Сабақ жоспары :: Математика

Файл қосу

Математика. Озық ойлы оқушы


[pic]
Озық ойлы оқушы

Мақсаты: Дарынды оқушыларды табу, олардың қабілеттерін ашу, алған
білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету. Сергектік, зеректіктерін дамыту,
есеп шығару арқылы қабілеттерін анықтау.

Көрнекілігі: Әр пәнге мінездеме берілген плакаттар ілу, әр ойынға қатысты
карточкалар.

Барысы:

1-жүргізуші: Ал, қанекей қаралық, Математика
тілінде, Мына жақта жаңалық
Есеп шешіп жарысып, Бүгінгі кеш төрінде,
Жұмбақ шешіп аңдысып, Математика еліне
Шабыт тасып шалқысып.
Есеппенен ән салып,
Көңілді кеш жасайық.

Құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар сіздерді «Озық ойлы оқушы» атты
кешті тамашалауға шақырамыз.
Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық
жүгі бар. Біреуінің күмбірлеген
күйі бар,
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар.

2 – жүргізуші. Екі топты ортаға шақырамыз.Кешіміздің өтілу тәртібін
таныстырайын: Ойын 10 турдан тұрады. Әрбір дұрыс жауап үшін қатысушылар 1
ұпайдан алады.

1.Таныстыру. 2.Бәйге 3.Кім жылдам? 4.Үй тапсырмасы
5.Полиглот 6.Егер мен... 7. Ойындар
8.Айтыс 9.Оқушылар қойылымы 10. Капитандар сайысы

Әділқазылар алқасымен таныстырамыз.

1-жүргізуші: «Біліп қою аз, сол білгенді істеп, қолдана білуің
керек.Ниеттену аз ғана, сол ниетіңді іске асыруың керек» депті неміс
жазушысы Гете.

1-тур: Таныстыру

І – топ: «Алғырлар»

ІІ – топ: «Тапқырлар»

2-жүргізуші: Математика пәнінің химия,тарих және география пәндерімен
байланысы жайлы сөз етейін.

Қиын пән химия арқа сүйер,
Реакция теңдеуін құрған кезде.
Тарих пен география
карталары,
Масштабпенн жасалар білгендерге.

2 – тур. «Бәйге»

Шарты: Топтың әр оқушысының білімін тексереміз.Әр дұрыс жауап 1 ұпай.

Алғырлар тобына:

1. Алманың жартысы неге ұқсас?
Жауап: Екінші жартысына.

2. 2,5 таяқтың неше ұшы бар?

Жауап: 6 ұшы бар

3. 60-ты 0,6-ға бөлсең қанша?

Жауап: 100

4. Бір таңбалы санға дәл сондай санды тіркеп жазса, неше есе
өседі?

Жауап: 11 есе

5. Жазықтықта қиылыспайтын екі түзу

Жауап: паралель

6. Тік бұрышты үшбұрыш туралы теорема?

Жауап: Пифагор

7. Тригонометриялық функция таңбаларын ата?

Жауап: sin, cos, tg, ctg

8. Екі санның қосындысының квадраты?

Жауап: ((а+в)2=а2+2ав+в2)

Тапқырлар тобына:

1. Косинустар теоремасын жаз?

2. 35 нешеге тең?

Жауап:243

3. Күн көзі жылына неше рет шығады?

Жауап: 365

4. Қандай үш таңбалы сандардың қосындысы олардың
көбейтіндісіне тең?

Жауап: 1,2,3

5. Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса
неше бұрыш қалады?

Жауап: 5 бұрыш

6. 7400 қай ширекте орналасқан?

Жауап: 1

7. Көпбұрыш қабырғаларының қосындысы?

Жауап: Перимаетр

8. Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу?

Жауап: Перпендикуляр

1-жүргізуші: Математика пәнінің физикамен байланысы туралы.

Физика жақын туыс мына бізге,
Қозғалыс, энергия, қуат, күште.

Біздерсіз есептелу мүмкін емес
Жария ғып айтайықшы
мұны бізде.

«Білімді біреуден-біреуге ыдыстан – ыдысқа құйғандай құюға болмайды» деп
Платон айтыпты.

2-жүргізуші: Математикалық атаулар мен ұғымдар,

Есте болар құрбылар бәріңнің де.
Енді бір сәт
сол жайлы сұрақ шешсек

Артық болмас басталықұ,
Қане, жақсы ұғыңдар.

3-тур: «Кім жылдам?»

1-жүргізуші:

Бір нәрселерді санағанда,
Керек бізге
ауадай.
Айтыңдаршы бұл қандай сан?

Жан-жағыңа қарамай.

(Натурал сан)

2-жүргізуші:

Оң сандарға қол шатырдай
Қалпақ болған беделі

Квадратасаң егер оны,
Жоғалтпассың сен оны.

(Квадрат түбірі)

1-жүргізуші:

Бүтін сан, бөлшек сандар.
Барлығы да бар онда.

Бұл қандай сан айтыңдаршы,

Оң, теріс сандар бәрі сонда.

(Рационал сандар)

2-жүргізуші:

Нүктеден екі сәуледен құралған,

Айтшы бұл не екенін?

(бұрыш)

1-жүргізуші:

Екі бұрыш ежелден,
Көрші
болған ең тату
Бірін-бірі толықтырған

Жазыңқыға бар жақын?

(Сыбайлас бұрыш)

2-жүргізуші:

Екі түзу қатар жүріп,
Үшіншісін қияды,

Сонда шыққан бұрыштарды,

Кімдер айтып жияды?

(айқыш, сәйкес,тұстас)

1-жүргізуші: Математика пәнінің табиғаттану, биология, әдебиет, пәндерімен
байланысы жайлы.

Табиғатты тану мен биология,

Ауа райын өлшейді күн қызуын,

Мақтанбаймын бұған да қатысы

Өсімдіктер өседі шашып бүрін.
Шабыттанып шалқытқан ақын сөзі.

Құлағын сал біздерге нақыл сөзі,

Өлең құрау тұрған
бір есеп екен

Төрт амалға бағынар заңды жүзі.

4-тур. «Үй тапсырмасы»

І-топ. Алғырлар тобы Пифагор туралы, оның еңбегі жөнінде баяндама оқиды,
қабырға газеті, сөзжұмбақ, сөз суреттер т.б. шығарады.

ІІ-топ. Тапқырлар тобы Архимед туралы және оның еңбегі жөнінде баяндама
оқиды. Қабырға газеті, сөзжұмбақ, сөз суреттерін т.б. көрсетеді.

2-жүргізуші: Ән әуені тактымен есептелер,
Әнді айтып ырғақпен
тербелгенде.
Сызу, сурет бұлардың тармақтары

Өлшеу салу бұлардың қармақтары,

Дене шынықтыру сабағы

Жарыс сәтін есептеп салмақтады
Иә,
шынымен де «Ғылым матетматиканы пайдалану арқылы жетіледі» деп Карл Гаусс
бекер айтпаған.

5-тур: «Полиглот»

Шарты: Берілген ойды аяқтап, орысша, ағылшынша шешуін айту керек.

1.Табиғат тілі –математика .........
(Тіл-язык-language)

2.Математика ғылымдардың ......
(Патша-царь-king)

3.Математик.... жанды болуы керек.

(Ақын- поэт-poet)

4. Берген сауап- садақа, қасиетті ...

(Жұмада – пятница- Friday)

5.... Намаз үйреткен таяқ.
(Аюға-медведь-beer)

6.... сүйсең, менше сүй.

(Ән – песня-song)

6-тур: «Егер мен....»

1-топ: Темекінің зияны туралы айту.

2-топ: Арақтың кесірі туралы айту.

7-тур: «Айтыс»

Шарты: Екі топ математика пәнінің аптасына 4 сағат болуының пайдасы мен
зияны туралы айтысады.

1-жүргізуші. Бүгінгі кеште талай шабыт шыңдалды.

Кеш қызығын талай адам тыңдады,
Тәрбиелер тәлімі
мол, әсерлі
Болдса егер көңілі жақын тыңдады.

2-жүргізуші:

Бүгінгі кеш қызықты кеш

Көрермендер халайық
Ой-түйсікті
қозғап небір
Көрініске назар салайық.

Оқушылар қойылымы көрсетіледі.

8-тур. «Капитандар сайысы»

Капитандардың күш сынасуы көрсетіледі.

Екі жүргізуші:

Көңіл бөліп бұл кешке

Келгендерге көп рахмет

Шын сезінген көрерменге,

Мың рахмет, мың рахмет.


Ұқсас жұмыстар
Сан есімі бар жұмбақтар
Тіл - өнер сайысы
Логикалық есептер . оқушылардың логикалық есептерді шеше білу
Математикалық дода
Озық ойлы оқушы
Сандар сырының құпиясы
Көрермендер көмегі
Озық ойлы оқушы .Сыныптан тыс жүргізілетін сайыс сабақ
Озық ойлы дарындылар
«озық ойлы дарындылар» интеллектуалдық турнир
Пәндер