Ондық бөлшектерді бөлуге есептер шығару (5-сынып) - Математикалық футбол ойын сабағы

Шығыс Қазақстан облысы

Үржар ауданы, Қабанбай ауылы

Б. Майлин атындағы орта мектебі.

Физика-математика пәнінің мұғалімі

Юсбекова Анар Пазылбекқызы

Пән. Математика. 5-сынып

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді бөлуге есептер шығару.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты. Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлуге есептер шығару.

Дамытушылық мақсаты. Ондық бөлшек және оны бөлу ұғымын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты. Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі. Есептер жазылған карточкалар, интерактивті тақта, сабаққа жасалынған слайд.

Түрі. Ойын сабақ. «Математикалық футбол» ойыны.

Сабақ барысы. І Ұйымдастыру.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

Сыныпты екі футбол командасына бөлу. «Алакөл» және «Аралтөбе» командалары.

ІІІ. Негізгі бөлім. «Математикалық футбол» ойыны.

ІҮ. Қорытындылау. Үйге тапсырма беру.

Ойынның шарты:

  1. Сыныпты екі командаға бөлу. Атын беріледі.
  2. Интерактивті тақтадан алдын ала жасалған футбол алаңын шығару. Алаңда ойыншылардың суреттерінің жанында таратпа материалдардағы есептерді жауабы жазылады.
  3. Әр командадан бір оқушыдан шығарып, қолдарына таратпа материал (карточкалар) беру. Әрбір қағазда 2 есеп жазылады. Бір оқушы тақтаға есеп шығарған кезде тапқан жауабын футбол алаңынан тауып, келесі жауапқа қаламмен сызып тұрады. Бірінші жауап алаң ортасында болады. Ең соңғы дұрыс жауап қарсылас команданың қақпасының жанында болады. Соңына бірінші жеткен команда екінші командаға гол теуіп, жеңіске жетеді.
  4. Оқушылар екі топтан кезекпен тақтаға шығып отырады. Отырған оқушылар әр команда өз есебін орындарынан орындайды.

Мысалы, 4, 76 : 0, 1 56, 7: 0, 18

2, 73 : 10 62, 3 : 10 т. с. с.

Қорытындылау. Жеңген команданы марапаттау, бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Ондық бөлшектерді қосу бойынша есептер шығару сабағы
Ондық бөлшектерді қосуға арналған есептер шығару сабағының жоспары
Жай және ондық бөлшектерді түрлендіру: есептер шығару
Ондық бөлшектерді көбейту: есептер шығару бойынша сабақ жоспары
Ондық бөлшектерді қосу және азайтуға есептер шығару: 5-сыныпқа арналған ашық сабақ (Бауырсақ ертегісі желісі бойынша)
5-сынып: V тарауды (ондық бөлшектерді) қайталау - деңгейлеп оқыту және брейн-ринг ойын сабағы
5-сынып математикасы: Жай бөлшектерді көбейту және есептер шығару
Ондық бөлшектерді қосу және азайту: қайталау және пысықтау ойын сабағы
5 сыныпқа арналған сабақ жоспары: Жай бөлшектер мен аралас сандарды бөлуге есептер шығару
Ондық бөлшектерді қосу және азайту: ойын формасындағы қайталау және пысықтау сабағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz