Технология пәнінде ұлттық қолөнер арқылы оқушыларды еңбекке тәрбиелеу: Қызылорда қалалық №1 мектеп-гимназиясының тәжірибесі

Шеберлік шыңға жеткізер

5 007 Ешпанова Лиза Шынәліқызы,

Қалтай Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясының технология пәнінің жоғарғы санатты мұғалімі,

Қызылорда қаласы.

“ . . . Еңбекке оқытудың мазмұнын анықтау кезінде оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа жетелеу мақсатымен олардың ұлт дәстүрін, мәдениетін, халықтың қолданбалы өнері мен кәсіпшілігін тереңдете игеруіне жағдай жасау керек”

Жалпы білім беретін мектептер оқушыларын еңбекке

оқыту мен тәрбиелеу Тұжырымдамасынан.

ХХІ ғасыр қатаң бәсеке ғасыры. Еліміздің білім жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Басты мақсат- әрбір оқушыға түбегейлі білім беру, мәдениеттің негіздерін беру және оларға қолайлы жағдай жасау.

Бүгінгі күні технология сабақтарында дәстүрлі және ұлттық қолөнерге баулу, шығармашылықпен ұштастырып білім беру, еңбек етуге тәрбиелеумен қатар ата- бабамыздан қалған салт- дәстүрді насихаттау заман талабы.

Қолөнер үйірмесінің мақсаты: оқушыны қызықтыратын қолданбалы өнер түрінен жан-жақты білім беру, үйрету. Кез- келген бұйымның, туындының, жасалу құпиясын, тарихын ашып көрсете білсек оқушы шығармашылықпен іске кіріседі. Оқушы қызығушылығы артқан сайын, еңбек үстіндегі шығармашылық ізденудің нәтижесінде қолөнер туындысының жаңа түрлері жасалынады. Оқушының бос уақытын тиімді пайдалануға, пайдалы іспен шұғылдануға және еңбексүйгіштікке тәрбиелейді. Өз қолымен дайындаған бұйымның эстетикалық талапқа сай болуы үшін биік талғамын, шеберлік дағдысын қалыптастырады. Әр балада қабілеттің бірнеше түрі болатынын ескере отырып, баланың жетекші қабілетін анықтап, арнаулы шығармашылық жұмыстарын жүргізе білген жөн.

Шығармашылық пен өнер егіз ұғымдар. Сондықтан, шығармашылықтың қозғаушы күші - әр алуан өнердің түрі болып табылады.

Шығармашыл бала өзінің қабілетін, күш -қуатын, бейімділігін сезіне алатынын дәлелдейді.

Жалпы алғанда технология пәнінің басты міндеті оқушыны өздігінен өмір сүріп, жұмыс жасайтын үлкен өмірге дайындау. Әсіресе қыз балаларды үй шаруашылығының қыр-сырын білуге бейімдеу арқылы келешекте жақсы әйел, ұлағатты ана болуға тәрбиелеу.

Биылғы 2012-2013 оқу жылында оқушылар мен технология, бейнелеу өнері пәндері мұғалімдерінің шеберлігін насихаттау мақсатында бірнеше көрмелер өткізілді.

Қыркүйек айының 18-інде «Тіл мерекесіне» орай өткізілген «Тіл - аманат ұрпаққа» атты апаталық іс- шарада «Халық қолөнері - асыл қазына» тақырыбында қазақтың ұлттық бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды.

Көрмеге ұлттық киімдер, тұрмыстық және зергерлік бұйымдар ұсынылды, сонымен бірге көрмені тамашалаған оқушыларға әр бұйымның тарихы туралы түсінік берілді.

Қазан айының 12- сінде мектеп-гимназияда облысқа белгілі ұстаз Сейітқасым Жүнісовтың кабинетінің ашылуына байланысты өткізілген қалалық іс-шарада оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық жұмыстарынан көрме

қойылды.

2012 жылдың 28 қарашасы күні Асқар Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған қалалық оқушылар шығармашылығы көрмесі өткізілді.

Осы көрмеге Қалтай Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп- гимназиясындағы «Эстетика» пәндері әдістемелік бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен оқушылардың көркемсурет және қолөнер бұйымдары қойылды.

2013 жылдың 19 ақпаны күні Республикалық білім қызметкерлері кәсіподақ комитеттерінің тәжірибе алмасу семинары болып өтті. Осы семинарда мектеп оқушылары мен мұғалімдерінің шығармашылық жұмыстарынан қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге қойылған бұйымдар келген қонақтар мен мектеп ұжымы мен оқушылардың жоғары бағасын алды.

Фото-0053

Фото-0047

Фото-0049

5 013 5 012

Фото-0052


Ұқсас жұмыстар
Технология пәнінде оқушыларды кәсіптік бағдарлау және ұлттық ою-өрнекті қолдана отырып қолөнерге баулу
Ұлттық қолөнер арқылы оқушылардың іскерлігін қалыптастыру
Технология пәнін оқытудың әдістемесі: ақпараттық технологиялар, жобалау және ұлттық қолөнер
Өнер өрге жетелейді: ұлттық салт-дәстүр мен қолөнер арқылы тәрбиелеу
Биология пәнінде дарынды оқушыларды оқытудың әдістері мен әдістемесі: Жаңақорған ауданы тәжірибесі
7-сыныпқа арналған технология мен ағылшын тілінің кіріктірілген сабағы: кесте тігу, қолмен тоқу және құрастыру арқылы ұлттық қолөнер бұйымдарын дайындау
Тарих пәнінде педагогикалық технологиялар мен ұлттық педагогиканы қолданудың іс-тәжірибесі
Технология пәнінде оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырудың тиімді әдіс-тәсілдері
Дене тәрбиесі сабақтарында интерактивті әдістер арқылы оқушыларды тәрбиелеу
Қазіргі мектепте технология пәнінде электрондық оқулықтарды қолданудың тиімділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz