Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Жаңа жылдың жарқырайды шамдары
Сабақтың тақырыбы: <<Жаңа жылдың жарқырайды шамдары>> Мақсаты: Оқушыларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылда барлық бойларында бар өнерлерін ортаға салып үйрету. Көңілді өткізу өз қолдарында екенін түсіндіру.Барысы:
Мұғалім: Армысыздар ардақты ағайын, ұлағатты ұстаздар!
Мұғалім: Бармысыздар замандас бауырлар, шабытты шәкірттер!
Мұғалім: Бәрекелді, бәрекелді! Құрметті халайық жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысайық.Мұғалім: Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!
Би: <<Жаңа жыл>>
Мұғалім: Армысың, аманбысың, Жаңа жырым,Жаңа жылым! О менің Жаңға жылым!Жылқы жылы келгенде, сый ғып тартып,Ақтарайық әнменен көңіл сырын - дей келе жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді саналы ұрпақты сезімі сергек ,арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті директоры Мусин Т.Қ береміз
Ән: <<Балалық>> шағын орталық
Мұғалім: Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,Шат күлкіге толы болсын маңайыңКөргендер де, көрмегенде армандаЖаңа жылың құтты болсын ағайын!
Сания мен Каринаның орындауында түрік биіМұғалім: Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,Ай жүзіндей айшықтанып арайың.Жанға шуақ, бойға қуат әкелген,Жаңа жылың құтты болсын ағайын!
1-сынып оқушыларын өлең шумақтарымен ортаға шақырамыз
Каринаның орындауында <<Ертегілер>> әнін қабыл алыңыздар
Мұғалім: Аппақ бүгін қыр,далам,
Ақ дастархан жапқандай .
Халық біткен қарбалаң,
Қонақ күтіп жатқандай.
Көңілде көп қуаныш,
Әр көңілде қуаныш.
Кетер жылға мың алғыс,
Әкелген көп жақсылық!
Ортаға Аруананы <<Кел, жаңа жыл>> әнімен шақырамыз
Мұғалім: Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.
Мұғалім: Қуаныңдар ағайын, тамсаныңдар!Сүйіншімен маңайға жар салыңдар.Аяз ата келеді Ақшақармен,Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!(осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді).
Мұғалім: Армысыз Ата! Армысыз Ақшақар!
Аяз ата:
-Армысыңдар , балаларым!бармысыңдар халайық!
Өздерің сияқты балалардың шат күлкілі думан- тойын аралап келемін.Міне , сендердің орталарыңа Ақшақар екеуміз әзер жеттік.Өткен жылға ризамын.Адамзат баласын қуантар көптеген жақсы оқиғалар өтті, Өздерің де тағы бір жылды артқа тастап, бір жасқа өскелі тұрсыңдар Келе жатқан жаңа жылдарың құтты болсын!
Ақшақар:
Қардан шыққан Қарғашпын сұлу айдай қиылып ,
Жаңа жылмен құттықтап сәлем берем иіліп.
Келе жатқан Жылқы жылы ,
Береке , бірлік әкелсін сендерге!
Мұғалім: Құрметті Аяз ата, Ақшақар! Мектебіміздің балалары сіздерге қаншамаөнер көрсетеміз деп отыр.
Ендеше ортаға шағын орталықтың бүлдіршіндерін тақпақтарымен шақырамыз
<<Ақшақар>> биі
Мұғалім: Жаңа жыл - жаңа әннің тербелуіЖаңа жыл - ақ арманның өрленуі.Жаңа жыл - партадағы лүпілдеген,Кішкентай шәкірттердің ержетуі.
Тақпақтар даярлық топ
Гүлназдың орындауында <<Біз тәп-тәтті баламыз>>
Мұғалім: Жаңа жыл - бұл жаңа нұрНұрдан ләззат ала біл.Ақын жазар жаңа жыр,Жырдан тыңда терең сыр.Ал достар, бізге деген реніші жоқ шығар. Құрметпен Жылан жылын шығарып салайық.(осы кезде жылан келеді.)
Қайсар: Біздің елде өткен жылы,Жылан жылы тыныштық.Ал ұмтылдық, біз есейдік.Жақсылыққа тырыстық.Ескі Жылым - Жылан жылы,Қош, аман бол көргенше.Алдияр:Сен сыйладың бақытты күн.Қайта айналып келгенше,Талап, талант дарынды,Өрлеттің туды аспанда,Бойыңнан бердің барыңды.Айналар бір күн дастанға.
Жылан жылы: Мен ескі жыл есіркедім,Егемендік елдікті.Мен сүйемін батырлықтыТатулық пен ерлікті.Қарақтарым,қанаттарымАмандықпен жүздесейікАл, Жаңа жыл, ізбасарым,Қолыңа ал бір істі!Қанат бітір қанатсызғаКөркейт елді намысты
Мұғалім: Қош сау бол, ескі жыл!
Мұғалім: Құрметпен ортаға Жаңа жылды шақырамыз.Ортаға Жаңа Жылқы жылы келеді.
Жылқы жылы:
Жақсылыққа бағыттаған
Жылқымын мен жаңа жыл!
Жаңа жылда барлығыңыз
Жаңа үміт таба біл
Жылан жылының мерекесін
Берекеге жалғаймын
Елде, жерде, табиғат та
Бейбіт жолды қолдаймын
Мұғалім: Жаңа жылда жаңа белден асамыз,Жаңа жылға жырмен шашу шашамыз.Бейбітшілік ұранымен, жеңіспен,Жаңа жылда тағы да алға басамыз.
Саянның орындауында ән: <<Балапан>>
Мұғалім: Жаңа жылда алдағыКөңіл өсіп кеңейсін.Ортақ ойы арманы,Жақсы дәстүр көбейсін.
Елдананың орынедауында: <<Ұланымын елімнің>>
Мұғалім:-Балалар, ақшақардың сендерге дайындап әкелген жұмбақтары бар көрінеді, шешуін тапсаңдар аяз ата екеуінің сыйлықтары көп екен, жұмбақ шешеміз бе?
Мұғалім: Мың бұралған ақ қайыңдайҚыздар шықсын ортаға.Ал, ендеше қол соғайықҚошеметпен қолқала.
Шағын орталықтың орындауында би: <<Шығыс биі>>
Мұғалім: Жаңа жыл келді міне жерімізге
Әкелсін құт- береке елімізге.
Жақсылық пен қуаныш жылы болып,
Қиындықты жолатпасын бәрімізге!
Мұғалім:-Аяз ата, Ақшақар, балалар сіздермен бірге, шыршаны айнала ән шырқап, би билесек дейді.
Мұғалім:
Жаңа жылда алдағы,
Көңіл өсіп кеңейсін.
Ортақ ойы ,арманның
Жақсы дәстүр кеңейсін.
Оқ атпасын ешкім де,
Өмір деген тым ыстық!
Жұмыр жердің үстінде ,
Бұзылмасын тыныштық!
Санияның орындауында: <<Ағатайым>> әнін қабыл алыңыздар
Мұғалім:Төрлет, қане Жаңа Жыл,
Үлестір құт, береке.
Көп қуаныш ала жүр,
Көп болсыншы мереке!
Мұғалім:Ал, Аяз ата, Ақшақар! Бағанадан бері алдарыңызда әдемі әзіл мен әдемілік сыйлаған өнерпаздардың арасында табаны жерге тимей, шыр айнала билейтін биші бүлдіршіндеріміз бар көрінеді.
Би: <<Барбарики>>
Мұғалім: -Балалар, сендерге арнайы әкелген Аяз атаның сыйлығы бар екен, соны
Өздеріңе табыстағысы келеді, солай емеспе, Аяз ата!
Мұғалім: Ал, Аяз ата, Ақшақар! Асығып тұрған секілдісіздер.Әрине, әлі де барар жер, басар тауларыңыз көп болғандықтан, сіздерді көп бөгемейік.
Аяз ата:
Ау халайық , айдай балаларым! Міне ,сендермен де қоштасатын сәт те келіп жетті. Келіп кірген жаңа жылдарыңыз құтты болсын!Денсаулықтарыңыз мықты болсын, балаларым! Білімдерің таси берсін, алған бағаларың тек <<4>> пен <<5>> болсын!
Мені күтіп отырған өздеріңдей бүлдіршіндер бар.Енді соларға жол бастайын.
Ақшақар:
Күтіп отыр балалар,
Тағат таппай сағынып.
Оқалы шам бағандар,
Зерделі моншақ тағынып.
Жаңа жылым , жас ұлан,
Тұсауыңды кесейін!
(Аяз ата мен Ақшақар қош айтысып кетеді)
Мұғалім: Қымбат қонақ жыл тойыСаған деген сый - сияпат басқашаСені күтіп ән саламыз түн бойыБи билейміз шырқалған ән тоқтамас.
Мұғалім: Езуіңнен кетпесін сыңғыр күлкің,Аспаның ашық болсын ала бұлтың.Мұржаң қисық болса да, ағайындарТүтініңнен түзу шықсын, жалпақ жұртым.
Мұғалім: Бітуге қалды таяп - ай,Не қыласың аяп - ай.Қане, халқым, қол соқшы,Жаңа жылда аямай!
Асылайдың орындауында ән: << Қош келдің, Жаңа жыл!

Ұқсас жұмыстар
Жаңа жыл құтты болсын! |
Тәрбие бағыттары |
Ертеректе қолданған жарық көздері |
Қонақтарды күтеміз |
Ана тілім - бал тілім |
Аққала тобы |
Шырша шамдары |
Сендерге көп рахмет |
Найзағайды оқу |
Қыс мезгілінде |
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz