Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Біріккен сөздер туралы ақпарат

Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер.
Сабақтың мақсаты: Біріккен сөздер туралы мағлұмат беру.
Білімділік: Біріккен сөздердің екі түбірден бірігуі арқылы тұтас бір ұғым беруі, бір сұраққа жауап беретіндігі туралы түсіндіру. Өз бетімен тақырыпты меңгере отырып, жаттығулар орындау барысында жасалу жолдарын ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, сауатты, көркем жазуға, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, талдау, көрнекілік, түсіндіру, проблема тастау.
Пән аралық байланыс: ана тілі, дүниетану, музыка.
Көрнекілігі: белсенді тақта, жеке суреттер, схемалар, тірек сызба, топтық тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Өткенді пысықтау.
Ой шақыру. <<Көрші>> ойынын ойнату.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Қызығушылықты ояту.
<<Хайуанаттар бағына саяхат>>
-Мынау не? Хайуанаттар бағы.
1.Өзім: бірқазан, түйеқұс, аққұтан, аққу. Жақсы! Оларды қалай жазу керек деп ойлайсыңдар?
Оқушылар өздері қорытады.
Ереже:Екі не одан да көп түбірден құралған сөздерді біріккен сөздер деп аталады. Біріккен сөздер әрқашан бірге жазылады.
ІV. Оқулықпен жұмыс: 32-жаттығу қарайық.
Өсімдіктің мүшелері гүл мен жапырақ бейнеленген. <<Сыңарын тап>> ойыны арқылы құрастырайық.
Айнабұлақ, Жарбұлақ, Кербұлақ, Талдыбұлақ. Сыңарларын тауып, топтастырып жаздық. Оқушы жауабы:
Алакөл, Сексенкөл, Сасықкөл, Жалаңашкөл.
Нұрдәулет, Бақдәулет, Есдәулет, Жандәулет.
Жалқы есімдер. Ережесі айтылады.
Енді гүлдің жапырағында аққу, ақбөкен, шаңсорғыш, балмұздақ, қосаяқ, тасбақа сөздері жазылған, бұл сөздер де екі түбірден құралған.
Сергіту сәті.
Н.Тілендиевтің <<Аққу>> күйі.
Үзінді 2оқушы
V. Тақтамен жұмыс: 33-жаттығу.
Сөздерді оқып, көшіріп жаз. 1-1-ден оқушылар тақтаға шығып жазады.
Ақ+қу, бұзау+бас, Ақ+марал, шаң+сорғыш, бал+мұздақ, егеу+құйрық, Жеті+қарақшы, шек+ара. Әр сөз неше түбірден құралған? Жақсы.
Балалар, сендерге таныс емес екі сөзге қарайық.
Бұзаубас-басы үлкен, алдыңғы аяқтарымен жер қазатын түсі сары қоңыз.
Егеуқұйрық- ауылшаруашылығына зиянды, тұмсығы сүйір, құйрығы ұзын сұр тышқан.
(Аспан әлемінен 7қарақшыны табу.)
VІ. Мәтінмен жұмыс: 39-жаттығу. Өзім оқимын.
Кіріспе сөз айтылады. 16-17 желтоқсан-Тәуелсіздік күні!
Мәтінді көшіріп жаз. Мәтінге ат қой.
Біріккен сөздерді тауып, олардың қалай жасалғанын түсіндір.
Бурабай көлдеріне Бурабай, Шортанды, Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты, Қотыркөл жатады. Бұлар-Сарыарқаның Көкшетау тауларының аралығында орналасқан ұсақ көлдер тобы. Олар суының тазалығымен, тауларымен, қарағайлы-қайыңды ормандармен ерекшеленеді.
VІІ. <<Ой ашар>> Сөздік диктант.
Беташар, дәптер, жанкүйер, балық, ерекше, асатаяқ, Қаламқас,балалар, Жұмабай, алабота, алтыбақан, тас, ақсақал, асқабақ.
VІІІ. Өздік жұмыс. <<Бес жолды өлең>>
ІХ. <<Ой дамыту>> Шығармашылық жұмыс.
1. Адамның ең үлкен бақыты -------------
2. Адамға күн қалай керек болса ------------
3. Уақытыңды бос жібермес үшін -------------
4. Дүниедегі ең тәтті нәрсе --------------
5. Ең жұмсақ нәрсе --------------
6. Ең жарық нәрсе --------------
Х. Сабақты қорыту. Рефлексия .
Бүгін сабақта қандай тақырыпты өттік.
2148840111125Біріккен сөздер
00Біріккен сөздер



Не үйрендік? Сабақтың пайдасы болды ма?
ХІ. Үйге тапсырма: 40-жаттығу, 79-бет. Біріккен сөздің ережесін жаттау.
ХІ.Бағалау.

<<№39 жалпы орта білім беретін мектеп>> КММ



















Ұқсас жұмыстар
Біріккен сөздердің емлесі
Жеті ғажайып сыры
Астана-Бәйтерек
Егіншілік және мал шаруашылғы
Күрделі сөздер қос сөздер біріккен сөздер тіркескен сөз қысқарған сөз
Біріккен сөздердің түрлерін ажырату
Тіркесті сөздер
Біріккен сөздер (4-сынып)
Оқылым мәтіні
Біріккен сөздер. Қазақ тілі
Пәндер