Сабақ жоспары :: Музыка
Файл қосу
«Терме –бабалар тілегі». Бұқар жырау
Күні: 17.04.2013 ж.
Сыныбы: 3
Сабақтың тақырыбы: «Терме –бабалар тілегі». Бұқар жырау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Терменің – қазақ поэзиясының және вокальды ән музыкасының
жанры екендігін ұғындыру.
Тәрбиелік: Адамгершілік пен зұлымдықтың, әділеттілік пен әділетсіздікті,
жаман мен жақсыны айыра білуге, ата-бабамыздың өсиеттерін қадір тұтуға,
қазақ халқының ұлы жырау, термешілерін есте сақтап, құрметтей білуге
тәрбиелеу.
Дамытушылық: Терме- әуелі сөз өнері. Көркем сөз арқылы жететін өсиет-
өнеге әдемі болу үшін оның музыкамен байланысын, яғни музыка мен
әдебиеттің байланысын көрсете білу, оқушылардың ой - өрісін одан әрі
дамыту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың өтілу әдісі: баяндау, сұрақ – жауап, ән айту нотамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: музыкалық аспап, интерактивті тақта,кеспе қағаздар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих,музыка.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
а) Сыныппен амандасу, сыныпты түгендеу.
ІІ Сабаққа зейін аударту.
1.Үйренсең нотаны,
Ән де саласың,
Барлығын оп- оңай,
Жаттап аласың.
Қайырмасы:
Сен де қосыл, жасқанба,
Әнің жетсін аспанға.
2.Шырқалсын әрқашан,
Әсем ән ғана
Шырқасын бұл әнді,
Күнде бар бала.
3.Күлімдеп қарасын,
Аспан алабы.
Біз әнге бөлейік,
Туған даланы.
ІІІ. Үй жұмысы.
«Алпамыс батыр» жыры
1.Арманына жеткен Алпамыс.
2.Ноталардың қысқа қайырымдарын жатқа сұрау( ноталарды тақтаға салу)
3.
|Кейіпкер |Сөз мәтіні |Буынға |Шағын |Әуені бар|
| | |бөл |кіріспесі |ма? |
| | | |бар ма? | |
|Алпамыс |Тайшық алған жылқының, | | | |
| |Артынан мен кетейін. | | | |
| |Шаһимардан жар болса, | | | |
| |Жылқыны қуып жетейін. | | | |
ІV. Үй тапсырмасын бекіту:
Сұрақтарға жауап беру арқылы кроссвордты шешу.
Т Ұ Л П А Р
К Е Й Қ У А Т
Ж Ы Р Ш Ы
М Ы С Т А Н
Е Р Ж Ү Р Е К
1- сұрақ «Жүйрік ат?»
2- сұрақ «Алпамысты зынданнан құтқарған сырнайшы?»
3- сұрақ «Жырды орындаушы?»
4- сұрақ « Жырдағы жағымсыз кейіпкер?»
5- сұрақ « Батыр қандай болуы керек?»
Кроссвордты шешіп, тақтаға тақырыпты шығару.
V. Жаңа сабақ:
Терме – бабалар тілегі.
Бұқар жырау.
Терме дегеніміз -ақылы мен нақылы бар тақпақ сазды әуен.
Терме атауы қазақтың «тер», «теру» сөзінен шыққан. Әннің әуені болса,
терменің өзіне тән мақамы бар.
Терме – қазақ поэмасының және вокальды ән музыкасының жанры. Термені
орындайтын адамды термеші деп атайды. Термеші адамгершілік пен зұлымдықты,
әділет пен әділетсіздікті, жаман мен жақсы мінездерді салыстырып жырлайды.
Бүгін, жыраулық дәстүрдің көрнекті өкілі- Бұқар жырау Қалқаманұлымен
таныс боламыз. Бұқар жырау – қазақ халқының ұлы ханы Абылайдың ақылшы-
кеңесшісі болған. Ол Абылайды 11 жасынан бастап білген. Бұқар жыраудың
әкесі- Қалқаман батыр.Бұқар жырау- Баянауыл жерінде туған. Бұқар жырау
термелерінде адамгершілік, жақсылық пен жамандық туралы өсиеттер
айтқан,жырларымен ұрпаққа үлгі- өнеге қалдырған.
Сонымен балалар, Бұқар жырау кім? Тақтаға өз ойымызды жазамыз.
ұстаз, ақылшы
ақын Жырау ---------
орындаушы
шешен
ә)Музыка тыңдау:
« Жақсы менен жаман». Халық термесі.
Термеге талдау жасау.
1.Халық термесі дегенді қалай түсінеміз?
2. Термеде қандай қасиеттерден аулақ болуға шақырады ?
б) Ән үйрету: Бұқар жыраудың термесі.
-Балалар, бүгін біз Бұқар жыраудың термесін үйренеміз. Бұқар жырау өз
термелерінде жақсылық пен жамандықты, әділетсіздік пен әділеттілікті,
адамгершілік пен пен зұлымдықты жырлаған. Сонымен бірге ата-баба өсиетін,
өмірлік қағидасын қадір тұтуды үйретеді.
в) Термені дәптерге жазу.
Бұқар жырау термесі.
Биік тауға жарасар
Ығынан тиген пайдасы.
Терең сайға жарасар
Тобылғылы саласы.
Ер жігітке жарасар
Қолына алған пайдасы.
Би жігітке жарасар
Халқына тиген пайдасы.
Ақсақалға жарасар
Тілеуқорлық айласы.
Бәйбішеге жарасар
Еміздіктеген сабасы.
1) Әнді аспаппен қосылып айтып беру.
2) Дауысқа жаттығу жасау.
3) Балалармен қосылып айту.
г)Нотаман жұмыс:
Ноталардың ұзақтықтары әр түрлі болады.
Ортасы ақ қалғаны,
Бүтін нота болғаны.
Бүгінгі танысытын нотамыз -бүтін нота. Жазылуы –О.
Ұзақтығы -1-еу,2-еу, 3-еу, 4-еу.
VІ.Сабақты қорытындылау.
Сұрақтарға жауап беру арқылы домбыраның суретін шығады.
1. Терме атауы қай сөзден шыққан?
2. Термеде не туралы айтылады?
3. Бұқар жырау қай ханның ақылшы- кеңесшісі болған ?
4. Терменің әуені қалай аталады ?
5. Термені орындайтын адамды кім дейміз?
Тақтаға домбыраның суреті шығады.
Міне, балалар термешілер термені қазақ халқының ұлттық музыка аспабы
-домбырамен орындаған.Қазір ғылым мен техника дамыған заманда термені
өңдеп, эстрада жанрында да орындалып жүр.
Үнтаспадан жайлап «Сүгірдің термесі» қосып қою.
VІІ. Үйге тапсырма.
1. Терме дегеніміз не? Оқып келу.
2.«Бұқар жырау термесі» жаттау.
VІІІ.Бағалау.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz