Қош бол, балдай тәтті балабақша!

Тақырыбы: Қош бол, балдай тәтті балабақша!

Қатысушытар: балабақша түлектері

Тасша бала

Тәрбиешілер: Абеуова Лаура Дынымхановна

Сагинбаева Алмагул Толегеновна

Тәрбиеші: Балдай тәтті балалар,

Алдыңда білім мектеп бар.

Өзеріңнен өтеді,

Өнерлі де даналар.

Өтті қызық көп күндер,

Бір белестен өттіңдер.

Өсті міне бойларың,

Өсті ақыл ойларың.

Қуанышқа ортақпыз,

Құтты болсын тойларың !

Таудай биік талабың,

Жақсы көреді сабақты.

Тақпақ айту өнерін.

Тамила, Алия, Богдан, Назира айтады.

Тамила: Біз балалар бағында

Тұрамыз өте көңілді.

Көп болсақта достықпен,

Өткіземіз өмірді.

Богдан: Құшағында жарқылдап,

Өтті сәби күндерім.

Би биледім, ән тыңдап,

Алаңдауды білмедім.

Назира: Бала бақшка есігін

Үшке тола ашқанбыз.

Балапандай өсіріп,

Мәпелейді бақшамыз.

Ән: «Кел бақшаға»

Біздің балалардың әнін көңіл бөліп тыңдауларыңызды сұраймыз.

Ал балалар сендердің естеріңде біздің балабақша жайлы қандай жақсы ойларың қалды ?

Богдан Әртүрлі ойыншықтар бар.

Бексұлтан Балдай тәтті тағамдары бар.

Алия Топтағы балаларды сағынам.

Богдан: Іш ауырса,

Тіс ауырса,

Бізге дәрі береді.

Бақшамызда барлық бала,

Дәрігерді жақсы көреді.

Бексұлтан: Ақ төсекке жатқызып,

Тәтті тағам ұсынған.

Бала болып ойнаған,

Күтуші апай сағынам.

Алия: Томпиған дәмді баурсақ,

Бізге арнап пісірген.

Шебер қолды аспазшы,

Апайлар есте қалады.

Біздің балдырғандардың тағы бір әнін тыңдауға рұқсат етіңіздер.

Ән: «Бәрімізге мереке»

Тасша бала ортаға келеді. Амандасады. Не болып жатқанын сұрайды.

  • Ассалаумағалейкум жиналған қауым. Өзі бұл жерде не болып жатыр ?
  • Сәлематсызба тасша бала. Сіз балабақшаның салтанатты жиынына келдіңіз. Біз жас бүлдіршіндерді мектепке оқуға шығарып салып жатырмыз. (Сөмкесінде тас, ағаш, пистолет, рагатка т. б. заттарды төгеді. )
  • Ой балалар, Тасша баланың алып келген заттары мектепке баратын балалардың заттарына ұқсайма ?
  • Жоқ.
  • Мұндай заттарды ұстауға болады ма?
  • Жоқ.
  • Олай болса, біз тасша балаға қандай үлгілі, тәртіпті екенімізді көрсетейікш. Көрсетеміз бе?
  • Иә.
  • Олай болса біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз мақал - мәтел біледі. Осыдан бастайық.

Нұрсұлтан: Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

Аружан: Жақсы бала - еңбекшіл

Жаман бала - себепшіл.

Эрик: Ойна да күл, оқы да біл.

Дария: Көп біл, аз сөйле.

Тасша бала

- Ой мен кішкене бүлдіршіндерге өте риза болдым. Рахмет сендерге. Енді сендерге

мен жұмбақ жасырғым келіп тұр. Жасырсам шешесіңдер ма ?

- Иә.

Қабат, қабат қаттама,

Ақылың болса аттама .

( кітап)

Ізі жол болып қалады,

Алтын жинап алады.

( қалам )

Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында.

( сызғыш )

Ортасында шегесі,

Жіп жіңішке денесі.

( қарындаш )

- Тасша бала мектепке барамын дейді, сөмкесін толтырып алыпты. Қане көрейік (сөмкедегі барлық заттар төгіледі)

- Ал балалар, менің мектепке баратын балаларға бір ойыным бар.

Екі топқа бөліп жарыстыру. Балаларға сөмкеге керекті құрал жабдықтарды салдыру.

Тасша баланың екінші ойыны. « Мен өскенде кім болам ? »

( Ортаға мамандық иелерінің суреттерін жайып, және ән әуенінқою, балалар айналып жүреді. Әуен тоқтағанда әр бала жанындағы суретті алады. Сол суретте кім бейнеленсе сол маман иесі болатынын айту. )

Өз қуыршақтарына арнап Айгерім мен Назерке тақпақ айтпақ. .

Айгерім: Сөйлемейсің сен неге,

Тілің жоқ па қуыршақ. ?

Назерке: Жуынбайсың сен неге,

Кірің жоқ па қуыршақ ?

Айгерім : Аяғың бар сен неге,

Жүре алмайсың қуыршақ. ?

Назерке : Жұмасағанда неге сен,

Тіл алмайсың қуыршақ ?

Айгерім : Біз күлгенде күлмейсің,

Аңқаусың ба қуыршақ ?

Назерке : Бізбен бірге жүрмейсің,

Жалқаусың ба қуыршақ ?

Тәрбиеші: Би билеп жандандырған,

Елді есінен тандырған.

Бұлақтай тасыған өнері,

«Қуыршақ » биі шеберлі.

Би: «Қуыршақ»

Құйқылжытып ән салған,

Әніне жұрт тамсанған

Әнші біздің Бексұлтан мен Айгерім

Ән: «Бала тілі»

Хор: «Жас дәуірдің түлегіміз. »


Ұқсас жұмыстар
Әліппемен ұстазға
Балалардың бал мекені!
Қош бол менің қасиетті ӘЛІППЕМ
Рахмет саған, Әліппе
Ойынсоңында балаларды мадақтау
Меңгеруші апайға
ҚОШ БОЛ, БАЛАБАҚШАМЫЗ
"әнші балапан" 1 сыныптар арасындағы ән байқауы
Антонимдерді қайталау. 5-сынып
СӨЗДЕРДІ ТАП
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz