Табиғатпен сыр шерткен шаңқобыз

Сабақтың тақырыбы: Табиғатпен сыр шерткен шаңқобыз.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Санғасырлық тарихы бар музыкалық аспаптармен таныстыру.

Дамытушылығы: Музыканы тыңдай білу, әнді мәнерлеп орындау қабілеттерін дамыту, оқушылардың ой - өрісін одан әрі жетілдіру.

Тәрбиелік мәні: Балаларға рухани - танымдық тәрбие беру, ұлттық өнерге, ұлттық музыкаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ.

Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгерту.

Сабақтың өтілу әдісі: Баяндау, сұрақ - жауап, ән айту, музыкалық аспаптармен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі : Музыкалық аспаптар, интерактивті тақта, кеспе қағаздар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

а) Сыныппен амандасу.

ә) Сыныпты түгендеу.

ІІ Сабаққа зейін аударту.

1. Үйренсең нотаны,

Ән де саласың,

Барлығын оп- оңай,

Жаттап аласың.

Сен де қосыл, жасқанба,

Әнің жетсін аспанға.

ІІІ. Үй жұмысы.

Дархан даланың үні - сыбызғы.

Балалар музыкалық аспаптарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді?

1. Сыбызғы аспабы неден жасалады?

2. Ұлттық музыкалық аспаптарды ата.

3. Біз қандай әндер үйрендік?

4. «Әліппе» әнінің сөзін жатқа айтып бер.

5. «Ана», «Әке», «Отан » сөздерін тақтаға жазып көрсет.

Сергіту кезеңі: «Біздің оркестр» (Қимылдарын қолмен көрсету)

Өтпейді әр кеш құр,

Ойнаймыз оркестр.

Дауылпаз бастайды,

Қылқобыз қостайды.

Сыбызғы, ысқырық

Қосылар ысқырып.

Домбыра, сырнай да,

Күй төгер мұндайда.

ІV. Бекіту.

Жұмбақтар айтылып, жауаптарын табу арқылы слайдтан ұлттық музыкалық аспаптар көрсетіледі.

1. Даусы бар, жаны бар,

Шертсең күйі әні бар.

Құлағын оң бұра,

Ол не . . . (Домбыра)

2. Сызылған үні, сүйкімді тілі,

Үрлесең ойнайтын аспаптың бірі. (Сыбызғы)

3. Тілшікті аспап, қобыздай асқақ.

Ерекше үні бар, бұл қандай аспап? Бұл -шаңқобыз.

Міне, балалар бүгінгі танысатын ұлттық аспабымыз- шаңқобыз.

( Үнтаспадан шаңқобыздың үнін тыңдатамын)

V. Жаңа сабақ. Табиғатпен сыр шерткен шаңқобыз

Шаңқобыз- қазақтың көне музыкалық аспабы. Шаңқобызды ойнағанда оны тістеп тұрып, кішкентай темір тілшені қолымызбен тербеліске келтіру арқылы дыбысын шығарамыз.

Шаңқобыздың жасалу жолдын технология пәні мұғалімі Оразалина Алмагүл айтып өтеді.

Шаңқобыз -темірден, ағаштан, күмістен жасалынады.

Жақсы, балалар, біздер сыбызғының ағаштан, шаңқобыздың темірден жасалынатын білдік.

Өткен сабақта үйренген әніміз «Домбырасыз сән қайда?» әні. Әнін жазған композитор Ибрагим Нүсіпбаев ағамыз (Әнді қайталатамын)

Балалар, өткен сабақта сыбызғы аспабының шығуы жайында айтып өттім. Жолаушы жолда келе жатса судың жағасында ызыңдаған дыбысты естейді. Келіп қараса қураған қамыс екен. Қамысты жел үрлеп дыбыс шығырып жатса керек. Жолаушы үйіне алып келіп, қамысты ойып, музыкалық аспап жасайды. Ол - сыбызғы аспабы екен.

Біз де жайлауға, атамыздың аулына барып, қыдырып, ән айтып қайтайық.

б) Ән үйрету: «Қошақаным қайда екен?» әні.

Балалар, бүгін біз, Әсет Бейсеуов ағаларыңның «Қошақаным қайда екен?» әнін үйренеміз. Ән көңілді орындалады.

1. Әннің сөзін ауызша жаттатқызу.

«Қошақаным қайда екен?» әні. Әнін жазған Әсет Бейсеуов.

Жазда атамның аулына,

Барып едім қыдырып.

Бір қошақан алдымнан,

Шыға келді жүгіріп.

Қайырмасы:

Ақ маңдайлы ай ма екен?

Шекер ме екен, бал ма екен,

Кеттім оны сағынып,

Қошақаным қайда екен?

Тентек құлын тебер деп,

Бұзаулармен бір ме екен.

Жазда мені келер деп,

Мені күтіп жүр ме екен?

2. Ән айту ережелерін еске түсіру.

3. Дауысқа жаттығу жасау.

4. Ән айту.

VІ. Қорытындылау.

Домбыра

Қобыз Ұлттық музыка аспаптары Сыбызғы

Шаңқобыз Жетіген

Міне, балалар, қазақ халқының ұлттық музыка аспаптары өте көп. Қазір біз, сабағымызды қорытындылай келе, Нұрғиса Тілендиев аталарыңның «Ата толғауы» күйін тыңдай отырып қолымызбен әркім өзінің қалаған аспаптарын ойнау арқылы шағын «оркестр» құрамыз.

Үнтаспадан жайлап «Ата толғауы» күйін қосып қою.

VІІ. Үйге тапсырма.

« Қошақаным қайда екен ?» әнін айтып келу, шаңқобыздың суретін салу.

VІІІ. Бағалау. Ноталар арқылы бағалау.

Сабақтың тақырыбы : Аспаптардың атасы- қобыз.

Сабақтың мақсаты :

Ғажайып сырлы аспап -қобыз аспабымен таныстыру.

Білімділік мәні : Санғасырлық тарихы бар музыкалық аспаптармен таныстыру.

Дамытушылығы: Оқушылардың жан - жақты білімдерін арттыру.

Тәрбиелік мәні : Музыкалық аспаптар арқылы ұлттық өнерді танып, білу, ұлттық аспаптарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі :Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру, әңгімелеу, музыка тыңдау, шығармашылыққа баулу .

Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті, тарих, әдебиет, технология.

Сабақ жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі. .

Үй тапсырмасы: Жетіген аспабы.

Актуалдау:

Жетіген қай аспаптың түріне жатады?

1. Үрмелі.

2. Ішекті.

3. Ұрмалы.

Жаңа сабақ: Аспаптардың атасы- қобыз.

Сабақтың барысы:

Қарағайдың түбінен

Қайырып алған қобызым.

Үйеңкінің түбінен

Үйіріп алған қобызым.

Қобыз- ысқышпен ойналатын ішекті музыкалық аспап. Мойны имек келетін бұл аспап сол қол саусақтары тырнақтарының сыртын ішекке тигізу арқылы ойналады. Аспаптың шанағы терімен қапталып, ысқыштары мен ішектері жылқының қылынан жасалады. Ертеде қобызды бақсылар құдіретті күш ретінде пайдаланған. Бүгінде қобыз аспабында ойнау шеберлігінің күрделенуіне байланысты төрт ішекті қобыз пайда болды. Бұл қобыздың ішектері сымнан жасалады. Қобыздың екі түрі бар: қылқобыз, қобыз. Қобыз аспабының құдіретін танытқан ұлы күйші - Қорқыт. Ол қобызды бақсы балгермен кезбе дуаналардың қолында жүретін жәй құрал емес нағыз музыка аспабы ретінде таныта білді. Қорқыттың «Қорқыт», «Аққу», «Әуіпбай», «Башпай», «Желмая» т. б. күйлері бар.

Ән үйрету. Қобыз

Қарағайдың түбінен

Қайырып алған қобызым.

Үйеңкінің түбінен

Үйіріп алған қобызым.

Аққайыңның безінен

Айырып алған қобызым.

Қара еменді қақ жарып,

Ойып алған қобызым.

Ортекенің мүйізін

Тиек қылған қобызым.

Желмаяның терісін

Шанақ қылған қобызым.

Қылқұйрығын тұлпардың

Қияқ қылған қобызым.

Ақ түйенің сүтіне

Шылап алған қобызым

Қорытындылау :

*Қорқыт күйлері қай аспапта ойналады?

*Қорқыт шығармасы музыканың қай жанрына жатады?

Үйге тапсырма : Аспаптардың атасы- қобыз.

Бағалау.

Тоқсандық тақырыбы: Қазақ халық аспаптарының жаңа өмірі .

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың көне аспаптарын жинаушы Болат Сарыбаев.

Сабақтың мақсаты :

Балаларды мамандыққа баулу, кәсіби бағдар беру.

Білімділік мәні : Музыкатанушы, өнертану кандидаты Болат Сарыбаевтың шығармашылығымен таныстыру.

Дамытушылығы: Оқушылардың жан - жақты білімдерін арттыру.

Тәрбиелік мәні: Ұлттық музыканың, ұлттық аспаптың ұрпақтан -ұрпаққа жеткен мұра екендігін білуге, оны құрметтеуге баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі :Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру, әңгімелеу, музыка тыңдау, шығармашылыққа баулу .

Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті, тарих, әдебиет.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасы: : Оркестр дирижёрі.

Актуалдау:

"Қазақтың музыкалық аспаптары"

Домбыраны қазақтар «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра », деп аса құрметтесе. ал, Қорқытты өлімнен құтқарған аспап қобыз аспабы болатын. Міне, бұл аспаптар ұлт аспаптар оркестрінің құрамына кіреді.

. Осындай ұлттық музыка аспаптарды жинап, зерттеп білген Болат Сарыбаев.

Жаңа сабақ:

Сарыбаев Болат Шамғалиұлы

(1927-1984)

Музыкатанушы, өнертану кандидаты. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын қобыз класы бойынша бітірген, мұнан соң халық аспаптар кафедрасында дәріс берген, бір мезгілде қазақтың халықтық музыкалық аспаптарын жинау мен зерттеу жөніндегі қызметтермен айналысты. Зерттеушінің дербес жинамасы әртүрлі халықтардың төрт жүзге таман музыкалық аспабын қамтиды, ол сондай-ақ сыбызғы, сырнай, жетіген, шертер, шаңқобыз, дабыл және басқа халықтық қазақ музыкалық аспаптары жинамасының иесі. Ол бұл аспаптарда Ықылас атындағы қазақтың музыкалық аспаптар Музейіне тапсырған. Б. Сарыбаев "Қазақтың халық аспаптары" монографиясында табылған аспаптардың түрін, қатарын, дыбыстық берілімін, ойнау тәсіліне ғылыми сипаттама бере отырып, жіктейді. Бұл зерттеуге бағалы қосымша ретінде Сарыбаевтың көмегімен "Қазақтың музыкалық аспаптары" әдемі альбомы жарық көрді.

Б. Сарыбаев музыка тануда ежелгі аспаптарды біліп, тауып, мәдениеттің материалдық игілігі ретінде ғана бағалап қана қойған жоқ, сондай-ақ, бұл ескі аспаптарды халықтың рухани өміріне ендірді. Сарыбаевтың ұмытылған ескі аспаптарды жаңартып, оларды іздеуі, зерттеуі нәтижесінде біз қазақтардың ерте кезден музыкаға, әнге, әуенге құмар екендігін, ерте кезде олардың әлемдегі ең бай аспаптарды қолданғандағын білеміз.

Сарыбаевтың еңбегінің маңызы аса зор, себебі-ежелгі аспаптарда уақыт үні, ғасыр таңбасы болады, ол - қазақтың музыка мәдениетіне жаңа тарихи бет болып қосылып, үнемі жаңарып, толығып отырады.

Музыка сауаттылығы : До, ре, ми, фа, соль ноталары.

Ән орындайық Атамекен. Әні Е. Хасанғалиевтікі.

Жасыл жайлау- түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

Маңдайымнан сипап өткен самалды,

Қазағымның алақаны деп білем.

Қайырмасы:

Қайда жүрсем атамекен

Көкейіңде жатады екен.

Күннің көзі қимай оны,

Ұясына батады екен.

Жасыл жайлау- түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

Асқар тауын аспанымен таласқан

Қазағымның мәртебесі деп білем.

Жасыл жайлау- түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін,

Қазағымның махаббаты деп білем.

Қорытындылау : "Қазақтың музыкалық аспаптары"

Үйге тапсырма: Қазақтың көне аспаптарын жинаушы Болат Сарыбаев.

Бағалау:

Тоқсандық тақырыбы: Әлемді шарлаған музыкалық асапаптар.

Сабақтың тақырыбы: Табиғатпен үндескен сыбызғы.

Сабақтың мақсаты : Музыка аспаптары, соның ішінде ұлттық музыка аспаптары туралы мағлұмат беру.

Білімділік мәні : Аспаптардың құрылысы мен түрі, неден жасалатынын ажырата білуге үйрету.

Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып, эстетикалық бағыт беру және ұлттық аспаптарға деген қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиелік мәні : Музыкалық аспаптар арқылы ұлттық өнерін танып, білуге, ұлттық музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі :Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру, әңгімелеу, музыка тыңдау, шығармашылыққа баулу .

Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті, тарих, әдебиет, технология, бейнелеу.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасы: Ежелгі музыкалық аспаптар: дабыл, дауылпаз, асатаяқ, қоңырау, даңғыра

Актуалдау:

Ұлттық музыка аспаптары өте көп. Біздер өткен сабақтарда дабыл, дауылпаз, асатаяқ, қоңырау, даңғыра аспаптарымен таныстық, бүгін тағы бір ұлттық аспап- сыбызғымен танысамыз.

Жаңа сабақ: Табиғатпен үндескен сыбызғы.

Табиғатқа үнсіздікпен құлақ түрсең, түрлі дыбысты, әуен сазды ести аласың. Ертеде бір адам көл жағалауымен келе жатса, бір дыбысты естиді. Көл жағалауында қамыстан желдің тербеуімен шығып тұрады. Қамысты үрлеп көрсе, әдемі дыбыс шығады. Қазақ халқы осы аспапты сыбызғы деп атайды. Қамыс тез сынғыш болып келгендіктен оның сыртын қойдың ішегімен қаптап қоятын болған.

Сыбызғы тәріздес музыкалық аспаптар көптеген халықтарда бар. Қырғыздарда шоор, башқұрттарда қурай деп атайды.

Ән орындайық!

«Болайықшы осындай»әні

Жақсы бала еңбекшіл

Ер азамат болады,

Қиындықты жеңіп кіл

Құшағы гүлге толады.

Қайырмасы:

Еңбекшіл осындай,

Болайықшы досым-ай.

Таза бала мұнтаздай,

Сүйсінеді қараған

Ұқыпты деп бұл қандай

Жақсы көрер бар адам.

Қорытындылау :

Сыбызғы аспабы неден жасалады, қалай ойналады?

Сыбызғы аспабына ұқсас басқа халықтардың аспаптарын ата?

Тағы да қандай ұлттық музыка аспаптарын білеміз?

Бірақ, біз, қазақ халқының ұлттық музыка аспаптарын осы кезден бастап ажырата білуіміз керек. Ұлттық аспаптарымызды, музыкамызды құрметтеуіміз керек.

Дәптерге суретін салғызу.

Үйге тапсырма : Табиғатпен үндескен сыбызғы. Болайықшы осындай»әні.

Бағалау .

Сабақтың тақырыбы: Ой толғау.

Сабақтың мақсаты :

«Ой толғау деген не?»мағлұмат беру.

Білімділік мәні : Туған жер, ана, ұстаз, достық т. б. ойтолғау туралы түсінік беру.

Дамытушылығы: Жан- жақтылыққа, ой өрістерін, ойлау қабілетін одан әрі дамытуға үйету.

Тәрбиелік мәні : Өнерді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі : Шығармашылықпен жұмыс.

Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру, әңгімелеу, шығармашылыққа баулу .

Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті, әдебиет.

Сабақ жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, сыныпты түгендеу.

Үй тапсырмасы: Музыкадағы табиғат көрінісі.

Актуалдау: Өз шығармаларында табиғат көрінісін суреттеген ақындар, күйшілер кімдер?

Жаңа сабақты түсіндіру: Ой толғау.

Сабақтың барысы:

Халқымызда ел iшi-өнер кенiшi деген сөз бар. Небiр iстер шыгара алмаган биiкке адамды -өнер шыгара алады. Өнер ең алдымен сөз мәдениетi, тiл мәдениетiнен басталу керек. Жақсы сөйлей алатын адам, өз ойын еркiн жеткiзе алады. Сол үшiн де дана бабаларымыз "Өнер алды-қызыл тiл" деген. Бiздiң халқымыз өнердi ертеден -ақ жогары багалаган. Ақын, сал-серiлер, әншiлер қонакка келсе төбесiне көтерiп сыйлап, кәдесiз үйiнен аттандырмаган. Сол себептi той -думандарын да өнер адамдарынсыз өткiзбеген. Бұл дәстүр қазiрге дейiн жалгасуда. Өнер-үлкен айдынды мұхит. Сол мұхитта сапарга шыккандар жүзе алады. Ол дегенiмiз кiмдер? Олар талантты және өнердi қатты сүйетiн еңбекқор жандар. Олардың кемесi талантының арқасында ешқашан мұхитка батып кетпейдi. Ой толғаулар әр түрлі тақырыпты қамтиды. Туған жер, Отан, ана, әке, ұстаз, мамандық т. б.

Қорытындылау:

АлтынбекҚоразбаев. «Туған жер туралы ой толғау».

Үйге тапсырма. Еркін тақырыпқа ой толғау жазу.

Бағалау.

Тоқсандық тақырыбы: Еуропа музыкасының шыңы симфониялық оркестр.

Сабақтың тақырыбы: Ұрмалы аспаптар тобы.

Сабақтың мақсаты :

Симфониялық музыка туралы жан- жақты мағлұматтар беру.

Білімділік мәні : Аспаптардың құрылысы мен түрі, неден жасалатынын ажырата білуге үйрету.

Дамытушылығы: Өнерлі болуға, жан- жақты болуға, ой-өрістерін оданәрі дамыту.

Тәрбиелік мәні : Симфониялық шығармалар халық өмірін, тарихи шындықты, табиғат көріністерін баяндайтын шығарма екендігін жеткізе білу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі :Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: Жаңа сабақты түсіндіру, әңгімелеу, шығармашылыққа баулу .

Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті, тарих.

Ұйымдастыру.

Үй тапсырмасы: Оркестрдегі жезді аспаптар .

Актуалдау.

Симфониялық оркестрдің құрамында қандай аспаптар кіреді?

Жаңа сабақ.

Ертеде адамдар аңшылықпен айналысқан. Аң аулау алдында тасты тасқа ұрып дайындалатын болған. Сөйтіп, ұрмалы аспап пайда болды. Уақыт өте келе тас ауыр болғандықтан ағаштан, теріден ұрмалы аспаптар жасай бастады. Кейіннен ұрмалы аспаптар музыкалық емес, хабар беруші аспаптарға айналды.

Ежелгі мұндай ұрмалы музыкалық аспаптар - дабыл, дауылпаз. даңғыра. Әуелі қолмен, кейін дыбысын күшейту үшін таяқпен ұрған. Ұрмалы аспаптарды аңға шыққанда, діни жоралғыларды, жауынгерлік жорықтарда пайдаланылған. Ал, қазіргі уақытта музыкалық аспаптар түрленіп, оркестрлерде ойналады. Ал, біз бүгін симфониялық оркестрдің құрамына кіретін ұрып ойнайтын аспаптар: цимбал, үшбұрыш, дабыл, кіші барабан, үлкен барабан, литавра аспаптары жайында өтеміз.

Жаңа ән:Гүлжазира Қазақстан. Әні И. Нүсіпбаевтікі.

Асқар тауым, шалқар көлім, өзенім,

Бәрінен де махабатты сеземін.

Ен далада еркін жүріп мақтанам,

Бұл менің сәулетті өз елім.

Алатауым, ай сәулелі астанам

Осы жерден таралады асқақ ән.

Ғарышқа Байқоңырдың төрінен,

Батырлар сапарын бастаған.

Гүлжазира бау- бақшалы, егінді,

Мекендеген менің байтақ жерімді.

Барлық адам жасап жатыр сәулетті.

Көрікті, бақытты өмірді.

Қорытындылау:

Біліміңді тексер

  1. Жезден жасалған үрмелі аспаптар
А. Сыбызғы
Жезден жасалған үрмелі аспаптар:
  1. Ағаштан жасалған, үріп ойнайтын аспап
А. Сыбызғы: Ә. Барабан, литавра, дабыл, үшбұрыш, цимбал.
Жезден жасалған үрмелі аспаптар:
  1. Ішекті ұлттық аспаптар
А. Сыбызғы: Б. Кларнет, гобой, флейта, фагот, валторна, труба.
Жезден жасалған үрмелі аспаптар:
  1. Ысқышпен ысып ойнайтын музыкалық аспаптар
А. Сыбызғы: В. Скрипка, альт, виолончель, контрабас.
Жезден жасалған үрмелі аспаптар:
  1. Ішекті аспаптар
А. Сыбызғы: Г. Труба, тромбон, туба, волторна
Жезден жасалған үрмелі аспаптар:
  1. Үрмелі аспаптар
А. Сыбызғы: Ғ. Домбыра, қобыз, шертер
Жезден жасалған үрмелі аспаптар:
  1. Ұрып ойнайтын аспаптар
А. Сыбызғы: Д. Қобыз, қылқобыз. скрипка

Үйге тапсырма: Ұрмалы аспаптар тобы. Гүлжазира Қазақстан. Әні И. Нүсіпбаевтікі.

Бағалау.

Тоқсандық тақырыбы: Ғажайып сырлы аспаптар үні.

Сабақтың тақырыбы: Саздан туған сазсырнай.

Сабақтың мақсаты : Музыка аспаптары, соның ішінде ұлттық музыка аспаптары туралы мағлұмат беру.

Білімділік мәні : Санғасырлық тарихы бар музыкалық аспаптармен таныстыру.

Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып, эстетикалық бағыт беру және ұлттық аспаптарға деген қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиелік мәні : Музыкалық аспаптар арқылы ұлттық өнерін танып, білуге, ұлттық музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі :Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру, әңгімелеу, музыка тыңдау, шығармашылыққа баулу .

Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті, тарих, әдебиет, технология, бейнелеу.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасы: Табиғатпен бірге сыр шерткен - шаңқобыз.

Актуалдау:

Суеттер

Аспаптарды тап?

Бүгін. ұлттық аспап- сазсырнаймен танысамыз.

Жаңа сабақ: Саздан туған сазсырнай.

Ерте кезде адамдар үрлеп ойнайтын аспаптар ойлап табады. Олар: сыбызғы, бұғышық. Өзі айтып тұрғандай бұғышық жан- жануарлардың мүйізінен жасалған. Бұл аспап бұғы мен маралды шақыру үшін пайдаланған.

Табиғатпен сырласа білген қазақхалқы құстардың да үніне ұқсас аспап жасап шығарады. Бұл аспаптар саздан жасалға, құстың бейнесіндегі үскірік, тастауық, сазсырнай.

Бүгін, біз сазсырнаймен танысамыз. Сазсырнай үрмелі аспап, саздан күйдіріліп жасалынады. Аспаптың іші қуыс, бірнеше кішкене ойығы бар. Әуелі кезде бұл аспаптарды баланың ойыншығы ретінде пайдаланса, кейін нағыз музыкалық аспапқа айналды.

Ән орындайық!

«Болайықшы осындай»әні

Жақсы бала еңбекшіл

Ер азамат болады,

Қиындықты жеңіп кіл

Құшағы гүлге толады.

Қайырмасы:

Еңбекшіл осындай,

Болайықшы досым-ай.

Таза бала мұнтаздай,

Сүйсінеді қараған

Ұқыпты деп бұл қандай

Жақсы көрер бар адам.

Қорытындылау :

Сыбызғы аспабы неден жасалады, қалай ойналады?

Шаңқобыз аспабы неден жасалады, қалай ойнаймыз?

Тағы да қандай ұлттық музыка аспаптарын білеміз?

Балалар, музыка аспаптары өте көп. Мысалы: гитара, баян, күйсандық, скрипка, қобыз, жетіген, флейта т. .

Бірақ, біз, қазақ халқының ұлттық музыка аспаптарын осы кезден бастап ажырата білуіміз керек. Ұлттық аспаптарымызды, музыкамызды құрметтеуіміз керек.

Дәптерге суретін салғызу.

Үйге тапсырма : Саздан туған сазсырнай. Болайықшы осындай»әні.

Бағалау .

Тоқсандық тақырыбы: Ғажайып сырлы аспаптар үні.

Сабақтың тақырыбы: Дархан даланың үні сыбызғы.

Сабақтың мақсаты :

Білімділік мәні : Сан ғасырлық тарихы бар музыкалық аспаптармен таныстыру.

Дамытушылығы: Оқушылардың жан - жақты білімдерін арттыру.

Тәрбиелік мәні : Музыкалық аспаптар арқылы көптеген ұлттардың өнерін танып, білу, аспаптардың туыстастығын көрсету.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі :Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру, әңгімелеу, музыка тыңдау, шығармашылыққа баулу .

Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті, тарих, әдебиет, технология.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі:

Өткен әндерді қайталау.

Актуалдау: Жұмбақты шеш:

1. Тиіп кетсе жылаған,

Дауысы көпке ұнаған.

(Домбыра)

2. Сызылған үні, сүйкімді тілі.

(Сыбызғы)

Жаңа сабақ: Дархан даланың үні- сыбызғы.

http://massaget.kz/userdata/news/news_143/thumb_b/photo.jpg

Сыбызғы- қазақтың үрмелі аспабы. Көбіне қамыстан, ағаштан жасалады. 3-4 ойығы бар.

Сыбызғы аспабында күй орындаушы, күйші Сармалай күйші. Ол Орал жерінде туған. Қазақ халқының музыкалық аспаптары домбыра, қобыз, шертер, дабыл, дауылпаз, қоңырау, асатаяқ, тұяқтас тағы басқа көптеген аспаптары бар.

Музыка сауаттылығы: Үрмелі аспаптар үріп арқылы орындалады.

Ән орындайық!

Домбырасыз сән қайда?

Елдің жырын жырлаған

Қайғысын да толғаған.

Домбырасыз ешқашан,

Жүрекке ем қомбаған.

Қ-сы:

Домбырасыз ән қайда?

Домбырасыз сән қайда?

Ән мен күй бар өмірде

От та лаулап жанбай ма?

Құрманғазы, Тәттімбет

Домбырамен сайраған.


Ұқсас жұмыстар
Музыка сабағында қазақтың ұлттық аспаптары арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу
Отан тобы Өнер тобы
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары. 5 сынып
Бағалау өлшемдері
Қош келдің, наурыз Қазақ халық дәстүрін дамыту
Маком өмірден сыр шерткен музыка
Қазақтың ұлттық аспаптары
Үрмелі аспаптар оркестрі. 3 сынып
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары жайлы ақпарат, 5-сынып
Аңыз күйлер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz