Сабақ жоспары :: Технология
Файл қосу
Ал, қанеки қыздар! 7-сынып
Ал қанеки қыздар
Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы селосы №1 мектеп
гимназиясының ІІ санатты технология пәні мұғалімі
Мергенғалиева Сандуғаш Нұрбайқызы
<<Берекені көктен тілеме, еткен еңбектен тіле>> Абай.
<<Ал, қанеки, қыздар!>> атты сайыс
Өтілу формасы: Конкурс (сайыс)
Міндеттері: Ойын тәсілі арқылы оқушылардың ойын дамытып, пәнге деген қызығушылығын ояту; Өнерді түсініп, бағалап, меңгеруге бағыт-бағдар беру;
Өнер үйренуде өз беттерінше ізденудің қажеттілігін сезіндіру.
Мақсаты: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Өнерді тануға, қызығуылыққа баулу,
әдептілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.
Әдісі: Ойын сауық, жарыс.
Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет, математика, бейнелеу өнері, биология, география.
Көрнекілігі: Ұлағатты асыл сөздер жазылған слайд,қолөнер бұйымдары.
Жоспары (1 сағатқа арналған).
І. Ұйымдастыру бөлімі:
- сайыстың тақырыбымен таныстыру,
- сайысқа қатысушы топтармен таныстыру,
- әділқазы алқаларымен таныстыру.
- сайыстың шарттарымен таныстыру, (слайдта жазулы тұр)
ІІ. Сайыстың барысы:
ІІІ. Сайыс қорытындысы.
Сайыс барысы:
Жүргізуші:
Қыздарымыз сүйкімді болсын деп,
Өнер - білімге икемді болсын деп,
Бәйтеректей бойшаңдансын деп,
Өрен-өршіл өркенді болсын деп,
Жақсы жолды таңдайық.
Жамандық тәлім алмайық,
Дарынды мектеп дәстүрін
Жаңалайық, жалғайық,
Ары адал, жаны жаз,
Арулар жолын таңдайық, -- деп <<Ал, қанеки, қыздар>> атты кешімізді бастайық.
Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар! Бұл сайысқа 7 сыныптың <<Өнерлі қыздар>>, <<Шебер қыздар>> топтары өз өнерлерін көрсетуге келіп отыр.
Сонымен қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызда қош келдіңіздер!
Ендігі сәтте бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.
1-шарт: <<Сәлем - сөздің атасы>> - деп аталады, әр топ атымен, ұранымен эмблемасымен таныстырады.
2-шарт: <<Бәйге>> сұрақ-жауап сайысы. 5 сұрақ технология пәнінен
3-шарт: <<Кім жылдам?>>
Әр топ мүшелері өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін көрсетеді.
а) <<Ою ойғанның ойы ұшқыр>> (қағаздан ою ою)
ә) картоп ашу
б) Инені сабақтап түйіндеу
в) түйме қадау
4-шарт: <<Тіл өнері>>
Мақал-мәтелдерден, жұмбақтардан жасырылған сөздердің жауабын табу.
5-шарт: <<Ас - адамның арқауы>> салат түрлерін дайындау.
6-шарт: <<Білімді мыңды жығар>> әртүрлі пәндерден сұрақтар беріледі. (Оқушының ой өрісі қандай)
7-шарт: <<Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз>> үй тапсырмасы
Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,
Өнерліге өз басым таң қаламын.
Өнерді әділдікпен бағалайтын,
Таныстырайын әділқазы алқаларын.
Әділ қазылар алқасын сайлаймыз.
Сайыстың 1 шарты бойынша топтардың атымен, ұранымен, эмблемасымен таныстыру.
Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ - жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты - дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап береді.
<<Бәйге>>
Әр топқа 10-сұрақ беріледі, тез әрі нақты жауап беру керек.
<<Бәйге>> 1-топ
1. Ұлттық бас киімді ата. (сәукеле, тақия, бөрік т.б.)
2. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам (құрт)
3. Азық-түлік тапшы болғандағы жұт түрі (аштық)
4. Үш арсызды ата. (ұйқы, күлкі, тамақ)
5. Ою-өрнек түрлері нешеге бөлінеді. (4), (жануар тектес, өсімдік тектес, геометриялық, космогониялық).
6. Химиялық талшықтар нешеге бөлінеді? (жасанды, синтетикалық)
7. Тамақтан соң ауыз сүртуге арналған орамал. (салфетка)
8. Ұсақ моншақ қай елде алғаш пайда болған? (Египет)
9. Кестелеуге ине мен жіптің қандай түрін алған жөн? (жіңішке ине, кесте жіп)
10. Қандай қолданбалы өнер түрлерін білесіңдер? (кілем тоқу, құрақ құрау, киіз басу, сырмақ сыру)
11. Құрақтың қандай түрлерін білесің? (жұлдыз, ботагөз, тырна қатар, шаршы, шахмат)
12. Моншақпен тоқуда керекті құрал заттың бірі (сым)
13. Мойынға тағатын әшекей (алқа)
14. Су моншақты ең көп шығаратын ел (Жапония)
15. Үйдегі машина, бірақ онымен ешқайда бара алмайсың. (кір жуатын машина, тігін машинасы)
<<Бәйге>> ІІ - топ
1. Табиғи жүнді неден алады? (қой, ешкі)
2. Кешке жатарда асты неше сағат бұрын ішу керек? (3 сағ)
3. Қамырдың негізгі шикізаты (ұн)
4. Көкөністен дайындалған салқын тағам. (салат)
5. Ежелден келе жатқан кәсіп (қолөнер)
6. Тігін машинасының әкесі кім? (Элиос Хоу)
7. Иық бұйымына жататын қазақтың ұлттық киімі (камзол)
8. Кестелеу үшін қандай құрал керек? (кергіш, оймақ, ине)
9. Ұсақ моншақ қай елде алғаш пайда болған? (Египет)
10. Шыт, атлас, жібек (мата)
11. Нанның кептірілген бөліктері (сухари)
12. Сумоншақтың орысша атауы (бисер)
13. Шашқа тағатын әшекей (шашбау)
14. Түрлі тігіс тігетін зат (машина)
15. Уақытша тігістің түрі (көктеу)
3-шарт. <<Кім жылдам?>>
а) <<Ою ойғанның ойы ұшқыр>> (1 қыз түрлі-түсті қағаздан ою ойып беруі керек).
ә) Картоп тазалау. (әр топтан 1 қыз шығып, картопты тез әрі жұқа, әрі үзілмеген етіп аршылуы керек).
б) Инені сабақтап, түйіндеу. (тез әрі дұрыс істеуі керек).
в) Түйме қадау. (түйме мата түсіне сәйкестігіне, ине, жіп түйілгені ескерілуі керек).
4-шарт. <<Тіл өнері>>
Ал, қанеки, қыздар, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық - дегендей жұмбақ шешіп көрейік.
1-топ
1. Бар екен дүниеде жалғыз көзді,
Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.
Әлемді он сегіз мың киіндіріп,
Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді. (Ине) Оқу инемен құдық қазғандай.
2. Құрғақ жерде сақтайсың
Онсыз тамақ татпайсың. (Тұз) Доссыз адам - тұссыз ас.
3.Екі семсер айқасқан, Асыл қайшы пішуге сән,
Оқта-текте шайқасқан. (Қайшы) Күміс қасық - ішуге сән.
4. Арық ат қарны қабысқан
Бір көлді ішіп тауысқан. (Қасық) Құрғақ қасық ауыз жыртар.
5. Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды, Қоныс көркі - там,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды. (Дастархан) Дастархан көркі - нан.
2-топ.
1. Бір сусын бар жұртымда,
Ішсең уыз ұртыңда.
Бәрі содан шығады, Жылқыда өт жоқ,
Ірімшік май құртыңда. (Сүт) Құста сүт жоқ.
2. Дастарханға шуылдап,
Күніне үш жиылар,
Жарты сағат қимылдап, Шешесін көріп, қызын ал
Жарты сағат жуынар. (ыдыс-аяқ) Ыдысын көріп, асын іш.
3. Қимылдаса қос шебер,
Қыруар-қыруар іс өнер (Қол) Көз қорқақ, қол батыр.
4. Суда туады, суда өледі. (Тұз) Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма?
5. Сылдыр сұйық су емес
Ішсең сусын қанады.
Ақ болса да қар емес,
Шешуін кім табады? (сүт) Ақты төкпе, сиырды теппе.
5-шарт. <<Ас адамның арқауы>>
Ендеше іске сәт сайыскерлер!
Ас көңілдің ажары деген ырым
Жақсы ғой тағамның да білген сырын,
Көрсетсін келесі сәт сайыскерлер
Дайындаған жаңашыл салат түрін.
Өнер-білім тұңғиығынан нәр алған сайыскерлеріміздің тағам дайындау жағынан сыналар уақыты да жетті. Әр топ салат жасайды. (уақыты 5 минут)
6-шарт. <<Білімді мыңды жығар>>
Келесі кезекте 6 -- шартымыз <<Білімді мыңды жығар>> деп аталады. Әр түрлі пәндерден сұрақтар беріледі. (оқушы ой-өрісі).
1-топ.
Биология: Таза табиғаттан алынатын талшық түрлері (мата, зығыр, жібек, жүн)
География: Елімізде мақта өсіретін бірден бір аймақ (ОҚО)
Технология: Киіз үйдің жабдықтарын ата.
Сурет: Байлық пен молшылықты бейнелейтін ою-өрнек (қошқармүйіз)
2-топ.
Биология: Етте қандай дәрумендер тобы бар? (А,Д,РР,В)
География: Төрт түліктің киелісі -- түйе малының шыққан жері. (Орта Азия, Қазақстан)
Технология: Ою-өрнек түрлері нешеге бөлінеді. (4), (жануар тектес, өсімдік тектес, геометриялық, космогониялық).
Сурет: Магиялық ою. (тұмарша)
7-шарт. <<Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз>>
Келесі 7-шартымыз бойынша <<Шебердің қолы ортақ, шешеннің сөзі ортақ>> дейді қазақ, енді қыздарымыздың қолөнер бұйымдарын тамашалап,
бағалайық.
Осымен бүгінгі сайысымыз мәресіне жетті. Ал қазір кімнің ұпайы көп екенін білу үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз.
Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен
алғысымызды айтамыз.
Қорытынды: Салт-дәстүр, әдет-ғұрып ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан халқымыздың асыл мұрасы. Салт-дәстүрлер қоғамдық
әлеуметтік дүние, ол халықтың мінез-құлқы мен іс-әрекетінің рухани негізі. Халқымыздың осындай баға жетпес құнды қазынасын бүгінгі ұрпақтың
санасына сіңіріп, әрі қарай жалғастыруына мүмкіндік жасау басты мақсатымыз.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz