Ауырлық күшінің әсерінен дененің қозғалысы: еркін құлау және есептеу формулалары

Сабақ тақырыбы : §32 Дененің ауырлық күші әсерінен қозғалысы.

Автор: Башарұлы. Тоқбергенова

Оқу мен тәрбие міндеттері :

  1. Білімділік: ауырлық күші -Жер бетіндегі барлық денелердің жерге тартылу күші,

оның әсерінен дененің қозғалысының түрлерімен, қозғалыс

формулаларымен оқушыларды таныстыру;

  1. Тәрбиелік:алған білімдерін жүйелеп отыруға тәрбиелеу, өзара жолдастық көмек

көрсете білуге және жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелеу;

  1. Дамытушылық:зейіні мен зердесін дамыту, белсенділіктері мен қабілеттіліктерін

арттыру;

Сабақ түрі: жаңа сабақты меңгерту, бекіту

Оқыту әдістері : демонстрациялық, проблемалық, сұрақ-жауап, өздік жұмыс

Пәнаралық байланыс : жаратылыстану, химия, зоология, әдебиет, тарих, өмірмен

байланыс

Көрнекіліктер: құрал-жабдықтар: шыны, су, резеңке, жүктер, «Табиғаттағы күштер»

тірек-схемасы, таратпалар;

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру:

а) сәлемдесу, кезекшімен жұмыс;

ә) балалардың оқу құралдарын тексеру, зейіні мен зердесін

шоғырландыру ;

ІІ. Өтілген материалмен жұмыс:

І бөлім

№1

Қайықта отырған Әмір жағаға түсуі керекеді. Ол қайық кемерінен ырғып жағаға түсті. Осы кезде қайық қалай қозғалады? Не себепті қайық жағадан алыстады?

№2

Футбол алаңында доп жатыр. Әділхан жүгіріп барып, допты теуіп жіберді. Мұнда бір дененің әсері екінші денені қандай күйге келтіреді.

№3

Машина орнынан қозғалуы үшін қандай денелер өзара әсерлеседі ?

№4

Сабақтан тыс уақытта ағаш бұтағынан жоғары ұшқан құстың бұтақпен әсерлесуін бақыла. Байқалған құбылысты сипатта.

ІІ бөлім

«Табиғаттағы күштер» тірек- схемасын құрастыру.

  1. Күш дегеніміз не, белгіленуі, өлшем бірлігі
  2. Олардың түрлері
  3. Оларды есептейтін формулалары

ІІІ. Жаңа сабақ.

Бүкіләлемдік тартылыс күшінің бір көрінісі - денелердің Жерге тартылысы. Мұны ауырлық күші - денелердің Жерге тартылыс күші деп атайды. Олай болса:

Mm

R² мұндағы: М - Жердің массасы

R - Жердің радиусы

G=6. 67 10 ¹¹ - гравитациялық тұрақты, яғни бұл шаманың көбейтіндісі: g=G =9. 8 м/с² тең болады. Осыдан келіп ауырлық күшінің біз білетін формуласын F=mg аламыз.

Ауырлық күшінің әсерінен:

  • Жоғары лақтырылған кез келген дене Жерге түседі.
  • Жер бетіндегі өзендер суы төмен қарай ағады
  • Жасанды жер серіктері жерді айнала қозғалады.
  • Т. б.

Осы жағдайлардың ішінен бүгін біз дененің тік төмен және тік жоғары қозғалған жағдайын қарастырамыз.

Осы жағдайды 16 ғ-дың аяғы мен 17 ғ-дың басында өмір сүрген Г. Галилей еркін құлаған дене қозғалысы үдемелі болатынын және тұрақты 9, 8 -ге тең болатынын тағайындаған.

Ғылым үшін баға жетпес дүние қалдырған Галилей өзінің жаңалықтарын қалай ашқанын сендер тарих пәнінен сол кездегі инквизиция соты дегеннен білесіңдер. Сонда да Галилей қорықпай «Дегенмен де - ол айналады» деген.

Дененің құлауына жер әсер етеді. Мұндай қозғалыста санақ басы ретінде Жер алынады. Санақ басын төмен немесе жоғары кез келген нүктеден аламыз. Ал дененің көтерілу биіктігін h дейміз.

Y y=h= h + v t + gt²

v = v+g t кез келген уақыт мезетіндегі жылдамдығы

h g v² = v² + 2 g (h - h) кез келген нүктедегі жылдамдығы

Формуланы пайдаланып есептер шығарайық:

Шешуі: h y

Бер: h=100 м g=-g, v=0, v=-v

g= 9. 8 м/с² h=0

y=h= h + v t + gt² 0= h + 0 + gt

t-? v-? t=v 2h/g = 4. 5c

v=gt = 9. 8 4. 5 = 44 м/с

IV . Бекіту кезеңі:

1. Таратпалар:

  • Жауын бір жауады, ағаш екі жауады, - сөзінің мағынасы.
  • Неліктен Ай өзінің қозғалыс жылдамдығын өзгертеді?
  • Үйдің шатырындағы жатқан қарға ауырлық күші әсер етеді ме? Ол неліктен төмен түспейді?
  • Денені Жер бетінде қандай күш ұстап тұрады?
  • Жер мен Ай арасындағы тартылыс күшінің көрінісі

2. Жаттығу:

№15-1

Шешуі:

Бер: t = 4 c g=-g, v=0, v=-v

g= 9. 8 м/с² h=0

y=h= h + v t + gt²

h -?

3. Тесттік тапсырма.


Ұқсас жұмыстар
Денелердің ауырлық күші әсерінен қозғалысы: ауырлық күші мен еркін түсу үдеуі
Ауырлық күшінің жасырын қуаты: дененің потенциалдық энергиясы мен істелген жұмыстың байланысы
7-сынып: Газ қысымы мен ауырлық күшінің әсерінен сұйықтар мен газдардағы қысым
Ауырлық күші әсерінен сұйықтар мен газдардағы қысым
Физика: Тартылыс құбылысы мен ауырлық күшінің сабақ жоспары
Ауырлық күші әрекет ететін дененің және деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы
7-сынып: Ауырлық күші әрекет ететін дененің және деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы
Дененің бір түзу бойындағы күштерді қосу, тартылыс құбылысы және ауырлық күші
Мирзабаева Нұргүлдің 9-сыныпқа арналған Дененің еркін түсуі және еркін түсу үдеуі тақырыбы бойынша рефлексивтік есебі (20.09.2013)
9-сыныпқа арналған сабақ: Дененің салмағы, салмақсыздық және Жердің жасанды серіктерінің қозғалысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz