Сенімді мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру

№8 «Қызғалдақ» балабақшасы

Психолог: Б. Әбілқасымов

Тақырыбы: Сенімді мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру

Мақсаты : а) Ата-аналардың қиыншылықтарды жеңу мүмкіндігін нығайту;

ә) Балалардың тұлғалық әрекетінің дамуы үшін отбасында эмоционалды жағдай туғызу;

б) Қарым-қатынас мәдениетімен таныстыру.

C:\Users\Админ\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\Фото1293.jpg Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар : Шақыру хаттар тарату, хабарлама ілу, тренингке қажетті құрал-жабдықтарды дайындау, топ бөлмесіне үстелдер орналастыру.

Көрнекіліктер : тақырып, А4 парақтар, қалам, плакат, стикер, дәйектеме сөздер

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Ата-аналармен жақынырақ танысу мақсатында «Танысу» ойыны ұсынылады. Бұл ойында ата-аналар өз атына сәйкес сын есімдік сөздермен сипаттайды. Мысалы: жайдары-Жадыра, гүлдей-Гүлмира т. с. с. ( 3 мин)

C:\Users\Админ\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\Фото1288.jpg ІІ. «Мақсатты айқындау»

C:\Users\Админ\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\Фото1306.jpg Ата-аналарға түрлі-түсті парақтар таратылып, түстеріне байланысты топқа бөлінеді. (2 мин) Топ мүшелерінің шешімімен бір немесе екі адам шығып, ұсынылатын ойын-жаттығулардың шартын орындаулары керек.

ІІІ. Ұсынылатын ойын-жаттығулар:

  1. «Менің бейнем» ойыны(10 мин)

Мақсаты: Топтағы жұмысқа қызығушылықтарын қалыптастыру, ойынға қатысушылардың белсенділігін жоғарылату, өзі және өзгелер жайында түсініктерін кеңейту.

Жүргізуші: Біз адамдар мен заттар әлемінде өмір сүреміз. Көптеген заттардың қасиеттері мен сапасы туралы, мысалы: Хрусталь вазаның сынғыш зат, жүннен тоқылған киімнің жұмсақ әрі жылытатынын білеміз. Адамдар әлемі күрделі емес. Сондықтан да әр адам өзінің ерекшеліктерін, басқалардың қасиеттерін білу өте маңызды.

Қазір өзіңізді елестетіңіз. Сізде басқа планетаға түсу мүмкіндігі бар. Бірақ, өз денеңізбен емес, бір зат, өсімдік, жануар немесе құс бейнесінде. Басқа планетада өзіңізді қандай бейнеде көрер едің, қандай материалдан жасалған, қандай түсте? Қандай қасиеттері мен сапалары бар? Бағытыңыз қандай болмақ?

Егер сіз өзіңізді жаңа бейнеде елестетсеңіз, сол бейнені салыңыз.

Талқылау:

Жүргізуші топ мүшелеріне бір-бірінің суретін көруді және оны бірінші жақтан айтуды тапсырады. Мысалы: «Мен түрлі-түсті, пластмассалы, өте берік үстел лампасымын. Мен бұл планетада барлығына жарық сыйлаушымын»

Талқылаудан кейін жүргізуші қатысушыларға бұл ойынның мақсаты әртүрлі бейнеде өздерін таныстыру екенін түсіндіреді.

Ойын қарапайым болғанымен бұл жаттығу өте маңызды. Ол тек тренингке қатысушылар өздерін немесе өздері жайында түсініктері кеңейіп қана қоймай, өздерінің мүмкіндіктерін ашады және өмір сүріп жатқан әлемге дайын болуды меңгереді.

  1. «Он бөлме» ойыны(10 мин)

Мақсаты: Тренингке қатысушылар мінез-құлық үлгісіндегі түрлі эмоциялардың пайда болуын ұғындыру.

C:\Users\Админ\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\Фото1295.jpg Жүргізуші: Сіз тұратын үйде он бөлме бар деп көз алдыңа елестетіңіз. Мысалы: қуаныш, үрей, қайғы, ашу, агрессия, жалғыздық, үміт, қорқыныш және тағы екі бөлме. Қандай? Екі бөлмені өзіңіз табыңыз, оларға ат беріңіз. Әр бөлменің суретін салып, мына сұрақтарға жауап беріңіз: Сіз онда жиі боласыз ба, болсаңыз не істейсіз? Қай бөлмеден күш жинайсыз, керісінше қайсысынан күшіңді жоғалтасыз?

Ойынға қатысушылар парақты 10 бөлікке бөледі. Әр бөлік жоғарыда аталған сезімдермен бөлініп және сәйкес символдарын салады.

Талқылау: Суретті салып болғаннан кейін қатысушылар қай бөлмеде жиі болатындары, қай бөлме ұнайтыны, қай бөлмеде ұзақ болатындары жайлы айтады.

Талқылау барысында тренингке қатысушыларда түрлі сезімдер болғандығы айқындалуы мүмкін. Біреулерде жалғыздық бөлмесінде өте ауыр күй, ал басқалар үшін «жалғыздық» бөлмесі демалу бөлмесі немесе шығармашылық бөлмесі болуы мүмкін.

Екі бөлменің атын қатысушылардың өздері ойлап табады да, қазіргі уақытта оның құндылықтары және өзекті де маңызды қажеттіліктері жайлы айтады.

Сергіту сәті: «Құпия есім» (3 мин)

  1. «Теміржол кассасы» ойыны(10 мин)

Мақсаты: Коммуникативті іскерлікті, сенімді мінез-құлық дағдыларын жетілдіру.

C:\Users\Админ\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\Фото1301_001.jpg Жүргізуші: Вокзалда тұрмын деп өзіңізді көз алдыңызға елестетіңіз. 15 минуттан кейін сіз отыру керек болатын поезд жүреді. Кассада бір билет қалған, бірақ кассир сатпай отыр. Сізге кассир билетті сату үшін оны сендіруіңіз қажет.

C:\Users\Админ\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\Фото1304.jpg Кассир таңдалады. Қатысушылар кезекке тұрып, кассирге жақындап, билетті сатып алу үшін дәлелдер келтіреді. Әр ойыншыға 2 мин беріледі.

Талқылау: Кассирден билетті кімге сататыны, яғни кері байланысты сұрайды. Неге? Кімге сатпас еді? Неге? Кассирдің қабылдауға болатын, жарамды варианттарды хабарлауына болады.

  1. «Дос іздеймін» ойыны(10 мин)

Ұқсас жұмыстар
Арнайы мектептегі сабақты талдау
Тәрбие бағыттары
Ұялшақ және тұйық балалардың белсенділігін арттыру жолдары
Басқа балаларға қатынасы
Ұрпақ тәрбиесіндегі рухани - адамгершілік мәселелері
Лидерлік психологиясы
Энергияны үнемдеу
Партнерді күлдіру
Адалдық пен шындықтың адами қарым - қатынастағы мәнін түсіндіру
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz