4 санын қосу және азайту

Ақсу қаласындағы №1 қазақ орта мектебі

Математика пәнінен сабақ жоспары

Тақырып:

4 санын қосу және азайту

Орындаған: Исенова Г. Ж

2012-2013оқу жылы

Тақырып: 4 санын қосу және азайту

Мақсаты:

  1. 4 санын қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру
  2. Оқушылардың жан-жақты ойлауын, ізденуін, оқығанын есте сақтауын іс жүзінде қолдана білуге үйрету, ойын арқылы ойлау қабілеттерін дамыту
  3. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, пәнаралық байланысты арттырып, ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі

Қайырлы күн досым,

Қайырлы күн болсын.

Сәрсенбі күнгі сабақ

Сәттілікке толсын.

Бүгін сенің алар бағаң

Тек қана бестік болсын.

ІІ Үй жұмысын тексеру

110 бет №2 (сигнальный карточкаларымен жұмыс)

ІІІ Жаңа сабақ

  1. Қайталау

Алдымен геометриялық фигураларды қайталап алу

- Бүгін балалар, сендерге жаңағы сендер айтқан геометриялық фигуралардан құралған мына екі бала келіп отыр. Олардың аттары Асыл, Әсел. Олар сендерді «Циркке» шақыра келіпті.

  1. Мотивация
  • Балалар, «Циркке» барасыңдар ма?
  • «Циркке» кіру үшін бізге билет керек. Ал біздің билетіміз-ол біліміміз. Ендеше, мына тапсырмаларды орындайық:

А) Цирк сөзіне дыбыстық талдау жасау

- Бұл сөзде неше әріп? Неше дыбыс?

Ә) 4 санының құрамын қайталау

3. Негізгі кезең

Сонымен біз Цирктеміз.

1 тапсырма

Ең алдымен аренаға «Зебра» шығады

  • Бұл жануардың үстіндегі жолақшаларды қайдан тағы көрдіңдер? (жолда)
  • Ол нені білдіреді?

Балалрға жолдан өту ережесін айта кету:

Жол тәртібін білейік,

Аман - есен жүрейік!

Орында жол тәртібін,

Жолы болсын әркімнің!

  • Циркте жануарлар жанглерлардың тапсырмаларын орындайды. Зебраға мынадай тапсырма беріпті, бірге орындайық

Санға 4-ті қосу және азайту тәсілдері қарастырылады. Өрнектер дәптерге жазылады.

Пеш үстінде 4 мысық

Пеш қасында 4 мысық

Айтшы сонда барлығы

Болады неше мысық? (8) 4+4

Он қолымда 5 саусақ,

Сол қолымда 4 саусақ

Алақанды ашамыз,

Бесті төртке қосамыз.

Кел санайық ал мұны,

Нешеу болды барлығы? (9) 5+4

Суда алты қаз,

Төбеде төрт қаз

Судың маңында

Айтшы неше қаз? (10) 6+4

Сегіз қарындаштың төртеуін

Досың сұрап алады

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады? (4) 8-4

Тал басында тізіліп,

9 жапырақ тұр еді

Жел тұрды да үзіліп,

Ұшып кетті төртеуі.

Тұр әлі де ілініп

Жапырақтың нешеуі? (5) 9-4

Болып еді 10 торғай

Ұшып кетті төрт торғай

Енді талдың басында

Торғай нешеу балақай? (6) 10-4

2 тапсырма

Келесі аренаға қонжық шықты.

Үш сан аттай отырып келесі санға жету (оқулықтағы №3)

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9

0, 4 1, 5 т. б

3 тапсырма

Жұмбақ жасыру.

Қорықпайды еш аңнан,

Қорқады тек тышқаннан. (Піл)

Пілге тапсырма орындауға көмектесейік

Логикалық есеп

Сергіту сәті

- Балалар міне сендердің алдарыңда зебр, аю, піл шықты. Ал олар қандай жануарлар? (жабайы аңдар)

- Ал, сендер қандай тағы жануарлардың түрін білесіңдер?

- Дұрыс, үй жануарлары. Оларға не жатады?

4 тапсырма

- Ендеше, қараңдар иттер жүгіріп келді.

№4 есепті дәптерге орындау

5 тапсырма

- Циркта аттар да өз өнерлерін көрсетеді

Олар тапсырманы дұрыс орындап па? Түзейік.

4+4=7 10-4=5

2+4=9 8-4=4

5+4=10 9-4=3

- Үй жануарларға не істеу керек?

ІҮ Қорытындылау

Осымен «Цирк» аяқталды.

Сыныпқа оралайық. Асыл мен Әселге рақмет айтайық.

  • Цирк ұнады ма?
  • Несімен ұнады?
  • Онда не істедіңдер?

Ү Үйге тапсырма: 111 бет №1 а), ә)

ҮІ Бағалау: балалар жинаған фишкаларын санайды


Ұқсас жұмыстар
7 санын қосу және азайту. математика, 1 сынып
Тақырып 9 санын қосу және азайту
Сабақтың тақырыбы. Ертегі сабақ
Дауысты дыбыс әріптері
Ұшқыш дәрігер мұғалім
1санын қосу және азайту
Сабақтық тақырыбы
6 санын қосу және азайту
9 санын қосу және азайту жайлы
«кестелік қосу және азайту». 1 саның қосу және азайту. 1-сынып
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz