6в сыныбына арналған математика пәнінің ашық сабағы: бір айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесін шешу

Математика пәнінен 6в сыныбындағы ашық сабақтың тақырыптық жоспары

Пән мұғалімі:Мамбетов А. Т.

Сабақтың тақырыбы:

“Бір айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесін шешу”

Сабақтың мақсаты:

аталған тақырып бойынша оқушылардың алған білімдерін байланыстыру және жүйелендіру.

Сабақтың міндеттері:

-бір айнымалысы бар теңсіздіктер мен теңсіздіктер жүйесін шешуде мәндестік ережелерін пайдалану біліктілігінпысықтау,

- оқушылардың есептеу біліктілігін дамыту,

- оқушыларды білімге, пәнге деген оң көзқарасын тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ашық сабақ.

Сабақтың типі: оқушылардың білімін, біліктілігін пысықтау сабағы

Әдісі: сұрақ-жауап, есептер шығару, карточкалардан пайдалану, деңгейлеп оқыту техникасын пайдалану.

Көрнекі құралдар: м едиа-проектор, экран, тақырыпқа қатысты авторлық презентация, таратпа материал, оқулық математика 6 сынып Абылқасымова Т. А.

Сабақтың жоспары. (45 мин)

  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)
  2. Үй тапсырмасын тексеру (3 минут)
  3. Бір айнымалысы бар тең-ді қайталау (презентация 1) (3 минут)

4. Ауызша сұрақ-жауап, сан аралықтары(презент 2) (2 минут)

5. Деңгейлік тапсырмалар (теңсіздік б-ша) (презент 2) 8минут

6. Тест тапсырмаларын орындау 3 минут

7. «Қатені тап!» 3 минут

8. Бір айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесі(презент 1) 5 минут

9. Бір айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесін шешу 3 минут

10. Тарихи мәліметтер. 1 минут

11. Блиц-сұрақтар 3 минут

12. Көз жаттығуын орындау. 1 минут

13. Топпен жұмыс. Жаттығулар орындау. 8 минут

1 топ-№1024(1-4), 2 топ-№1024(5-8), 3 топ-№1026, 4топ-№1027,

5топ-№1028, 6 топ-№1029

14. Үй тапсырмасы. №1032, №1033, №1034

15. Сабақты қорыту. 3минут

Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі . (Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың мақсатын хабарлау)

Осы сабағымызды ұлы шығыс ғұламасы Рудакидің сөзімен бастауға рұқсат етіңіз:

«Дүние есігін ашқан әрбір азамат әрқашанда білімге, ғылымға зәру, қай ғасырда қай елде болса да, адамзат ерте заманнанбері саналы ғұмырын, бар күшін білім алуғажұмсайды».

2. Үй тапсырмасын тексеру 3 минут

3. Бір айнымалысы бар теңсіздіктерді қайталау (презент 1) 3 минут

4. Ауызша сұрақ-жауап (сан аралықтары презент 2) 2 минут

5. Деңгейлік тапсырмалар (теңсіздіктер бойынша, презент 2) 8минут

6. Тест тапсырмалары . 3 минут

Әрбір тапсырмаға «иә» немесе «жоқ» деген жауап беру талап етіледі.

1. -7 саны 3 х >12 теңсіздігінің шешімі бола ма?

2. 10 саны 3 х >12 теңсіздігінің шешімі бола ма?

3. 2 х - 15 > 3 х + 6 теңсіздігі қатаң теңсіздік болып есептеле ме?

4. «теңсіздіктің екі жағын теріс санға көбейткенде немесе бөлгенде теңсіздік белгісі өзгермейді» деген пікір дұрыс па?

6. 3саны 3х<-6 теңсіздігінің шешімі бола ма?

8. [-1, 8; - 1, 6] кесіндісіне тиісті бүтін сан бар ма?

9. (-5; 5) ∩ (-3; 2) = (-3; 2) қиылысудың нәтижесі дұрыс па?

7. “Қатені тап!” 2минут

  1. х≥7 (-∞; 7] Жауабы: (-∞; 7]

  1. y≤\leq2, 5 (-∞; 2, 5] Жауабы: (-∞; 2, 5]

  1. m≥12 (-∞; 12) Жауабы: (-∞; 12)

  1. -3k≤3, 9, k≤-1, 3 Kє(-∞; -1, 3] Жауабы: (-∞; -1, 3]

8. Бір айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесі (презент 1) 5 минут

9. Теңсіздіктер жүйесін шешу: (тақтаға 3 теңсіздіктер жүйесі жазылады)

а) { х 1 х < 5 \left\{ \begin{array}{r} х \geq 1 \\ х < 5 \end{array} \right. \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ б) { 2 х > 4 3 х 12 \left\{ \begin{array}{r} 2х > 4 \\ 3х \leq 12 \end{array} \right. \ в) { 3 х 1 5 х < + \left\{ \begin{array}{r} 3х - 1 \geq 5 \\ х < + \infty \end{array} \right. \

10. «Теңсіздік белгісінің келіп шығуы». Тарихи мәліметтер 1 минут

Әртүрлі шамаларды салыстыру және заттардың санын санау мақсатында теңдік түсінігі мен қатар «үлкен» және «кіші» түсінігі пайда болды. Теңсіздік белгілерін алғаш ежелгі гректер пайдаланған. Мысалы Архимед, шеңбер ұзындығын есептеуде π(пи) санының шекарасын көрсеткен.

Өзінің «Бастамалар» кітабында Евклид екі оң санның геометриялық ортасы олардың арифметикалық ортасынан артық емес екенін көрсеткен. Бірақ олардың барлығында арнайы теңсіздік белгілері пайдаланылмаған.

Теңсіздік белгілері XVII- XVIII ғасырларда пайда болған. < және>белгілерін ағылшын математигі Томас Гарриот (1560-1621) енгізген.

Гарриот > және < белгілерін 3ші дәрежелі теңдеудің шешімдерін табуда пайдаланған.

11. Блиц-сұрақтар ( презент 3) 3 минут

12. Көз жаттығуы. (көзді жұмып сызба сызу)

Көзбен үшбұрыш сал

Ұшы мен табанының орнын ауыстыр

Көзбен оның қабырғаларын сызып шық.

Шексіздік белгісін көзбен сал

Баспен емес тек көзбен салу

Көзбен шеңберді салып,

Оның центріне мұқият көңіл бөл

Оны жұлып алып, қоқысқа сал.

13. Топтық жұмыс. ( кітапты пайдаланып есептер шығару) 8минут

1топ- № 1024(1-4), 2 топ- №1024(5-8), 3 топ-№1026, 4 топ-№1027,

5 топ-№1028, 6 топ-№1029. Оқушылар 4 кісіден топқа бірігеді. Өз деңгейлеріне қарай мысал таңдап орындайды. (екі көрші парта оқушылары) .

14. Үй тапсырмасы: №1032, №1033, №1034

15. Сабақты қорыту:оқушылардың жұмыстарын сараптау (аралық және қорытынды бағалау) .


Ұқсас жұмыстар
Пысықтау сабағы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу
6-сыныпқа арналған ашық сабақ: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу
Бір айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесін шешуге арналған сабақ жоспары
6 сынып математикасы: бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу (Биоақпараттану және синергетика, Биоинтернет картасы)
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер: интервал арқылы шешудің нақты әдісі
Бір айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесіне есептер шығару - 9-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Ашық сабақ: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу (6а сынып)
6-сынып математика: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу - 2-ші сабақ жоспары
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу
Сабақ жоспары: 9 сынып алгебрасы - бір айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz