Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті

Файл қосу

Сөз асылы-шешендік. 8-сынып


Астана қаласы №51 мектеп-гимназиясы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Кенжебекова Жұлдызай Құдабайқызы
Сөз асылы – шешендік

Сабақтың тақырыбы: Сөз асылы – шешендік

Төле би Әлібекұлы
(1663-1756)
Үй сыртында төбең болса,
Ерттеулі тұрған атың ғой.
Ел ішінде қарияң болса,
Жазулы тұрған хатың ғой.

Қазыбек би Келдібекұлы
(1667-1763)
Алтын ұяң – Отан қымбат
Құт берекең атаң қымбат
Асқар таудай әкең қымбат
Аймалайтын анаң қымбат
Туып-өскен елің қымбат
Ұят пенен ар қымбат

Әйтеке би Байбекұлы
(1689-1766)
Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін,
Батыр болсаң жауға найзаң тисін.
Бай болып еш пайдаң тимесе,
Батыр болып жауға найзаң тимесе,
Елден бөтен үйің күйсін.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік – Шешендік өнердің алуан
сипаттары,
шешендік сөздің түрлері мен ерекшеліктері
туралы толық
мағлұмат беру; қазақ халқының шешендік сөз
өнерін,
тәлім-тәрбиелік сипаттарын таныту; қазақтың
би-
шешендерінің өмір жолы, шығармашылығымен
кеңінен
таныстыру; өсиет-нақыл, даналық, аталы
сөздердің,
шешендік толғау, арнау, даулардың мазмұнын
меңгерту,
мәнін ашу; Шешендік сөз тарихынан алған
білімдерін
ғылыми түрде тереңдету, сөз асылы – шешендік
туралы ой-
танымдарын қорытындылау.

ә) дамытушылық – Шешендік өнер туралы
білімдерін
тереңдете отырып , ой белсенділігін
дамыту,шығармашылық
ізденіске бағыттау,сөйлеу мәдениетін
қалыптастыру. Сезімтал, шешен бола білуге
ұмтылдыру,
оқушының тіл байлығын, сөздік қорын байыту;
тапқырлыққа, шешен сөйлей білуге баулу.

б) тәрбиелік – Оқушыларды халықтық мұра –
шешендік
сөздерді айтып үйренуге, тәлім-тәрбие алуға
және халықтық
салт-дәстүрімізді сақтап, шешендік өнерді
қадірлеуге,
ұлттық құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу болып

табылады.
Халықтың баға жетпес рухани байлығын, ауызша жасалып, ауызша таралып,
заманнан-заманға, бүгінгі күнге жеткен шешендік сөз өнерін меңгерген,
шешендік сөздерді өз заманына, ортасына лайық қолдана білетін, сөз
құдіретін бағалайтын, сөз сөйлеуде үлкен жауапкершілікті
сезінетін, тіл байлығы мол, жан-жақты білімді, саналы азамат қалыптастыру.

Сабақтың түрі: қалыптан тыс – саяхат сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау, жарыс сөз, топпен жұмыс, сахналық
көрініс т.б.
Сабақтың көрнекілігі: графопроектор, үнтаспа, қанатты сөздер, тірек
сызбалар, электрондық оқулық, кітап көрмесі,
оқушылардың шығармашылық жұмыстары, интернет
материалдары.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, қазақ тілі, Қазақстан тарихы,
халықтық педагогика.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа сабақ
І. «Атаның сөзі – ақылдың кені» атты интелектуальді ойыны.
ІІ. Билер ауылына саяхат.
4. Қорытындылау

Жаңа сабақ
Мұғалім: – Балалар, Өткірдің жүзі
Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас.
Білгенге маржан
Білмеске арзан
Надандар баһра ала алмас.
Толғауы тоқсан қызыл тіл
Сөйлеймін десең , өзің біл, – деген
Абайдың бұл өлең жолдары не туралы деп ойлайсыңдар?
(Сөз өнері, шешендік туралы)
– Ендеше, бүгінгі сабағымыз осыған дейін өтілген шешендік сөздерді
қаншалықты меңгергенімізді анықтауға бағытталмақ. Яғни, саяхат сабағын
өткіземіз.
Қазақ – сөз қадірін өз қадірім деп білген, кеңдігін де, елдігін де,
кемеңгерлігі мен көсемдігін де сөзге сыйғызған халық. Қазақ халқында сөздің
орны ерекше. Бітпес даудың, бәтуәсіз шудың кесімі де, шешімі де сөз болған.
Тұла бойдың тылсым сырын сыртқа жаяр, лып еткен сезім, терең ақыл, кемел
ой, арман-мұрат, мұң мен сыр – бәрі сыйған сиқыр сөздің бағасын біреу
білсе, қазақтай-ақ білсін. Қазақ халқы – қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан
тастамай өнеге - үлгі ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен өрнектеп,
терең мағыналы сөздермен зерлеп келе жатқан, басынан сөз асырмаған, ешкімге
есе бермеген, бір ауыз сөзге тоқтаған данышпан халық. Шешендік сөздер
қашанда халықтың қажетті мұрасы болып табылған. Сонымен бірге олар –
тәрбие құралы . Қазақ елі қандай ауыр жағдайда өмір сүрмесін, өзінің би-
шешендерінің сөзін жадында сақтап, жаттап айта жүруді, одан үлгі-өнеге
алуды тоқтатқан емес. Шешендер мен билер әрқашан шындықты айтып, аз сөзге
көп мағына сыйғызып, халықтың рухани қажетін өтеп отырған. Шешендіктің
негізгі қасиеті – айтылған ойға тапқыр, әрі жедел жауап қайтару.Тоқсан ауыз
сөздің тобықтай түйінін айту.
Жиренше, Асанқайғы, Саққұлақ шешен, Ақтайлақ шешен, Төле, Қазыбек, Әйтеке
билер – қазақ шешендік өнерінің майталман өкілдері.

[pic]

[pic]

[pic]

[pic]
[pic]

[pic]

І. «Атаның сөзі – ақылдың кені» атты интелектуальді ойыны.
– Ал, балалар, би-шешендеріміздің өнегелі сөздерін жадымызға жаттап,
қаншалықты санамызға сақтағанымызды байқау үшін
«Атаның сөзі – ақылдың кені» атты интелектуальді ойынын жүргізбекпіз.
Ойын талабы – ұяшықтарда берілген би-шешендердің сөздерін жалғастыру.

| | | | |
|1 |11 |5 |9 |
| | | | |
|12 |2 |14 |7 |
| | | | |
|8 |15 |6 |3 |
| | | | |
|16 |4 |10 |13 |

1. «Кімнен кім туады?» деген сұраққа Майқы бидің жауабы:
Тұлпардан тұлпар туады,
Сұңқардан сұңқар туады,
Асылдан асыл туады,
Жалқаудан масыл туады,
Масылдан мал бақпас туады,
Тілазардан қылжақбас туады,
Таздан жарғақбас туады,
Сараңнан бермес туады,
Соқырдан көрмес туады,
Мылжыңнан езбе туады,
Қыдырмадан кезбе туады.

2. Төле бидің жер дауына байланысты айтқаны:
Таласқандарың қара жер,
Төрем болдың босқа тер.
Егіншіңмен айтысып,
Қор боп қапсың қайран ер.
Қор болмасты ойласаң,
Мүсәпірдің қақын бер.

3. Жаңбыр жаумаса жер жетім...
Басшысы болмаса ел жетім,
Ұқпасқа айтқан сөз жетім...
Атың жақсы болса,
Ер жігіттің пырағы.
Балаң жақсы болса,
Жан мен тәннің шырағы.
Әйелің жақсы болса,
Бірінші – «иманың»
Екінші – жиғаның,
Үшінші – ырысыңның тұрағы... (Төле би)

4. Өркенім өссін десең,
Кекшіл болма...
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,
Өршіл болма –
Өскеніңді өшірерсің.
Басына іс түскен пақырға
Қастық қылма –
Қайғысы көшер басыңа.
Жанашыры жоқ жарлыға
Жәрдемші бол асыға.
Қиын-қыстау күндерде
Өзі келер қасыңа.
Бүгін сағы сынды деп,
Жақыныңды басынба!
(Қазыбек би)

5. «Кім жақын?»
Тату болса, ағайын жақын...
Тату болса, ағайын жақын,
Ақылшы болса, апайың жақын
Бауырмал болса, інің жақын,
Инабатты болса, келінің жақын.
Алдыңа тартқан адал асың,
Қимас жақын-қарындасың.
Сыбайлас болса, нағашың жақын
Адал болса, досың жақын.
Еркелейтін немерең жақын
Өз ұрпағың-шөберең жақын
Жан серігің жас кезіңнен
Бәрінен де әйелің жақын.
(Қазыбек би)

6. «Не қымбат?»
Алтын ұяң – Отан қымбат...
Құт берекең – атаң қымбат
Аймалайтын анаң қымбат.
Мейірімді апаң қымбат
Асқар тауың – әкең қымбат
Туып-өскен елің қымбат
Кіндік кескен жерің қымбат
Ұят пенен ар қымбат
Өзің сүйген жар қымбат.
(Қазыбек би)

7. «Не қиын?»
Арадан шыққан жау қиын...
Таусылмайтын дау қиын
Шанышқылаған сөз қиын
Дәл осындай жағдайда,
Пана болмас өз үйің
Жазылмаса дерт қиын
Ақылыңнан адасып,
Өзің түскен өрт қиын
Тентек болса ұл қиын
Не істеріңді біле алмай
Ашиды сонда бас миың.
(Қазыбек би)

8. Ашу деген ағын су,
Алдын ашсаң арқырар...
Ақыл деген дария,
Алдын тоссаң тоқырар.
Кісі бірге туыспау керек.
Туысқан соң сөз қуыспау керек.
Сөз қуған пәлеге жолығады.
Жол қуған олжаға жолығады.
(Әйтеке би)

9. Суалмайтын суат жоқ...
Тартылмайтын бұлақ жоқ
Тамыры суда тұрса да,
Уақтысы жеткенде,
Қурамайтын құрақ жоқ.
Дүние деген фәни бұл
Баласы жоқта мият жоқ.
Бәрінен қиын сол екен,
Артынан жанған шырақ жоқ...
(Әйтеке би)

10. Дау мұраты не?
Саудагер мұраты не?
Қыз мұраты не?
Жол мұраты не?
Дау мұраты – біту,
Саудагер мұраты – ұту,
Қыз мұраты – кету,
Жол мұраты – жету,
(Сырым шешен)

11. Қол бастау қиын ба?
Жол бастау қиын ба?
Сөз бастау қиын ба?
Қол бастау қиын емес,
Көк найзалы ерің болса.
Жол бастау қиын емес
Соңына ерген елің болса
Бәрінен сөз бастау қиын
Тауып айтсаң мереке қылады,
Таппай айтсаң келеке қылады. (Бұқар
жырау)

12. Жаман болса, жақын – жау...
Жаман болса, жақын – жау
Шайпау болса, қатын – жау
Шабан болса, атың – жау
Тартыншақ болса, түйең – жау
Тебеген болса, биең – жау
Күнде келсе, күйеу – жау
Жымысқы болса, жиен – жау
Тіл алмаса, ұлың – жау
Арсыз болса, қызың – жау.

13. Шешендік өнердің басты қасиеті не?
Айтылған ойға тапқыр, әрі жедел жауап қайтару.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай
түйінін айту.

14. Шешендік өнер иелерінен кімдерді білесің?
Майқы би, Аяз би, Асанқайғы, Жиренше шешен, Қарашаш, Төле би, Қазыбек би,
Әйтеке би, Бөлтірік шешен т. б.

15. Жерден ауыр не?
Судан терең не?
Оттан ыстық не?
Көктен биік не?
Жерден ауыр дегенім – ақыл, білім
Судан терең дегенім – оқу, ғылым
Оттан ыстық дегенім – адамның өмірі
Көктен биік дегенім – тәкәппардың көңілі.
(Бала би)

16. Біз қазақ деген мал баққан елміз...
Бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Елімізден құт- береке
қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан
елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз. Қазақ, қалмақ баласы табысқалы
келгенбіз.Танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең,
шабысқалы келгенбіз. (Қазыбек
би)

ІІ. Билер ауылына саяхат.
Зерттеуші-ғалымдар қазақ шешендік өнерін үш кезеңге бөліп
қарастырады.

Қазақ шешендік өнерінің кезеңдері
[pic]

а) Қазақтың шешендік өнерін тарихта, тарихи аңыздарда есімдері,
сөздері сақталған Майқы би мен Аяз биден бастаймыз. Абай мен Мәшһүр Жүсіп
растаған «Түгел сөздің түбі – бір, түп атасы – Майқы би» дейтін нақыл да
оны қазақ шешендерінің басы деуге дәлел бола алады.
– Ендеше, балалар, қазақ шешендік өнерінің бастауы болған, Алаша ханның
тұсындағы өмір сүрген Майқы би айтыпты дейтін, ел есінде сақталған нақыл
сөздерін тыңдап көрейік.
Екі кісі «біздің елдің биі былай деді», «Сіздің елдің биі солай деді» деп,
әркім өз биін көтермелеп, дәріптеп жатады.
– «Сөйлемесе сөздің атасы өледі» деген, біздің биіміздікі дұрыс.
– Жоқ, «Тура биде туған жоқ,
Туғанды биде иман жоқ» деген біздің биіміз дұрыс
айтады.
Сонда Майқы би:
– Сендер несіне таласасыңдар?
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

Бірлік түбі – береке,
Береке түбі – мереке.
Ақ білектің күшімен,
Ақ найзаның ұшымен,
Ел болуды ойлаңдар!

Құлаққа жағымсыз боқты сөз айтқанша,
Жүрекке жылуы бар отты сөз айт.

Би төртеу болса, дау төртеу болады.

Дауыл болмай жауын болмас,
Даулы болған қауым болмас.
Егіз ешкі сауын болмас,
Екі жалқау ауыл болмас.

Естіге айтқан тура сөз
Шыңға тіккен тумен тең.
Езге айтқан тура сөз
Құмға сіңген сумен тең.

Жаман еркек жер қадірін білмес,
Жайсыз әйел ер қадірін білмес.
Жалқау адам тер қадірін білмес,
Жетесіз жігіт ел қадірін білмес.

Аспан ашық болса,
Күн шуақты болады.
Хан әділ болса,
Халық ынтымақты болады.
– Уа, қарақтарым, бірлікті, тірлікті болыңдар, – депті.

ә) Қазақ шешендік өнерінің екінші кезеңі Асан қайғы мен Жиренше шешен
есімдерімен байланысты. Жиреншенің Әз Жәнібектің сұрақтарына берген ұтымды
жауаптары және Қарашаш сұлумен әзілдесетін тапқырлық сөздері – нағыз
шешендік сөздердің үлгілері.
– Келесі кезекте Әз Жәнібек ханның заманына, Жиренше шешеннің ауылына
саяхат жасайық.
Әз Жәнібек пен алпыс биі өзара күнкілдесе сөйлесіп отырады.
1-би: – Ханеке, Жиренше елге келе жатыр екен, Қарашаш сұлудың қазасын
қалай естіртеміз?
Әз Жәнібек: – Жиреншеге біз естірте алмаспыз, өзіне-өзі естіртсін,
ешқайсысың сездіріп қоймаңдар.
Билер: – Мақұл, Ханеке, сіздің айтқаныңыз болсын.
(Жиренше келіп кіреді.Қолын көкірегіне қойып.)
Жиренше: – Ассалаумағалейкум, Ханеке! Ел қаймағы билерім, аманбысың?
Еліңіз аман, жұртыңыз тыныш па?
Әз Жәнібек: – Уағалейкумассалам!
Жиренше, ат-көлігің аман-есен жеттің бе?
Жиренше: – Шүкір! Сапарым сәтті болды. Алыс-жақын елдерді аралап, ой
сандығым толып, олжалы оралдым.
Әз Жәнібек: – Билерімді жиып, «Дүниеде не өлмейді?» деп сұрағалы отыр
ем, үстінен түстің. Ал, билерім, дүниеде не өлмейді?
2-би: – Уа, Ханеке, мен айтсам, дүниеде ағын су өлмейді.
3-би: – Асқар тау өлмейді.
4-би: – Аспанда ай мен күн өлмейді.
5-би: – Әлемде қара жер өлмейді.
Жиренше: – Дат! Ханеке!
Әз Жәнібек: – Датың болса айт!
Жиренше: – Ағын судың өлгені–
Алты ай қыста қатқаны.
Асқар таудың өлгені–
Басын бұлттың жапқаны.
Ай мен күннің өлгені–
Еңкейіп барып батқаны.
Қара жердің өлгені–
Қар астында жатқаны.
Ажал деген атқан оқ,
Бір Алланың қақпаны.
Дүниеде не өлмейді?
Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді.
Әз Жәнібек: – Жарадың, шешенім!
– Олай болса, әкесі өлген қалай болады?
Жиренше: – Әке – асқар тау, Әкесі өлсе, асқар тауы құлағанмен бірдей
болады.
Әз Жәнібек: – Шешесі өлген қалай болады?
Жиренше: – Ағар бұлағы суалғанмен бірдей болады.
Әз Жәнібек: – Ағасы өлген қалай болады?
Жиренше: – Оң қанаты қайрылғанмен бірдей болады.
Әз Жәнібек: – Інісі өлген қалай болады?
Жиренше: – Сол қанаты қайрылғанмен бірдей болады.
Әз Жәнібек: – Апа-қарындасы өлген қалай болады?
Жиренше: – Ұзын өрісі қысқарғанмен бірдей болады.
Әз Жәнібек: – Қатыны өлген қалай болады?
Жиренше: – Аһ...!Менің асыл жарым, Қарашашым өмірден өтті десейші!
(Қамшысын таянып, тұра бергенде, сынып кетеді)
Жиреншені сүйемелдеп, арқасынан қағып:
– Е, Жиренше, «Қатын өлді, қамшының сабы сынды» деген осы. Өзіңе бекем
бол!
б) Қазақ шешендік өнердің үшінші даму кезеңі – үш жүздің басын қосып
бірегей хандық құрған Қасым,Тәуке хандарымен тұстас өмір сүрген Төле,
Қазыбек, Әйтеке билер заманына саяхат жасайық.

Қазыбектің Қалмаққа елші болып баруы
Хан уәзірлері өзара сөйлесіп отырады.
Хан: – Ия, дүйім қазақ бізді қамап, құрсаулай бастады, тіпті тайға
мінгізіп, мына баланы жіберіпті. Абылайдың бізді келеке
қылғаны қалай?
Уәзір: – Келекеге келеке қылып, осылардың кісілерін кырып
тастап, аттарын жылқыға қоса салса қайтеді?
Бір уәзір: –Хан ием, оныңыз дұрыс болмас. Қазақ дегеніңіз қабырғалы ел
ғой. «Елшіге- өлім жоқ!» Жат елдің елшісі келгенде, хандық қасиетіңізді
сақтап сөзін тыңдау керек.
Уәзір: – Тай дегеніңіз, тұлпар болып жүрмесін,
Бала дегеніңіз сұңқар болып жүрмесін байқайық.
Хан: – Ия, қазақтар, неменеге келдіңдер, айтатындарың болса
айтыңдар?
Тайкелтір: – Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан деген.
Өлеңді өзгеге бердік,
Өрлікті төменге бердік,
Алдияр тақсыр, алдыңызға келдік,
Берсең алдық,
Бермесең қалдық,
Сөзіңізді өзіңізге салдық.
Қазыбек : – Ел ебелек емес, ер көбелек емес, дат тақсыр!
Хан: – Әй, өзің жөніңді айтшы атың кім?
Қазыбек : – Атым – Қазыбек, әкем – Келдібек, анам – Қаракесек.
Хан: – Дауысың қаздың даусындай қаңқылдап тұр екен, ал
датыңды айтшы.
Қазыбек: – Біз қазақ деген мал баққан елміз.Бірақ ешкімге соқтықпай, жай
жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін
жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір
дұшпан басынбаған
елміз. Қазақ, қалмақ баласы табысқалы келгенбіз.Танымайтын жат елге
танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең, шабысқалы келгенбіз. Берсең жөндеп
бітіміңді айт, бермесең дірілдемей жөніңді айт, не тұрысатын жеріңді айт.
Хан: – Өзің сөзге келген бала болсаң, отырған орның қандай
төмен еді, жоғары шықшы, шырағым.
Қазыбек: – Біздің қазақтың әдетінде жасына қарай отырып, жағына қарай сөз
сөйлей береді, өзімнен үлкен ағаларым төрде отырса, маған төбеде
отырғанмен бірдей.
Хан: – Алыстан келген елші ғой, ашулары бойында екен,қонақ үйге
апарып күтімге алыңдаршы.
Уәзірлері: – Хан ием , бір жұдырықтай баладан қарасуға түсіп,
осынша дірілдеп кеткеніңіз не?
Хан: – Е , сендер білген жоқсыңдар. Сөзді өңменімнен сұққылап
тұрып айтқан кезде, екі иығындағы екі аю аузынан от шашып «тыпыр етші
осыдан көріп алайын» деп тұрды. Мінеки, мен содан қатты сескендім.
Сұрағандарын есептеп, санап, алдына салып беріңдер!
Қорытынды
– Мінеки, балалар, біз бүгін би-шешендер ауылына саяхат жасай отырып,
шешендік сөздер туралы ойымызды дамытып, қиынынан қиыстырып, төтеннен
төге сөйлейтін олардың аталы да баталы сөздерінен мол ғибрат алдық.
«Аталы сөзге арсыз тоқтамайды» дегендей сөз қадірін түсініп, орынды
қолдана білуге, ана тіліміздің асыл құндылықтарын еркін қолдана білуге
үйрендік. Ерлікке, бірлікке шақырған осындай халықтың көңіліне ұнаған,
жадында сақталған сөзі мәңгі өмір сүретіні сөзсіз.

Үй тапсырмасын беру. «Шешендік көзі – шындық» атты шығарма жазып келу.
Бағалау.

-----------------------

Толғау
өлеңдер

Өсиет, нақыл сөздер

Термемен айтылған тілек

Шешендік толғау

Шешендік сөздер

Шешендік арнау

Шешендік дау

Шешендік толғау

Тоқтау айту,
естірту,
көңіл айту

Шешендік
арнау

Біреуге арнай айтқан әңгіме

Сын,
мін тағу

Әзіл-қалжың сөздері

Шешендік
дау

Жер
дауы

Жесір
дауы

Құн
дауы

Мал
дауы

Ар-намыс
дауы

Жүрек қуаты қуаты

Тіл қуаты

Шешен
сөзі

Ауыл ақсақалы

Отағасы, би ағасы, ру басы

Ел билеу ісінің тұтқасы

Шешен

Дауға
дау

Пәктікке
пәрмен

Дәстүрге
дәрмен

Тазалыққа
нәр

Татулыққа
тамыр

Тарихи әдеби
мұра

Шешендік
сөз

Ақыл қуаты

Қынаптан суырылғандай қылыштай өткір

Ақтайлақ би:
Білімді адам ашпай көріп, айтпай сезеді,
Білімсіз надан нені көріп, нені сезеді?
(антоним)

Көз – шынның ұрасы,
Құлақ - өтірік ұясы.
(шендестіру)

Соқырға таяқ ұстатқандай анық

Ескелді би:
Әйел – үйдегі ырысың,
Ұл – айбарлы қылышың,
Қыз – түздегі өрісің,
Келін – кеңейген тынысың.
(метафора)

Көңілге медет болатындай мағыналы
Батпан би:
Кісі болар кісіні кескінінен танимын,
Кісі болмас кісіні мүшесінен танимын.
Ақын болар жігітті дауысынан танимын,
Бай болатын жігітті пейілінен танимын,
Іші сұйық әйелдің күлкісінен танимын.
(синтаксистік параллелизм)

ХІҮ-ХҮ ғғ.

ХҮІ-ХҮІІІ ғғ.

ХІІ-ХІІІ ғғ.


Ұқсас жұмыстар
Шешендік дау
Шешендік сөздердің тәрбиелік мәні
Әдебиет білгірлері
Шешендік сөздер
Тіл мәдениеті. арнайы курс. 7 сынып
Ана тілім - ажарым, асыл мұрам
«шешендік өнер» арнайы курстың күнтізбелік жоспары
Сабақтың рефлексиясы
Шешендік сөз өнері. авторлық бағдарлама
Шешендік өнер бағдарламасы
Пәндер