақайлап қуанған.

9-оқушы: Қолына алып бағындырды,

Он алтыншы ғасырды.

Білімді де, ғылымды да,

Пайдасына асырды.

10-оқушыы: Француздан виет шықты,

Кезегім менің келді деп.

Алгебралық символдарды,

Әріптермен белгілеп.

11-оқушы: Іле-шала Декарт келді,

Осы күнгі белгіні ап.

Бүгінгі ұрпақ, жазып жүрміз,

Декартша әлі белгілеп.

12-оқушы: Куб теңдеуді шешеміз деп,

Талап қылды әркімдер.

Итальяндық Тарталья алғаш,

Шешкен нағыз - кемеңгер!

13- оқушы: Мұра қылып жазып кетті,

Кардано оны жазбаша.

Бізге бүгін жетер ме еді,

Егерде ешкім жазбаса?

14-оқушы: Геометриялық тәсілменен,

Куб теңдеуді Хайям шешкен.

Әрі ақын, әрі ғалым,

Мол бақытты бастан кешкен.

  1. Есептер шығару.

Х-тің мәні болатын натурал сандарды жаз:

  1. 14, 2 ≤ Х ≤ 21, Х= 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21.
  2. 8, 3 ≤ Х ≤ 15, Х= 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15.
  3. 5, 5 ≤ Х ≤ 11, 2, Х= 6, 7, 8, 9, 10, 11.

15-оқушы:Орыстарда бұл ғылым,

Дамыды қашан қарыштап.

Аты шықты кімдердің,

Айтыңдаршы дұрыстап.

16-оқушы: Орыстар да бастау алып,

Он жетінші ғасырдан.

Өндірісте, ғылымда,

Жаңалықтар ашылған.

17-оқушы: Ломоносов, Лобачевский-

Аты шыққан ғалымдар.

Мақтанышы өз елінің,

Мәңгі өшпес жалындар.

  1. Тест тапсырмаларын орындау.
р/с
1-нұсқа
р/с
2-нұсқа
р/с: 1
1-нұсқа:

Теңсіздіктің шешімін анықтаңыз:

2, 3 Х ≤ 6, 6

А) б) в)

р/с: 1
2-нұсқа:

Теңсіздіктің шешімін анықтаңыз:

-1, 2 Х ≤ 3, 2

А) б) в)

р/с: 2
1-нұсқа:

Х-тің мәнін табыңыз: 19 21

А) 19; б) 20; в) 21.

р/с: 2
2-нұсқа:

Х-тің мәнін табыңыз: 17 х 19

А) 17; б) 18; в) 19.

р/с: 3
1-нұсқа:

Теңсіздікті шешіңіз: 2х 12

А) б) в)

р/с: 3
2-нұсқа:

Теңсіздікті шешіңіз: 3х 12

А) б) в)

р/с:
1-нұсқа:
р/с:
2-нұсқа:

IV. Сабақты қорыту, оқушы білімін бағалау.

Сұрақтар: 1) Азия ғалымдары (Ұлықбек, Фараби, Әл-Бируни)

2) Еуропа ғалымдары (Декарт, Виет, Тарталья, Кардано)

3) Орыс ғалымдары (Ломоносов, Лобачевский)

4) Қазіргі қазақтан шыққан математик ғалымдар.

«Математиканың әні» орындалады.

V. Үйге тапсырма


Ұқсас жұмыстар
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешуді қайталау
6-сынып: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешуді пысықтау сабағы
Ғажайып алаң капитал шоу форматындағы бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешуді қайталау сабағы
Тәуелсіздіктің 18 жылдығына арналған әдеби-музыкалық монтаж және тарихи хронологиясы
Логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешуді жалпылау және ҰБТ-ға даярлау
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу: сабақ жоспары
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешуге арналған сабақ жоспары мен есептер
Паскаль тілінің қарапайым операторлары: білімді бекіту сабағы
6-сынып математика сабағы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер - сабақ жоспары (бекіту сабағы)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz